ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Философия  және  толеранттылық  кафедрасы

Куандыкова  Эльмира  Жамбылқызы  аға  оқытушы

Босқындар мәселесі бойынша мемлекеттердің халықаралық  ынтымақтастығына Қазақстан Республикасының қатысуының құқықтық аспектілері.

         Қазақстан Республикасы  дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі бола отырып, босқындар проблемаларын шешуге белсенді қатыса бастады. Бұл Қазақстанның босқындар мәселелеріне арналған  әр түрлі халықаралық құқықтық актілерде қатысуынан көрінеді. Жоғарыда айтылғандай Республика 1951ж. БҰҰ Конвенциясына және 1967ж. Хаттамасына қосылды. Бұл актілер  ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес  республика территориясында тікелей әрекет етеді , егер ішкі заң оған қарама-қайшы болатын жағдай туса, ішкі заңдар нормалары емес, халықаралық шарттар нормалары қолданылады. Қазақстанның көрсетілген құжаттарға қосылуы  оның босқындар мәселесі бойынша халықаралық интеграцияға белсенді қатысуға мүдделілігі туралы айтады. Осы саладағы негізгі құқықтық актілерді бекіте отырып республика дүниежүзілік тәртіпті орнықтырудағы өзінің ұстанымын дәлелдеді.

         «Қазақстан көрсетілген актілерге қосылғаннан өзге көші-қон саласында көпжақты және екіжақты көптеген келісімдерге отырды. Осындай құқықтық құжаттар қатарына босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісім де бар (Мәскеу, 24 қыркүйек 1993 ж.).

   Келісімде көрсетілгендей, осы Келісімнің мақсаты үшін босқын деп баспана берген Тараптың азаматы болмастан, өзінің басқа Тарап территориясында тұрақты тұратын жерін оған немесе оның отбасы мүшелеріне қатысты зорлау немесе қудалау немесе нәсілдік және ұлттық жағдайына қарай, дініне, тіліне, саяси көзқарасына және белгілі бір әлеуметтік топқа қатысына байланысты, қарулы және ұлтаралық қақтығыстармен байланысты жағдайлар салдарынан  тастап кеткен тұлға танылады.  Бейбітшілікке қарсы, адамзатқа қарсы немесе басқа қасақана қылмыс жасаушы тұлға босқын деп таныла алмайды.»[1]

   Мүдделі Тараптардың көмек көрсетуімен жөнелтуші мемлекет:

- оның Тараптардың бірінің территориясына кедергісіз кіруі үшін мүмкіндік бере отырып, қарулы және ұлтаралық қақтығыстар аймағынан халықты алып шығуды жүзеге асырады;

-көшірілетіндердің жеке және мүліктік қауіпсіздіктерін қаматамасыз етеді, ол үшін соғыстың тоқтатылуына қол жеткізуге  , көшу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға тырысады;

- көшушілерді қаржылық, материалдық – техникалық, азық – түліктік, медициналық және көлікпен қамтамасыз ету мәселелері мүдделі Тараптар арасында шешіледі. 

   Баспана беруші Тарап өзіне келесі міндеттерді алады: 

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар үшін  олардың уақытша орналасқан жерлерінде қажетті әлеуметтік – тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етеді; босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың  әрбір Тараптың қабылдаған халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаларына сәйкес жұмысқа орналасулары кезінде көмек көрсету.

   Бұл кезде тараптар өзіне келесідей міндеттерді алады:

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға  азаматтықтарымен байланысты мәселелерді шешу үшін қажетті құжаттарды талап ету және беру кезінде көмек көрсету; 

- босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға бұрынғы тұрған жерінен зейнетақымен қамтамасыз етуге, еңбек стажына, шетелге шығуына  және  т.б. қатысты мәселелерді шешу үшін қажет неке туралы,туу туралы куәліктерді,еңбек кітапшасын, басқа да құжаттарды алуға көмек көрсету;

- босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушы тастап кеткен мемлекет территориясында тұратын туыстары туралы және де сонда қалған мүліктері туралы мәліметтер алуға көмек көрсету.

          «Келісімнің 7 бабында көрсетілгендей: жөнелтуші мемлекет босқын немесе мәжбүрлі қоныс аударушыға оның территориясында қалған баспанасы мен басқа мүліктерінің құнын , денсаулығына келген зиян мен жоғалтқан жалақысын өтейді. Материалдық өтемақының мөлшері жөнелтуші мемлекеттің бағалауы бойынша анықталады. Жылжитын және жылжымайтын мүліктерін жоғалтқан   босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылардың материалдық зиянын және төленетін өтемақы мөлшерін есептеу тәртібі мүдделі Тараптармен бірігіп анықталады. Бұл кезде Тараптар босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға Мемлекетаралық көмек қорын құрады.  Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің Мемлекетаралық қоры туралы Ереже босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек туралы Келісімнің бөлінбес бөлігі болып табылады.»[2]  

        «Меморандумды жүзеге асыру мақсатында мемлекет Басшылары өздерінің үкіметтеріне 1994 жылдың соңына дейін Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы халықтар көші-қоны саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасын әзірлеуді тапсырады. »[3]   

   Қаралатын құжаттар қатарына кіреді:

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы қоныс аударушылардың қоныс аудару процесін реттеу мен олардың құқықтарын қорғау  туралы Келісім (Москва қ., 6 шілде 1998 жыл)

- Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы Қазақстан Республикасына еңбек шарттары бойынша келген тұлғалардың өз бетінше қоныс аударуы мен азаматтығын реттеу мәселелері туралы Шарт (Алматы қ., 2 желтоқсан 1994 жыл).

- 1995 ж. босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға (1993 ж. 24 қыркүйегі) көмек туралы Келісімге Хаттамаға қол қойылды. Көрсетілген Хаттамаға сәйкес 1993 ж. 24 қыркүйектегі босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушылар туралы Келісімнің 8 бабы толықтырылды, үшінші бөлімінің мазмұны келесідей болды: «Босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсетудің  Мемлекетаралық  қорының қызметі шеңберінде бір Тараптан екінші Тарапқа кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар (қызметтер, жұмыстар) кедендік баждардан, салықтардан және алымдардан босатылады».

- 1998 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық ұйымның арасында ынтымақтастық туралы өте маңызды келісімге қол қойылды (13 қаңтар 1998 жыл). Келісуші Тараптар болып  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен көші-қон бойынша Халықаралық Ұйым (КХҰ) табылды.

          Келісімде көші-қон бойынша Халықаралық Ұйымның Басқарушы Органдарының  қабылданған шешімдеріне және сыртқы донорлармен қамтамасыздандырылған қорлардың болуына сәйкес  Ұйым Қазақстанда келесідей көші-қон  бағдарламаларын жүзеге асыратыны көрсетілген: 

- көші-қон мәселелеріндегі техникалық ынтымақтастық бойынша потенциал қалыптастыру, кеңес беру қызметін көрсету және басқа шаралар жасау;

- көш – қонға қатысты  ақпараттарды беру;

- ішкі және сыртқы көш – қон,  Қазақстан Республикасының Үкіметіне этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына,  босқындарға,  экологиялық қоныс аударушыларға, мемлекеттен тыс жерге және ішінде қоныс ауыстырушы тұлғаларға және басқа да көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға көмек көрсетуіне жәрдемдесу; білікті кадрларды қайтару және селективті көші-қон.

   «Ұйымның Қазақстанда өкілдік ашуға және оның қызметін жүзеге асыру үшін  қызметкерлер жалдауға құқығы бар (1 бап). Қажет болған жағдайда  Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың нақты саласы  бекітілген және келешектегі бағдарламаларға қатысты  Тараптар арасындағы хат алмасу жолымен келісіледі.  Қазақстанда Ұйымға 1947ж. 21қарашадағы мамандандырылған мекемелеріне берілетін артылықшылықтар мен иммунитеттері туралы Конвенцияға сәйкес БҰҰ мамандандырылған мекемелеріне берілетін артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі. »[4]     

 

        

 

         Пайдаланылған әдебиеттер тіэімі.

 

1. Казақстан Республикасының Конституциясы.  30 тамыз 1995ж.

2..Баянов Е. «Мемлекет және құқық негіздері» А., «Жеті жарғы» баспасы 2001ж.,

3. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. "Мемлекет және құқық теориясы"        А. «Жеті жарғы» баспасы, 1997ж.,

4. Сапарғалиев Г.С. "Казақстан мемлекеті және құқының негіздері" А. «Жеті жарғы», 1994 ж.

5. «Қазақстан-2030»  Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы,Алматы, 1998.

6.Сапаргалиев ҚР-ның конституциялық  құқығы, Алматы 1998 ж