Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің дамуындағы ерекшеліктер

 

Баданбаев К.А., Нұрмохаммад Н., ҚозыбаеваН.А.

Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті

Қазақстан. Шымкент қаласы

 

         Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.

        Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа көшіру керек. Бұл - жолдау жүктеген міндеттердің бірі. Ауыл еңбеккерлеріне ғылым мен тәжірибені ұштастырып, мал және егін шаруашылығын әртараптандыру талабы қойылып отыр. Сондай-ақ басты құжатта энергия үнемдеудің тиімді жолдары көтерілді. Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.

      Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.  Менің осы тақырыпты таңдауымның себебі мені ауыл шаруашылығының жағдайы мен тағдыры алаңдатады және қазіргі таңда нарықтық экономикада бұл өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы талдауда ауыл шаруашылығының проблемалары түгелдей дерлік шешіледі деп ойлау қате болар, бірақ қайтсе де шешу жолдарын іздестіру артық болмас. Аталған тақырыпта мен барынша ауыл шаруашылығының жағдайын, оған мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жайлы, әрине субсидия мен несиелендіру жүйесі жайлы ой қозғаймын. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының алдында тұрған үлкен бір белестер жайлы, яғни Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болуды да тыс қалдырмаймын. Осы аталған мәселелердің бетін ашып, талдап, бірқатар проблемалардың басын қайырамын. Дегенмен, ауыл шаруашылығы күрделі сала және онда түсініксіз жайттар өте көп.

 Келесі бөлімдерде осы мәселелерге тереңдей үңіліп қарастыратын боламыз.     

     Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы және Агроөнеркәсіп  экономикасының  ерекшеліктері жайлы айтатын болсақ. Адамзаттың  техникада  және  өндірісте  қолы  жеткен  прогресі қандай  айбынды  болғанымен,  оның  барлық  өмірі табиғатқа байланысты  екенін  ұмытпауымыз  керек.  Ол  адамдарға өте  үлкен  және  алуан  түрлі  ресурстарды  пайдалануға  береді.

     Алдымен  керегі  бұл  адамдардың  тамағы.  Ол болса табиғаттың  негізгі  ресурсы- жер  арқылы өндіріледі, алынады.  Шындығында жерсіз   адам  сүре де  алмайды. Экономика  ерекшілігінің  бірі  барлық  ауыл  шаруашылығы  өндірісі  осы жерде  орналасқан.

Біріншіден, ол  табиғаттың , ауа-райының  жағдайына  толық  байланысты , бір  жыл  екінші  жылға  ұқсамауы   мүмкін.

Екіншіден,  шаруашылықты  жүргізу  маусымды  және  бір  келкі  емес,  ал тұтыну болса  жыл  бойы  жүреді.

Үшіншіден, оның  басқалардың  өніміне  қарағанда  бір  жермен бір  орында  емес, шашырандыоларды  бір  жерге  жинау  мүмкін  еместиімді  болмайды.

 Төртіншіденауыл  шаруашылық  өндірісі, онда  жұмыс  істейтін  жұмыскерлердің  өмір  сүріп,  жұмыс  істеуіне  өз   белгісін  қалдырып  отырады. Жұмыскердің  жұмыс  уақытымен  санаспай  істеуін  талап етеді.

 Бесіншіден,  бұл сала  экономиканың  басқа  салаларымен  салыстырғанда  сұраным  оралымдылығы мен  икемділігі төмен,  ол  экономикаға екі  жақты  зардап  алып  келуі  мүмкін: бірінші  ауыл  шаруашылығы  өнімдеріне  бағаның  өсуі, оның  оның  тұтынуын  азайтпай, керісінше  көбейтіп,  сонымен  бірге  шығындардағы инерцияның  күшеюіне, ал, өнеркәсіп өнімдері,  алдымен  ауыл  шаруашылығы өзі  пайдаланып отырған  өрімдердің  қымбаттауына (трактор, машина, комбайн, жанар-жағар май, қосалқыбөлшектер т.б. ) әкеліп  соқтырады:  екіншіден, бағаны  төмендету, өнімдерді  өткізу көлемін және  фермерлердің  табысын  молайту да  өз  әсерін  тигізе  алмайды, себебітабыстан  артылып  қалған  қаржыны  фермер  өнеркәсіп  орындарының  өнімдерін  сатып  алуға  жұмсайды.

    Міне, осының  барлығы агроөнеркәсіп  шаруашылығының  жалпы экономикалық  прогресте  арнайы  орын  алатынын, әлеуметтік  шиеленушіліктің  пайда  болатынын  көрсетеді.

       Дүние жүзілік  тәжірибе көрсеткендей  техниканың  қандай  болғанымен агроөнеркәсіп  шаруашылығында  өнімді көбейту- бұл  жанұялық  шаруа  қожалығы  болып  отыр.

     Шаруа  қожалығы дегеніміз  бір  жағынан,  ауыл  шаруашылық  өндірісінің жаңа  түрі, екінші  жағынан,  бұл  кеңшар  мен  ұжымшарлардан ескі  формалардың  бірі  болып  саналады. Агроөнеркәсіп  шаруашылық  экономикасында  шаруа  қожалықтары, кооперативтер  т.б. формалары  арға  ғасырдан екле  жатыр. 1917 жылғы  Қазан  төңкерісінен  “Ұлы  сталиндік  өзгеріске” дейін  жұмыс  атқарып  халыққа өз  өнімін  беріп  келген. Орыстың  ұлы  ғалымы, ауыл  шаруашылық  экономисі Александр  Васильевич  Чаянов  атағандай  кеңшар мердігерлік  әдістер,  соның  ішінде жеке  және  отбасылық  мердігерліккооперативті, шаруа қожалығы  т.б.  түрлері  өмір  сүріп ,  халыққа  қызмет  көрсете  алады. Ғалымның бұл пікірінің дұрыстығын, қазіргі кезде әлемдік ауыл шаруашылық тәжірибесі дәлелдеп отыр.

     Мысалы,  ҚХР-дағы  тұрғындардың  80 пайызына дейін  ауылдарда  тұрады. Бір  ерекшілігіауыл  шаруашылық.  Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді мекемелерінде  емесауыл  шаруашылығына жатпайтын  ұйымдарында (ұжымшарлар  мен кеңшарлар емес) барлық  айдалатын  жердің  90  пайызы  отбасылық , жалгерліккооперативтік  әдіспен  жұмыс  істейді  екенЖерді  50 жылға  дейін  жалға   келісім  шартпен  алып  жұмыс  істеп,  әр  алуан  өнімдер  өндіреді. Осы  өндірген  өнімнен  жалгерлер   мемлекетке  жылдық  ақы  есебіне 3 пайыз,  кооператив ұйымдарына 7  пайыз  беріп , қалған  40  пайызын  мемлекетке  жоғары  бағамен  сатып  отырадыЕнді  қалған  өнімнің  50  пайызы   жалгерлік  ұйым  мүшелері  өздері Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны.

Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның 25,7 млн. га-сы егістік, 3,6 млн. га-сы шабындық, 103,5 млн. га-сы жайылым (1998).

 

Ауыл шаруашылығының маңызы

Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. ҚР-ың Президенті Н. Назарбаевтың халыққа жолдауы.  2017 ж.

2. Белгібаев.Қ. Ауыл шаруашылық экономикасы. 

3. Мырзакелді К. Нарыққа өту кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылық     кәсіпорындарының қалыптасуы мен дамуы. А 1998ж. 

4. Оспанов. М.Т және т.б. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі.А. Білім 1997ж.