12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ САЙ ҚҰЗЫРЕТТІ  ПЕДАГОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ МҮМКІНДІКТЕРІ

 

Қазақстан,  Шымкент-Әлеуметтік университетінің

1-курс магистранты Кенжетаева Салтанат Абдумауленовна

 

 Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген [1].

Ел президентінің 2011 жылғы жолдауында көрсетілгендей қазіргі шәкірттеріміз ертеңгі   күн әлем  кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге  көтерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып және әлемдік білім берудің кеңістігіне бағыт алып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қолға алынуда.

Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.

 Елбасымыз 2010 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс деген  болатын. Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев ҚР 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында орта білім беру жүйесінде оқытудың 12 жылдық білім беруге көшуі іске асырылады, ол он жыл ішіндегі жалпыға міндетті білім беруді және екі жыл ішінде бейінді білім беруді қарастырады. Бұл ретте оқу бағдарламаларының мазмұны  өмірде және мамандықта аса қажетті құзіреттіліктерді дамытуға бағытталатын болады деп көрсетті. [1.8б]

12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты – әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірге белсене қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бұл Елбасы Жолдауы талаптарымен ұштасады және жаңа саты маманын даярлайтын оқу орындарының міндетін айқындайды. Осыған сәйкес жаңа формация маманының басты міндеті- өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсендіруге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл болу.

Жалпы алғанда, «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының педагогикадағы қолданылуы туралы мынадай көзқарастар қалыптасқан:

1.     Бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені «мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» және «оқу біліктіліктері» деген дәстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар.

2.     «Құзырет» және «құзыреттілік» адамның тіршілік қызметінің басқа салаларында да кеңінен қолданылып жүр және олар кәсіби іс-әрекеттің жоғары сапасын көрсетеді.

3.     «Құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдары алдағы уақытта оқушылардың мәдениеттанымдық іс-әрекетінің күрделі құрылымын бейнелеп, білім беру мазмұнының өзін дамытуға жаңаша сипат беруі мүмкін.

Біз «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын нақты мазмұнмен толықтыру арқылы білім беруді, оның ішінде оқушының білімділігін жаңаша сипатта жандандыруға мүмкіндік береді деп есептейміз. [2]

12 жылдық орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады:

·       жеке тұлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы;

·       жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;

·       күтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы;

·       оқытудың сабақтастығы;

·       әрбір оқыту сатысының даралығы.

Оқушылардың өзіндік жұмысы, өздігінен білім алу әрекеті жайлы Т.С.Сабыров, А.Е.Әбілқасымова, А.Х.Аренова, С.Смаилов, М.А.Құдайқұлов еңбектерінде сөз қозғалған. Өзіндік жұмыстар оқушылардың ақыл-ой еңбегінің  жоғары сатыда болуын қамтамасыз етіп, біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру нәтижесінде, оқу үрдісінде жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі. Сонымен қоса оқушылардың бойында ұйымдастырушылық, тәртіптілік, еркіндік, мақсаткерлік, ізденімпаздық, белсенділік қасиеттерін дамытады. Ал, мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «... осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту, сонымен қатар білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кез-келген елінде қызметке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде гуманизацияға бағытталған, әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»–деген болатын  [3].

Әр-бір білімгердің алдында тұрған мақсаты - әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу жөніндегі нақты қадамдарға өз үлесін қосу, қоғамымыздың жаңадан қалыптасып келе жатқан жаңа сапалық қарым-қатынастарды бойына сіңіре отырып, нарықтық қатынастар жағдайында жемісті қызмет ету, мінез-құлық мәдениеті мен адамгершілік қадір-қасиетері бар, өмірге деген жеке дүниетанымдық көзқарасы бар, рухани дүниесі бай, жалпы білімі мен кәсіби біліктілігі жоғары, әрі жан-жақты жетілген, кәсіби жағынан білімдар және құзыретті маман болу.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екенін анықтай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.

Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады:

Әлеуметтендіру идеясын жүзеге асыру  тұтас педагогикалық үдерісте оқу және оқудан тыс уақытты толыққанды пайдалануды, сондай – ақ мектептің отбасымен, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта болуын талап етеді. Әлеуметтендіру өзі өмір сүріп отырған қоғамға бара – бар өмір сүруі үшін индивидтің белгілі бір білім,нормалар мен құндылықтар жүйесін меңгеру үрдісі. Әлеуметтендіру адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне қарай қоғамдық қатынастар мен қарым – қатынас формалары, қызмет түрлерінің ендірілуі арқылы жүреді [№4, 28б].

Егеменді еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы, экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан өркендеп өсуі жас ұрпақтың қолында, сонымен қатар, олардың оқу орындарында алған білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.

Нарықтық қатынастар жағдайында білім беру мен кәсіби даярлау бағытындағы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басты міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, сонымен бірге түлектердің алған дипломдары барлық әлемге танылуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу үшін болашақ мамандарды даярлауда қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру қажеттілігі туындайды. Республикамызда бәсекеге қабілетті, өз ісін жетік меңгерген, сауатты, білімдар, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жан-жақты дамыған құзыретті мамандарға деген сұраныстар көбеюде.

Қазақстандағы білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында қабылданған 12 жылдық оқытудың тұжырымдамасында білім мазмұнын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіру мен оны халықаралық нормалармен үйлестіру турасындағы мәселелер көтеріліп, соған сәйкес негізгі міндеттер республикадағы білім жүйесін дамытудың  2010 жылға дейінгі бағдарламасында айқындалды. Білім беру саласының негізгі басымдылықтары ретінде нәтижеге бағытталған білім тұжырымдамасы даярланып, оның негізгі көрсеткіші ретінде құзырлылық ұстанымдарына көшу бағыты айқындалды.

Қоғам қазіргі заман мұғалімінен жоғары мәдениеттілікті, терең рухани және адамгершілік қасиетті құндылықтарға көзқарастың қалыптасқан жүйесін, ұстаздың өзінің шәкіртінің шығармашылық деңгейінің дамуына қызығушылық танытуын, инновациялық іс-әрекеттерге қабілеттілігін, өздігінен жетіле алуын, кәсіби белсенділікті және т.б. қамтамасыз етуді талап етеді.

Құзіреттіліктің қалыптасу процесі білімнің, біліктің, іс-әрекеттің қалыптасуын қамтиды, ұстаздың жалпымәдени дамуын, өзінің көзқарасының және тұлғалық кәсіби құнды қасиеттердің қалыптасуын қамтиды.

Білім болашаққа бағдарланатын болғандықтан, кез-келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі-білім алушының кәсіби құзіреттілігін дамыту. Құзірет-тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Ал құзіреттілік-адамның өзінің іс-әрекет саласына сай тәжірибесін көздейді.

Бүгінгі білімгер, ертеңгі жас маман. Қазақстанның бүгіні мен  ертеңі  жас ұрпақтың еншісінде. 12 жылдық білім беруге байланысты жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, құзіретті етіп тәрбиелеу сол жас мамандардың қолында. Бұл жағдайда мұғалімнің өзі  терең білімді, құзіретті, мәдениетті,бір сөзбен айтқанда 12 жылдық білім беруге сай болу басты міндет болып табылады. Ол үшін әрбір оқу орнында 12 жылдық білім беруге байланысты білімгерлердің білімдерін жетілдіруге арналған курстар жүргізілуі қажет. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамның түрлі кезеңдерінде ақпарат көздерін кеңінен пайдаланылуы және 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық барысында еліміздің әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениетті мен ақпаратты құзыреттілігі қалыптасқан тұлға болуы қажет. Бұл міндеттің шешімін табу еліміздің даму старатегиясына сәйкес қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан ақпараттандыру процесі арқылы жүзеге аспақ.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасында «12 жылдық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»,- деп нақты көрсетілген. Ендеше, осындай тұлғаны даярлауда тілдік пәндердің жетекші рөл атқаратынын ерекше атауға болады. Тілдік дағдыларды толық меңгерген оқушы кез- келген ортада өзінің коммуникативті құзіреттілігін байқата алады.[5. 18б]

Сонымен, қорыта айтқанда, 12 жылдық білім беру жағдайында болашақ маман–бұл қай кезде де, ең алдымен, кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол-ақпарат көздерін өмірге енгізуге дайын, оқу-тәрбие ісіне жанашырлық танытатын, қоғамның ең озық бөлігінің бірі. Оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын зерттеушілік ыңғайға бейім, теориямен практика іс-әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары-адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, парасатты мінез-құлық қасиеттерді бойына сіңірген маман.

Бүгінгі педагог білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана емес, ол Тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесін әлемдік деңгейге бағыттау мақсаты туындап жатқан қазіргі таңда педагогтік мамандыққа қойылатын талаптарға жауап бере алатын, білім мен іс-әрекетін ұйымдастыру іскерлігінің жоғары деңгейіне ие маман болуы тиіс.

 

                                                      РЕЗЮМЕ               

Статья посвящена проблеме реализации компетентного подхода в 12-летнем школьном образовании в Казахстане. В статье раскрывается понятия «компетенция», «компетентность» и «компетентностный подход» будущих педагогических специалистов, на основе анализа, дает сравнительную характеристику особенностей компетентностного образования и традиционного обучения.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің                                                                                  2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. 2010.-8 б.

2.     Иванов Д.А., Митрофанов К.Г., Соколова О.В. Компетентностный подход в образовании. Проблемы, понятия, инструментарий. Учебно-методическое пособие. – М.: АПКиППРО, 2005. – 101с.

3.     Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - Новый Казахстан в новом мире: Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана: Астана, 2007 ж. 28 ақпан.

4.      Рыжков М. В. Ключевые компетенции возможности применения стандарты и мониторинг в образовании. - М., 1999, Журнал №4.

5.     12 жылдық білім беру тұжырымдамасы ГОСО РК 2.003.1 - 2008