Филологические науки
филология магистрі Билял
Б.Қ.
Эко-22к тобының студенті
Әуез Ү.
Қазтұтынуодағы
Экономикалық университеті, Қарағанды қ.
КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ
БАСЫМДЫҚТАРЫ
Көптеген тілдерді
білетіндер, сол тілдер сияқты ұзақ өмір сүреді.
Чех мақалы
Тіл дегеніміз - күрделі қарым - қатынас жүйелерін
пайдалануға мүмкіндік беретін бірден-бір құрал болып
табылады. Біздің әлемімізде көптеген тілдер бар, егер де сіз
бір адаммен байланыс орнатқыңыз келсе, сіз ол адаммен бір
ортақ тілде қарым- қатынас жасауыңыз қажет.
Қазіргі таңда шет тілін үйрену бір тапсырма сияқты
болып табылады және ол өткен кезеңдерге қарағанда
әлдеқайда оңайырақ болып келеді. Өйткені біздің ғасырда
оған көптеген мүмкіндіктер бар, және де шет тілін
үйрену арқылы жаңа білім есігін аша аламыз. Басқа
тілдерді меңгеру барысында сіз өзіңізге жаңа бір
мәдениет аша аласыз, өзіңізді басқа қырынан
танып, әлемнің түкпір- түкпірінен жаңа достар
тауып, ақылды, көпшіл болуға, сонымен қатар өз
дағдыларыңызды жақсартуға мүмкіндіктер туындайды.
Қысқаша айтқанда, өзіңізді мақсатына жете
білетін, оптимист және де бәсекеге қабілетті
тұлға ретінде дамыта аласыз. Бұл тек өмірімізді
жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар адамгершілік
қасиеттерімізді де дамытуға мүмкіндік береді.
Егер сіз бір тілді білсеңіз
сіз бір адамсыз. Сіз екі тілді білсеңіз, сіздің ішіңізде екі
адам өмір сүреді дегенді білдіреді. Яғни, қанша тіл
білсеңіз, сонша түрлі адамсыз. Ми қаншалықты жиі
жұмыс жасаса, соншалықты оның ойлау қабілеті дамиды.
Полиглоттар көбінесе өткір ойлы болып келеді. Олар осы өткір
ойлары арқылы алдамшы заттар мен керексіз заттарды бірден байқап,
тек өздеріне керекті мәліметтерді оңай таба алады. Егер сіз
көп тілді білетін болсаңыз, сізге әлемді басқаша қырынан
көруге көптеген мүмкіндіктер туады.[1].
Біздің мемлекетімізде екі
тілді адам болу тың жаңалық емес. Өйткені
Қазақстанда тұрып жатқан әрбір азамат орыс
және қазақ тілдерін біледі. Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 2020 жылға дейін барлық мектептер мен жоғарғы
оқу орындарын көптілді мұғалімдермен қамтамасыз
етуді мақсат етіп қойған болатын. Осы мақсат барысында
қазіргі күні көптеген шаралар атқарылуда. Болашақ
көптілді мұғалімдер мен профессорлардың жақсы
нәтижелерге қол жеткізуі үшін олардың арнайы
пәндері бойынша, сондай- ақ тілді меңгеру мен оны еркін
қолдана алу деңгейлері
жоғары болуы тиіс. Еліміздің болашағы жастардың
қолында, жастардың болашағы ұстаздарымыздың қолында,
ал ұстаздарымыздың болашағы оқу орындарындағы
білімде.
Өзіміз білетіндей,
біздің тәуелсіз мемлекетімізде 130-дан астам ұлт
өкілдері тату- тәтті өмір сүруде. Біз олармен
бейбітшілік және достық қарым- қатынаста болып
қана қоймай, бір- біріміздің салт-
дәстүрлерімізді, мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді,
және де азаматтығымызға қатысты барлығын
құрметтейміз. Бірақ осы байланыстарды үнемі
тепе-теңдікте ұстап отыратын бір ортақ нәрсе
қажет. Сондықтан да елімізде жыл сайын әр- түрлі іс-
шаралар жүргізіліп отырады. Солардың бірі "Жарқын
болашақ" тіл және мәдениет фестивалі. Бұл жерде
басқа ұлт өкілдерінің мектеп оқушылары
қазақ тілінде эссе жазу, өлең оқу, ән айту,
және де жоба қорғау сайыстарына қатыса алады.
Қазақ тілі барлық мәдениеттің басын қосып,
бастауы ретінде шағын бір мемлекет құрайды. 2016 жылы
бұл іс-шара еліміздің астанасы - Астана қаласында
халықаралық деңгейде өткен болатын. Олимпиада
еліміздің көрікті жерлерін, мәдениетімізді көрсетуге
көптеген мүмкіндіктер берді. Әлемнің 40-тан астам
мемлекеттерінен әр түрлі жастағы қатысушылар келіп,
өз бақтарын сынаған болатын. Біз оқушылар мен
студенттер арасында осындай шаралардың өткізіліп тұруын шын
жүректен қолдаймыз. Ол болашақ ұрпақ үшін
жақсы үлгі болады. Бұл еліміздің, әсіресе
қазақ тілінің мәртебесін көтеруде ерекше іс- шара
деп атап кетсек артық болмас. Нельсон Мандела айтқандай: "Егер
де сіз біреумен екеуіңізге де ортақ тілде сөйлессеңіз,
ол оның басына барады, ал егер де сіз ол адамның өз тілінде
сөйлессеңіз, ол сөздер адамның жүрегіне
жетеді". Демек, әрбір адамның өз тілінде
сөйлессек, біз сол адамның жүрегіне жол таба алады екенбіз.
Біздің әлемде
түрлі мәдениеттер бар болуы мүмкін, бірақ адам деп
аталатын бір ғана ұлт бар.
Қазіргі кезде көптеген
кітап басылымдары көбінесе ағылшын және орыс тілдерінде
жарияланады. Мысалы, біз өз мамандығымыз бойынша оқылатын
кітаптарды, ақпараттарды қазақ тілінде іздеу барысында
қиыншылықтар кездеседі. Қазақ тілінде ақпарат табылған
жағдайдың өзінде ол сапалы аударылмай қалуы
мүмкін. Соған байланысты қазіргі кезде қазақ
ғылымы басқа ғылымдармен салыстырғанда төмен
деңгейде тұр. Егер біз өз ғылымымызды және де
менталитетімізді көрсеткіміз келсе сапалы білім алып, көптілділікті
дамытуымыз қажет. Ал сапалы білім жарқын болашаққа жол
ашады.
Азаматтарымыздың
қазіргі ай сайын алға ілгерілеп, күн сайын жаңарып тез
қарқынмен дамып бара жатқан өзгерістерге бейім
өмірге ойдағыдай сәйкесуі үшін қос тілді болып
қана қалмай, қайта көп тілді болуы төтенше
қажеттілікке айналуы керек. Кезінде халқымыздың “Жеті жұрттың
тілін біл, жеті түрлі білім біл” деген аталы сөз дәл
бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай.
Қазақ халқы
табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық. Кеңес
заманында орыс тілі –заманның кілті болды. Бұл сол кездегі заман
талабы болды. Орыс тілін үйреніп, орыстардың өзін
жаңылыстыратын жағдайға жеттік. Ендігі алар асуымыз –
ағылшын тілі. Адам көп тіл білген сайын оның көкірек
көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі
ұлғая түсетін болады.
Көп тілді білу әрине,
мақтаныш. Әйтсе де, өз ана тілін аяқ асты ету
тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде
жетік сөйлесе бұл да бір жетістік. Ал егер ана тілін білмей,
басқа тілде сөйлесе, бұл – күйініш, өкініш.
Біздің мақсат- ағылшын идеологиясын сіңіріп,
ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін
ғана үйрену, және де сол арқылы қазақ
қоғамын ағылшын тілімен қаруландыру.
Сөзімізді қорытындылай
келе, болашақ жастарымызға көптілде білім беру барысында біз
оларды рухани қолдаймыз. Әрбір тілдің жаңа есіктерін
ашып, әлемді басқа қырынан таныған сайын, бұл
түрлі мәдениет өкілдері біртіндеп біртұтас мүшеге
айналады. Ал тіл өз кезегінде әлемге деген мәдениетті
көзқарасты қалыптастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. New- York Times
March 17, 2012- Harriet Russell