ОӘЖ: 343.535(045)

БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫНДАРМЕН АНТИКРИЗИСТІК БАСҚАРУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

 

Аймурзина Б.Т. э.ғ.д.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі

Берстембаева Р.К. э.ғ.к.

Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қаржы» кафедрасның доценті

Мукашева Г.М. магистр

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы

Қазақстан Республикасы, Астана қ.

Аннотация. Қазақстандағы антикризистік басқару тәжірибесі қазіргі жағдайларды ескере отырып, түзетуді талап етеді. Мақалада оны жетілдірудің мүмкін  бағыттары ұсынылды.

Кілттік сөздер: банкроттық, қайта құру, антикризистік басқару, реинжинириниг.

 

Қазіргі жағдайда әлемдік экономикалық дағдарыс Қазақстанның корпоративтік сектор қызметіне теріс әсерін тигізді.  Әлемдік тауарлық нарықта бағаларды  төмендету, несилендіру шарттарын қатаңдату және ішкі сұранысты төмендету – бұның барлығы корпоративтік сектордың қаржылық жағдайын төмендетіп жіберді. Корпоративтік сектордың жалпы активтерінің 30%-ын құрайтын, шағын кәсіпорындардың қызметінің күрт нашарлауынан, көрсеткіштерінің негізгі төмендеуі  туындаған.

Ең маңызды проблемалардың бірі болып, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігінің жоқтығын дер кезінде анықтау  мен олардың жағдайын болжау үшін қаржылық сауықтыруды уақытында ұйымдастыру  болып табылады. Көптеген кәсіпорындар терең жасырын банкроттық жағдайында болып отыр.  Ал ол болса қаржылық-шауарышлық қызметті жалғастыруға қабілетсіз болуға әкеп соғады және өңірлік және жалпыэкономикалық дәрежеде өндірістік потенциалын төмендетеді.  Мұндай жағдайларда өзекті мәселе болып, кәсіпорынды антикризистік басқару саясатының тиімділігін көтеру болып табылады.

Қазақстанда қолданылып жатқан антикризистік басқару мен банкроттық процедуралардың талдауы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Дәрменсіздік тетік механизмдерін пайдалану нәтижесінде қайта құру емес, тарату тәртібінің көп көлемде басым болуы – дәрменсіз борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кеш болып табылады дегенді көрсетеді. Біздің көзқарасымыз бойынша осы жағдайлар кезінде тиімдісі тарату емес, дәрменсіз борышкерлердің нарықтық сиымдылығын қалпына келтіру мақсатында кәсіпорынды қайта құру болып табылады.

Банкроттық институты ұлттық экономиканы сауықтыру үшін, меншік иелері мен кредиторлардың құқықтарын қорғау үшін  бакроттық процедураларын реттеу облысында мемлекет үстемдігін күшейту керек.

Кәсіпорынды антикризистік басқару саясатын жетілдіру үшін келесі бағыттарда жүргізу қажет:

1)                банкроттық процедура мониторингі мен мемлекеттік бақылауды күшейту;

2)                мемлекеттің маңыздылығы мен қазіргі кезеңдерде оның рөлінің төмендеуін сақтай отырып, бизнестің өзін – өзі реттеу әрекетін құру;

3)                кәсіпорынды қайта құрудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және оларды жүзеге асыру.

Ұлттық экономикада банкроттық процедураларды мемлекеттік басқару жүйесін күшейту тек экономикалық маңызды кәсіпорындардың ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызды кәсіпорындардың да төлем қабілетсіздігіне мониторинг жүргізуді көздейді. Қолданыстағы тәжірибеде мониторингке шаруашылық субъектілердің тек шағын шеңбері ғана бейім. Ең қажеттісі кәсіпорындардың кең ауқымдылығы деп санаймыз. Сонымен  қатар, мемлекеттік бақылау мен мониторингтің жүзеге асуы антикризистік басқарудың кең инфрақұрылымын қамту қажет. Тиісінше, кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі туралы күдік пайда болған ақпараты бар  мемлекеттік органдар мен коммерциялық құрылымдар берілген ақпараттарды тереңірек зерттеуді жүзеге асыру үшін  уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлайды.

Қасақана банкроттықтың алдын алу үшін мемлекеттік басқару жүйесі ұсынады:

-                     шығарылған борыштық бағалы қағаздар қозғалысының және ақшалай қарыздық қозғалыстың мониторингі,

-                     вексель және мүлік түріндегі қарыздық қозғалысты бақылау,

-                     конкурстық массаны бөлу кезінде ақша ағымын бақылау.

Бұл дегеніміз, антикризистік басқарудың қолданыстағы инфрақұрылымы берілген салада оған қаржы нарығына маманданған мемлекеттік органдарды тартумен кеңейтілуі керек.

Біздің көзқарасымыз бойынша, борыштар қозғалысын мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуы  әлдеқайда тиімді болады, егер кәсіпорын бағалы қағаздарды шығарып, оларды әрі қарай ашық нарықта орналастыруды көздей отырып  несиелік активтерді өздеріне тартса. Сондықтан, қаржылық қызмет көрсетуді дамыту саласындағы жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясатпен бірге, кәсіпорындарды ашық нарықта міндеттемелерін орналастыру арқылы кредиттік активтерді тартуға міндеттеу қажет.

Банкроттық процестерді мемлекеттік бақылау жүйесін күшейтумен қатар,  мемлекет антикризистік басқару саласындағы өз қызметтерін жетекші кәсіби антикризистік басқару органдарына тапсыруы қажет.  Яғни максималды түрде банкроттық нарықта бизнестік өзін – өзі реттеу қамтамасыз етілуі қажет. Зерттеушілер атап өткендей [2], әлемдік тәжірибеде өзін – өзі реттеу – бұл мемлекет өздерінен нарықты оперативті басқару міндеттемелерін алып тастап,  мамандардың мүмкіндіктерін кеңейтетін модель болып табылады.

Сонымен қатар, кәсіпорынды дағдарыстан шығарудың бір жолы ретінде реинжинирингті атап өтуге болады.  Ол ұйымдасқан бірліктерге  емес, процестерге баса назар аударады. Персоналдарды антикризистік қызметке мотивациялау жүйесін құру келесі іс-шараларға негізделеді:

-                     бірдей кәсіби билігі бар қызметкерлерді топ бойынша немесе процестік командалар құру арқылы ранжирлеу;

-                     ұжымда жағымды моральды – психологиялық климатты қамтамасыз ету механизмін құру;

-                     жұмыстың соңғы және аралық мақсаттарын,  тиісті сыйақыларын айқын анықтау;

-                     қызметкерлерді бағалауда, оларға сыйақы тағайындауда және мін тағарда тең көзқарасты қамтамасыз ету;

-                     кадрларды жұмысқа орналастыру үшін барынша  икемді жұмыс ұйымдастыру жүйесі және ұжым мүшелерінің жұмыс режимінің ыңғайлылығы;

-                     еңбекақы төлеу бойынша кепілдіктер.

Реинжиниринг қызметкерлерді бөлімшелерге бөлудің орнына оларды командаға біріктіруді көздейді. Процестік командалар цехтар мен бөлімшелерден тұратын басқарудың ескі құрылымын ауыстырады. Кәсіпорын қызметі процесс және командаларды орындаушылар төңірегінде ұйымдастырыла бастайды. Сондықтан, қызметкерлер өздеріне керектің барлығымен өзара іс – қимыл жасайды. Ал нақты мәселені жүзеге асырушылардың барлығы бақылау құқығына ие.

Жалпы, реинжиниринг кәсіпорынды басқарудың тік құрылымынан көлденең құрылымына, ал мамандандырылған қызметкерлерді – көп функциялы қызметкерлерге ауыстыруды көздейді. Реинжиниринг нәтижесінде басқару деңгейлерінің саны біршама азаяды. Солармен қатар, тар функционалды облысқа жауап беретін менеджерлер саны бірден қысқарады.  Жоғарғы басшылықтың алдында жауапкершілікті процесс басқарушысы алады. Ал жоғарғы басшылық әр түрлі процестердің координациясына жауап береді[3].

Өкінішке орай, қазіргі жағдайда Қазақстанда реинжиниринг дұрыс дамыған жоқ. Тұрақсыздық жағдайында және шығындарды азайтуда жұмыс берушілер жалақы деңгейі мен қызметкерлерді қысқарту арқылы шығындарды азайтуды жөн көреді. Біздің ойымызша, бұл тәжірибе қолайсыз. Мұндай жағдайда мемлекет арнайы органдар арқылы еңбек заңнамасының бұзу шарттарын аңдуға және жұмыс берушілер атынан халыққа қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті.  Реинжиниринг тәжірибесін енгізу, кәсіпорындарға кадрлық саясатты және персоналдарды басқаруды талдау негізінде кризистік жағдайлардың салдарын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сенім кризисін шешу барысында мемлекетке, ең алдымен, қаржылық жүйені қажетті кепілдендіру жүйелерімен және қаражаттарды қайтаруды сақтандырумен қамтамасыз етуі қажет. Қолданылып жатқан шаралар, шешім тек белгіленген кәсіпорындар мен банктер пайдасына шешіледі деген ой туындамас үшін қоғамға, салық төлеушілерге және бизнеске түсінікті болуы қажет. Бұндай ұстаным батыс елдерінде антикризистік шаралардың ең маңызды бағыттарына айналған.  Ол жақта антикризистік бағдарламалар экономикалық субъектілердің қаржылық жауапкершіліктерін қарастырады. Осылайша АҚШ, Австралия, Батыс Еуропа елдері қатаң принциптерді ұстанады:

-                     менеджерлер өздерінің қателіктері үшін төлем жасауы қажет;

-                     салық төлеушілер қаржы корпорацияларының қателіктерін төлеуге міндетті емес;

-                     мемлекеттік көмектерді бөлу механизмі масималды түрде мөлдір болуы тиіс[4].

Дамыған елдер антикризистік қаражат шығыстарын бақылауға арнайы институт құрады.  Қазақстанда жаңа құрылымдар туралы емес, қолданыстағы барлардың қызметін үйлестіру туралы айту керек. Маңыздысы, бақылау ведомствалық нормативтерді орындау талаптарының көптігіне шашылмауы қажет.

Егер де қарыздарды басқарудың қазақстандық жүйесіне назар аударсақ, онда әлемдік экономикада кризистің келуіне дейін, берілген институт нақтысында субъектілердің проблемаларын шешу барысында қолданылмағанын айта кету керек. Бұл ресми процедураларға қалай қолданылса, соттан тыс әдістерге де тең дәрежеде қолданылады.

Бакроттық туралы Заңнаманы одан әрі жетілдіру барысында банкроттың мүлкін қорғауға бағытталған нормалар мен ережелерді қатайту қажет. Банкроттық туралы заңнамаға репрессивті мінез көрсетпей ақ, борышкердің мүлкін қайтару бойынша, ең алдымен,  борышкерлер мен кредиторлардың залалдарына шешілген басшылардың субсидиялық жауапкершілігін енгізу және қамтамасыз ету арқылы жаңа қатаң нормалар енгізу қажет.

Бакроттық туралы заңнамада тағы бір маңыздысы, ол оңалту және тарату процедураларының арасындағы қарым – қатынас.  Бұл жерде администрациялық және бакроттық механизмін қамтамасыз ететін экономикалық  әдістер арасындағы қарым – қатынастарды  да айта кету керек. Банкроттық тек қана нарықтық механизмнің міндетті құрылымы ғана емес, өзі де нарықтық механизм болып табылады. Бұл – оның қызметі коммерциялық қызығушылыққа, процедура қатысушыларының, не кредиторлардың, не дебиторлардың экономикалық пайдасына негізделуі керек дегенді білдіреді.  Алайда, бүгінгі күні,  елімізде бұл талаптар локомативтерде, процедура жүргізушілердің иницаторларында, сақталмайды.  Көп жағдайда мемлекеттің, мемлекеттік басқару органдардың қолдауымен процедуралар іске асады.

Қазақстанда посткризистік қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) жобаланды және жүзеге асырылып жатыр. Оның мақсаты бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, қызмет етіп жатқан бәсекеге қабілетті өнеркәсіптерді сауықтыру, максималды түрде мүмкін болатын жұмыс орындарын сақтау болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру бұл іс – шаралар кешенін және оны іске асырудың  механизмін ұсынады. Бағдарламада оның қатысушылары мен  ұйымдастырушылық механизміне арналған процедуралар нақты анықталған. Бағдарлама келесідей мемлекеттік қолдаулардың келесідей шараларын қарастырады:

-                     қолданыстағы бар несиелер  немесе лизингтік операциялар, Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигация бойынша купондарға субсидиялар;

-                     салықтар  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерін кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беру;

-                     салықтық ынталандыру;

-                     стратегиялық инвестор іздеуге көмек;

-                     4 жылға дейін кепілдік тапсырыстарды қамтамаыз ету;

Қаржыландыру көзі болып республикалық бюджет болып табылады[6].

Көптеген аналитиктардың пікірі бойынша, кризис позитивті әсер де қалдырады, яғни, ол экономиканы сауықтыруға көмектеседі.  Менеджменті мықты кәсіпорындар нарықта өздерін тұрақты орнын қалыптастыра алады. Ал әлсіздері банкроттыққа ұшырайды.  Сонымен қатар, мемлекет процедураларды реттейтін заңдылықтарды міндетті түрде қадағалап отыруға міндетті.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

1.                Отчёт о финансовой стабильности за 2013 год // Официальный сайт Национального банка Республики Казахстан http//www.nationalbank.kz

2.                Еньков  А.Ю. Саморегулирование бизнеса в России: государство передаёт предпринимателям функции допуска на рынок // Антикризисное и внешнее управление. – 2009. - №4, С. 43-45

3.                Избасарова Б. Реинжиниринг: зарубежная  и казахстанская практика – Вестник Финансовой академии, №3, 2011 г., с.19

4.                Иманалиев Б.Ж.Самые эффективные сделки M&A // Финансовый менеджмент, №2, 2010 г., с.16

5.                Ахметов А.Ж. Зарубежная практика реструктуризация: достигнутый синергетический эффект // Бизнес и власть, 2011 г., с.3

6.                Программа посткризисного восстановления (оздоровление конкурентоспособных предприятий) // Утверждена Постановлением Правительства Республики Казахстан  от 4 марта 2011 года № 225