Абенова А.Х.,АСАНОВА А.Ж.
г.Караганда
Шапагат, специализированный дом ребенка
Рөльдік ойындар арқылы балалардың
тілің дамыту
Қазіргі заманның
психологиялық –педогогикалық зерттеулерде рөлді
ойын-адамның кез келген іс-әрекеті сияқты-балада өз
бетімен пайда болмайды,оны меңгерген, «ойнай алатын» өзге адамдар
арқылы қалыптасатыны туралы көрсетілген. Рөлді ойын
тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым
түрінде заттармен шартты әрекеттер тізбегі ретінде
құрылуы мүмкін,күрделі түрінде-әр
түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде
құрылуы мүмкін.Көптеген зерттеулер негізінде 3-5
жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп,оларды біртіндеп алмастыра
білу керек екендігі,заттармен әрекет ету және рөлі бойынша
сөйлеу арқылы жүзеге асырылуы
тиіс,құрдас-серіктеспен рөльдік қарым-қатынас
құру тиіс екендігін көрсетті.Есейе келе,бала ойын барысында
әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету
тиіс,оларды өзінің және 2-3 құрдас серіктестің
ойластырғанына сәйкес ұластыруы тиіс,рөлді
оқиғаларды рөльдік ара-қатынас арқылы және
заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру тиіс.Балаларды
ойынға тартып ,олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің
өзі белгілі бір түрде құрылған рөлді
«тірідей» ойын процесінде балаларды қызықтыратын
тақырыпқа сүйеніп,еркін өрістетуге үйрету керек.
Тіл
дамыту, сауат ашу сабақтарында да рөльдік ,сюжеттік ойындарды
қолдануға болады. Рөльдік ойындар мектепке дейінгі балалармен
өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та ,
қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу
құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады.
Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену,
шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын
ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді.,
ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының
әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы
өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен
алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге
болады.
«Ұлттық
қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау,
«Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі
ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай
жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп
қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да
жүргіземін. Баланың тілін жетілдіру үшін оны
әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын
жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту
қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу
арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы :
«Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін»,
«Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру»,
«Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін
қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін
сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе
дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың
тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту,
баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту
үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай
таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі
әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында
сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір
әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.
Сюждетті рөлді ойынды
бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеттері болып
табылады.Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе
еліктеу,шындықты көрсету болып табылады.Ойын кезінде балалар
арасында өзара ынтымақтастықтың белгілі бір
түрлері пайда болады.Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас
жасау тілін,өз әрекетін, басқалардың
іс-әрекетімен үйлестіреді,өзара түсінісуді,өзара
көмектесуді үйренеді.Ойын үстінде балалар
тәжірибе алмасу пайда болады,ересектерден көмек сұрайды.
Нәтижесінде ойын
қызықты сан алуан болады.Ойынға деген
қызығу,оған қатысуға деген тілек балалардың
өзара келісімге келтіреді.Ойынның мазмұны оны
қызықты етеді,ойнауға ықылас пен ынтаны
қоздырады.Ойын процесінде балалардың өздері
ойнаушылардың мінез, –құлқымен өзара
қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже
белгілейді.Егер тәрбиеші ойынды ақылмен дұрыс
ұйымдастырса ,ол балаларға ықпал жасауға
мүмкіндік алады.
Тәрбиеші балаларға
жақын болуға,олардың ойындарының қатысушысы
болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін
,өзінің ойындағы рөлін пайдаланып
,ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның
барысын ,олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады.Мектепке дейінгі шақта ойын
іс-әрекеттің басты түріне айналады,алайда бұл
қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне
қызықты ойындармен өткізгендігінен емес ,ойын баланың
психикасында саналық өзгерістер туғызатындығынан болады.
Қорыта айтқанда рөлді
–рөлді ойынның дамытушылық маңызы зор. Ойында бала өзін
қоршаған әлемді таниды,сондай-ақ ойлау операциялары,
сезімі,еркі жетіледі,құрбыларымен қарым- қатынасы
қалыптасып, өзін-өзі бағалауы мен өзіндік санасы
орнығады,адамгершілік қасиеттері дамиды.
Рөлді –рөлді ойынның бір
жағымды жағы-балалардың өздері жасайды,және
балаларды құрбы-құрдастарымен дұрыс
қарым-қатынас жасай білуге бейімдеп, ұжыммен яғни
көпшілікпен санаса білуге,ересектердің еңбегін бағалай
білуге дағдыландырады.Ойынның дербес әрекеті
айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта
болады.Себебі ойын барысында өздеріне берілген рөлді аса
жауапкершілікпен қабылдап,өздерін бір уақыт ересектер
санатына қосып ,ойлау қабілеттері қалыптасады.