Ағылшын тіліндегі фразеологиялық
тіркестердің прагматикалық аспекті
Беркутбаева М.З., Булекбаева
А.Ж.
Тіл ғасырлар жемісі, халық
мұрасы, ұлттық құбылыс. Бір тіл-бір ұлт.
Кез келген халықтың ойлау ерекшелігі оның ұлттық
тілінде көрініс табады, халық даналығы, дүниетаным
көзқарасы тілінде түйінделеді. Әлемдегі
тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың
өзіне ғана тән көркем сөз орамдары
фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің
айшықты да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар
өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық,
суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем,
пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді
халық орынды пайдаланьш. ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап
шығарған тұрақты тіркестері - фразеологизмдер тіл
казынасының бір бөлігі. Соңғы жылдары
халықаралық, тіларалық қарым- қатынастың
дамуына байланысты баска тілдік топтарды және типологиялық құрылымы
жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл
ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр.
“Фразеологизмдердің
қай-қайсысы болмасын өзіндік қайнар көзі, тарихи
даму жолы бар. Олардың шығу төркіні көмескі
тартқан іздері халық өмірімен байланыстыра
қарастырғанда ғана айқын аңғарылады.
Бұл ұлттық сипатты бойына сіңірген бейнелі сөз
өрнектерінің даму жолы этнос тарихымен үндесіп жатыр деген
сөз. Кейбір тұрақты сөз оралымдары әр елде еркін
тіркес не теңеу түрінде пайда болып, бірте-бірте
тұрақталып кейіннен басқа бір ұқсастығы,
ортақ ерекшеліктері бар зат не көріністі салыстыра, бейнелей
суреттеу құралына айналған. Әдетте бір затты,
әрекетті немесе құбылысты басқа бір ұқсас
затқа, әрекетке, құбылысқа теңей
сипаттағанда, ортақ фразеологиялық қасиеттері,
ортақ образдық-фондық элементтері негізге алынады”. Алайда
тіл-тілдегі фразеология саласын өз дәрежесінде толыққанды,
жан-жақты зерттелді деп айту қиын.
Фразеологизмдер
тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің
көнеленуі жағынан да, мағына тұрақтылығы
мен стиль тұрғысынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Тіл-тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті
оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол
қасиет, әрине тиянақты сөз тіркестерінен де
көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы
(лексикалық қор) деген топқа сөздіктерде
қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жәй жалпылама
түрде жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда,
сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласы лексикология дейтін
болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін саланы фразеология деп
атау әбден орынды.
Қазіргі
тіл білімінің негізгі саласы ретінде салғастырмалы типология
қарқынды түрде дамып келеді. Мұндай ғылыми
ізденістердің теориялық
және практикалық маңыздылығы
өз-өзінен түсінікті. Оның жаңадан өркендеуі
өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастау алды. Тілдерді
салыстыру сонау көне заманда тілді зерделеу кезеңінде-ақ орын
алғанымен, жеке тіл ғылымы ретінде ол тым кейінде тек
өзінің жеке дара зерттеу нысанын анықтап, оны ғылыми негізде
зерттейтін әдісін айқындаған жағдайда
қалыптасты”.
Тілдерді салғастыра зерттеулің
екі маңызды жағы бар: біріншіден таза лингвистикалық теория
тұрғысынан, екіншіден линводидактикалық тұрғыдан.
Салғастыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік
құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен
ұқсастықтары айқындалады. Фразеолог -
ғалымдардың бүгінгі таңда алда тұрған
үлкен міндеттерінің бірі – салғастырмалы фразеология
мәселелері. Салыстырмалы-салғастырмалы фразеология тіл
білімінің жаңа зерттеле бастаған және болашағы
зор салаларының біріне жатады. Әр тілдегі фразеологизмдерді
салғастыра зерттеудің теориялық және практикалық
маңызы ерекше. Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық
қасиеті, заңдылықтары мен ерекшеліктері фразеологизмдерден
анық көрінеді. Тілдерді салғастырып зерттеу барысында
олардың бір-бірімен ұқсастық немесе бір-бірінен
айырмашылық дәрежесінің заңдылығын
анықтауға, ұлттық ерекшеліктердің тілдегі
көрінісін айқындауға, кеңірек түсінуге
мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, фразеологияны
кең көлемде танудың әр типтес тілдердегі фразеологизмдерді салыстырмалы –
салғастырмалы негізде оқып
тануда орны бөлек.
Тідерді
салыстыра - салғастыра зерттеу аударма жұмысында да, шетел тілін
оқып-үйретуде де үлкен роль атқарады.
І.Кеңесбаев
“фразеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты
түрде ғана айтуға болатындығын”,
Ә.Болғанбаев “фразеологизмдердің қай сөз табына
қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен жалпы
тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керектігін”,
фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен
байланысқа түсіп, өз мәнін
нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі
болатындығын ал сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына
қатысты екенін Х. Қожахметова атап көрсетеді.
Осы дәстүрлі үлгіні басшылыққа
ала отырып ағылшын-қазақ фразеологизмдерін сөз табына қатысты
төмендегідей топтауға болады:
·
Етістік
фразеологизмдер;
·
Есім
фразеологизмдер;
·
Үстеу
мәнді фразеологизмдер;
·
Әр
түрлі сөз таптарынан жасалған фразеологизмдер;
Осы топтардың ішінен біздің
іріктеп алған зерттеу объектіміз солардың ішіндегі ең
ауқымды тобы – осы тілдік бірліктер тобын ерекше бөліп
қарастыруымыздың себебі оның фразеология саласындағы
алатын орнымен, көлемімен, тілдегі атқаратын қызметімен
сабақтасады.
Етістік категориясындағы
тұрақты тіркестерге іс-қимыл, әрекет, жай күйді
білдіретін есім мен етістіктен немесе керісінше етістік пен есімнен
құралған тіркестер жатады. Мысалы:
to abound іn courage - жүрек жұтқан [болу]; .
to addle one’s braіn (one’s head) - (бірдеңемен
өзінің) басын
қатыру;
to suіt the actіon to the word - сөзді іспен
дәлелдеу;
to meet adversіtіes wіth - (неше
түрлі) бәлеге тап болу, қырсыққа іліну
to take advantage of somethіng – бірдеңенің
пайдасын көру;
біреудің сенімін ақтау - justіfy somebody’s confіdence;
аузына түскенін оттау –talk
nonsense, talk rubbіsh, talk rot;
алдына келтіру – take revenge, to cook one’s goose
Тұрақты етістік тіркестерін өзінің семантика
грамматикалық табиғатына қарай Г.Смағұлова жалаң және күрделі деп
бөледі.
Жалаң етістікті ФТ-лар үлгісіне:
Қазақ тілінде: жан
сауғалау/бас сауғалау, кесір болу, кесір қылу/кесірі тию;
Ағылшын тілінде: cut adrіft/ set adrіft, make adіeu / take adіeu, see fіt/thіnk fіt, keep aloof/ remaіn aloof; etc.
Күрделі етістікті ФТ-лар үлгісіне:
Қазақ тілінде: шаңына ілесе алмау/шаңына ере алмау; сөзінің соңын жеп қою/ сөзінің соңын жұтып қою; шыбын жаны шығып кете жаздау/ шыбын жаны шыға жаздау; т.б.
Ағылшын тілінде: to be
tіed to one’s mother’s apron strіngs/ to be pіnned to one’s wіfe’s apron strіngs, to gіve (one’s) attentіon to
somebody (to somethіng)/to pay attentіon to somebody (to somethіng), деген күрделі етістіктер – тұрақты тіркестер, яғни идиомаланған тіркестер. Мұндай грамматикалық жағынан бөлшектенбейтіндей болып, лексика-семантикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей болып орныққан бір бүтін тұлға есебінде қолдангылатын етістіктің мұндай түрлерін А.Ысқақов тұрақты етістіктер деп атады.
Жоғарыда фразеологизмдердің құрамы мен
құрылымын және варианттылық мәселесін
салғастыра қарастырғанда ағылшын және
қазақ тілдерінде айтарлықтай алшақтық
байқалатыны көрінеді.
Фразеологизмдер –
құрамы жағынан тұрақтылығымен, кез-келген
тұста қолдана беруге болмайтын талғампаздығымен,
мағына-мазмұн тереңдігімен, бейнелігімен ерекшеленіп
тұратын тілдік құбылыс. Мысалы:
ағылшын-қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер.
Жалқаулану,
түк бітірмеу деген мағынаны қазақ тілінде «шыбық
басын сындырмау», ал ағылшын тілінде «Not to lift a finger» дейді.
Фразиологизмдердің
белгілі бір мағынасы болады, олар мағыналық жағынан
біртұтас бірлік ретінде көрінеді және әрдайым туынды
мағынада жұмсалып, бейнелі мән тудырады. Мысалы: «Түймедейді түйедей етпе» , - «Don’t make a mountain
out of a molehill» «Алыстан орағыту», «To beat about to
bush»; «Біреуге тісін қайрау»- «To have a down on
somebody».
Фразеологизмдердің негізгі белгілерінің бірі тіркес тиянақтылығы. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздерді әркім қолдауынша өзгерте алмайды, қалыптасқан бір белгілі жүйемен қолданылады. Бұл мәселенің екі тілге де қатысы бар. Мысалы, «Мұрнын көкке көтеру» дегеннің орнына – қолмен көкке көтеру немесе мұрнын аспанға көтеру деп айта алмаймыз. Сол
сияқты ағылшын тіліндегі «To turn one’s nose».
“To turn one’s Lips” деп айтуға болмайды.
Сонымен, фразеологизмдер – біздің
ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, бүгінгі осынау өмірге де өз дәрежесін
жоймай сақталып жеткен тіл өнеріміздегі асыл баға жетпес
қазынамыз. Ол болашақ өмірде де, биік денгейін
жоғалтпас деп білеміз. Алайда осы бастан мол мұрамыздың
тарихи санамыздан өшпесі үшін көкірегі ояу әр азамат
өз үлесін қоса білсе нұр үстіне нұр еді.
Себебі қазіргі фразеологизмдеріміздің көпшілігі еленбей,
назардан тыс қалып та отырғаны белгілі жәйт. “Сөз
байлығы – елде, кең байлығы жерде”немесе “тіл тағдыры-
ел тағдыры” деген дана бабамыз. Рас, тілді жеке адамдар емес, жалпы
қауым, ел болып жасаған. Сондықтан қауым жасаған
игілік, байлықты көпшілік болып жұмылып сақтау,
дұрыс пайдалану және болашаққа аманат ете білу – адал
парызымыз. Сонымен қорыта айтқанда, фразеологизмдерді бүгінгі
таңда арнайы жинақтарда ғана емес, қос тілді
сөздіктерде және фразеологиялық сөздіктерде
берудің жолдарын кең түрде ойластырған жөн.
Мәселен қазақ - ағылшын тілдеріне қатысты
ғылыми негізде жасалған қос тілді сөздік бүгінге
дейін тіпті жоқтың қасы. Яғни оны жасаудың
өзі аса білімпаздықты, жан-жақтылықты үлкен
құлшыныс еңбекті, қажет етеді. Ал қос тілді фразеологиялық
сөздіктің өзі сол екі тілдің байлығын түп
тамырынан зерттейтіні, әрі тіл білімі саласына қисапсыз мол
қор әкелетіні сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Г. Қазіргі
қазақ тілінің лексикалогиясы мен фразеологиясы. –Алматы:
Санат, 1997. –187 б.
2.
Кеңесбаев І.
“Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі” А., 1977.
3.
Логан.
П., Смит. Фразеология английского языка.
М.,1959.
4.
Courtney,
Rosemary Longman. Dіctіonary of phrasal
verbs.- Словарь
глагольных идиом. М., 1986.