ЭКСПО-2017»
бүкіләлемдік көрменің
маңыздылығы
Туленова Г Д аға оқытушы
Кафедра: Философия және саясаттану
М.Х. Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Көрме дайындығына жұмыс істейтін мәлімет тізім
үйлесімділігін тиімді қамтамасыз ету үшін штат іріктеліп,
жоспар пысықталуда. Ұлттық серіктестіктен басқа
«ЭКСПО-ны» арнайы қолдау қоры мен әкімдік те игілікке
өз үлестерін қосып жатыр. 2014 жылдың басында
көрмелік қалашықтың жобалауымен осы жыл бойы
өтетін арнайы тендердің жеңімпаздары
шұғылданады. Олар соңында қалашықтың
сәулеттік сұлулығының шебер-жоспарын әзірлейді.
«Белгілі болғандай, 2017 жылы Астанада «ЭКСПО» көрмесі
өтеді, модель әрдайымға емес, маусымдық үлгіге
есептелген, мысалға бұл бұрын Шанхайда
ұйымдастырылған. Онда көрменің есігі
әрқашан келушілерге айқара ашық және елге
миллиондаған туристерді тартады, қаланың
халықаралық дәрежесін көтереді.
Қазақстандық астана қабылдаған формат
уақытша, сондықтан қысқа жаздық маусымда келетін
5 миллион адамды жоғары жауапкершілікпен қарсы алуға
күш салыну қажет.Бірақ, глобалды іс-шараның нақты
бағасы жылдың соңында барлығы есептелгеннен кейін
анықталады.»[1]
Халықаралық тәжірибеге сүйенсек,мәліметі
бойынша, барлық маусымдық «ЭКСПО» сәтті
аяқталмаған. Мәселен, Ганноверде 2000 жылы өткізілген
көрме туристердің көңілін қанағаттандырмаған
және олар айтарлықтай шығынға ұшыраған. Ал,
Лиссабонда 1998 жылы өткізілген көрме зор табыс алып келді, оны 11
миллион көрермен тамашалады, барлық инфрақұрылым -
павильондар, көрмелік алаңдар әлі күнге пайда
әкелуде. Келушісі көп тағы бір кәрістің Ёсу
қаласындағы 2012 жылғы көрме арқылы үмітті
ақтап, жаңартылған инфрақұрылым алынды және
бұл елдің басқа аймақтарына көлік жолдары ашылды,
қысқасы, оларды бүкіләлемдік іс-шара зор олжаға
кенелтті.
«Астананың көлік және орналасу мүмкіндіктерін
ескере отырып, Көкшетауда, Алматыда және Қарағандыда
келуші туристерге жолшыбай қызмет атқара алатын варианттар бар.
Соңғы кездері көлік және коммуникация
Министрлігінде көп айтылып жүрген Қарағанды-Астана
төртжолақты жол салынуы ықтимал. Сонымен қатар Алматы
туристер жиналатын мекенге айналуы мүмкін, уақытша «Эйр
Астанаға» салмақ түскенде, чартерлік рейстер іске қосылады.
Астана әкімдігі бірнеше жылдан соң, астананың әуе
қақпасы 5 миллион адамды еркін қабылдайтынына уәде
береді. Теміржол арқылы саяхаттаушы қонақтарды мол
қабылдау үшін астананың сол жағалауынан теміржол
терминалы салынады.
Бурабай курортын толығымен өзгерту жоспарланып отыр, одан
туристік серіктес көрме жасалынады. Су қоймалары тазартылады,
туристер тұратын қалашықтар үшін қонақ
үй кешендері тұрғызылады. Ақмола облысында трамплин
кешенімен шаңғы базасы, бірнеше этноауылдар орнатылмақшы.
Этнографиялық ауыл жергілікті тұрғындар мен фермерлерді
экономикалық жағынан қолдауға таптырмайтын
құрал, негізі аграрлық туризм көптеген елдердің
ауылшаруашылығының қарқынды дамуына
мұрындық болған.
Осындай тартымды жер Қорғалжын қорығы
болмақ, онда туристерді қарсы алуға қолайлы
табиғи аймақтың микроклиматы
сақталған.»[2].
Бүгінде қаланың өзінде қонақ
үй нарығы шарықтау шегіне жетіп тұрса да, Астана
агломерациясында ғана емес, оның «бағы жанады». Бірақ,
қалалық әкімдердің бекітуімен күйлі туристердің
жайлы тұруы үшін қосымша қонақүйлер
салынады «Хилтон», «Мэриот», «Ритц-Карлтон», «Фор Сизонс» сияқты. Осындай
құрылыстарды салу үлкен кешенді құрылыстардан
тәжірибесі бар ірі-ірі қазақстандық бизнесмендерге
тапсырылған.
Бұдан басқа әкімдіктің болжамы бойынша
Астананың сәулеттік көрінісі қазірде бар опера и балет
театрымен, кітапханамен және президент қоры тәрізді
ғажайыптармен толығады. Сонымен қатар құрылысы бірнеше
жылдан бері жүріп келе жатқан «Абу-Даби Плаза»
көпфункционалды кешен іске қосылмақшы. Тағы бір
қызығы, осындай коммерциялық құрылыстардан
басқа мұздан сарай және жекпе-жек кешені
тұрғызылады.
Астана төңірегінен шамамен 100
гектар жер бөлінеді, 97 павильон кіретін ЭКСПО-қалашық бой
түзейді. Ел басшысы белгіленген аймаққа байланысты
түрлі айлаларға тыйым салды, бұл тапсырма
құрылысқа арналған бюджеттік қаражат арқылы
жүзеге асады. Қазір сатып алуға бұрын саябақ
болған 200-250 жер участкелері ұсынылып отыр. Әкімдіктің қолдауымен
«ЭКСПО»-ға байланысты алынған жерге байланысты кадастрлық
бағада проблема болмауы тиіс.
«ЭКСПО» алдында қаланың ажарын Есіл өзенінің екі
жағындағы жаңа аллеяларды, бульварлар мен саябақтарды
құрайтын ботаникалық бақ болатынына қалалық
өкімет уәде береді. Бұл әрекет Астанада күн сайын
көбейіп жатқан көліктердің кесірінен
тұрғындардың тұншығуынан сақтайды.
Сонымен қатар жасыл орам мен жабық қалашық салу
туралы пікір естілді, олар көрме кезінде және кейін
астаналықтарға қызмет жасайды. Бұл іс-шара ұйымдастырушыларының
пайдалы шешімі деп есептейміз. Қуанышты және күтілген айтулы
оқиға астана тұрғындары үшін 50 балабақша
мен 30 мектеп, қосымша медициналық кешендер үлкен сый
болмақ, әкімдіктегілер бұлардың алдағы
уақытта жүзеге асатынына сенім білдірді.
«ЭКСПО» көрмелік қалашыққа байланыс
көшелерінің өмірге келетінін атап өтуге
тұрарлық. 17-шақырымдық кіші сақина жолдарын салу
жоспарланып отыр, қаланың проблемалы жерлері жаңа және
реконструкциялық жол арқылы шешіледі,
Қабанбай-Тәуелсіздік магистралы тартылады. 2017 жылға
қарай Астанада жеңілрельстік жол іске қосылады, ол 42
шақырымға созылып, тікелей көрмемен байланысады.
Көрмелік кешен «Болашақ энергиясы» деп аталатын «ЭКСПО-2017»
бас экологиялық өкіл көздерінен жанданған
күш-қуатпен қамтамасыз етілетінін өкімет айтады.
Бұл мақсаттың жүзеге асуына Астанада салынатын
күн батареясының зауыты мен Ерейментаудағы жел үрлеу
станциясы өз үлестерін тигізеді. Қандай жағдайда да
көрме еліміздегі альтернативті энергетиканың динамикалық
дамуымен әрекет жасайды, мәселен, бүгінде
Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында жел
станцияларының өрістеуі кезекті күш беруде..»[3]
Басқа жағынан қарағанда, энерготиімдікті
түсіндіріп тарату, адамдарға оның артықшылығын
толық білуге көмектеседі. Бұған Астананың
оң жағалауындағы ескі үйлердің энергоаудиті
таптырмайтын қажетті құрал болып табылады. Осынау игілікті іс
Астананың таза қала болуына, жарықты үнемдеуіне
және басқа аймақтарға үлгі көрсетуіне
кәдімгідей мұрындық, ұйытқы бола алады.
Сонымен қатар аталмыш іс-шараның глобалды
ақпараттық саясатын жүргізу жоспары хақында да
тиянақты, ыждағатты сараптаған жөн, себебі,
қателік келушілердің санын азайту қаупін туғызады.
Бұл үшін Астананың ребрендингі талап етілуі ықтимал.
Сонымен қатар әлемдік дәрежеде «ЭКСПО-2017»-нің
маркетингтік қозғалысына бар күшті салған дұрыс.
Көрменің концепциясы сәуірге дейін қоршаған
ортаны қорғау Министрлігінде жасалады, оған «жасыл
көпір» идеясы қолданылады, бұған дейін ол
Қазақстанда рәсімдеу құжаттарын алған
және экологиялық тәжірибесі де орасан зор. Әзірге
маркетинг жұмыстарының көп бөлігі көрменің
ролигіне және веб-сайтына бекітілген. Бірақ, толық
мақсатқа жету үшін, «ЭКСПО-2017» — бос әуре емес,
маңызды болатынын түсінікті ету үшін әлем бойынша
және өз елімізде адамдармен салиқалы сөйлесудің,
тұщымды насихат жүргізудің пайдасы зор.
Сонымен, Елбасының
ойындағы «EXPO-ға» дайындық шаралары қай
деңгейде, көрме кезінде елорданың келбеті қандай болуы
тиіс? 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған отыз
елдің қатарына қосылуды алдына мақсат етіп
қойған Тәуелсіз Қазақстанның
экономикалық әлеуетін паш ететін, бүкіл әлем оның
елордасына көз тігетін тарихи сәтке бас-аяғы 3-4 жыл
қалғанын ескерсек, Мемлекет басшысының «Тездетіңдер!»
дейтіндей жөні бар. Өйткені, алда миллиондаған келушілерді
күтіп алып, олардың жүріп-тұруына қолайлы
жағдай жасауды айтпағанда, көрме павильондарын салу,
елорданың инфрақұрылымын заманға сай жетілдіру сынды
қыруар шаруа тұр. Соның бәрін сәтті
ұйымдастырған жағдайда ғана әлемдік
қауымдастық алдында алаштың абыройы асқақтап,
соның есебінен болашақта еліміздің экономикалық
қуаты арта түспек.
«Сондықтан, Нұрсұлтан
Назарбаев «EXPO-2017» көрме нысандарын жобалау жұмыстарын таяу
уақытта аяқтап, құрылыс жұмыстарын, көрмеге
жауапты тұлғалар жоспарлап жүргендей, келер жылдан емес, 2013
жылдың ішінде-ақ бастап кетуді тапсырды. Әрине, бұл –
осыған дейін Астанада көрмеге дайындық жұмыстары
мүлдем жүргізілмеді деген сөз емес. Іс-шараны
ұйымдастырып, өткізу үшін арнайы құрылған
«Астана «EXPO-2017» ұлттық компаниясы біраз істі қолға
алғанын айтпай кетуге болмас. Бұған дейін не істелгендігі
және не істелуі қажеттігі туралы әңгіме
қозғап көрелік.»[4].
Дәл қазіргі
уақытта көрмеге дайындық жүргізетін ведомстволарды
тиімді үйлестіру үшін штат жасақталып, жұмыс жоспары
әзірленіп жатыр. Іс-шараны ұйымдастыруға ұлттық компаниядан
басқа қалалық әкімдік пен «EXPO-ны қолдау
қоры» атсалысуда. Көрме қалашығын жобалаумен биыл
өткізілетін арнайы тендердің жеңімпазы айналыспақ. Олар
қалашықтың сәулеттік келбетін әзірлеуді де өз
мойнына алады.Белгілі болып отырғандай, 2017 жылы Астанада өтетін
«EXPO» көрмесі тұрақты емес, маусымдық форматқа
лайықталған. Бұған Қытайдың
Шаңқай қаласында ұйымдастырылған көрмені
мысалға келтірсек, жаңылыспаймыз. Әлем халқына есігін
айқара ашқан бұл елге туристердің миллиондап
ағылуы алған бағыттың дұрыс екенін
аңғартатындай. Қазақстанның елордасы да
келушілерді осы үлгіде қабылдауды жөн деп тауып
отырғандықтан, мұндағы барлық іс-шаралар
уақытша сипат алатыны түсінікті. Демек, мәлім етілген 5
миллион адамды қабылдап үлгеру үшін Астана жаз маусымына бар
күшті салғаны лазым. Көрме бюджетінің
қомақты болуы, яғни, 1,5 миллиард долларға
бағалануы сондықтан болса керек. Рас, бұл әзірге
нақты емес, болжам ғана. Ғаламдық шара біздің
елге қаншаға түсетіні барлық есептер
жүргізілгеннен кейін барып, жылдың соңында белгілі болады. Астанадағы көрмені өткізуге
дайындық шаралары барысында әлемдік тәжірибенің
озық үлгілері зерттелген. Әсіресе, келушілер саны
жоспарланған межеден асып түскен Лиссабон, Ёсу сияқты
қалалардың сәтті ұйымдастыру жүйесі басты
назарда. Айта кету керек, мұндағы павильондар, көрме алаңдары
әлі күнге шейін қалаға пайда әкеліп отыр. Ал
халық елдің өзге өңірлерінде
жаңартылған инфрақұрылымдар мен жаңа көлік
жолдарының қызығын көруде
Пайдаланылған
әдебиеттер тіэімі.
1. Казақстан Республикасының
Конституциясы. 30 тамыз 1995ж.
2..Баянов Е. «Мемлекет және
құқық негіздері» А., «Жеті жарғы» баспасы 2001ж.,
3. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. "Мемлекет
және құқық теориясы" А. «Жеті жарғы» баспасы, 1997ж.,
4. Сапарғалиев Г.С. "Казақстан мемлекеті
және құқының негіздері" А. «Жеті
жарғы», 1994 ж.
5. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы,Алматы, 1998.
6.Сапаргалиев ҚР-ның конституциялық құқығы, Алматы 1998 ж.