АСАН ҚАЙҒЫНЫҢ
ЖЕРГЕ БЕРГЕН СЫНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ерманова Сания
Буленбаевна, магистр, аға оқытушы
Сейсембай Гүлмира
Амангелдіқызы, аға оқытушы
Қазақ
тілі мен әдебиеті кафедрасы, ҚМПИ, Қостанай,
Қазақстан
Асан есіміне
қатысты фольклорлық шығармалардың ел есінде
кеңінен, молынан сақталуының заңды негізі бар. Себебі
фольклорлық шығармаларды жасаған халықтың тарихынан
бөліп алып қарау мүмкін емес. Өйткені фольклор « адам
тіршілігімен тікелей байланысты, оның болмысының бір бөлшегі.
Ол адам өмірінің барлық жағын бейнелейді,
шаруашылығынан, тұрмысынан, әдет-ғұрпынан,
салт-санасынан толық мәлімет береді».
Асан Қайғы туралы
фольклорлық мұралар бүгінгі зерттеушілерді сан
қырлылығымен және философиялық тереңділігімен
қызықтырады. Халық танымында Асан Қайғы ел
мүддесін хан алдында қорғаған философ-жырау, ел
тыныштығы мен бейбітшілігін сақтауға үлес
қосқан шешен, күйші, көшпелі тіршілікті мұрат
тұтқан халқына сол тұрмысқа лайық сулы, нулы «ой төңірегі
шулаған мал» өлке «Жерұйық» іздеген жан.
Қазақ руларының
жайлаған жерлерінің бәрі Асанның өз көзімен
көріп, қасиетін байқап сынап берген жерлері. Шүйделі
қоныстарды былай қойғанда ұсақ өзендер,
кішкене төбешік, сай-сала жайында да «бұл туралы Асан
Қайғы солай депті» - деген сөздер жиі айтылады.
Сондықтан жер-суларға Асан берген бағалар,
М.Әуезовтің берген бағасымен айтқанда –
«қазақ рулары жайлаған қоныс-қоныстың
барлығы қалың қазақтың қамын жеген
ұлы қариямыздың дуалы аузынан шыққан жалынды
сөз сияқты» [1,198].
Қазақтың қамын
жеген ұлы қарияның бейнесін жасаушы да халақтың
ой-көкейіне халықтың арманын байлап, «елдің
ақырын ойлап қайғырған» Асан Жерұйықты
іздеуге бел буады. Ол «Желмаяға мініп, жихан кезіп, «Жерұйық»
дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалайтын қоныс іздейді. Елді сол жерге
қондырсам деп арман етеді» [2,31].
Сонымен
бірге, Асан іздеген «Жерұйықтың» екінші бір
қасиеті «ешкім
мазаламайтын, ел қорқып
үрікпейтін жол еді»[3,375].
Ал, келесі бір
аңызда Асан іздеген Жерұйықтың сипаты
былай суреттеледі:
«Дүниеде Жерұйық деген
бақытты ел бар
деп естиді Асан
Қайғы. Ол елдің
жері шұрайлы, суы
мол екен. Ел
онда
жоқшылықтың, қайғының,
қанаудың,
жауласудың не екенін білмейді. Онда қой
үстіне бозторғай жұмыртқалайды екен» [4,234].
Жәнібекке:
Бұл
арадан көшпесең,
Айтқаныма
түспесең,
Орыс алар қалаңды
Шулатар қатын, балаңды
Осыны
көрдім түсімде,-
деп елін, жерін орыс
аларын түс көру
арқылы білгенін жеткізеді. Айтқанына көнбеген Әз- Жәнібекке.
Тіл
алсаң іздеп қоныс
көр,
Желмая
мініп жер шалсам.
Тапқан жерге
ел көшір,
Мұны неге
білмейсің
Хош
аман бол, Жәнібек
Енді мені
көрмейсің,- деп
Еділді тастап,
қазақтың
сахарасын аралап кетеді.
Сонымен
Асан іздеген «Жерұйық» - мал шаруашылығына қолайлы ( «шөбі шүйгін,
суы мол, ой төңірегі шулап
жатқан мал»), өмір
сүруге рахат ( «жоқшылықтың, қайғының не
екенін білмейді»,)
әлеуметтік теңдік
орнаған («қанаудың, жауласудың не екенін
білмейді»), сыртқы жаудан қауіпсіз («Басқа патшалы халық
ала алмайтын, ешкім мазаламайтын, ел қорқып
үрікпейтін») құтты
қоныс.
Еліне
осындай жер іздеген Асан баспаған жер, мекен, жоқ. Өз
сапарында жерге баға беріп, сын айтып отырған. Оның бір
куәсі- Асан Қайғы
есіміне байланысты немесе Асан Қайғының
төңірегіндегі адамдарға байланысты топонимикалық жер
атаулары.
Аңыздардың бірінде Асан сол
өлкелерде болған оқиғаларға араласып, соның
куәгері болып көрінеді. Мұндай аңыздың бірі
Қостанай қаласының атауына қатысты да айтылады.
Аңыз мазмұны бойынша, Қостанай маңын жайлайтын
қыпшақ руына жау шапқанда Тана атты егіз қыз батырлық
көрсетіп, ерлікпен қаза табады. Асан ата қыздарды
жоқтап «Қос Танам-ай» деп
жылайды. Содан қаланың аты «Қостанай» аталып кетеді [5].
Белгілі жазушы Ақселей Сейдімбетов
өзінің «Күмбір- күмбір күмбездер» атты кітабында
осы Қостанай атауын Асанның өмірімен байланыстырды.
Торғайдың шығыс бөлігінде орналасқан
Ұлытаудың басында Асан атаның бәйбішесі Тана-әже
жерленгенін айтады. Автор Қостанай атауы осы Тана-әженің
құрметіне, оның Тана және Танай деген егіз
қыздарының есіміне байланысты қойылғанын көрсетеді.
Қазақ даласының кейбір
елді мекен атаулары да Асанның Жерұйық іздегенін
сапарының барысында, Асан есімімен байланысты пайда болып отырады.
Мысалы, «Үшқараған» атауы [6,87].
Асан ата
«Түндікті» деген өзенді көргенде: «Он екі тұтам
қазылық үй түндік, маңырап жатқан қой түндік,
қойдың құлағы тұтам шығып
тұрған жер екен» деп, қимай артына үш
қарағаннан бұл жер «Үшқараған» атаныпты.
Ал «Шідерті» деген өзенді
көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай
арықтатып мінген ат бір айда майға бітетін жер екен, бос
жылқы шідерлеп қойғандай тоқтайтын жылқының
жері екен» деп, сол жерде біраз жатқан екен. Сол себептен Шідерті
атанған екен.
Сондай- ақ, Ерейментауды
көргенде: «Желдің жеті есігі бар екен, қыс болса жылқы
тұрмас, жылқы тұрса ішіндегі құлын тұрмас
ораздының жайлауы, жиырлының қыстауы екен, екі
жағындағы ел бай болар да қақ ортасын қоныс
қылған ел кедей болар, бітісі жаман екен, бірімен- бірі
төбелесетұғын кісі сықылды ерейіп тұрғанын,
панасы жоқ дала секілді тау екен»,- дейді. «Терісаққанды»: -
Уа, шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен; тек анда- санда обып қоятын жұты бар екен, бірақ артынан мал тез өсетін жер екен,- депті
[6]. Енді осы жерлерге жеке- жеке тоқталып кетсек:
«Түндік» - Ертіс
алабындағы өзен. Қарағанды обл-ның
Қарқаралы, Павлодар обл-ның Баянауыл, Май аудандары жерімен
ағады. Атауы терістікке, солт-ке қарай ағатын өзен деген
ұғымды білдіреді..[4;566-бет]
Ұлытау –
Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы ауыл,
аудан орталығы (1939 жылдан). Облыс орталығы Қарағанды
қаласынан оңтүстік батысқа қарай 620 км жерде,
Сарыарқаның оңтүстік батысындағы Ұлытау
тауының шығыс етегінде орналасқан. Ерейментау – Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы
алқап. Ақмола және Қарағанды облыстары
аумағында орналасқан. Тау Өлеңті және Шідерті
өзендерінің суайрығы болып табылады. Осы
өзендердің салалары – Жарық, Қарасу, Олжабай,
Тұрғынбай, өзендері тау беткейлерінен басталады. Тауаралық
аңғарларында шипалық ем болатын тұзды және
тұщы көлдер мен бұлақтар көп кездеседі.
Мұндағы бұлақтардың суы бөтелкеге
құйылып, Астанада асханалық су есебінде пайдаланылады.[3;392-бет]
Жетісу - Алматы облысының Ескелді ауданында,
Төлеңгіт әкімшілігі округінің орталығы. Аудан
орталығы – Қарабұлақ кентінен оңтүстік –
шығысқа қарай 7 км жерде,
Талдықорған – Текелі автомобиль магистралі бойында, бетеге,
боз жусан, көде өскен қара топырақты
қоңыржай – ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.
Жетісу – тарихи – географиялық
аймақ. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын
7 өзен туралы түрліше пікір бар. В.В.Бартольдтың айтуынша,
алғашқыда жергілікті халық
Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған
аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу,
Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу, өзендері
енген. Онда суармалы егіншілікке
пайдаланылатын көптеген тау өзендері бар. Жемісті ағаштар мен жапырақты ағаштар, ал одан жоғарыда шырша ормандары
өседі..[6;678-680-бет]
Баянауыл - Павлодар облысындағы тау,
аудан орталығы және аудан аты. Село және аудан аттары
тау атынан қойылған. Бұл атаудың этимологиясы
дұрыс ашқан Ғ.Қоңқашбаев ; «Атау моңғолдыңбаин бай )+
ола (тау) деген сөздерінен алынған. Жергілікті қазақтар
тауды Баянаула деп атайды, ал оның шығыс биік жотасын
Жақсыаула, батыс аласа жотасын Жаманаула деп атайды. Ал
А.Әбдірахмановтың атауды Баянауыл болып өзгеруі басқа облыс
қазақтарының әсерінен деуі ғылыми дәлел
емес сияқты. Оның Баянауыл
боп өзгеруі – тіліміздің ішкі заңдылығына байланысты,
өз тіліміздің айтылу мен жазылуына бейімделуден болған құбылыс. Сөйтіп айтыла ,
жазыла келіп, Баянауыл тұлғасында қалыптасып келеді.
Атаудың мағынасы «тауы-қыры көп, таулы жер» дегенді білдіреді.[5;59-бет]
Терісаққан – Сағыз алабындағы өзен . Ақтөбе
облысының Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы
58км, су жиналатын алабы 1070км . Ақтолағай қырқасынан
басталып, Қарақоға елді мекенінен төменде
Сағызға құяды. Арнасы көбіне тік жарлы.
Жауын-шашын, аздап жер асты суымен толығады. [4;500-бет]
Аспара – орта
ғасырдан сақталған көне қала орны. Жамбыл
облысының Жамбыл ауданының маңында орналасқан. Жетісу археологиялық
экспедициясы (1938-1940ж.А.Н.Бернштам) зерттеді. Ұлы Жібек жолының
бойындағы қала ретінде Аспара Қытай және араб
деректерінде жиі кездеседі. Қазба жұмыстары кезінде, мұнда 14
ғасырдың ақыры мен 15 ғасырдың басында Әмір
Темір әскерлері тұрғаны анықталады. Мерке кентінен солтүстік
шығысқа қарай 43км жерде, бозжусан, қылқан, боз
өскен, қызғылт, қоңыр топырақты
далалық белдеме орналасқан.[5;484-бет]
Шілдерті– Сарыапан – Ертіс
алабындағы өзен. Қарағанды, Павлодар облыстары жерінде.
Ұз. 506 км, су жиналатын алабы 15000 км2. Нияз тауының
шығыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шығанақ
көліне құяды. Арнасы жоғары бөлігінде тар, тік жарлы,
төменде кең әрі жазық. Аңғары жоғары
ағысында айқын емес, төменде Өлеңті,
Көкөзек өзендерінің аңғарымен
тұтасып, ені 35 – 40 км-ге жетеді. [6;620-бет]
Қорыта келгенде ғалым М.Әуезов айтқандай,
«Жер-сулар, қоныс-қыстаулар
жайында Асан айтты деген сын сарап, барлау, болжау сөздердің көпшілігі сол
жерлерді бертінде келіп
қоныстанған
елдердің өз
жерінің сырын жақын түсініп, танып болған соң, көп
тәжірибе жылдарынан соң Асан атынан қосқан өз
шығармалары, өз сындары».
Асан Қайғының Жерұйықты іздеудегі басты
мақсаты – шөбі шүйгін, тыныштық орнаған жер
жүзіндегі Жәннатты қалаған.
Асан Қайғы өмірі мен
ол туралы аңыздар- халыққа қызмет етудің зор
өнегесі болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. –А, 1991жыл. 240-бет.
2.
Қазақ ертегілері. А: «Қазмемкөркемәдбасп»,
1959 жыл. 31-бет.
3.
Асан
Қайғының
Жерұйықты іздегені // Қазақ ертегілері. 1 т. – А, 1957 жыл.
375-бет.
4.
Сказочная страна Барса-келмес //
казахские сказки
3-т. Т.1- А, 1958 жыл. 233-бет.
5.
Қостанай мемлекеттік
университетінің
филология мамандығы студенттерінің фольклорлық практика материалдары.- Қостанай, 2003 жыл.
6. Мағауин М.
Қобыз сарыны //
Ғасырлар бедері: Әдеби зерттеулер.- Алматы: Жазушы, 1991 жыл.