A.Ж.Кaдыpкyлoв
М.Х.Дyлaти
aтындaғы Тapaз мeмлeкeттiк yнивepcитeтi, Қaзaқcтaн
Орталық азияда
қауіпсіздікті орнатудың маңызы мен мәні
Қазіргі
таңда Орталық Азиядағы жағдай біршама
тұрақталған секілді, бірақ ол
тұрақтылық аймақтағы елдердің саяси,
экономикалық және әлеуметтік үрдістерінің сипаты
мен екпініне байланысты.
Менің
пікірімше, аймақтық қауіпсіздікке төнетін ең
басты қауіп халықаралық лаңкестік және діни
экстремизм идеяларының әсерімен келетін сыртқы қауіп
емес. Әрине, сыртқы фактордың рөлін де дұрыс
бағалау қажет. Бірақ Орталық Азия қауіпсіздігі
үшін ең басты мәселе Орталық Азия республикаларында
мүмкін болатын ішкісаяси дестабилизацияға байланысты деген ойдамын.
Бұл мәселенің негізгі себебі тұрғындардың
негізгі массасының материалдық жағдайының нашарлауының өз
жалғасын табуы, экономикалық және саяси
реформаларының аяқсыз қалуы, биліктің саяси
құрылымдарының тұрақсыздығында.
Жағдай, сонымен бірге, саяси билікті
бір субъектіден екінші субъектіге берудің өркениеттік
құқықтық механизмінің
жоқтығымен өрши түседі. Андижан мен Бішкектегі
оқиғалар осыған бір дәлел болды.
Орталық
Азиядағы жағдайды бағалау барысында аймақтағы
ұлы және аймақтық державалар саясатының белсендеу
түсуін есепке алмауға болмайды, бірінші кезекте, АҚШ
Орталық Азияда өз белсенділігін,
сондай-ақ Қытай, Үндістан, Иран, Пәкістан, Түркия
және Жапония арттыра түсуде.
Сонымен
қатар, бүгінгі таңда тұрақты орын алып отыратын
халықаралық қақтығыстарды реттеу мәселесі
аталмыш аймақта да көпжақты болып келеді. Оларды экономикалық, саяси, заңды,
географиялық және мәдени тарихи өлшемде сипаттау керек. Орталық Азия
аймағындағы қақтығыстар мен шиеленістер
мәселелесі – жеке мемлекеттердің ғана емес, сонымен бірге
халықаралық ұйымдардың ортақ мәселесі.
Бүгінде және келешекте халықаралық
қақтығыстарды реттеу мен болдырмаудың басты жолы
мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты және
серіктестікті дамытуда жатыр. Осындай жолмен ғана мәселелерді шешу
мүмкін болып табылады. Халықаралық қауіпсіздік
саласында аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, әлемнің өзара
байланыстылығы Орталық Азия аймағындағы
жағдайға ықпал ету үшін аймақтық
деңгейде бірігіп шешім қабылдауы керек.
Орталық Азия елдерінің
ішкі қауіпсіздік саласындағы интеграцияның тереңдету
мүмкіндіктерін қарастыра отырып, ішкі қауіпсіздік
қатерлерінің алдында күш біріктіру мен
үйлестірудің объективті ықтиярсыз қажеттілігінің
авторитарлық басқару тәсілінің, Орталық Азия
мемлекеттерінің көшбасшылары қолында билік
өкілеттіктерінің шорғырлануының көмегімен ішкі
және сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы интеграциясының деңгейі ең алдымен аймақ
мемлекеттерінің арасында осы тақырыптың мазмұны мен
мәселілігіндегі айтарлықтай айырмасының болуымен шектеледі.
Сонымен бірге, ішкі
қауіпсіздікке көзқарастардың концептуалды жақындығына қарамастан, Орталық Азия елдерінің
әлеуметтік және экономикалық даму жағдайларындағы
айтарлықтай айырмалар ортақ, бүкіл ортаазиялық
аймақ үшін әмбебап ішкі қауіпсіздік әдісін
құру туралы әңгіме қозғау мүмкіндігін
бермейді. Бірақ орасан айырмашылықтарға қарамастан, Еуропалық Одақ ішкі
қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудың әдіснамасы
ортаазиялық аймақтық барлық елдері үшін пайдалы
және қолдануға лайықты келеді.
Орталық Азия елдерінің
ішкі қауіпсіздік саласындағы интеграциясының дамуы үшін
сөзсіз пайдалы болатын Еуропалық Одақ тәжірибесіне біз, ең алдымен, еуропалық прагматизмді жатқызамыз, ол «екілік
стандарттар» саясатынан көрініс табады – еуропалық үкіметтік
емес ұйымдардың дамушы елдерде жүргізіп жатқан адам
құқықтары үшін күресі Еуропалық
Одақ алдыңғы қатардағы елдерінің геосаяси мақсаттармен, экономикалық және
саяси мүдделерімен жақсы үйлестірілетіндігі құпия
емес.
Орталық Азия елдері үшін
ішкі қауіпсіздік пен интеграцияға осылайша прагматикалық
тәсілмен келудің мәнісі – Орталық Азия елдері
қатарына кіретін мемлекеттердің өмір сүру салты мен
әлеуметтендіруінің орталықтандырылған жүйелі
нысанын білдіретін және қорғаушы халықаралық
ұйымға мемлекеттердің барынша кең
шеңберінің бірігу қажеттілігін ұғынуда.
Менің ойымша, интеграциялық үрдістер аймақтың алдыңғы
қатардағы екі немесе үш мемлекет көшбасшыларының
саяси еркі мен келісімдерінің негізінде емес, АӨКӘК секілді
кең ұйымдардың тұғырнамасында дамиды.
Қазіргі кезде
Қазақстанның көп ғасырлар бойы
туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык,
қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия
мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр.
Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір
алға басқан Қазақстан аймақ бойынша
көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға
қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің
ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен
қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол
себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру
идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан
басқа аймактың Өзбекістан, Қырғызстан,
Тәжікістан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де
кipyi мүмкін. Соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттері
президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және
Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ
мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық
саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени
қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі
жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар
Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын
нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге
асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. ҚР сыртқы саясатының 2014-2020 жж.
арналған тұжырымдамасы. ҚР Президентінің № 741
Жарлығы. 21.01.2014 ж.
2. Қазақстан Республикасының «Ұлттық
қауіпсіздік туралы» Заңы. 06.01.2012 ж.