АҚ «Нархоз» Университеті,

ғылыми жетекшісі:

э.ғ.к., доцент  Бельгибаева Қ.Қ.,

                                                        Әбдіғали Ш.Қ.  «Статистика» 

                                                       мамандығының IV курс студенті

 

Кәсіпорынының таза табысын статистикалық талдау

          

     Өзектілігі. Экономиканың тиімділігі кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерімен сипатталады. Әр кәсіпорын өз бизнес саласын таңдайды, өнім ассортиментін және бағасын қалыптастырады, шығындарды анықтайды,  сатудан түсетін түсімді ескереді, есептейді. Пайда табу өндірістің тікелей мақсаты болып табылады. Түскен пайданы бағалау үшін, оған әсер етуші факторларды және олардың әсер ету  дәрежесін білуіміз керек. Сондықтан, кәсіпорынның пайдасын қалыптастырудың талдауы мәселесі нарықтық экономикадағы дағдарыс жағдайында маңызды әрі өзекті болып табылады.

         Пайда – бұл кәсіпорынның негізгі капиталды, материалдық, еңбек және қаржы активтерін қаншалықты тиімді пайдаланып отырғанын, яғни өндірістік-шаруашылық және қаржылық  әрекетінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш. Пайда ол кәсіпорынның қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі, яғни жалпылама түрде, өнімнің бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетіп, кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы ерекшелікті көрсетеді. Экономикалық жүйе  ретінде пайда кәсіпорын қызметі үлесі ретінде материалды өндіріс аясында құрылған таза табысты анықтап көрсетеді.

     Пайдаға қорытынды түсініктеме берсеміз, ол  өнімнің бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетіп, кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны болып табылады.         . Пайда негізгі екі жүйеге бөлінеді:

·     жалпы пайда – сатылған өнімінің толық  өзіндік құнының  сонымен қатар тауарларды (қызметтер мен жұмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмасымен анықталады [1].

·     таза пайда – кәсіпорында (фирмада) салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын пайда.

   «AlmatyLiftEng»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нарықта жұмыс істеп жатқанына 4 жыл болды.  Мекеменің мақсаты: «әрбір үйге жаңа технологияның көмегімен көтермелі тасымалдау құрылғысын тарату, көтермелі тасымалдау құрылғысын кепілдікпен орнатып, барлық қызмет түрін сапалы және сенімді көрсету». Орнататын өніміміз әлемдік сапаға сай, кәсіби қызмет түрімен халықтың жағдайын жасайды.

         Сондай-ақ, кәсіпорын келесі қызметтерді көрсетеді:

·        монтаждау, техникалық қызмет көрсету,

·        сервистік қызмет көрсету, кепілдік жөндеу,

·        куәландыру жабдықты тапсыра отырып, оны пайдалануға болады.

       Қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің өзгеруін және бір-біріне тәуелділігін, яғни нәтижелі белгі мен факторлы белгі арасындағы байланыс тығыздығын зерттейтін бірден-бір көрсеткіш – корреляциялық қатынас әдісі болып табылады. Бұл әдіс екі компоненттен тұрады – корреляциялық және регрессиялық талдау. Корреляциялық талдау әдісі арқылы көрсеткіштер арасындағы байланыс тығыздығы анықталса, ал регрессиялық талдау көрсеткіштер арасындағы байланысты математикалық тұрғыда сипаттауға мүмкіндік береді  [2].

         Бұл талдау кезінде кәсіпорынның қаржылық нәтижесі таза табыс көрсеткішіне көптік корреляциялық-регрессиялық талдау жасалынды. Көптік регрессиялық талдау жұптық регрессиялық талдаудың дамуы.Көптік корреляция болғандықтан жұптық талдауды негізгі бөлігін өзгертіледі, яғни нәтижелік белгіге әсерін тигізетін тағы  бірнеше фактор таңдап алынады. [3].    

Бірінші модель:

У–таза табыс (пайда) көрсеткіші, мың тг;

Х1–еңбек өнімділігі, мың тг/адам;

Х2-меншікті капитал/активтер, %;

Х3-  қор қайтымдылығы кіреді.

    Нәтижелі белгі (таза табыс) мен факторлық белгілер арасындағы 2014-2016 жылдар аралығындағы тоқсандық мәліметтер негізіндегі байланыс ∑(y-y*)=min шартын қанағаттандырады. [4].

Енді осы нәтижелі белгіге әсер етуші факторларды  корреляциялық кестемен тексерейік ( кесте 1 ).

                 1-кесте – Корреляция коэффиценттері

 

 

У

Х1

Х2

Х3

У

1

Х1

0,7044

1

Х2

0,6660

0,1833

1

Х3

-0,3974

-0,3174

-0,0882

1

Ескерту: авторлармен тұрғызылған.

 

    У - таза пайдаға  жоғары оң әсер еткен факторлар: Х1 меншікті капитал/активтер (r=0,704); Х2 - еңбек өнімділігі, мың.тг. (r=0,666). Ал Х3 - қор қайтарымдылығымен,  мың теңге кері және айқын байланыс (r= -0,397). Теория жүзінде капитал қайтарымдылығы факторы таза табысқа оң әсер етуі керек. Біздің қарастырып отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш теріс нәтижемен шыққан себебі: таза табыс толық көлемде қолданылмайды.

Корреляциялық байланысы жоғары факторларға Х1, Х2 регрессиялық талдау жасалды. Регрессиялық модельге талдау жасасап, модельдің адекваттылығын талдап қарасақ, мұнда R=0,891, көптік детерминация коэффиценті R-квадрат = 0,794 және  зерттелуші У нәтижелік фактордың вариациясы модельге енген Х1 және Х2 факторлардан 79,4% үлесі болған. Фишер критериі  < =17,401 регрессия теңдеуінің маңызды екенін дәлелдейді.  

Орташа қатысты аппроксимация мына формуламен

есептегенде А=9,6% болды, ол теңдеудің маңыздылығын көрсетеді.

Регрессия теңдеуінің параметрлерінің статистикалық маңыздылығының нольдік гипотезасы : Стьюдент критерийімен  < ,  <  тексергенде қабылданбайды, яғни коэффиценттері барлығы маңызды болғаны. Сонымен регрессиялық  талдаудың шарттары орындалды, алынған регрессия теңдеуі арқылы алдағы кезеңді қарастыруға болады [5].

Әсер етуші Х1 мен Х2 факторлардың коэффиценттерінің сенімділік интервалы бойынша төмендегідей:

366,297 ≤ Х1 ≤ 1365,647                5,276 ≤ Х2 ≤ 22,923

Регрессия теңдеуі         У=-104989,49+865,97Х1+14,1Х2

Қорытынды. Кәсіпорынның таза табыс көрсеткішіне корреляциялық талдау жасалынды, мұнда кәсіпорынның таза табысы еңбек өнімділігі мен меншікті капиталдың активтерге қатынасынанан көрсеткіштерінің тура әсерінен өсіп отырғаны анықталды.Мұнда кәсіпорынның таза табысы еңбек өнімділігі мен меншікті капиталдың активтерге қатынасынанан көрсеткіштерінің тура әсерінен өсіп отырғаны анықталды. Жүргізілген талдау қортындылары бойынша кәсіпорын басшысы кәсіпорынның тиімділігін арттыру факторларын пайдалана отырп, пайда көрсеткішін жоғарлатады жәнеде өндіріс рентабельдігін жақсартады.  

 

      ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.                Қаржылық талдау: Оқулық/Т.Ж.Демесінов.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011 -320 б.

2.                Статистика: Оқулық / Ю.К.Шоқаманов, Қ.Қ.Белгібаева – Алматы: Экономика, 2010- 540 б

3.                В.К. Скляренко, М.В.Прудников. Экономика предприятия: Учебник – М: ИНФРА-М, 2008.- 256 с.

4.                Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы 2014-2016 жылдар

5.                Доугерти К. Ведение в эконометрику: Учебник.  2-е изд./Пер. С англ. – М.:ИНФРА-М, 2007. – 432 с.