Байкенова Ж.К., Абенова А.Х.
г.Караганда Шапагат, специализированный
дом ребенка
Мектеп жасына дейінгі балалармен жеке түзету
жұмыстары
Адам дамуының маңызды бөлігінің бірі – тілдің
қалыптасуы. Баланың тілінің дамуына алғашқы
күннен бастап көңіл бөлу қажет. Бірақ
баланың сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуын
дұрыс тәрбиелеу үшін оның даму барысындағы
физиологиялық, морфологиялық өзгерістерді түсіне білу
міндет. Бұл баланың сөйлеу тіліндегі ерте кемістіктерді
анықтауға береді, және түзету жұмыстарын ерте бастан
қалыптастыруға болады. Тіл – тек қарым-қатынас
құралы ғана емес, ол – ойлау қабілетін дамытатын, білім
алуға, дағдыларды арттыруға мүмкіншілік беретін
құрал. Бала тілінің дамуы оның қоғамда
тәрбиеленуі арқылы қалыптасады.
Сөйтіп баланың тілінің дамуы, оның
ақауларының ерте анықталуы – ата-анасының,
тәрбиешілердің, логопедтердің міндеті. Баланың
сөйлеу тілінің дамуындағы жетіспеушіліктердің себебін
және деңгейін дұрыс анықтау келешекте дұрыс
сөйлей алу мүмкіншілігін туғызады. Жалпы сөйлеу тілі
бұзылысының себептері тек ауыр түрдегі бұзылыстардан
емес, әр түрлі ұсақ моториканың
жетіспеушіліктерінен, өарым-қатынастың дұрыс
жүргізілмеуінен де кездеседі. Тіл мүкістігі және оның
әр түрлі патологиясы жайлы біршама зерттеулер жүргізілген
болса да жалпы сөйлеу тілінің бұзылысы тән
балалардың сөз құрам жасау, мазмұндау
дағдыларының кемістігі өте жиі кездеседі және ол туралы
әдебиеттер де жеткіліксіз.
Жалпы тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері Қ.Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев, Р.Е. Левина, Н.А. Никашина, Н.А. Чевелева т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талдау негізінде, дыбыстарды бұзып айту, фонетикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен сөйлем құрау, сөзжасамының дамыған жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.
Белгілі психолог ғалым Л.С. Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде балалардың өсу, жетілу, даму ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын түсінуге тырысатындығын көрсетеді. Баланың алғашқы сөздерді түсіне бастағаннан-ақ оның ортамен тілдік қатынасы қалыптаса бастайды. Бала тілінің шығуы оның психикалық дамуына күшті әсер етеді. Әрбір сөз - баланың ақыл-ойының дамуына маңызды екенін айтады.
Адам баласы дүниеге келе сала сөйлеу тілін мүлдем білмейтін қалыпта болады. Өсе келе бала қоршаған ортасына сай сөйлеу тілін ие бола бастап, қарым-қатынасқа түсе бастайды. Алдымен ауызша сөйлеу тілін үйренсе, кейіннен жазбаша сөйлеу тілімен ұштастырады.
Бала үшін бұл аса маңызды міндет. Себебі, адам баласы қаншама ұзақ уақыт бойы, ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар құрастырған тілді толығымен қамтуға тырысады.
Қазіргі уақытта жалпы тіл кемістігі бар қазақ балаларының сөйлеу тілі бойынша зерттеулер жоқтығын, ғылыми зерттеулер нәтижесінде негізделіп, тәжірибе жүзінде сынақтан өткен, аталған балалардың тіл кемістіктерін түзету әдістемесінің жоқтығын ескерсек, жалпы тіл кемістігі бар қазақ балаларының сөйлеу тілін зерттеу өзекті маңызды мәселе екені анық.
Ұлы
педагог Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз ойсыз толық
мәнінде ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деп санайды.
Демек мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, білімге деген
ынтасын мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оларды оқу
үрдесінде үздіксіз дамыту сабақта алған білімдерін
практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін
ертегіні қолданудың орны ерекше.
Қазіргі уақыттағы логопедия жетістіктері сөйлеу тілін түзету барысында тек жаттығулармен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар, сабақтар жүйесімен бірге баланы оңалтып тәрбиелеу қажеттілігін көрсетеді.
Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізілу қажет. Әңгімелесудің барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жарақаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптаспауына зиянын тигізетін тәрбие жағдайы анықталады (намнез жинақтау).
Ата-аналарының береген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі бұзылуының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді.
Сөйлеу тілі ақаулықтарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз алдына келтіру керек. Сондықтан баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан әрі қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоқтығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптаспауына ортаның қандай ықпал тигізетіндігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдамайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедпен бұрын дәріс алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек.
Баланың
сөздік қорының аздығы әр құбылысты,
затты өз атымен атамайтындығы, көбінесе сол зат пен
құбылыс туралы ұғымының күңгірт,
бұлыңғырлығында. Оқушы бойындағы
мұндай кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір ұтымды
тәсілі – бала санасының ұғымды нақтылау.
Ертегілерден
біздің бабаларымыздың тұрмысын,
әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде
жауыздық пен әділдік, қастық пен достық,
жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры,
соңғылары жеңіп шығады.
Бүгінгі
таңда жалпы тіл кемістігі мәселесін көптеген ғалымдар,
психологтар, дефектолог мамандар зерттеп келе жатыр, бірақ осы
біздің қолданылып отырған әдісіміздің
жаңашылдығы ол жалпы тіл кемістігін халық ауыз әдебиеті
соның ішінде ертегі арқылы түзету.