Маймакова Д.Б., жаратылыстану ғылымдары магистрі

Темирбеков Ж.Т. медицина ғылымдарының докторы, профессор

 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті, Көкшетау қаласы

Зоонозды микрооргонизмдердің таралуы.

 

Адам мен жануарлар организміне қандайда болсын макроорганизмнің физиологиялық жұмысына қатер туғызбай тіршілік етуге икемделген микроорганизмдер жиынтығы, оны нормадағы микрофлора деп атайды. Патогенді деп адамда, жануарларда және өсімдіктерде ауру туғызатын микроорганизмдерді айтады.

Патогенді бактериялардың негізгі қасиеттері олардың іс әрекеттерінің тәндігі, ол қоздырғыштардың белгілі бір организмдегі мүшеде және тіндерде орналасуы, инфекциялық процестің клиникалық белгілері, шығу механизмдері және микробтардың берілуімен көрінеді [1;2].

Микроорганизмдердің патогенді қатерлігі, олардың экзо- және эндоуларын жасау, инвазиялығы (ие организміне кіру, өту), капсулды байланыстың қалыптасуы, сонымен қатар агрессиндерлі (организмнің қорғаныш күшін басатын заттар) бөлумен тығыз байланысты.

Патогенді микробтардың макроорганизмге өтуі оның физиологиялық тепе-теңдігін және физиологиялық жұмысын бұзады, жұқпалы аурудың дамуына әкеледі [3].

Жоғарыда аталған аурулар түрінің ең маңызды деген түрлеріне тоқталатын болсақ, ол:

Сібір топалаңы (сибирская язва) – қоздырғышы жанамалы механизммен берілетін, басымырақ ортасы көлемді ісінген шиқан, қызба және улану, кейде сепсис дамуымен сипатталатын, антропургиялық ерекше қауіпті топқа жататын табиғаты зоонозды қарқынды жұқпалы ауру [4;5].

          Ендігісі өз елімізге келетін болсақ, Қазақстанда да сібір топалаңы оқиғасы сирек емес. Көбінесе індеттің бірең-сараң оқиғасы тіркеледі, дегенмен ауру малды мәжбүр болып сойғанда, етін таратқан, пайдаланған жағдайда бірнеше адамдардың науқастануы кездесіп тұрады. Еліміздің кейбір аймақтарында сібір топалаңының 3,3 мыңнан артық тұрақты қолайсыз пунктері есепке алынған, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 372, Қостанай – 310, Ақмола облысында – 285 және т.т. Соңғы 40 жылда індеттің ең жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстанда (100 мың тұрғынға шаққанда 2,44%), Жамбыл облысында -2,09%, Шығыс Қазақстан Семей аймағы -1,33% және Батыс Қазақстан -1,06% облыстарында тіркелген. Індеттің ұзақ жылдар бойы орташа көрсеткіші 0,79% құрайды [2;6;7]       

Диаграмма 1.

Республика бойынша ауылдық жерлердегі сібір топалаңының таралуы.

 

[i]

 

 

Келтірілген кесте мен диаграмма 1-ден аңғаратынымыз Республика бойынша сібір топалаңының таралуы үлкен көрсеткіш көрсетпейді, соның ішінде облыстар бойынша ең жиі Алматы, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында таралғанын байқаймыз.

            Бұдан жасайтын қорытындымыз, сібір топалаңы індетінің алдын алу жұмыстары бойынша облысымыздың санитарлық-эпидемиологиялық шараларының уақытылы, дер кезінде жүргізілгенінің көрсеткіші деп білеміз. Яғни, осындай нәтижені басқа облыстарда да көру үшін, санитарлық-эпидемиологиялық жұмысты одан әрі күшейтіп, қарқынды түрде жұмыс жүргізу керектігін алға қоямыз.

Қорыта келгенде, Мемлекетіміздің азық-түлік тәуелсіздігі – экономикамыздың ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы талаптардың бірі – жануарлар басының сақталуы және олардың өнімділігін арттыру. Осыған байланысты мал дәрігерлік ғылымында және тәжірибеде жануарлардың, соның ішінде төлдердің инфекциялық ауруларын зерттеудің маңызы зор, осылардың ішінде  сібір топалаңының алатын орны ерекше.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.     Заразные болезни человека. Академический справочник под редакцей В.М.Жданова Государственное издательство. Медицинской литературы МЕД ГИЗ – 1955 - Москва

2.     Черкасский Б.Л. Инфекционные и паразитарные болезни. Москва, 1994, 617 с.

3.     Каримов С.К., ДерновойА.Г., Дурумбетов Е.Е. Арбовирусы и арбовирусные   забо­левания Республики Казахстан. Алматы, 2001, 161 с.

4.     Черкасский Б.Л., Амиреев С.А., Кнопа.Г. Эпидемиологический надзор за зоонозами. Алма-Ата, 1988, 157 с.

5.     Журнал «Ветеринария» Бакулов И.А., Ведерников В.А., Гаврилов В.А., Моргунов Ю.П., Селиверстов В.В., Балдина И.В. Эффективность применения вакцины из штамма 55 ВНИИВВиМ против сибирской язвы животных –Х, 6. 2008 ж.

6.     Журнал «Ветеринарная медицина». А.А.Муминов, М.Аноятбеков Роль почвы и климатических условий в эпизоотическом процессе при сибирской язве животных. №1.2012ж.

7.     НПЦ Санитарно-эпидемиологической экспертизы и мониторинга КГСЭН МЗ РК сравнительные данные по инфекционной заболеваемости населения Республики Казахстан.