Көкшеева
Зайни Таласқызы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университеті, Қазақстан
Бүкіләлемдік
өркениет тарихынан ерекше орын алатын ұлағатты ұстаз
әл-Фараби: "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие
керек. Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы"деген
болатын. Ендеше, жеке
тұлғаны өмірге бейімдеп, Отанын, елін, жерін сүйетін,
тілін қадірлейтін, рухани дүниесі бай, ұлттық адамгершілік
құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу
– педагогика ғылымының басты міндеті, қазіргі ең
өзекті мәселе болмақ. Қазіргі кездегі
қоғамдағы өзгерістер салдарынан белгілі болған
үрдістер жас ұрпақ өкілдерінің
рухани-адамгершілік тәрбиесіне кері әсерін тигізуде. Бұл
олардың бойында тәуелді мінез-құлықтың қалыптасуына, ішімдікке, есірткіге,
компьютер ойындары немесе ойын автоматтарына, жыныстық
қатынасқа, жүгенсіздікке әуестікке,
субъмәдениетіне еліктіреді, яғни
жеткіншек тұлғасы үшін жат әрекеттерге
үйір қылады. Адам тумысынан
адамгершілік қасиетке ие болып тумайды, ол адам бойына тәрбие
арқылы дариды. Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті
игерген мәдениетті, нағыз адам болып өсуі, әр
халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан
ұлттық тәлім-тәрбиесін бойға сіңіруіне
байланысты. Халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келген
ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына
сіңіру, оларды имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке,
инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп
қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты
және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына,
сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль
талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, ал мазмұны:
тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық,
шыншылдық пен әділдік, еңбек пен өз
мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты
қасиеттерді қамтиды. Оқушы қаншалықты білімді
болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса,
оның жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы
азамат та бола алмайды. Орыс педагогы
В.А. Сухомлинский: «Егер баланы тәрбиеленген
дэрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие
жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды»,-десе, сыр бойының XII ғ. білімді
оқымыстысы, ақын Ахмет Игүнеки "адамгершілік
мінез-құлық уағыздау
жолымен ғана емес, оларда моральдық сенімді дамыту және
адамгершілікке бейімділікті туғызу арқылы қалыптасады"
деген ой тұжырымдайды. Сол айтылғандай, бүгінгі
таңдағы сұраныс қоғамды ізгілікке, руханилыққа бет
бұрғызып, оқу-тәрбие, жұмысын рухани-адамгершілік
тәрбие негізінде ұйымдастырып, оқушылардың
рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастырудың қажетігілігін
айқындап отыр. Адамгершілік тұрғыдан
тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-қатынаспен, ал
адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни
жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Қазіргі
мектептегі тәрбие мазмұны: біріншіден, адамгершілік,
экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық,
дене, еңбек және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік,
сұлулыққа қатысты жағымды
көңіл-күйді сезінуге және өтірік,
зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты
жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу. Мақсат
– оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және
жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік
форманы құру болып табылады. Адами
қарым-қатынасқа үйретуде табиғат,
мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең жоғарғы
құндылық ретіндегі адамның өзі тірек
ретінде алынады. Мұндағы ескеретін әдістемелік ереже:
аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-қатынасқа
үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде
жүзеге асырылады; олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл
педагогтар мен ата-аналардың ықпалымен дамып отырады. Рухани
- адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушының
бойына дарыту үшін, ең алдымен: олардың саналылығын
көтеру; адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын
тәрбиелеу және дамыту; оқушының бойына жағымды
мінез - құлықтың дағдылары мен
қылықтарын үнемі сіңдіріп отыру қажеттілігі талап
етіледі.
Сухомлинский: «Баланы 3 жастан 12
жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани
дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден...,
өз халықының рухани асыл қазыналарынан алады» деп
жазады. Ал руханилық жеке тұлғаның негізгі
сапалық көрсеткіші болса, оның негізінде адамның
мінез-құлқы қалыптасып, ар-ұят,
өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Оның
қайнар көзі – халықта, отбасысында,өнері мен
әдет-ғұрпында,салт-санасында, оны жас
ұрпақтың санасына сіңіру – аиа-анасы мен
қстаздардың еншісінде. Адамгершілік
–ең жоғары болып саналатын жеке адамның қасиеті,
адамгершілік және психологиялық қасиеттердің
жиынтығы, оның тақырыбы да – мәңгілік. Елінің бүгіні мен ертеңін
алыстан болжап, халық үшін еңбек еткен адамдардың
өмірі де рухани байлық болып саналады. Бабалардан
қалған қасиет пен құрмет, тіл мен діл, ел мен жер
– бәріде біздің рухани байлығымыз. Рухани байлық –
адамның өмірін, қоршаған орта, тіршілік аясымен
тұтастыратын және оның бар мақсат мүддесін игі
істермен ұштастыратын асыл арна,
ал адамгершілік – адамдардың күнделікті
қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін
моральдық қасиет. Адамгершілік дегеніміз үлкенді үлкен,
кішіні кіші деп қадірлей білуде, тектіліктің тірегін қалайтын
тәлім тәрбиеде, ал тәрбие қуаты отбасында. «Мен үш қасиеттімді мақтан
тұтам,-депті Ақан сері, олар: жалған айтпадым,
жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештенені
қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің
өз құдайы, өз құдайынан айырылған
адам бос кеуде, өлгенмен тең» деген екен. Шындығында да
бұл – таза ақиқат. Адамгершілік тәрбиесі -
үздіксіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге
келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді, оны
ұрпақтың санасына жетiк
сіңіріп, адамгершiлiк қасиеттерiн дарыту, өз елінің
жоғары мәдениетті, саналы азаматы етiп тәрбиелеу -
бiздiң басты мiндетiмiз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Назарбаев
Н.Ә. Қазақстан 2030. Алматы: Юрист, 2001, – 65 б.
2. Рахимова Э. Педагогикалық зерттеу.
Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу. Алматы. 2004
3. Сухомлинский В.А.Воспитание
советского патриотизма у школьников.М.Учпедиз.,1959
Автор данной стати растолковывает важность на
сегодняший день для молодого поколения духовно- нравственного воспитания а также через точные факторы
поэтапно объясняя
ее как педагогико-психологическую
проблему