Сагингалиева А.О., Ізғалиева А.Н.

 

Назарбаев Зияткерлік мектебі

 

ЕКІНШІ ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

 

 

“Филологические науки”Методика преподавания

языка и литературы

 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көптілді білімді дамытуға назар аударып «Еліміздің маңыз- ды құндылықтарының бірі және басты артықшылығы – көпұлттылық пен көптілділік» деп атап көрсеткені белгілі.

    Бəрімізге белгілі қазіргі таңда ағылшын тілі шет тілі ретінде бүкіл дүние жүзінде дерлік оқытылады. Дегенмен де Еуропа Одағының құрылуына байланысты неміс тілін де шет тілі ретінде оқып- үйрену негізгі мəселенің бірі десек қателеспеген болар едік. Біздің қазіргі жұмыс істеп жатқан аудиториямыз ағылшын тілін меңгерген студенттер. Енді олар неміс тілін екінші шет тілі ретінде (Deutsch als zweite Fremdsprache), егер ана тіліне қатысты айтатын болсақ үшінші тіл ретінде (Deutsch als Tertiärsprache) оқып - үйренеді. Германия тіл мамандары неміс тілін ағылшын тілінен кейінгі екінші немесе үшінші тіл ретінде оқытып - үйретуге арналған көптеген оқулықтар (Hufeisen et al., 2003), (Vicente et al., 2009), əдістемелік құралдар (Lehrerhandreichungen und Kopievorlagen, 2006) басып шығаруда жəне осы мəселеге байланысты семинарлар (Lehrerhandreichungen und Kopievorlagen, 2010), дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда (Bechert A., 2010). Əрине, біздің жағдайымызда жеделдетіп оқыту əдістемесін толық түрде қолдану шарт деп айта алмаймыз, десек те, бұл əдістеменің кейбір элементтерін екінші шет тілін оқытып -үйретуде қолдану арқылы біраз жетістіктерге жетуге болады деген ойдамыз.

Неміс  тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар: Неміс  тілін оңайдан қиынға қарай оқытуға бағытталған. 2. Тілдік материалдар қазіргі өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген тілдік материалдар. Сондықтан бұл материалдан күнделікті тіршіліктегі жағдаяттарда қолданылатын неміс тілін үйренуге болады. 3. Басты көңіл бөлетін нәрсе сөйлеу мен оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу әрекеттері арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында немісше еркін сөйлеп, тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу үшін мынадай ұжымдық жұмыс, топпен жұмыс оқыту тәсілдерін қолданамын. Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін мынадай: сұрақ – жауап талқысы, салыстыра отырып әңгімелесу, проблемалық сұрақтарды талдау, мәтін не әңгіме бойынша өз ойын ортаға салу, ой алмасу, шарт қою, диалог түрінде сөйлеудегі ойды көрсете білу, пайымдау, түйіндеу,дәлелдеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты әдістерді қолдануға болады, ең тиімдісі сол тілдің өз өкілімен жұмыс жасау арқылы үйрету болар еді,бірақ ондай мүмкіндік жоқ десе де болады.Ең кем дегенде жазба дисктерден тыңдату қажет. Оқу. Мәтін негізгі қарым – қатынас құралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі, не білмейді, соны анықтау үшін бір мақсат болса, екінші мақсат – өз білімі деңгейінде ойын айтқызып, мәтіндегі оқиға жайлы білуге ұмтылдыру, ынталандыру. Бұл жұмысты бүкіл топ болып немесе 3 – 4 оқушы бірігіп және жұптасып талқылауға болады. Мәтінді оқыған соң оқушы ұғымын тексеруге арналған жаттығуын сұрақтарын қою арқылы оқушылардың мәтіндегі мәселе бойынша өз ойын ортаға салып, пікірін айтуға, еркін сөйлеуге үйретіледі. Оқушыны еркін сөйлеуге төселдіру үшін сөздерді қайталау, оларды еркін де дұрыс қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек. Диалогты, әңгімелерді, мәтінді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады. Әдетте тыңдауға арналған маәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 3 – 4% таныс емес лексикалық материалдар қосуға болады. Әңгімені алғашқы ретте тыңдауға жіберілген уақыт 1- 5 % минут көлемінде болуға тиіс.

 Тыңдалған әңгіме бойынша төмендегідей жұмыс түрлерін орындаймыз:

1. Сұрақтар бойынша оқушыны тексеру 2. Кілт сөздерді анықтау, сөз тіркестерін жазу 3. Тыңдалған әңгімеге ат қою 4. Жоспар құру 5. Ауызша, қысқаша толық мәтіннің мазмұнын беру 6. Әңгіме кейіпкеріне немесе жағдаятқа мінездеме беру. Жазу – сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматкалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады. Ал, неміс тілін оқытуда грамматиканы оқытудағы басты міндет – сол грамматикалық құбылыстарды сөз әрекетінің әр түрінде қолдана білу дағдыларын қалыптастырып, одан әрі дамыту. Неміс  тілі грамматикасын өз ана тілінде зерттеп, аздап болса да онымен салыстыра отырып игеру, сол тілде тезірек және саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті шарттың бірі болып есептеледі. Сабақ – шығармашылық ізденіс дейміз.Күнделіктң сабақ жоспарын жасаудың өзі көптеген ізденісті,терең білімді талап етеді.сондықтанда мұғалім оқушыдан да бетер дайындалуы тиіс.Алдын ала жоспарланған сабақ қана өз нәтижесін береді. Сабақ жүйелі,бір тізбекпен берілуі тиіс.Алдыңғы сабақпен кейінгі сабақта байланыс болуы тиіс.Сонымен қоса қазіргі кезде ең негізгі мәселелердің бірі болып оқушыларға тек қана ғылыми білімдер жүйесін беру ғана емес, оларды шынайы өмірде пайдалана білу болып табылады. Осыған байланысты сыныптан тыс өткізілетін іс – шаралардың оқушылар үшін маңызы зор деп ойлаймыз. Бұл жұмыс мұғалімнің сабақ үстінде жүзеге асыратын тәжірибе жұмысын толықтыра және тереңдете отырып балалардың таланттары мен қабілеттерін толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуын оятудың формасы болып табылады.

Екінші шетел тіліне оқытудың төрт негізгі әдістерін қарастыратын боламыз: алғашқысы – коммуникативті әдіс.

Коммуникативті әдісті жасаудың логикасы мектепте шет тіліне үйретудің мақсаты ретінде келтіруге алып келді. Ал мұндай жүйе тек коммунитикавтік негізде жасалуы мүмкін.Сонымен қатар, коммуникативті әдісті қолданудың тәжірибесі көрсеткендей ол шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде қарастыруды қамтамасыз етіп қана қоймай, оқушылардың жан-жақты дамуына алып келеді.Коммуникативті әдіс мектепте неміс тілінен оқытуға кітаптарды шығаруға негіз болды.Коммуникативті әдістің құрылымына танымдық, дамытушы және оқытушы аспектілер кіреді, олар оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған.  Неміс тілінің  қарым-қатынасқа оқыту процесі негізгі параметрлері бойынша шынайы қарым-қатынас процесін білдіреді: қызығушылық, мақсаттылық, қарым-қатынас процесінің ақпараттанғандығы, жаңалығы, жағдайлығы, функционалдылығы, оқушылардың араласуының сипаты мен әр түрлі тілдік құралдардың жүйесі. Осының арқасында шынайылыққа адекватты оқытудың жағдайлары жасалынады, бұл қабілеттерді табысты меңгеруді және оларды шынайы қарым-қатынастың жағдайында қолдануды қамтамасыз етеді.Оқыту процесінің ұйымдастырылуының жүйелілігі тілді меңгерудің дәрежелігін білдіреді, яғни өзіне оқу процесінің әр түрлі деңгейлерін кіргізеді:
1) оқыту сатыларының деңгейі (бастапқы, кіші, орта, жоғарғы);
2) сатылардың ішінде анықталатын оқыту кезеңдерінің деңгейі;
3) кезеңдердің деңгейі (лексикалық, грамматикалық қабілеттердің қалыптасу сатысы, қабілеттердің жетілдірілу сатысы, қабілеттің дамуының сатысы);
4) оқыту деңгейлерінің сатылары, олар олар сатылардың ішінде анықталады (орнына қоюдың, трансформациялауды, репродукциялаудың, комбинациялаудың деңгейлері).

 Қорыта келе, көптілділікті жеке тұлға қылаптастырудың негізі ретінде қарастырып, зияткер тұлға қалыптастыруды заманауи педагогиканың зерттеу нысаны есебінде санау қажет.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.    Н.Ә. Назарбаевтың “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкін- діктері” Жолдауы -14.12.2012

2.    Шульц Х. Немецкая грамматика с упражнениями .- М.:2010.-324с.

3.    Шатилов С.Ф. Методика обучения немецкому языку . –М.:1986.-108с.