Абдиманапов М.Д. – экономикалық ғылымдардың магистрі,
Есильбаева Ж.Е. – есеп және аудит магистрі
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚ САЛУДАҒЫ
ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20
мамырдағы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру
жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы аясында мемлекетімізде салық
жүйесінің халыққа оңтайлы болуы үшін
қарастырылған бірнеше қадамдар қарастырылды, атап айтқанда:
37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін
оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы
шеңберінде «0-5-12» моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік
мөлшерлемесін қысқарту;
39-қадам. Кеден және салық жүйелерін интеграциялау.
Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына
кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін
бақылауға алынады;
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік
қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін
кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен
енгізу.
43-қадам. Салық декларацияларын қабылдау және
өңдеудің орталық желісін құру.
Орталық салық төлеушілердің электронды
құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру
мүмкіндігіне ие болады. Тәуекелдерді басқару жүйесін
енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау
үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші
рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта
тексерістен өтпейтін болады.
44-қадам. Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосымша
құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу
мәселесін жан-жақты зерттеу.
45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін
міндетті түрде енгізу арқылы Қолданыстағы салық
режімін оңтайландыру.
Осы
орайда, әлеуметтік салық туралы біраз мағлұматтар
келтіретін болсақ, әлеуметтік салық деген
ұғымның өзі азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік
қорғау жүйесінің дамуымен байланысты
дүниеге келген салық түрі. Заңды және кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар төлейтін
әлеуметтік салықтар мөлшерлемесінің ара қатынасы
нақты бір елдегі қалыптасқан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жағдайлармен тығыз байланысты
болады. Мысалы, АҚШ-та
жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер Зейнетақы
қорына бірдей мөлшерде – 9 пайыздан төлейді.
Қазақстан
Республикасында әлеуметтік салықты төлеушілер – резидент-заңды
тұлғалар, сондай-ақ Қазақстанда қызметін
тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент
заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар,
адвокаттар және кәсіби медиаторлар. Резидент-заңды тұлғалар мен
бейрезиденттер үшін белгіленген төлемді қоспағанда,
жұмыс берушінің қызметкерлерге белгіленетін табысы
түрінде төлейтін шығыны, ал жеке кәсіпкерлер, жеке
нотариустар, адвокаттар және кәсіби
медиаторлар үшін
төлеушілердің өздерін қоса алғанда, өздері
таңдаған салық салу режиміне байланысты, қызметкерлер
саны салық салынатын объекті болып табылады.
2016
жылдан бастап, 2017 жыл мен алдағы жылдарды қоса алғанда ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық
өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл
шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін
қолдануға шаруа немесе
фермер қожалықтары да ие болды, тағы да бір айта кетуге
тұратын ерекшелігі - ауыл
шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру
шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы
кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін
қолдануға көшкен шаруа немесе
фермер қожалықтары әлеуметтік салықты
бұрынғысынша Қазақстан Республикасының 2008
жылдың 10 желтоқсанында №99-IV «Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы» (Салық кодексі) Заңының
(2016 жылдың 28 желтоқсанында №34-VI Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды
қоса алғанда) 356 бабының 4-тармақшасына, оның
ішінде 445-447 баптарға сай Бірыңғай
жер салығын төлеушілер әрбір қызметкер, сондай-ақ
шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке
толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы
заңда белгiленген және тиісті
қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста
болған айлық есептік
көрсеткіштің 20 пайыз мөлшерлемесі
бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. Шаруа немесе
фермер қожалығының кәмелетке толған
мүшелерінің әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу
жөніндегі міндеттемелері олар кәмелетке толған жылдан кейінгі
күнтізбелік жылдың басынан бастап туындайды.
Әлеуметтік
салықтың есептелген сомасы «Міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
Әлеуметтік
аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен
кезде, әлеуметтік салықтың сомасы нөлге тең
болады.
Айта кететін
жәйт, бұған дейін атаулы арнайы салық режимін тек
ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын заңды
тұлғалар ғана қолдана алатын еді, ол салық
режимін енді шаруа немесе фермер қожалығы да қолдана беретін
болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан
Республикасының 2008 жылдың 10 желтоқсанында №99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдер туралы» (Салық кодексі) Заңы – Алматы: ЮРИСТ, 2017.
– 428 б.