М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті
Заң факультеті
Конституциялық және
халықаралық құқық кафедрасы аға
оқытушы Аусагатова Галия Қабылбекқызы
Қазақстанның босқындар мәселесі бойынша
халықаралық ынтымақтастыққа интеграциясының
өзекті мәселелері .
Босқындар мәселесін реттейтін Қазақстан
Республикасының Заңы мейлінше жас.
Біз осы жұмысымызда көрсетіп өткеніміздей,
босқындар ұғымы Қазақстан Республикасының
«Халықтың көші – қон туралы» заңында берілген.
Қазақстанда, сонымен қатар, Қазақстан
Республикасында босқындар деп тану жөнінде өтініш берген
тұлғалармен жұмыс туралы және босқындар
мәртебесін анықтау тәртібі туралы Нұсқаулық
әрекет етеді. Нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының
территориясында тұлғаларды босқын деп тану облыстардың,
Алматы қаласының және астананың Көші-қон және демография басқармаларымен
(«уәкілетті органның территориялдық қызметі»)
Қазақстан Республикасының Халықтың
көші-қоны туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.
«Босқын мәртебесінн
анықтау процедурасының басталуына негіз болып шетелдік
азаматтың немесе азаматтығы жоқ тұлғаның
(өтініш беруші) Қазақстан Республикасы
территориясында оны босқын деп
тану туралы жазбаша арызы табылады. »[1]
Босқын мәртебесін
анықтау процедурасына кіреді:
-
өтінішті беру және анкетаны толтыру; өтініш берушімен
әңгіме өткізу; өтініш беруші хабарлаған
мәліметтердің растығын тексеру (бағалау); өтініш
берушіні босқын деп тану туралы
немесе одан бас тарту туралы шешімді қабылдау. Осы кезде орындалатын
әрекеттер:
а) Уәкілетті органның территориялдық қызметінің
өкілдері өтініш берушіні жаднама жазбахатта келтірілген оның
құқықтарымен және
міндеттерімен таныстыруға міндетті. Өтініш берушінің босқын
мәртебесін анықтаудың алдында тұрған процедуралар
жөнінде қажет ақпараттарды алуы қажет .Босқын деп тану туралы өтінішті
қабылдау өтініш берушінің және оның
жанұясының мүшелерінің оларды куәландыратын
құжаттары бар болған жағдайда жүзеге асырылады. Босқын деп тану туралы өтінішті
қабылдаған кезеңнен бастап өтініш беруші
Қазақстан Республикасының территориясында оның
мәселесі бойынша нақты шешім қабылданғанға дейін
тұруға құқығы болады (аппелляцияны
қосқанда). Қазақстан Республикасының
территориясында босқын деп
тану туралы өтініш беруші тұлғаның
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші –
қоны туралы» заңына
және халықаралық нормаларға сәйкес
оның өтінішін тіркеуден де, босқын деп танудан да бас
тартуға болады. »[2]
б) Өтініш берушімен әңгіме жүргізу өтініш беруші хабарлаған
мәліметтердің растығын және дәлелдерін
бағалау үшін қосымша ақпарат алу мақсатында ол
үшін жеткілікті біліктілігігі бар уәкілетті органның
территориялдық қызметінің өкілдерімен
жүргізіледі. Әңгіме
жүргізудің негізгі міндеті өтініш
берушіден сол әңгіменің негізінде әрекеттегі заңға
сәйкес тұлғаны
босқын деп тануға арналған критерийлерді
қанағаттандыратындығы
туралы қорытынды жасау болып табылады.
в) Өтініш беруші тұлғаны босқын деп тану шешімі
уәкілетті органның территориялдық қызметімен
өтінішті тіркеген күннен бастап отыз күннің ішінде
қабылданады. Егер тексеруді талап ететін кейбір фактілердің
анықталуы бекітілген мерзімде аяқталмаса, онда шешім соларды
анықталғанша кейінге қалдырылады және қажет
болған жағдайда комиссия осы жұмысқа ҰҚК,
ІІМ өкілетті
тұлғаларын тарта алады. Шешімді қабылдау кезінде босқын
мәртебесін анықтау процедурасы
«Халықтың көші –
қоны туралы» заңында көрсетілген жағдайлар бойынша
қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптенуі
болуынан өзінің азаматтығы бар елінің қорғауын
пайдалана алмайтын тұлғалар үшін әзірленген ескеру
қажет. Осыған байланысты
территориясында көрсетілген
жағдайлар туындаған елдің ресми органдарынан
(өкілдіктерінен) нақты тұлғаға
(тұлғалар) қатысты кез – келген ақпаратты сұрату
Қазақстан Республикасының және демография бойынша
Агенттігінің төрағасының санкциясымен ғана
жүргізіледі.
Босқын
деп танылған тұлғаға ішкі істер органдарымен тіркелу
үшін негіз болып табылатын белгіленген үлгідегі куәлік
беріледі. Тұлғаны
босқын деп танудан бас тартқан кезде оған бас тарту туралы
шешім қабылданған күннен бастап отыз күн ішінде бас тарту
себептері көрсетілген және қабылданған шешім бойынша
арыздану тәртібі көрсетілген жазбаша хабарландыру (ескерту)
қағазы тапсырылады. Тұлғаны босқын деп танудан
бас тарту туралы шешімді өтініш беруші жазбаша хабарландыру (ескерту)
қағазын алған күннен бастап отыз күн ішінде жоғарғы уәкілетті
органдарға немесе сот тәртібінде арыздана алады. Арыз беруші
тұлғаға оның арызы бойынша ақырғы шешім
қабылданғанға дейін Қазақстан
Республикасының территориясында болуға
құқық беріледі.
г) Босқын
мәртебесі алғаш рет бір жылға дейін беріледі. Босқын мәртебесін
өкілетті органның территориялдық қызметімен
мақұлдануы үшін жыл сайын босқындардың есебі
жүргізіледі, олардың куәлігі қайта тіркеледі.
Оның барысында әңгіме жүргізіліп олардың
отбасылық жағдайлары, тұрғылықты жері мен
жұмыс орны, отбасы табысы, көрсетілетін көмек мөлшері
анықталады.
Тұлға Қазақстан
Республикасының территориясындағы босқын мәртебесін
иеленуден қалады, егер ол:
- Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің
азаматтығын алса; басқа мемлекет территориясында босқын
мәртебесін алса; ҚР шекарасынан тыс жерге тұрақты
мекен-жайға кетсе; қудалау қауіптенуі салдарынан тастап
кеткен елге өз еркінше қайта оралса.
Босқын деп тану жөнінде өтініш беруші
тұлғалармен жұмыс істеу үшін қажетті
құжаттар тізімі:
- ҚРда
босқын деп тану жөнінде өтініш берушіге арналған
жаднама жазбахат;
-
ҚРда босқын деп тану
жөнінде өтініш;
- ҚР
босқын деп тану жөнінде өтініш берушінің анкетасы;
-
территориалдық және уәкілетті органдар шешімдері;
-
босқын куәлігі;
- ІІБ
паспорттық және визалық жұмыс Басқармасына
жолдама;
- ҚР территориясында босқын деп тану жөнінде өтініш
беруші тұлғалардың тіркелу журналы.
«Қазақстан Республикасы
қоғамдық-саяси қызметі, нәсілдік немесе
ұлттық жағдайы, діни көзқарасына байланысты
азаматтық елінде және/немесе тұрақты тұратын
жерінде қудалау құрбаны болудың нақты
қаупінен баспана немесе қорғаныс іздеуші
тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне,
сондай-ақ олардың
халықаралық құқық нормаларымен
қарстырылған адам құқықтары
бұзылған жағдайларда саяси баспана береді.
Қазақстан
Республикасында саяси баспананы беру туралы немесе саяси баспананы беруден бас
тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының
Президенті қабылдайды»[3]
Қазақстан
Республикасында саяси баспана берілмейді, егер тұлға:
1) Қазақстан Республикасы
заңымен қылмыс болып табылатын әрекеті үшін (немесе
әрекетсіздігі үшін) қудаланатын болса немесе Біріккен
Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен қағидаларына
қарсы келетін әрекеттер жасауда кінәлі болса;
2)
қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде тартылса немесе оған
қатысты Қазақстан Республикасы территориясында заңды күшке енген
соттың айыптау үкімі болса;
3)
қудалау қаупі болмаған үшінші елде тұрған
болса;
4)
жалған мәлімет берсе;
5) оны
қудаламайтын үшінші елдің азаматтығы бар болса.
Ереже Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтарға
және азаматтығы жоқ тұлғаларға саяси
баспана беру туралы өтініштерді беру және қарау
тәртіптерін анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тіэімі.
1. Казақстан Республикасының
Конституциясы. 30 тамыз 1995ж.
2..Баянов Е. «Мемлекет және
құқық негіздері» А., «Жеті жарғы» баспасы 2001ж.,
3. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. "Мемлекет
және құқық теориясы" А. «Жеті жарғы» баспасы, 1997ж.,
4. Сапарғалиев Г.С. "Казақстан мемлекеті
және құқының негіздері" А. «Жеті
жарғы», 1994 ж.
5. «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан
халқына жолдауы,Алматы, 1998.
6.Сапаргалиев
ҚР-ның конституциялық
құқығы, Алматы 1998 ж.