Болашақ маманның
кәсіби қалыптасу ерекшелігі
П.ғ.к.,доцент
А.Ш.Танирбергенова
магистрант
С.Даулетханова
«Тұран-Астана»
университеті
Студенттік проблемасын ерекше
әлеуметтік-психологиялық және жас ерекшелік категориялар
ретінде қою еңбегі Б.Г. Ананьевтің психологиялық
метебінікі. Б.Г. Ананьевтің өзінің, Н.В. Кузьминаның,
Ю.Н. Кулюткинның, А.А. Реанның, Е.И. Степанованың
зерттеулерінде, сондай-ақ П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин,
В.А. Якунин және т.б. еңбектерінде осы проблема бойынша
бақылаулардың үлкен эмпирикалық материалдары
жинақталған, эксперименттер мен теоретикалық
жалпылаудың нәтижелері келтіріледі. Осы көптеген
зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік-психологиялық
және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу
іс-әрекетінің ерекше субъекті
ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік
категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла
біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы.
Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ.
алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи
құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби
іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші,
ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын
адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби
бағыттылығымен, болашақ мамандыққа
тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен
сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың
дұрыстығының, студенттің таңдап алған
мамандық жайлы ойының барабарлығы мен
толықтығының мәні болып табылады. Соңғысы
мамандық қоятын талаптар мен кәсіби іс-әрекеттерін
білуді қамтиды. Зерттеулер нәтижелерінің көрсетуінше,
студенттердің мамандық жайлы елестетулері деңгейі (біркелкі және біркелкі емес) оның
оқуға деген қатынасының деңгейімен
теңестіріледі: студент мамандық жайлы неғұрлым аз
білсе, соғұрлым оның оқуға деген қатынасы
жағымсыз болады. Сонымен бірге студенттердің көпшілігі
оқуға жағымды қатынаста екені көрсетілген.
Кәсіби іс-әрекетті психологиялық
тұрғыдан зерттеу тұлға психологиясының
мәселелерімен тығыз байланысты. Нақты айтсақ, бұл
жерде өзара байланыс туралы айтқан жөн: бір жағынан
жұмысшының тұлғасының ерекшеліктері, кәсіби
іс-әрекеті мен оның нәтижесіне әсер етсе; екінші
жағынан адамның тұлға ретінде қалыптасуының
өзі, көп жағдайда кәсіби іс-әрекетте және
оның әсерімен қалыптасады.
Кәсіби маңызды қасиеттері болып келетін
тұлғаның ерекшеліктері кәсіби іс-әрекеттің
өнімділігіне, сенімділігіне және басқада обьективті
көрсеткіштеріне маңызды әсер етуі мүмкін. Бұл
заңдылық іс-әрекеттің барлық түрлері
үшін дәлелденген.
Тұлғаның
ерекшеліктері кәсіби оқытудың маңызды детерминанттары
болып келеді, себебі кәсіби шеберлікті алу жылдамдығы мен
дайындық сапасы соларға байланысты болады.
Кәсіби
іс-әрекеттің сипаттамаларына тұлғаның
ерекшеліктерінің әсері еңбекке деген
қанағаттанушылық сияқты маңызды субьективті
көрсеткішпен көбінесе жанамаланған болып келеді.
Іс-әрекеттің
кейбір түрлерінде жақсы мен жаман профессионалдар топтарының
арасында тұлғалықтан басқа психологиялық
ерекшеліктерді табу мүмкін еместігі анықталынды. Осыған төменгі
деңгейдегі психологиялық қасиеттер маңызды болып саналатын
іс-әрекет түрлері де жатады.
Қазақстанның
жоғары оқу орындарында мыңдаған мамандықтар
бойынша кәсіби
білім беру
жүзеге асырылады. Ал, қоғам тарапынан жоғары білімге
қойылатын талап күн сайын артып келеді. Бұл білім беру
бағдарламаларындағы, оқу жоспарларындағы,
пәндердің мазмұнындағы, жалпы,
қоғамдық қатынастардағы қарқынды өзгерістерден көрінеді. Осы үдерісте,
әсіресе, ғылымның маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Ғылым рухани мәдениеттің, материалдық
дүниенің, бәрінен бүрын, түлғаның
білім деңгейінің артуын қамтамасыз етеді. Сонда,
ғылымның және оның қоғамдағы
қызметінің дамуы білімді, зиятты зиялы қауымның
дамуымен ажырамастай байланыста болады.
Осы орайда жоғары
білімнің маңыздылығын танытатын оның бірқатар негізгі қызметтерін көрсетуге болады [30].
1.
Жоғары білім қоғамның
қарқынды дамуының басты факторы болып табылады.
2.
Жоғары білім қоғамдағы
ізгілікті, теңдікті, демократиялық қа- тынастарды,
әлемдегі бейбіт өмірді, тұрақтылықты
сақтауға әлеует болып табылады.
3.
Жоғары білім жастардың субъект
ретінде іс-әрекетті, қарым- қатынасты жетілдіруіне;
қабілеттерін, дербестігін дамытуына, руха- ни мәдениетті
меңгеруіне басты шарт, психологиялық-педагогикалық
жағдай болады.
4.
Жоғары білім негізінде
қоғамдық дамудың басты тетігі бола- тын ғылым
қарқынды динамикамен дамиды.
5.
Жоғары білім адамзат мәдениетін
озық үлгі ретінде жэне дэл- ме-дәл таратуда, меңгеруде,
дамытуда басты орын алады.
6.
Жоғары білім өзіндік даму,
өзіндік жетілу үдерістеріне жағ- дай жасайды.
Жоғары мектеп әрқашанда
субъект ретінде кәсіби іс-әрекетті жетілдіре алатын, сонымен
қатар, қоғам прогресіне ат салысып, жетекші болатын рухани
толысқан тұлға
дамуына
бағдарланады. Сонда, жоғары мектеп әрқашанда субъект
ретінде кәсіби іс-әрекетті жетілдіре алатын, сонымен қатар,
қоғам прогресіне ат салысып, жетекші болатын рухани толысқан тұлға дамуына бағдарланады.
Жоғары білімнің
рөліне байланысты қазіргі заманда көптеген
мемлекеттердің маңызды саяси стратегиясы ретінде түрлі
реформалар жүргізілуде. Осы орайда болашақ мамандардың сапалы
білім алуы; кәсіби дайындау аясында жаңа
педагогикалық-психологиялық технологияларды қолдану жэне
тарату; заманауи ақпараттық- электрондық
қүралдарды оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру;
академиялық ұтқырлықты белсенді түрде жетілдіру;
жоғары мектеп оқытушыларының біліктілігін үздіксіз
арттыру; сияқты бірқатар мәселелердің оңтайлы
шешімдері іздестірілуде.
Жоғары білім беруді
ізгілендіру парадигмасын сипаттау үшін оның құрылымын
анықтау керек. Жоғары білім беруді ізгілендірудің
теориялық базисінің қүрылымын
психологиялық-педагогикалық ғылымдардағы
тұжырымдамалары бойынша көрсетуге болады:
1.
Этикалық-гуманистік құраушы.
Бұл компонент болашақ мамандардың білімін өз
іс-әрекет себептері мен салдарларын түсінуге, жалпыадамзат
мәселесіне, әлеуметтік және мәдени
ұстанымдарға, моральдік және әлеуметтік жауапкершілікке
қатысты қолданып, танытуына бағыттайды.
2.
Тарихи-корреляциялық
құраушы. Аталмыш құраушы жоғары білім беруде
тарихилық қағиданы қолданудың өзектілігін
көрсетеді. Сонда ғана білім алушылардың өздері
таңдаған кәсіби іс-әрекеттің адамзат
тарихындағы жетілу жағдайын, бүгін мен келешектегі орнын
тануға; тарихи тұлғалардың еңбектерін біліп,
жаңғыртуға мүмкіндігі болады.
3.
Философиялық-әдіснамалық
құраушы. Бұл компонент білім беруді сан-алуан теориялардың
мазмүнын ашып, оған философиялық тұрғыдан талдау
жасауға; дүниетанымның философиялық негізін
дамытудың белсенді әдістерін қолдануға
бағыттайды.
4.
Мәдени ықпалдастырушы компонент.
Мұнда, білім беру саласында, ғылым мен тәжірибеде
пэнаралық байланыстарды кеңінен қолдану негізделеді.
5.
Гносеологиялық құраушы.
Гносеологиялық бағдар білім беру үдерісінде, таным мен
ғылыми-зерттеулерде гуманитарлық әдістерді жаратылыстану
әдіс-тәсілдерімен ұііластырып қолдануды сипаттайды.
6.
Әлеуметтік-презентациялық құраушы. Білім беру
бағдарламаларының, оқу-әдістемелік
құралдардың мазмұнын ұлттық және
элемдік деңгейдегі мэдениетпен, ғылыми-техникалық
жетістіктермен; қоғамның саяси, әлеуметтік және
экономикалық стратегияларымен байланыстырып, сәйкестендіруді
аталмыш құраушы қамтамасыз етеді.
7.
Экологиялық құраушы. Аталмыш
компонент жоғары оқу орнында студенттердің болашақ
кәсіби іс-әрекетінің экологиялық астарларына;
тұлғалық дамудың экологиялық шарттарына; сонымен
қатар, ғылыми-техникалық прогрестің экологиялық
жақтарына назар аударудың көкейтестілігін айқындап
береді.
8.
Эстетикалық-эмоциялық құраушы. Бұл
жағдайда білім берудің ғылыми негізі ғана емес,
оның мәдениетпен, өнермен байланысы; оқу-тәрбие
үдерісіндегі оңды эмоциялық жағдайлардың
қажеттігі өзекті болады.
9.
Субъектілікті дамытушы компонент. Аталмыш
құраушы білім беру жүйесінде студенттің
оқу-кэсіби іс-эрекет субьектісі болуын қамтамасыз етеді. Сонда,
субъект қағидасы арқылы болашақ маманның
шығармашылықпен өзін танытуына жағдай жасалады; объект
ұстанымынан субъект ұстанымына өткен тұлға
ғана білім алуда креативтілік деңгей таныта алады.
Бұл - болашақ мамандарды
кәсіби дайындау жүйесінің негізін құрайтын
жетекші қағидалардың бірі. Жоғары оқу орнында
іргелі білім беру мазмұны бір мәнді анықталмайды. Әлбетте,
жоғары мектепте білім беруді іргелендіруге дәстүрлі
түрде былайша түсінік беріледі: біріншіден, нақты бір ғылымның
жетекші саласында немесе жалпы білім беретін пәндер бойынша маңызды
мәселелер ажыратылады; екіншіден, күрделі мәселелерді барынша тереңдетіп,
жан-жақты анықтап, оқу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Ерментаева А.Р.Жоғары мектеп психологиясы. –А.,
2013.
2.Пірәлиев
С. Жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие
процесінде болашақ мұғалімдердің кәсіби
бейімделуі //Қазақстан жоғары мектебі. №2, 2011