Ахметова А.Б
Павлодар мемлекеттік
педагогикалық институтының
филология магистрі, аға оқытушы
Тарих және филология факультетінің
студенттері
Авдхапарқызы.Ә,
Сайлауова Л.Ж, Бахитова Д.Ш
“Content and Language Integrated Learning (CLIL)
әдістемесі”
Abstract: this
article about how we use CLIL
(content and language integrated learning) method and how can we improve the
situation of CLIL in Kazakhstan? Advantaged and disadvantages this method.
Трек сөздер: CLIL,
көптілділік, content,
communication, cognition, culture.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы
Қазақстан халқына “Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Тілдердің
үштұғырлығы” арнайы жобасын іске асырды. Бұл жоба
бойынша білім беру жүйесінде үш тілдің - Мемлекеттік тіл
ретінде қазақ тілі, Ұлтаралық қатынас тіл ретінде
орыс тілі және Әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу
тілі ретінде ағылшын тілі енгізілді [1]. Біз бұл бағдарламаны
толықтай іске асыруға бағыт алдық, себебі, қазір
барлық мектептерде 1-сыныптан бастап ағылшын тілі оқытылып
жатыр. CLIL-оқытудың жаңа технологиясы, CLIL (Content and
Language Integrated Learning - Пән және Тілді Кіріктіріп Оқыту)
осы CLIL әдісі арқылы – әртүрлі пәндерді шет
тілінде оқытамыз. CLIL термині қолшатыр сиякты, бірнеше
пәндерді құрайды, мысалы: математика, биология, география
және физика т.б пәндерді қолдана отырып, шет тілінде
оқыта аламыз. Бұл ұғымды алғаш рет Дэвид Марш
1994 жылы ойлап тапты, көптеген зерттеу жүмыстары жүргізілді,
семинарлар өткізілді, педагогикалық тұрғыдан дамыды,
тек қана 2001 жылы CLIL термині
енгізілді [3]. Бұл ұғым Қазақстанға Болондық
жүйесі бойынша 2010 жылдан бастап енгізілді, CLIL әдісі бізге
үлкен өзгеріс әкелді, өйткені барлық оқу
орындары (университет, колледж, мектеп) кіріктірілген білім беру әдістін
қолдана бастады. Қазіргі кезде
Назарбаев Зияткелік университеті және Назарбаев Зияткерлік
мектептері, Білім Инновация лицейілері, дарынды оқушыларға
арналған “Жас Дарын” мектептері кіріктірілген білім беру әдісін
қолданып жатыр. Бұл әдісті қолданбастан бұрын, бірнеше
тәжірибе жұмыстарын, мұғалімдермен педагогикалық
тренинг өткізіп, көптеген мұғалімдер шетелдерге барып
білімдерін жетілдірген. Сонымен қатар қазіргі кезде Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтта
мұғалімдер екінші жоғары білім алып жатыр. Шет тілі
мұғалімі (биология, физика, химия) пәндерді оқып жатыр.
Бұл жаңа бастама,
мұғалімдердің білім сапасын арттырады деп ойдамыз.
Кіріктірілген білім беру әдісі бізге не үшін қажет?
Ағылшын тілін жеке оқып, биологияны немесе физиканы неге жеке оқымасқа
деген сұрақ туындайды. Бірақ пәндерді біріктеру
арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын,
белсенділігін арттырамыз. CLIL әдісі лексикалық, тіл
дағдылармен және де гуманистік дағдылармен байланысты. Дэвид
Ласагабастер - лингвистика профессоры, ол 1997 жылы «шығармашылық
және металингвистиканы түсіну: олардың ішінде ағылшын
тілін үшінші тіл арқылы үйрену» докторлық
дәрежесін қорғады. Д.Ласагабастердің және А.Хюгет
қостілділік пен көптілділіктің аражігі ажыратып, тек
қана басқа тілдермен оқытылуы ғана емес,
лингвистикалық қашықтыққа немесе алыс шет
тілдермен байланысы туралы жазған. Авторлар қостілділіктік білім
беруді: ең алғаш шет тілін оқытылу кезінде аздап бастап, одан
кейін көптілділікті қосып көбейту керек, деген. Осыған
орай, интернационалдық Еуропа
мектептері біртіндеп көптіліділікке айналады деп жазған [5,251б]. CLIL-
кімге арналған бағдарлама? Қазір оқып, қазір
қолданатын жаңа технологияларды қабылдайтын, өзгерістерге
және өзгертуге дайың өскелең
ұрпаққа арналған. CLIL бағдарламасы алдына екі
міндетті қояды: оқушылардың пәндерді оқу
кезіндегі деңгейін көтеру және пәндерді шет тілімен
өзара байланыстыру. Ағылшын тілін басқа да пәндермен
байланыстыра, салыстыра оқыту үлкен нәтиже беретіндігі
сөзсіз, сондықтан пән мұғалімі арасында
үнемі байланыс болуы керек. Европа елдерінің
тәсілдері бойынша Ду Коил CLIL оқыту- әдістемесі бойынша 4 негізгі
тәсілді дайындаған, мәдени және тілдік ортаны
қамтитын, тақырыпты және білім міндеттердің шешу
үшін. Әрбір 4 тәсілді жүзеге асырылуда
әртүрлі оқушылардың
жас ерекшелігіне байланысты, әлеуметтік лингвистикалық
кіріктірілген білім беру бағдарламасына қарай әр түрлі
қолданылады. Кіріктірілген білім беру 4 негізгі тәсілі
құрайды, олардың ішінде: Content
(мазмұны) - біліктілік дағдысын дамыту, сөздік қорын
молайту, Communication (қарым-қатынас)
- шет тілін оқыту кезінде тілді дамыту, Cognition (таным) - танымдық және ойлау қабілетін
қалыптастыратын жалпы түсінік, Culture
(мәдениет) - өзге ұлттың мәдениетін білу, пәнаралық
байланыс орнату.
CLIL әдісі оқытылу кезінде мұғалімге де талаптар
қойылады: оқушылардың тілдік білімін және пәндік
білімін біріктіруге, сабақ мәтіндерге негізделуі тиіс (аудио- жазба
немесе баспа), лексикалық тәсіл грамматикалық тапсырмалардан
да маңызды (оқушының білім деңгейіне байланысты). CLIL
бағдарламасын меңгеру негізінде,
мұғалімдердің екі тілді оқытудың
дағдаларын көрсетеді және оқыту бағдарламаларының
жеткіліксіздігі, мазмұнның түсіну салдарынан тілдік
құзіреттілік аз қолданылуымен, мұғалімдерге
қиыншылық туғызады. CLIL әдісітемесі
оқушыларға көмектеседі: кең мәдени контекст
енгізуге, халықаралық сертификаттауға, жалпы және
арнайы тілдік құзіретін арттыруға ынталандырады.
Қорыта айтқанда, CLIL әдісінің артықшылықтары,
біріншіде, тілдік құзыреттілікті және сенімділікті арттыру,
екіншіден оқытушы мен оқушы арасындағы мотивацияны
көтеру, үшіншіден өз пікірін еркін жеткізу, ойлау
қабілетін дамыту және мәдениет пән мәдениетаралық
білімді дамыту. Ал кемшілігі, шет тілін меңгеру кезіндегі
қиындықтар және де жаңа терминдер қолдану, шет
елдердің тәсілін пайдалану, шет тілі мен пән арасындағы
қиындықтар.Кіріктірілген білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың тиімді жолы ағылшын тілін оқып,
үйрену. Ағылшын тілін үйрену
– көптеген ізденістерді, талпыныстарды, уақытты, жаңа
технологияны керек етеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. (2007 жылғы 28 ақпан)
2. «Болашақ бағдарламасы»: http://zkoipk.kz/confnis1s/712-conf.html (2012 ж)
3. Кіріктірілген білім беру
бағдарламасы: нәтижеге бағытталған оқу
жүйесі: http://kazmkpu.kz/kz/o-u-derisi-1/zho-ary-o-u-ornynan-kejingi-bilim-beru-b-limi/bolasha-ba-darlamasy (2013-2017)
4. Coyle D.,
Hood P., Marsh D., CLIL Content and Language Integrated Learning. CUP, (2012.-173б)
5. Lasagabaster
D., Huguet A. A Transitional Study in European Bilingual Contexts. David
Lasagabaster (editor) Multilingualism in European Bilingual Contexts: language use
and Attitude. Clevedon, GBR: Multilingual Matters Limited, (2006.-251б)
6. Предметно-языковая технология интегрированного обучения (CLIL): шаг за шагом: http://www.orleu-uko.kz/ru/index.php/archives/2018 (30.11.2016 ж)
7. Учитель из НИШ рассказал, какие плюсы дети получат от
трехъязычного формата обучения: https://pandaland.kz/articles/nashi-deti/shkolnoe-obuchenie/chto-nas-zhdet-s-novoj-shkolnoj-programmoj
(2016
ж)
8.Қазақстанның білім жүйесіндегі көптілділік: http://group-global.org/kk/node/27376 (07.11.2015 ж)