Батыс Тәңіртауы дендрофлорасының эндемді ағаш-бұталары

 

Сихымбаев Ә.Е., Құлтабаров А.С., Насриддинов Ф., Төлеміс Е.Х.

 

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан  педагогикалық университеті

 

         Белгілі бір шектеулі географиялық аумақта немесе өсімдіктер қауымдастығында кездесетін, салыстырмалы шағын территорияны алып жататын түрлер-эндемдер (эндемиктер) Батыс Тәңіртауы дендрофлорасында елеулі орын алады.

         Батыс Тәңіртауының Қазақстандық бөлігі - республиканың жоғарғы сатыдағы түтікті өсімдіктерінің ең көп шоғырланған жері деуге болады. Егер Қазақстан бойынша 1000 шаршы км-ге 2 түрден келетін болса, ол Батыс Тәңіртауында 146 түрден келуі осының дәлелі. Сондықтан Батыс Тәңіртауы флорасында сирек, эндемді  өсімдіктер көптеп кездеседі. Төменде көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде анықталған өсімдіктердің бірнеше түрлеріне сипаттама берілді:

Amygdalus petunnikowii Litv. - Петунников бадамы

Статусы. 1(Е), сирек, эндемдік түр /1/.

Морфологиясы. Ұзындығы 1 м-ге жететін сәндік бұта.  

Таралуы. Сырдария Қаратауы және Батыс Тәңіртауы. Қазақстаннан тыс - Орта Азия.

Экологиясы мен биологиясы. Тау баурайларында 1400-1800 м биіктікке дейін. Сәуір-мамырда гүлдейді, маусымда жеміс береді. Тұқыммен көбейеді. Жойылу факторлары. Шаруашылық қызметте пайдаланылуы.

Қорғау шаралары. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Ақсу Жабағылы қорығында қорғалады.

Euonymus koopmannii Lauche - Коопман  қабыржығы

Статусы. 2(U), өте сирек, ежелгі, Орта Азиялық эндемдік түр /2/. Морфологиясы.  Биіктігі шамамен 1 м болып келетін жалаңаш сәндік бұта.   Таралуы. Талас Алатауының тау шатқалдары, Өгем жотасы. Қазақстаннан тыс - Батыс Тәңіртауы және Памир - Алай.

Экологиясы мен биологиясы. Мезофит. Көлеңкеленген тасты баурайларда, орманда және өзен жайылмаларында, сонымен қатар бұталы тоғайлар арасында. Маусымда гүлдейді, шілде - тамызда жеміс береді. Тұқыммен көбейеді. Түрдің саны мен ареалының өзгеру тенденциясы. Сирек кездесетін түр, қорлары аз болып келеді.

Жойылу факторлары. Көбеюінің динамикасы зерттелмеген. Түр санының қысқару  есебінен, түрдің мүлдем жоғалып кету қаупі бар.

Қорғау шаралары. Қызыл Кітапқа енгізілген түр (1981). Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Ақсу Жабағылы қорығының қорғау аймақтарына қорғалады. Республикадан тыс Сары-Шелек қорығында қорғауға алынған.

Vitis vinifera L.- Жабайы жүзім

Статусы. 3(R), саны мен ареалы қысқарып бара жатқан өте сирек түр, эндем /3/. Морфологиясы. Көп жылдық лиана, биіктігі 20-30 (40) м. Жеуге жарамды өсімдік. Таралуы. Сырдария Қаратау жотасы (Боролдай таулары, Бозторғай маңы, Көк- Бұлақ, Қайыршақты), Талас Алатауының, Машат және Іле Алатауының батыс бөлігі.

Экологиясы мен биологиясы. Мезофит. Ормандарда және бұталы тоғайларда, таулы өзендер жағасында өседі.  Мамыр - маусымда гүлдейді, тамыз - қыркүйекте жеміс береді. 

Түрдің саны мен ареалының өзгеру тенденциясы. Ареалының және түр санының қысқару тенденциясы анағұрлым байқалады.

Қорғау шаралары. Қызыл Кітапқа енгізілген түр (1981). Барлық жабайы өсетін тоғайлары мен орман шаруашылықтары толық күзетті қажет етеді.

Celtis caucasica Willd. -  Кавказ таудағаны

Статусы. 2(U), сирек кездесетін, ежелден қалған қалдық түр, өзінің ареалының солтүстік-шығысында орналасқан, эндемдік түр /3/. Биіктігі 4-8 м кішкене ағаш. Таралуы. Сырдария Қаратау жоталары, Талас Алатауы; Жонғар Алатауы, Іле Алатауы, Шу-Іле тауы, Қырғыз Алатауы. Қазақстаннан бөлек  - Орта Азия, Иран, Кавказ таулары.

Экологиясы мен биологиясы. Тасты баурайларда, шөгінділерде, шыңдарда және ­ таулы өзендердің аңғарларында өседі. Сәуір - мамырда гүлдейді, қыркүйекте, қазан айының басында жеміс береді. Төмен температураларды көтере алмайды. Вегетативтік жолмен және тұқыммен көбейеді.

Түрдің саны мен ареалының өзгеру тенденциясы. Шағын ормандар түзеді. Түр санының қысқару тенденциясы артуда.

Жойылу факторлары. Шаруашылық қызметте пайдаланылуы, ағаштарды кесу, өрт, аяздан оқтын-оқтын опат болу.

Қорғау шаралары. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түр (1981). 

Sorbus persika Hedl. - Парсы шетені

Статусы. 2(U), сирек кездесетін, саны қысқарып бара жатқан, эндемдік түр /3/. Өз ареалының солтүстік - шығыс шегінде орналасады.

Морфологиясы. Ағаш, биіктігі 3-4 м.  Тағамдық,  дәрілік өсімдік.

Таралуы. Сырдария Қаратау жоталары, Талас Алатауы, Өгем, Қырғыз Алатауы. Қазақстаннан бөлек  - Солтүстік және Батыс  Тәңіртау, Памир - Алай, Кавказ, Иран.

Экологиясы мен биологиясы.  Жеке және аздаған топ болып кездеседі. Мамырда гүлдейді, қыркүйекте  жеміс береді. Тұқыммен көбейеді.

Түрдің саны мен ареалының өзгеру тенденциясы. Түр санының қысқару тенденциясы артуда. Әдетте жеке особь түрінде шығыста және солтүстікте бөлек шағын орман түрінде, шатқалдар мен көлеңке баурайларда  кездеседі.

Жойылу факторлары.   Адамның шаруашылық қызметі.

Қорғау шаралары. Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) және Қырғызстанның Қызыл кітабына енгізілген түр. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Ақсу Жабағылы қорығында, республикадан тыс Шатқал және Сары-Шелек қорықтарында қорғалады. 

 

Pistacia vera L. -  Тау пісте

Статусы. 3(R), сирек, қалдық түр, эндем /3/.

Морфологиясы. Ағаш, биіктігі 5-7м, тағамдық өсімдік.

Таралуы. Сырдария Каратауы жотасы (Боролдайтау), Талас Алатауы   (Машаттау, Дәубаба);  Батыс Тәңіртауда, Памир - Алайда, Копет - даг және Иранда.

Экологиясы мен биологиясы. Ксеромезофит. Сәуір - маусымда гүлдейді, шілде - қыркүйекте жеміс береді. Тұқымдармен және вегетативті көбейеді. Жойылу факторлары. Адамның шаруашылық қызметі, ағаштарды шабу, ұрықтарды жинауы, өрт.

Қорғау шаралары. Қазақстанның  Қызыл кітабына  енгізілген (1981).

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Ақсу – Жабағылы қорығы аумақтарында қорғауға алынған.   Шабуға тиым салу қажет.

Malus niedzwetzkyana Dieck.- Недзвецкий алмасы

Статусы. 2(R), өте сирек,  эндемді түр /4/.  Биіктігі 5-8 м келетін ағаш.

Таралуы. Сырдария Каратауы жотасы (Берқара шатқалы), Талас Алатауы: Даубаба және Машат. Ксеромезофильді ағаш.   

Жойылу факторлары.  Ағаштарды шауып алу және ұрықтарды жинауы.

Қорғау шаралары. Түр Қазақстанның Қызыл кітабына (1981) енгізілген.

 

Әдебиеттер

1. Калмыков С.С. Дикорастущие плодовые Западного Тянь-Шаня. Ташкент, 1973.

        2.  Проханов Я.И. Сем.Celestraceae во «Флоре СССР». Т. XIV. М.-Л., 1949.

       3.   Терехов В.И. Эндемичные и редкие растения Чимкентской области. // Охрана растительного мира Казахстана. Алма-Ата, 1979.

       4. Тахтаджян А.Л. Редкие и исчезающие виды флоры СССР, нуждающиеся в охране. Л., Наука, 1981.