Право/13. Международное право
С. Хауия з.ғ.м., аға
оқытушысы
А.Е. Абдрахманова
Қазтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті, Қазақстан
ШЕТЕЛДЕ МОРАЛЬДЫҚ ЗИЯН ӨНДІРУ
ИНСТИТУТЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Моральдық зиян өтеу құқықтық
институты ретінде – біздің құқық үшін
жаңа құбылысы болып табылады. Бүкіл кеңестік
кезең бойы моральдық зиян өтеу институты
қоғамның моральдық негізіне қайшы, біздің
құқықтық санамыз үшін бөтен деп
есептеледі. Моральдық зиян өтеу толығымен теріске
шығарылады, себебі адамның басынан кешірген жан мен
тәннің азабы нақты ақшалай бағалауға
жатпайды – бұл субъективтік категориялар болып есептеледі. Бұдан
басқа оларды ақшамен бағалауға тырысу моральға
жат қылық деп есептеледі. Мұндай көзқарас
құқықты идеологиялардың көрінісі болып табылады.
Заң әдебиетінде бұл тақырып тіпті көтерілмеді де
– ғалымдардың көпшілігі мүліктік емес зиянды,
соның ішінде моральдық зиян өтеу мүмкін емес деген
пікірде болды.
Моральдық зиян өтеу институты туралы сұрақ
ұзақ уақыт бойы даулы мәселеге айналды, сондағы
басты – моральдық зиян өтеудің ақшалай нысанына жол
беру туралы болады. Мұндай өтеп алу түріне жол бермеу туралы
пікір басымдыққа ие болып, КСРО-ның азматтық
заңнамалары 1990жылға дейін моральдық зиянның не
түсінігінде, не оның өтеп алудыда қарастырған
емес. Сол кездегі үстемдік еткен ғылымға сәйкес
соттық практика бұл сұраққа қатысты
тұрақтылығымен ерекшеленеді, сондықтан да соттар
ақшалай түрде моральдық зиян өтеу туралы талаптарды
қанағаттандырмады [1, 18 б.].
Моральдық зиян өтеу институтына қатысты
салғырттық көзқарас біздің
қоғамымыздың тарихи салт – дәстүріне байланысты
болып, моральдыз зиян етудің «әлеуметтік қайшы» сипатын
ығыстырып тастауғы тырысып бақты. Моральдық зиян
өтеу институтын дамыту идеясын жақтаушы ең күшті
көзқарастардың бірі кеңінен танымал заңгер, А.М
Эрделевскийдің тарапынан берілді, бұл жөінде оның
«Әлеуметтік саясат көзқарасында материалдық емес зиянды
өтеу туралы» деп аталатын кітабында әлеуметтік саясатты сынап
жазған болатын [2, 124 б.].
Осындай ойларын білдіре отырып, А.М Эрделевскийдің сотқа деген
сенімсіздігі байқалады және оның айтайын дегені байларды
байыту немесе кедейлерге «садақа» беру емес, осы институттың шын
мәнісін ашу еді. Мұндай істің мән жайларын аша алмайтын
соттар институттың кеңдігі мен еркіндігіне зорлық - зомбылық
жасайтыны белгілі, бұндайға азаматтық
құқық институттарының ешқайсысына да
кепілдік берілмеген.
«Жаңа азаматтық құқықтардың
қағидалары болып мәдениеттілігі төмен
құқықтармен салыстырғанда келтірілген
мүліктік зиянды өтеу міндетімен құқық
бұзушының азаматтық жауапкершілігін шектеу табылады.
Сөйтіп, енді жәбірленуші құқық
бұзушылық жасалғаны үшін басқа мүліктік
пайда таба алмайды», - деп жазды А.М. Эрделевский [2, 138 б.]. Бірақта
профессор А.М. Эрделевский жаңа азаматтық
құқықтың белгісі болып табылатын зиян
келтірушінің жауапкершілігін мүліктік зиянмен шектеуді
дәлелдейтін ешқандай деректер туралы айтпады.
XX ғасырдың екінші жартысында АҚШ-та моральдық зиян
өтеу институтының рөлін қатайту тенденциялары бірден
күшейе түсті. АҚШ соттары жан азаптарын келтіргені үшін
жауапкершіліктерге жиі тарта бастады.
Бұл тәжірибе, әсіресе, қаржылық
компониялардың қарыздарды жинау бойынша қатаң
әдістерді қолдануы жекелеген тұлғалардың
күшті жан күйзелісіне ұшыратуы бойынша «техас» ісі деп
аталатын істі қараған соң ерекше таралды. Мұдай
оқиға Джорджия және Огайо штатында да орын алды.
Джордж ісінде салық инспекторы телевизор үшін кезекті жарнаны
алу мақсатында 11 жастағы қыз бала – жәбірленуші
болған тұрғын жайға кіргісі келген. Ал қыз бала
оны кіргізуге бас тартқанда ол оны түрмеге отырғызамын деп,
есікті қатты қағып қорқытқан. Осыдан кейін
қыз бала қорқақ болып, үйде жалғыз
қалуға қорыққан, ұйқысы қашып,
нерв ауруына шалдығады. Штаттың апелляцияылық соты
қоқыту салдарынан келтірілген тәннің азабы,
қорқыту қасақана немесе өрескел абайсыз
әрекеттің нәтижесінде келтірілген болса, онда өтелуге
жатады деп анықтады [3, 124 б.].
Огайо штатында несиеге алынған тауарлар үшін жарналарды
жинаушылар жол берілмейтін тәсілдерді қолданған, атап
айтқанда, борышқорлардың жұмыс берушілеріне
қарыздар төлемшілеріне әрекет ету шараларын қолдануды
сұрап, күн сайын телефон арқылы звондап отырған,
осының салдарынан борышкерлердің мазалары қашып,
ауруларға шалдығады. Штаттың жоғарғы соты
борышкерлердің талаптарын қанағаттандырады.
Осындай және басқа да мысалдар американдық сот практикасы
ұйқыны жоғалту, бас аурулары және басқа да
денсаулыққа зақым келтіру түрінде жан азаптарын туындатқан моральдық зиян
өтеу мүмкіндігін танығандығын білдіреді. Мындай жан
күйзелістері деликтілік талаптардың ережелері бойынша өтелуге
жататын тән азаптарына жатқызылады.
Жан азаптарын тән азаптарына жатқызатын негіздерді
құрайтын критерийлерді практика әлі де шығарған
жоқ. Соттар әр кезде нақты мән – жайларды негізге
алады. Жан азаптарының негізінде қойылған талапты
қанағаттандырмау мысалы ретінде Пансильвания штатында
қаралған іс бола алады. Талапкер оның
қонақтарынан сыртқы киімдерін сақтағаны
үшін сияқы төлуді сұраған жауапкердің
қызметкерлерінен келтірілген жан азабы мен кемсітулері үшін жиырма
мың доллар көлемінде өтемақыны өндіріп беруді
сұраған. Себебі, ол тойды өткізу туралы шарт жасасу кезінде
ресторан иесі мен талапкердің арасында жасалған шарт бойынша
сияқы жөнінде келіскен, ал талапкер оны алдын ала төлеп
қойған болатын. Штаттың Жоғарғы соты бұл
жағдайда талапкердің басынан кешірген «жан азабының»
мөлшері елеулі емес және де «тәннің азабына»
теңестірілмейді деп танып, талапты қанағаттандырудан бас
тартты [1, 129 б.].
Жан азабы қасақан емес абайсыздықта келтірілген
жағдайда өтемақыны өндіріп алу мүмкіндігі туралы
сұрақты шешу мәселесі өте проблемалы мәселе.
Бұл жерде, қарапайым немесе жәбірленушінің
көтерінкі сезімінің салдары ретінде бағаланатын зиянмен
салыстырағанда, соттың тек қана айырықша
жағдайларды өтеп алу мүмкіндігін қарастырады. Мысалы,
гипертоникалық аурумен науқас жәбірленушіге жақын
туысының қайтыс болғаны туралы хабарлама мен телерамманы
адресатқа қате жеткізгені үшін, оның өіміріне
қауіп төндіретін жағдайға душар еткен телеграф
компаниясына қарсы шешім қабылданды.
Апелляциялық сот Джорджия және Огайо штаттарында
қарастырылған істер бойынша шығарылған шешімнің
негізі болған қағидаларды ескере отырып, моральдық
зардап бұл жерде тән азаптарын әкелді деп таныды. Бұдан
басқа, сот мүшелерінің көпшілігі шешімде, «тән
азаптарын» моральдық зиян келтірмесе де сияқы дегеніміз не дегенді
көрсетіп бақты. Сөйтіп, моральдық зиян өтеу
туралы ережелердің әрекет ету саласын кеңейту тенденциясы
орын ала бастады [3, 141 б.].
1917 жылы Қазақстан мемлкетінде әлемдегі ең
жақсы цивилистика мектебі қалыптасты. Сол кездегі көпшілігі
Қазақстан құқықтанушылардың
жұмыстарында моральдық зиян ақшалай немесе басқа да
материалдық формада өтеп алу қажеттігі туралы ұсыныстар
айтылды [4, 48- б].
1917 жылы дене жарақатын салғанда, борышкердің өз
міндеттемелерін орындамағаны жағдайында және т.б.
материалдық емес зиянды өтеуді қарастыратын «Міндеттемелік
құқық туралы» заңның жобасы да дайындалды.
Бірақ та бұл заң қабылданбай қалды. 1917 жылға
оқиғалар Қазақстан империясының мемлекеттік жіне
құқықтық жүйесінің
құруына, «буржуазиялықтардан тазалау», соның ішінде
моральдық зиян өтеу институттарының құруына негіз
салса да, цивилистикалық мектептің дәстүрлері
кеңестік дәуірде де сақталып қалды. Бірақ та, Б.
Завидов атап өткенде, Қазақстан заңнамалары
моральдық зиян өтеуді (сыйақы алудың үш негізгі
нысанында: «жеке жәбірлегені үшін», «ар-намысын таптағаны
үшін» немесе «сияқы төлеу» міндеттемесі нысанында)
қарастырсада, осы кезеңде «моральдық зиянның»
толық заңды түсінігін қарастырмады [5, 81 б.].
Моральдық зиян өтеу қағидасын барлығынан бұрын
ертерек бекіткен ел – бұл Англия. Ағылшын
құқығы зиянды өтеу барысында материалдық
және материалдық емес зиянды ажыратпайды [6, 82б]. Кез келген зиян
үшін, егер ол іс жүзінде болған және шын болса,
бұл зиян құқыққа қарсы
әркетепен немесе шартты бұзумен келтірілсе де, сыйақы
төлеу қажет. Жалпы ереже бойынша мүліктік шығын
үшін өтемақыны өндіру кезінде сот келтірілген
зиянның мөлшерін тексерместен негізге ала алмайды: құқық
бұзушының адалдығын ескеріп, сот оған тек қана
келтірілген зиянның көлемінде ғана емес, сол сияқты
одан да жоғары көлемде жауапкершілік жүктей алады. Іс
жүзіндегі зияндардың көлемінен жоғары
қалдығы моральдық зиян үшін төленетін
сыйақы болып табылады.
Таза моральдық зиянның өзін өтеу – мүліктік
зиян туралы қарастырмағанда, ар-намысына, абройына,
денсаулығына зиян келтіргенде соттың қарауы бойынша
өндірілетін сомалар. Бұл жерде нақты деректер, нақты
әділдік, тараптардың құралдары және
көптеген басқа да мән - жайлар ескеріледі. Кейде
ағылшын құқығы тәртіпті білмейді де.
Таза моральдық зиян, бір жағынан, кінәлі
тұлғаны жазалау ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан,
жәбірленуші үшін өтемақы болып табылады. Ағылшын
құқығы азаматтық айналымда қомақы
рөл атқаратын өтеп алудың жалғыз нысаны болып
табылады. Бұл бір жағынан, өте құрметті болса,
екінші жағынан, кемсітетін, моральдық сыйақыны ескеретін,
номиналды зиян деп аталады. Бұл жағдайда жәбірленуші тек
қана өз құқығын танытуға қол
жеткізе алады және қандай да бір сыйақыны талап ете алады:
сот құқықты таниды және жауапкерден бірнеше
шиллинг өндіріп береді. Бұл бірнеше шиллинг талапкердің
құқығын танып қана қоймай, жауапкерді
құқық бұзушы ретінде танытады. Кейде талапкерге
үлкен рухани қанағат беріп, басқа жағдайларда
талапкердің моральдық тұрғыда өзі кінәлі
болып, іс жүзінде оған зиян келтріген жағдайда,
талапкердің құқығына жексұрындықпен
қаралатынын білдіреді. Мұндай сыйақыны өтеп алу -
өзін - өзі қорғау шектерінен асып кеткені үшін,
әсіресе, бұқаралық ақпарат
құралдарына моральдық зиян мен шығын келтіргені
үшін өндіріп алу кезінде жиі боатын құбылыс [3, 20 б.].
Моральдық зиянда өтеу туралы талаптардың таралуына
қарамастан, Англияда бұрынғы уақыттан бері лорд
Вэнслиданның Lynch v. Knight ісі бойынша айтқаны негізді және
қағида ретінде болып қала береді: «Моральдық азаптар
және мазасыздықты құқық бағалай
алмайды және егер онымен бірге басқа шығын туралы айтылмаса
оны өтеп алуға таласа алмайды». Басқаша айтқанда,
ағылшын заңнамалары бойынша жан күйзелістері немесе
моральдық шығындар болмаса моральдық зиян өтеуді талап
етуді мүмкіндік жоқ. Мұндай талаптар соттың
қарауына қабылданбайды.
Моральдық зиян Англияда, Францияда, Италияда және Швейцарияда,
шектеулі Германияда да өтелді. Тіпті Жапон Азаматтық ережелері
(1897 ж.) осыған қатысты қалыс қалған
жоқ.Заң шығарушы Жапонияның Азаматтық
ережелерінің 709-бабында бөтеннің
құқығына қасақана немесе абайсыз
бұзғаны үшін осының салдарынан келтірілген зиянды
өтеуге міндетті деп қарастырды. Өтеуге міндетті
тұлға жәбірленушінің мүлкіне қатысы
жоқ зиянды да өтеуге тиіс. 711-бапқа сәйкес
өзгенің өліміне кінәлі тұлға өлген
адамның әкесіне және анасына, жұбайына және
баласына, тіпті олардың мүліктік құқықтары
бұзылмаған болса да, зиянды өтейді.
710-бапқа түсінік бере отырп, ағылшын заңгері
Беккер, егер кімде - кім басқа адамға бас салып, дене жарақатын
салса, қорқытқан болса немесе заңсыз
қамауға алу арқылы немесе түрмеге жабу арқылы
оның бостандығын бұзса, ар-намысын мен абройын ауызша немесе
жазбаша қорласа, онда ол жәбірленушіге, мүлкі жойылмаса да,
өтемақы төлуі тиіс [3, 93 б.]. «Зиянды бағалау тәсілі
әрбәр жағдайдың ерекше мән-жайына тәуелді
болады. Намысты қорлағанда, мысалы, жәбірленуші газетте
кешірім сұрауды жариялауды талап ете алады, мұндайда
жәбірленуші ақша сомасын өтемақы ретінде талап ете
алады».
Моральдық зиян өтеп алу идеясын қабылдамайтын
тұлғалардың көзқарастардың біржақты
сипаты тіпті материалдық емес зиянды ақшалай бағалауға
жол бермейді. Соған қарамстан моральдық зиян өтеу
институтын қорғаушы заңгерлер де болды. С.А. Беляцкий 1913
жылы былай деп жазады: «жәбірленуші мүліктік емес шығында
өтеуді әрқашанда талап ете бермейді, себебі өзіне
келтірілген залалды құқық бұзушының
есебінен жабуды намысынан төмен деп есептейді. Әрине, егер ол
қаласа өтеп алар еді. Құқық этика мен
мораль туралы орташа түсінігі бар орташа адамғадеп есептелген...» [4,
78 б.].
Мемлекетпен қоғамның демокртиялануы,
құқықтық мемлекетті құру
қажеттігі негізінде заң бұл ұсыныстарды қабылдап,
1990 жылдан бастап, моральдық зиян өтеу мүмкіндігін
қарастыратын заңдардың саны көбейе түсті.
Бұл бірінші кезекте азаматтық құқық саласын
қамтыды. Бұған шет ел заңнамаларын және
әсіресе, шет ел соттарын шешімдерінің де әсері болды.
Бұл моральдық зиян өтеу әлемнің көпшілік
мәдениетті елдерінде танылған институт екендігіне көзімізді
жеткізеді.
Ең жедел түрде моральдық зиян өтеу институты
Англияда дамыды. Моральдық зиян үшін өтеудің
ағылшын жүйесі өзініің күнделікті
ыңғайлылығымен және терең практикалық
мәнісімен таң қалдырады. Ешбір жағдайды жіберіп алмай,
өзгенің құқықтары мен игіліктерін
бұзғаны үшін ақшалай соманы үнемі өндіріп
алып, кінәлі тұлғаның есебінен әрбір
жәбірленушінің талабын қанағаттандыруға
соттардың ұмтылысы, көбінесе Англияда азаматың идеялын
(үлгісін) жасап шығаруға, қарапайым адам я билік етуші
адам болса да өзгенің құқығын және
өзге тұлғаны құрметтеуді қатайтуға мүмкіндік
берді. Бұған моральдық зиянның қосқан
үлесі орасан зор.
Соған қарамастан Еуропалық елдердің көпшілігі
моральдық зиян өтеу мәселесіне байыппен қарайды.
Бұл елдердегі аталмыш институттың баяу дамуы, моральдқы
зиянды өтеудің толық жүйесін құруға
үлгере алмаған, рим құқығының
басымдығымен түсіндіріледі. Германияда Рим
құқығы моральдық зиянмен және
моральдық мүддемен есептеспей, ақшамен бағаланатын зиян
мен мүддені ғана қабылдап, алды деген пікір ұзақ
уақыт орын алды.
Рим
құқығының қайнар көздерімен танысатын
болсақ, бұл көзқарас тіпті дұрыс емес:
классикалық құқық жеке тұлғаның
моральдық мүддесін кеміткен емес. Бірінші кезекте материалдық
игілікті қоя отырып Рим құқықығы Рим
азаматына дене жарақаты немесе жан азабы келтірілгенде кінәлі
тұлғаны жазасыз және жәбірленушінің талабын
қанағаттандырмай қалдырған емес. Мысалы,
балалардың адамгершілік қасиетін бұзған, ерікті адамды
құл ретінде заңсыз соттаған үшін,
туысқанының моласын бұзғаны үшін және т.б.
ақшалай өтемақы тағайындалды [5, 83 б.].
Моральдық зиян өтеуге қарсы болғандардың
пікірінше, моральдық зиян
мүліктік бағалауға мүмкіндіктің болмауы
немесе келтірілген моральдық зиян объективті бағалаудың
қиындығы. Мұндай ұстаным өзіндік мүліктік
емес және өзге де материалдық емес игіліктерге зиян келтіргенде
эквиваленттілік қағидасы қолданылмайды дегенді білдіреді.
«Жан мен тәннің азабын келтіретін» моральдық зиян, - деп
атап көрсетеді, - өзімен өзі өтелмейтіні рас
жәнеде келтірілген жан күйзелісі де ешқандай ақшамен
қалпына келтірілмейді. Ақша жан азабын жоя алмайды, ауыр
қайғыны да ұмыттыра алмайды. Бірақ ол моральдық
зиян қалай да болмасын өтелмейді, жәбірленушіге келтірілген
жан күйзелісін өтеу болып табылатын қанағттандырмау
дегенді білдірмейді». Шынында да бұдан басқа жәбірленушіні
өзге тәсілмен қанағаттандыру мүмкін
болмағандықтан, ақшалай өтемақы төлетуге
тура келеді. Моральдық зиян экономикалық сипатқа ие емес,
сондықтан оны өтеудің коменсациялық (өтеп алу) сипатын
тану қажет [5, 92 б.].
Моральдық зиян өтеу біздің практикаға таныс емес,
сондықтан соттың өкілеттілігін кеңейтумен байланысты.
Себебі моральдық зиян үшін өтемақының
мөлшері соттың өз қарауына байланысты болады. Демек,
моральдық зиянның сипаты мен дәрежесіне, жауапкердің
мүліктік жағдайына қарай өтемақының нысаны
мен салыстырмалы мөлшерін анықтауға тырысады, ал оны тиісті
заңның болмауына байланысты анықтау өте күрделі.
Соттарды моральдық зиянның мөлшерін анықтауға
қатысты біртекті ұстанымдары жоқ. Кейбір істер бойынша,
соттар моральдық зиян өтеу туралы талапты
қанағаттандыра отырып оның мөлшерін анықтауды
негіздемейді. Басқа жағдайларда моральдық зиян өтеу
мөлшерін анықтау барысында соттар нақты мән –
жайларға, олардың ерекшеліктерін көрсетпей-ақ, сілтеме
жасай алады. Сондықтан да осы бөлігіне қатысты, сот шешімі
құқық қолдану актісі, яғни тең
адамдарға бірдей шара қолдану болып табыла ма, мұндай шара іс
жүзінде бар ма, моральдық зиянның мөлшерін
анықтауға қатысты заңдылықты, сот шешімінің
негізділігін тексеруге бола ма деген сенімсіздік пайда болады [5, 95 б].
Мүліктік емес зиянды өтеудің жақтастары
мұндай зиянды ақшалай өтеу қажеттілігін сенімді
дәлелдеп береді. Шынында да, моральдық зиян нақты
ақшалай бағалауға оңайлықпен берілмейді.
Бірақ та бұл оны өтеп алуға кедергі болмайды.
Моральдық зиян бағалау барысында нақты өтеу туралы
емес, тек қана өтеу, жәбірленушінің жан азабын кешіруі
ғана маңызға ие. Келтірілген моральдық зиян
өтеудің мөлшерін анықтаудың нақты
критерийлерінің болуына қатысты маңызды мәселені
әлі алда заңды тәртіпте шешу қажеттігі тұр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Остапенко А.В. Методика определения
размера компенсации морального вреда //Актуальные проблемы современного
гражданского права. Выпуск II. Алматы, 2007. 18-29 с.
2. Эрделевский А.М. Компенсация
морального вреда в России и за рубежом. – М.: изд. Группа Форум – Инфра, 1997. – 281
с.
3. Матвеев Ю. Г. Англо-американское
деликтное право. – М.: Юридическая литература, 1973. – 176 с.
4.
Солдатова
Н. Вина как основание возмещение морального вреда // турби.-2005. - №5.
5.
Беляцкий
С.А. Возмещение морального вреда. – М., 1996г. С. 96