Кадыргалиева Н.Г.

Каспийский Государственный Университет Технологии и Инжиниринга им. Ш.Есенова, Казахстан

 

Нарықтық экономикадағы тәуекелдер жүйесі және олардың кәсіпорын құнына әсері

 

 

Бағалау- нарықтық инфрақұрылымның жаңа бағыты ретінде, екі жақ белгілі бір мүліктің объективті құнын анықтау үшін тәуелсіз бағалық арбитрлардың қызметіне келуге тура келетін,  мүліктік тартыстарды шешу қажеттілігіне байланысты пайда болды.Әдеттегідей сұраныс ұсынысты тудырады, осыған байланысты Қазақстанда бағалау нарықтық экономиканың тек қолданбалы саласы ретінде емес, қолданбалы экономикалық ғылымның ғылыми-әдістемелік бағыты ретінде дамыды.Біздің елімізде жетпіс жылдан астам бағалаушы мамандығы болған жоқ. Әрбір меншік объектісінің құны мемлекет тарапынан анықталды. Бірақ объективті тұрғыдан, Қазақстандағы саяси және экономикалық жағдай және қарқынды дамушы нарық қалыптасқан бағалау қызметін құқықтық реттеуді талап етті. 2000 жылы қарашада «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» ҚР-ның заңы қабылданды. Бұл заң  бағалау қызметін жүзеге асыру кезінде бағалау объектісінің нарықтық құнын анықтау мақсатымен қатынастарды реттейді, бағалау қызметі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Нақты объектіні сатып алу әр түрлі мақсаттар көздеуі мүмкін – жеке тұтыну, мысалы үй сатып алу немесе болашақта табыс алу мақсатымен қаржы салымдарын салу; сауда немесе өнеркәсіптік фирма, құрал-жабдықтар, көлік құралдарын сатып алу және т.б. Бірақ әр түрлі мотивтерге қарамастан,мәміленің негізгі кезені - сату-сатып алуды бағалау. Ең күрделісі қызмет етіп тұрған фирманы бағалау. Фирма құнын анықтау оның жылжымайтын мүлігін және басқа да активтерін бағалаумен шектелмейді.

Көптеген жағдайларда зауыт немесе фабриканы сатып ала отырып, оны жауып тастау  немесе мүлігін бөліктеп сату үшін сатып алмайды, бірақ ондай жағдайды ойдан шығаруға да болмайды. Мұндай сатып алу өнім шығару және пайда табумен түсіндіріледі. Сондықтан, болашақ пайда алу есебімен кәсіпорынның барлық активтерінің құнын кешенді бағалау қажет, сонымен қатар фирма атауы, сауда маркасы, оның орналасу орны, жаңа технологияларға, лицензияларға иелік етуі, маманданған кадрларға ие болуы сияқты бірқатар факторларды бағалау керек. Батыста экономикалық терминдерде осы барлық элементтерді бағалау, берілген фирмамен байланысты бизнесті бағалау деп аталады. Берілген фирма болашақта табыс алатындығын және қаншалықты тұрақты болатындығын бағалау үшін кәсіпорын құнын бағалаған кезде, тәуекел дәрежесін бағалау қажет. Берілген тақырыптың өзектілігі  кәсіпкерлік қызметтің тәуекелді болуымен байланысты, яғни нарықтық қатынастар, бәсекелестік,экономикалық заңдар жүйесі шарттарында кәсіпкерлік қызметтің қатысушылары тәуекелді толық есептей алмайды. Кәсіпкерлік қызметте көптеген шешімдерді анықсыздық шарттарында қабылдауға тура келеді, мүмкін варианттардың бірқатарынан қажетті бағытты таңдау қажет болған кезде барлық жағдайларды ескеру және болжау мүмкін емес.

Тәуекел мәселесі өндірістік және қаржылық қызметте маңызды концепциялардың бірі болып табылады. Әсіресе ол кәсіпкерлік қызметте үлкен мәнге ие. Тәуекел капиталды тиімді қолданудың стимулы ретінде болады.

Әлемдік тәжірибеде кәсіпкерлік қызмет

- пайда табуға бағытталған, өзінің мүліктік жауапкершілігі және өз тәуекеліне жүзеге асырылатын азаматтардың, ұйымдардың жеке инициативті қызметі. Нәтижесінде тәуекел басқару теориясында да, тәжірибесінде де жеке мәнге ие болды. Қазіргі бизнес тәуекелсіз мүмкін емес, себебі бизнестегі табыстылық тек кәсіпкерлік қызметтің дұрыс таңдалған стратегиясынан емес, сонымен қатар дағдарыстық жағдайлар ықтималдығын есепке алудан тәуелді.

Нарықтық қатынастар шарттарында өмір сүру үшін техникалық жаңалықтарды енгізуге және тәуекелді іс-әрекеттерге бару керек, бұл өз алдына тәуекелді күшейтеді. Кәсіпкердің басты міндеті тәуекел дәрежесін бағалай білу өнері және оны басқара білу қабілеті. Тәуекел мәнін, түсінігін анықтауда және оның табиғатын түсіндіруде көптеген пікірлер бар. Бұл тәуекел құбылысының көп қырлы болуымен және нақты қызметте толық емес қолданылуымен байланысты. Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі. Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).Тәуекелдің жалпы мазмұнын қамтитын және толықтыратын екі негізгі түсінікті қарастырайық: Бірінші анықтама бойынша тәуекел - бұл кәсіпорынның өз ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдығы, белгілі бір өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыс алмау немесе қосымша шығындардың пайда болу ықтималдығы. Осыдан шыға, тәуекел белгілі бір жағымсыз жағдайдың, қауіптің пайда болу ықтималдығы.

Тәуекелдің екінші анықтамасы «тәуекел жағдайы» түсінігімен тікелей байланысты. Жағдай - бұл белгілі бір қызмет түрінің ортасын құрайтын әр түрлі шарттардың жиынтығы. Орта берілген іс-әрекетті жүзеге асыруға ықпал етіп немесе кедергі келтіруі мүмкін.

Тәуекел жағдайында белгілі бір варианттың ықтималдық дәрежесін сандық және сапалық жағынан анықтауға мүмкіндік бар және оның үш шарты бар:

-       анықсыздықтың болуы;

-       баламалы таңдау қажеттілігі  (немесе таңдаудан бас тарту);

-   таңдалатын варианттарды жүзеге асыру ықтималдығын бағалау мүмкіндігі.

Тәуекел жағдайы сапалы жағынан анықсыздық жағдайынан ерекшеленеді.

Анықсыздық жағдайында шешімдердің белгілі бір нәтиже әкелуін негізінен тіркеу мүмкін емес. Осыдан шыға, тәуекел жағдайы анықсыздық жағдайының бір түрі болып табылады.

Табиғаты бойынша тәуекелді үш түрге бөліп қарастырады:

1. Бірнеше альтернативалардан таңдау жасап отырған субъектінің иелігінде күтілетін нәтижені алудың объективті ықтималдығы. Бұл ықтималдықтар берілген фирмадан тікелей тәуелсіз болады: инфляция денгейі, бәсекелестік, статистикалық зерттеулер, экологиялық орта және т.б.

2. Күтілетін нәтиженің келу ықтималдығы субъективті бағалау негізінде алынатын болса, яғни субъектінің субъективті ықтималдықтармен ісі болады.

Субъективті ықтималдықтар тікелей берілген фирманы бейнелейді: өндірістік потенциал, заттық және технологиялық мамандануы, енбекті ұйымдастыру және т.б.

3. Альтернативаны таңдау және жүзеге асыру процесінде субъект объективті және субъективті ықтималдықтарға ие болса.

Тәуекелдің бұл өзгерістеріне байланысты субъект таңдау жасайды және оны жүзеге асыруға тырысады. Нәтижесінде тәуекел шешім қабылдау стадиясында және қызметті жүзеге асыру стадиясында да болады. Осы шарттардан шыға отырып, тәуекелге келесі анықтама беруге болады: тәуекел – бұл таңдау шарттарында жүргізілетін іс-әрекет немесе таңдау жағдайында анықсыздықпен күресу қызметі. Бұл процесте күтілетін нәтижені , күйзелісті немесе мақсаттан ауытқуларды сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік болады. Соңғы анықтамадан тәуекел түсінігінің мәнін құрайтын негізгі элементтерді атап көрсетуге болады:

 1. Таңдалған альтернатива үшін жүзеге асырылған мақсаттан ауытқу мүмкіндігі.

2. Күтілетін нәтижеге жету ықтималдығы.

3.Қойылған мақсатқа жетуде сенімділіктің болмауы.

 4. таңдалған альтернативаның анықсыздық шарттарында материалды және басқа да жоғалтулардың болуы.

Тәуекел туралы айта отырып, одан қашуға болмайды, бірақ тәуекелге бару туралы шешім қабылданса, іс-әрекеттерді алдан-ала болжау қажет.

Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел  дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.

 

 

Қолданыған әдебиеттер

 

1.                 Закон Республики Казахстан «Об оценочной деятельности»

2.                 Абакумова Н.Н. Политика доходов и заработной платы / Н.Н. Абакумова, Р.Я. Подовалова – М.: ИНФРА – М; Новороссийск: НГАЭ и У, 1999.

3.                 Алексеев М.Ю. Рынок ценных бумаг. – М.: Финансы и статистика, 1992.

4.                 Алехин Б.И. Рынок ценных бумаг. Введение в фондовые операции. – М.: Финансы и статистика, 1991.

5.                 Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996.

6.       Басовский Л.Е. Маркетинг. – М.: ИНФРА – М, 1999.

7.       Батракова Л.Г. Финансовые расчеты в коммерческих сделках. – М.: ЛОГОС, 1998.

8.       Белолипецкий В.Г. Финансы фирмы. – М.: ИНФРА – М, 2006.

9.       Беренс Варнер, Хавранек Питер М. Рукововдство по оценке эффективности инвестиций / Пер. с англ. – М.: ИНФРА –М, 1995.

10.   Бухалков М.И. Внутрифирменное планирование. – М.: ИНФРА – М, 1999.

11.              Григорьев В.В. Оценка предприятий: имущественный подход / В.В.