PhD доктор
Аубкирова Қ.Қ.
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік унверситеті
«Хизанат Шамаил» романының
кейіпкерлеріне психологиялық талдау
Қазіргі Египет жазушыларына осы заманғы
әдебиеттің жағдайына сәйкес уақыт қойып отырған
үлкен міндеттердің бірі «адам жанының диалектикасын» ашу
болып табылады. Дәлірек айтқанда, кейіпкердің ішкі рухани
әлеміне үңілу, жан сарайына психологиялық талдау жасау
саласында терең толғану, тынбай іздену керек. Әдеби
әдіс мәселелері ең басты дүниетанымдық,
көркемдік құбылыс саналса, осы мәселелердің
неғұрлым нақты, толымды шешімі, айқын ғылыми
келбеті – кейіпкер жан дүниесін бейнелеу мүмкіндіктері мен амал-жолдары,
бағыт-бағдары, сол бағдардағы жемісті нәтижелер
арқылы танылмақ. ең тұлға жасаудағы бірден
бір қолайлы да, оңтайлы тәсіл. Осы туралы сөз
қозғаған Ә. Қоңыратбаев: «Даралау – характер
жасаудың ішкі заңы» деген болатын [33]. Даралыққа жету
үшін кейіпкерлерге психологиялық талдау жасау қажет. Негізі, көркем шығармада кейіпкерлерге
психологиялық талдау жасалынбаса адамның ойына өң беріліп,
көңіліне күй түсірілмейді [35]. Кейіпкерлерге
психологиялық талдау жасау – көркем әдебиеттің
тұтас болмысынан ажырамас қасиет, біз ол жағдайды байқай
бермейміз. Сонымен бірге «психологизм – көркемдік бейнелеу принципі,
ойлау типі, жазушы талантының төл белгісі» [36].
Психологиялық талдаудың күшті
компоненті – ішкі монолог. Бұл орайда орыс ғалымы Т. Мотылева:
«Адам өз сөздерінен гөрі, ойларында әлдеқайда
ашық болады. Ішкі монолог ол XIX ғасырдың бірінші жартысында
ұлы реалистердің адам ойының мәнін ашудағы басты
тәсілі болды. Онда сырт көзден бүркемеленіп, ашық
айтылмайтын мән-мағына бар» деген пікірді айтады [17].
Сондықтан төменде Салах Маатаның
«Шамаил қазынасы» атты романындағы кейіпкерлерге
психологиялық талдау жасалған. Психологиялық талдау
өнертанудағы соңғы сипаттағы белес болды,
кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті [32].
«Шамаил қазынасы» романының
ұстанып отырған нысанасы – қазіргі заманда араб елдерінде
орын алып отырған әлеуметтік, қоғамдық және
саяси жағдайлар. Бұл – ХХ ғасырдағы демократия
бағытындағы жазушыларды қызықтырған
тақырыптардың бірі. Салах Маата өз туындысында бас кейіпкерді
өмірдегі бар болмыс-бітімімен, өзіндік табиғат-тіршілігімен,
яғни пенделік қалтарыстарымен қаз қалпында бейнелейді.
Мешітте сұлтанның етігін жоғалтып
алғаннан кейін, мәмлүктердің қолына түсіп,
Жәмәл әд-Диннің нұсқауымен Шамаил
қазынасына қамалып, азаптың ащы дәмін татып,
мәмлүктердің озбырлығына үнсіз көндіккен
Жәләл әд-Диннің жан дүниесіндегі күрделі
құбылыстарды жазушы психологиялық тұрғыдан
терең талдап, шебер береді.
Күтпеген жерден тағдыр тәлкегіне
ұшырап, «ішіне кірген пенде жарық дүниені екінші рет
көре алмайтын», «барлық жантүршігерлік ұсқынсыз
көріністерді тек қараңғылық қана жасырып
тұратын» қараңғы қапастағы
бақытсыздардың қатарын толықтыра түскен бейшара
етікшінің қайшылықты тағдыры, жан күйзелісі
романда жан-жақты әрі айшықты бедерленеді. Болмашы бір етік
үшін осындай азапқа ұшырап, сүйікті әйелі мен
баласынан айырылуы, оның үстіне мәмлүктер тарапынан
гауһар тасты ұрлаушы, көтеріліс ұйымдастырушы, тіпті
сұлтанға қастандық ойлаушы деген сияқты
түрлі жалаға ұшырауы Жәләл ад-Диннің
тағдырын қиындатып, оны жан азабына салады. Кейіпкердің қиын
тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс т.б. секілді әдеби
тәсілдерге жүгіндіреді. Суреткер бүкіл адами проблемаларды,
мәмлүктер кезіндегі тарих арқылы қазіргі
замандағы мысырлықтардың өмірін, ондағы
тіршілік-тынысты, сыртқы реалдық өмір шындығын сана
күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы
арқылы бейнелейді. Сөйтіп, жазушы Жәләл әд-Динді
үлкен психологиялық образ дәрежесіне жеткізеді.
Романның әрбір беті бізге мысырлықтардың
өміріндегі тоқтаусыз өзгерісті, бір байламға келе
алмаған ой арпалысын аңғартады. Және бір айтар жай,
оқиғаны баяндау барысында автор мен кейіпкердің ойы мен сөзі
көбіне бірігіп кетіп отырады. Мысалы:
ما
الذي دفع به
في هذا المكان
؟ .لم يعد يذكر
شيئا ،
فالعتمة تأكل
وعيه وإدراكه
ووجوده لا يدري
إن كان وحيدا
أم أن هناك
شركاء له في
هذه البقعة
المجهولة من
الوجود .
رائحة عطنة
كريهة تفرض
نفسها عليه في
طغيان آثم
كأنها تقتلع
روحه من
مكمنها الخفي
داخل الجسد ..
Оны бұл жерге әкелген не нәрсе?
Ол ешнәрсені есіне түсіре алмады да, оның өмірін,
ақылы мен санасын қараңғылық қаптады...
Мына белгісіз ұлтарақтай жерде шынында да жалғыз
қалғанын не жанында серіктері бар екенін білмеді...
Ішкі әлеміндегі құпия жерден
жанын жұлып алғандай еш рақымсыз, жағымсыз сасық
иіс оның денесін шырмауықтай шырмап алды...[1, 8].
Бұл автордың монологы секілді,
бірақ бұл Жәләл әд-Диннің ой арпалысынан
сыр беретіндей. Мұндағы көп нүктелер кейіпкердің
санасында жүріп жатқан ой ағысын, өзін-өзі
жұбату (шарасыздықтан туған), алдауды аңғартады.
Кейде керісінше, Жәләл ад-Динге тиісті
ішкі ой автордың атынан айтыла береді:
لماذا
جاءوا به إلى
هنا ؟ ما
الذنب الذي
اقترفه حتى
يكون مصيره
هذا المكان
البارد القفر
منعزلا بائسا
وحيدا .. أجل
وحيدا . انحسر العالم
من حوله في
تلك البقعة
النائية
المعزولة لا
يربطه
بالحياة سوى
أنفاس تتردد
وقلب ينبض ..
شعر فجأة بالبرد
يتسلل إلى
عظامه
فينخرها نخرا.
Неліктен ол мұнда тап болды?!
Жалғыздық пен бейшара күйге ұшырап осындай бос,
суық жерде тағдырының өтуі үшін қандай
күнә жасады? Соғып тұрған жүрегі мен
күмәнді жанынан басқа ешқандай тіршілікпен байланысы
жоқ алыс шалғайдағы бұл жер әлемнен шектелген
етін... Кенеттен құрттай жеп сүйегінен өтіп бара
жатқан суықты сезді [1, 9].
Міне, осы үзінділерден романдағы ішкі
монологтың ортақ төл сөзбен берілгендігін
байқауға болады. Мұны не әңгімелеушінің не
кейіпкердің айтып тұрғаны белгісіз, екеуі кірігіп кеткен.
Романның алғашқы бетінен-ақ
ішкі монологтың көркемдік қызметі, оның әдебиеттегі
атқарар рөлі айқын көрінеді. Мысалы, жазушы
кейіпкерлерінің рухани әлемін, жан дүние қалтарыстарын,
жалпы табиғатын ашу үшін ішкі монологқа жүгінеді.
Әр бөлім сайын Жәләл әд-Дин мен Фатиманың
әлеміне ауыса отырып, жаңа кейіпкерлер туралы баяндап,
олардың ішкі ой-сезімдеріне дейін барлау жасап, өз ауыздарына
сөз сала отырып, біраз табиғатын аша түседі.
Негізінен автор өз кейіпкерлерінің жан
күйзелістері арқылы араб елдерінде орын алған
әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды көрсетуге
тырысады. Салах Маатаның «Шамаил қазынасы» романындағы
кейіпкелерге психологиялық талдау жасай отырып, оларды
толғандырған мәселелер мен олардың жан айқайы
арқылы қазіргі кезде араб елдерінде орын алған
мәселермен танысып, халықтың әл-ауқатынан
хабардар боламыз. Бас кейіпкерлердің ой-толғанысы мен
дүниетанымынан жалпы халықтың
қайғы-қасіретін анық көре аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қоңыратбаев Ә. Шеберлік
сырлары //әдеби сын. -Алматы: Жазушы,
1979. – 316 б.
2. Байтұрсынов А.
Әдебиет танытқыш. – Алматы, 2002. – 36 б.
3. Майтанов Б. Қаһарманның рухани
әлемі. Зерттеулер.-Алматы: Жазушы, 1987. – 86 б.
4. Мотылева Т. Внутрений монолог и «поток
сознаний»//Вопросы
Литературы. – 1986. - №1.
- С.179.
5. «Краткая литературная энциклопедия», т. 2, - М., 1964. - 874 с.
6. ١ صلاح
معاطي. خزانة
شمائل.2008