Манасбаева А.Қ., 1 курс ( академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ)

Ғылыми жетекшісі - педагогика ғылымдарының магистранты, оқытушы

Жанұзақов Н.Б.

        ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІНДІК БАСҚАРУДЫҢ ІЛІМДІК ЖИЫНЫ

      Қазіргі уақытта Қазақстан елі демократия үрдісінде жұмыс істейтін жаңа мемлекеттің құрылу жолымен бағыт алуы тиіс. Шынайы демократия ол- халықтың қатысуымен және оның мүддесінде іске асатын халық билігі. Сондықтан да көптеген демократиялық мемлекеттерде конституциялық құрылыстың негізгі міндетті бөлшегі жергілікті өзін-өзі басқару мен орталықсыздандыру болуы ол кездейсоқтық емес,оның негізгі міндеті тұрғындардың жергілікті мәнге қатысты сауалдарын өз жауапкершіліктеріне ала отырып шешу және өз құқықтарын алу болмақ.

      Демократияның бірінші буыны болып есептелетін жергілікті өзін-өзі басқару,үкіметтің тұрғындарға жақындауына қажетті жағдай жасайды. Жергілікті жағдайға және ерекшеліктерге жақсы бейімделген басқару жүйесін қалыптастырады және азаматтардың өздігінен әрекеттенуініңдамуына әсер етеді.

      Қазіргі Қазақстан елі үшін жергілікті өзін-өзі басқару мен орталықсыздандыру,негізгі мәнісінде - қалыптасып,туындауы қажет. Оның негізі,бұрынғы Кеңес үкіметі жылдарындағы дәстүрлерді әрине,көптеген ұйымдастырушылық,құқықтық,экономикалық сипаттағы мәселелерді жеңу арқылы қалыптасады. Оны шешудің тиімділігі көбінесе жергілікті өзін-өзі  басқарудың мәнін және демократиялық жүйедегі қоғамды басқарудағы орнын дұрыс түсінуге байланысты.

       Жергілікті өзін-өзі басқару мен орталықсыздандырудың мәніне терең бойлау - ол оңай мәселе емес. Ғылымда әлі күнге дейін жергілікті өзін-өзі басқару түсінігіне жалпыға бірдей түсінік қалыптаспаған. Қазіргі ғалымдар осы берілген әлеуметтік құбылыстың мазмұнын талдауға түрлі жақтан көңіл бөлуде.

       Көбінесе кейбір отандық ғалымдар жергіліті өзін-өзі басқаруды,демократиялық құқықтық мемлекетті басқару жүйесін анықтайтын,қоғамда және мемлекетте үкімет билігін іске асырудың негізін қалаушы ретінде қарайды.

      Жергілікті өзін-өзі басқаруды және орталықсыздандыруды құқықтық құрылыстың,қоғам мен мемекеттік билікті жүзеге асырудың негізі де мойындау - мемлекеттік билік орындарының жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құруын қалайды. Ғылыми ортада көбінесе,жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі болып,азаматтардың құқықтары,ауыл,аймақ тұрғындарының жергілікті мәнге байланысты туындаған мәселелерді өздіктерінен шешу құқықтары кіреді.

      Осы құқықты мойындау және кепілдікке алу арқылы,мемлекет осымен жергілікті өзін-өзі басқаруды мойындап,оның билік ету аймағында жұмыс істеуіне,құқықтарын іске асыруына қолайлы жағдай туғызуы қажет.

     Тарихи және басқа жергілікті сұрақтарды азаматтардың өздігінен шешуді қамтамасыз ететін орындарда үкімет,ұйымдастыру түрі ретінде көбінесе "жергілікті өзін-өзі басқаруды" мойындайды. Жергілікті орындарда берілген үкіметтің іске асыру түрлері келесіні білдіреді: халық және халықпен бірге қалыптасатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті сұрақтарды шешуде үкіметтің мемлекеттік құрылымының қатысу дәрежесін нақты түрде шектей отырып,муниципалдық істерді басқару жауапкершілігін өз қолдарына алады.

      Жергілікті өзін-өзі басқару мен орталықсыздандырудың мазмұнын талдаудағы позицияның алуан түрлілігі,оның әр түрлі анықтамаларының пайда болуын анықтайды. Мысалы,жергілікті өзін-өзі басқару туралы Еуропалық Хартияда 1985 жылы жергілікті өзін-өзі басқару "бүкіл халық мүддесіндегі қоғамдық істің маңызды бөлігін өзінің жауапкершілігімен реттеу және басқару ретінде талданады" делінген.

Аталған мәліметтерден қисынды түрде келесі анықтамалар шығады:

ü жергілікті өзін-өзі басқару - бұл өзіндік мақсат емес,ол тек жергілікті бірлестікті құрайтын халықтың өмір сапасын жақсарту тәсілі;

ü жергілікті өзін-өзі басқару - негізінен жергілікті мәселеге байланысты сұрақтарды шешуге бағытталған. Бірақ олардың шешімін тек заңмен бекіттіріп,қажетті материалдық және қаржылық қорларды жергілікті өзін-өзі басқару органдарына міндеттеп беру кезінде іске асыру қажет;

ü жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі - қалаушысы дербестік болатын қағидалар жүйесіне негізделеді;

ü -жергілікті өзін-өзі басқару - азаматтардың тура еркін білдіруді қалайды (жиналыстарда,сайлауларда);

ü жергілікті үкіметте сайлау органдарының бар болуы жергілікті өзін-өзі басқарудың міндетті түрде белгісі болып табылады.

     Осыған байланысты,жергілікті өзін-өзі басқару және орталықсыздандыру- бұл жергілікті мағынадағы сұрақтарды,халық өздігінен шеше алатын ұйым. Бұл,мемлекеттің жергілікті өзін-өзі басқаруды - халықтың өзіне тиісті билікті іске асырудың дербес және егеменді деңгейі ретінде мойындайтындығын білдіреді. Бірақ өзін-өзі басқару жүйесі,бұл мемлекет ішіндегі мемлекет емес,ол белгілі автономияға ие болып,ерекше орын алса да,жалпы басқару жүйесінде мемлекеттік істермен араласа алмайды. Жергілікті өзін-өзі басқару,жергілікті деңгейде,біріншіден-мемлекет еркіндігін іске асыруға қатысатын,екіншіден-халықтың мүддесін толығымен ескеретін,ерекшеленген "үкімет саласы"ретінде өзі туралы түсінік береді.