Педагогические науки/5. Современные методы преподавания
Навекова Д.Б. оқытушы,магистр
М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университет, Орал
Көптілділік
мәселесі
Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әрбір
азаматын кез келген әлем елдерінің талаптарына сай бола алатын
білімі мен білігін жетілдіретін деңгейге жеткізу бүгінгі білім беру
реформасының міндеті екендігін үнемі атап өтеді. Білім
берудің қазіргі жүйесі көпмәдени, көптілді
тұлғаның
қалыптасуына бағытталған.
Біздің
Республикамыздың тіл саласы заңды түрде бірқатар
құжаттарда анықталған. Дәлірек айтсақ,
Қазақстан Республикасының конституциясында,
Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңында,
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тіл
саясатының концепциясында, 2011-2020 жылдарға арналған
тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында,
"Тілдер үштұғырлығы" мәдени жобасында,
"Зияткерлік ұлт – 2020
ж" т.б. Аталған құжаттардың түйіні
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының бір
уақытта бірнеше тілдерді меңгеруі керектігі,
Қазақстандағы тілдерді қолдануды зерттеу-
Қазақстандық тіл білімінің белсенді
бағыттарының ішіндегі біреуі. Қазақстандағы
тілдік жағдай, тілдік саясат пен тілдік жоспарлаудың
теориялық аспектілері Қазақстандық әлеуметтік
лингвисттердің Б. Абдыкаримова, А.Е. Агманова, О.Б. Алтынбекова, Э.Д.
Сулейменова, Д.Ж. Касымова, С.Ю. Сон, Н.Ж. Шаймерденованың
жұмыстарында қарастырылады. Оларда қазақ, орыс
және басқа тілдерді қолданудың әлеуметтік, тілдік
сипаттамасы көрсетілген.
Көптілділік –
жаһандану жағдайындағы алға жылжитын феномен. Себебі –
халықтардың өзара түсіністігі мен серіктестігіне,
адамзаттың жалпы мәдениетінің жоғарлануына, ана
тілдерінің дамуына ықпал етеді. Ол лингвистикалық
құдіреттілік (тіл туралы лингвистикалық білімдер), тілдік
құдіреттілік (тілід тәжірибе жүзінде игеру),
комуникативтік құдіреттілік (тілід қарым-қатынас
жағдайларына сәйкес қолдану), мәденилік (қарым-қатынаста
мәдениткедергілерді жеңу, яғни зерттеліп отырған
тілдің мәдениетіне ену) секіліді құдіреттіліктерді
қосатын білім алушылардың тілдік құдыріреттіліктерін
қалыптастыруға негізделеді.
Көптілділіктің тілдік
сипаты өзара серіктестік жағдайында тараптардың
тұлғалық пікірлерін ескеріп құрметтеу,
қолайлы көңіл-күй мен ыңғайлы орта
қалыптастыруға негізделген. Өзектілігі сол, білім тарапынан
авторитарлықтың болмауы, олардың әрдайым белсенділігі,
мәселені шешудегі әректтерінің өзара келісіп,
топтық тәжірибеге сүйенуі, яғни білім алушыларды
зерттеуші ретінде қарау маңыздылығында жатыр.
Мемлекеттік тілді қолдану
аясын кеңейту тұжырымдамасы оның бәсекеге
қабілеттілігін көтеру, мемлекеттік тілді оқыту сапасын
жақсартуға бағытталан. Сондай-ақ,
қоғамдық өмірдің барлық аясында мемлекеттік
тілді қолдануды қамтамасыз ету, Қазақстандық потриотизм мен ұлтаралық
келісімді нығайтушы фактор ретінде қарастыра отырып оның
рөлі басым ету.
Өткен ғасырдың
соңғы онжылдығында ерекше назарда болған қостілді
білім беру екені бәрімізге белгілі. Нәтижесінде ол Европа
елдерінің білім беру саясатының жетекші бағыттарының
біріне айналды. Бұл мәселе Қазақстанда да өзекті.
Қазақстан
Республикасының тіл саясаты орыс тілін ғылым мен
техниканың түрлі салалары
бойынша ақпараттың негізгі көзі жіне жақын, алыс
шетелдермен қарым-қатынас жасау құралы ретінде
қарастырады.
Әлемдік экономикалық,
мәдени еңістікке ену әлем тілдерін, әсіресе,
ағылшын тілін игермесек мүмкін емес. Оны интенсивті түрде
зерттеуге орай Қазақстандықтардың көпшілігіне тіл
жағдайын көптілділік ретінде атап көрсету керек. Қоғам
дамуының кезінде білім – адамзат іс-әрекетінің маңызды
салаларының бірі болып табылады. Қоғам өмірінде болып
жатқан жаһандық өзгерістер орта және жоғары
кәсіби білім беру жүйесінде жаңа әлеуметтік
маңызы зор бағыттардың пайда болуына әкееді.Қазіргі
заманда білім қызметтерінің нарығында тек білікті мамандар
ғана емес, сондай-ақ өздеріне қажетті білімді
өзері ойлап тауып, соның негізінде жаңа әлеуметтік
маңыздысын өңдеп шығаратын шығармашылық
тұлғалар да көбеюде.
Мұнымен қоса,
қоршаған табиғи ортаның бұзылуы, тауысылып бара
жатқан табиғи ресурстар үшін күрес,
қаталдықты қалыпқа келтіру, күшін асыра
қолдану, жауынгерлік индивидуализм, сезім мен мүдделерді
тұрпайы ету, өзара жатсыну, басқаның есебінен
баюға ұмтылу, агрессия және зомбылық секілді
дағдарыстық құбылыстар ұлттық білім
жүйесі мен қоғамды ізгілендіру мәселесінің ерекше
өткірлігін қажет етті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1
Байниева
К.Т., Хайржанова А.Х., Умурзакова
А.Ж. Системно-целостный подход к полиязычному
образованию в Казахстане // Междунар. журнал
прикладных и фундаментальных исследований. — 2013. — № 10. — с. 198-201.
2
Берталанфи Л. Общая теория. Исследование по общей теории систем.
-М.: Прогресс.- 1969.- с.520
3
Блауберг И.В., Юдин Э.Г. Становление и сущность системного
подхода. -М., 1973
4
Боярчук В.Ф. Межпредметные связи в
процессе обучения. – Вологда, 1988,-202 с.
5
Ващенко В. Инновационность и
инновационное образование.//-М., 2000.- "Вестник высшей школы" №6, 23
с.
6
Головинская Е., Лазарев Д. Опыт ведения интегрированного курса
естественных наук.// Перспективы.-1986.- №8.-с.25-28.