э.ғ.д., профессор Дуламбаева Р.Т. ,

Ногаева Е.А.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан.

Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың қажеттілігі және оның бағыттары

 

Кәсіпкерлік - экономиканы алға сүйрейтін негізгі күштердің бірі десек те, бұл саланы қаржыландыру уақыт өткен сайын төмендеп барады. Деректерге сүйенсек, соңғы үш жылда шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіру 37 пайызға азайыпты. Банктер қарыз алушыларды таңдауда сақ болғаны жақсы, бірақ бизнес еркін және арзан өтімділікке зәру екенін де ұмытпаған жөн. Ұлттық экономика үшін осы бір өте маңызды мәселе банк, бизнес және мемлекет қатысатына жаңа тетікті енгізу арқылы шешілетін сыңайлы. Ұсыныс білдірушілердің айтуына қарағанда, ол ШОБ-ті несиелендіру көлемін айтарлықтай көбейтуді қамтамасыз етеді [1]. Дамыған мемлекеттердің экономикасын дамытушы негізгі сектор – шағын және орта бизнес болып табыалды. Көптеген ғылыми теорияларда, зерттеулерде олардың артықшылықтары туралы мысалдар келтірілген.

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің ең басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар» [2], - деді Мемлекет басшысы. Дамыған мемлекеттердің ЖІӨ-нің 50-60 % үлесін шағын және орта бизнес құрайды.

Осы ретте еліміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясының негізгі ережелерін жан-жақты баяндап берген Елбасы ертең оның бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көретіндігін баса айтты. «Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2030 жылға қарай екі есе өсуі тиіс. Ал 2050 жылға қарай бұл сектор басымдықты болады», - деді Н.Ә. Назарбаев. [2]. Сондықтан дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін экономиканы алға сүйреуші сектор – шағын және орта кәсіпкерлікті барынша қолдау және дамыту қажет. Осы ретте дамыған мемлекеттердің қазіргі күргі жетістіктерне қалай жеткені туралы олардың шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту тәжірибесін талдай кетейік.

Сурет 1 - Дамыған мемлекеттердегі шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының негізгі бағыттар

[3, 26 бет,  Ескерту: автормен құрастырылған].

 

Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын органдары, ұйымдары және арнайы мекемелері:

¾   Шағын кәсіпкерлікті қолдау туралы Қазақстан Республикасының агенттігі;

¾   «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ;

¾   «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері Қауымдастығы;

¾   «Ассоциация развития малого и среднего бизнеса «KAZadvancement» шағын және орта бизнесті дамыту ассоциациясы» Қоғамдық ұйымы;

¾   «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы;

¾   Қазақстан Республикасының министрліктері;

¾   KAZNEX Invest;

¾   Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіптік палатасы;

¾   Жеке қаржылық институттар;

¾   Және тағы басқалары.

Қазақстанда дамыған мемлекеттердегі қаржылық қолдаудың барлық түрлері жүргізіледі. Мысалы бизнестің жеке категорыларына келсек: мүгедектерге, мүгедектер жұмыс істейтін кәсіпорындарға салық жеңілдіктері қарастырылған. Мүгедектер, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі жеке кәсіпкерлер біраз мемлекеттік баж алымын және өзге де алымдарды төлеуден босатылған.

Ал төменде ҚР-дағы ШОК-тің салалары бойынша бөлінген несие мөлшері үлестік диаграмма бойынша көрсетілген.

 

 

 

Сурет 2 - ҚР-дағы ШОК-тің салалары бойынша бөлінген несие мөлшері

 

Отандық ШОБ қай кездегіден де, әсіресе, бүгін қосымша өтімділікке аса зәру болып отырса да, бұл саланы несиелендіру көлемі көбеюдің орнына кеміп барады. 2011 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша еліміздің банк секторында ШОБ-ты несиелендіру көлемі 35 миллиард теңгеге қысқарған, ал оның несие қоржынындағы үлесі 2009 жылғы 22 пайыздан 2011 жылдың 1 қыркүйегіне 16 пайызға түсіпті. Жалпы, 2011 жылдың 1 қазанына шағын бизнеске 1,354 триллион теңге несие берілсе, соның 1,016 триллион теңгесі заңды тұлғаларға, ал 338,477 миллиард теңгесі - жеке тұлғаларға берілген екен. Оны салаларға бөліп қарайтын болсақ, өнеркәсіптегі бизнеске 180,369 миллиард теңге, ауыл шаруашылығына - 61,314, құрылысқа - 213,785, көлік саласына - 43,529, байланысқа - 17,6, саудаға - 420,245, басқа салаларға - 400 миллиард теңгеден аса несие қаржысы бөлініпті. Бұдан 80 пайыздан аса қаржының сауда және басқа салаларға берілгенін көреміз [1]. 

ЖІӨ-дегі ШОК-тің үлесі 2011 жылы әлдеқайда төмендеген. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жұыс істеп жатыр. Оның басымдықты секторлары:

¾   Агроөренкәсіптік кешен;

¾   Тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер;

¾   Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі;

¾   Құрылыс материалдары мен басқа да металды емес минералды өнімдердің өндірісі;

¾   Металлургия, металл өңдеу және машина құрастыру;

¾   Өнеркәсіптің бақа да секторлары;

¾   Көлік және қойма;

¾   Ақпарат және байланыс;

¾   Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер;

¾   Білім;

¾   Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;

¾   Өнер, ойын-сауық және демалыс;

¾   Қызметтің басқа да түрлерін ұсыну.

Мемлекеттік қолдау көрсетілмейді:

¾   Акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларға;

¾   Ірі салық төлеушілер тізіміне енгізілген металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындарында [4].

Шағын және орта бизнестің дамуы ұлттық экономиканың маңызды проблемаларын шешіп қана қоймай, басқа мемлекеттермен еркін бәсекеге түсетін тұғыры мықты мемлекетке айналдырады. Сондықтан, мемлекеттік қолдауды қажетсінетін экономика салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлікті, әсіресе, өз бизнесін жаңадан ашқан кәсіпкерлерді мемлекет көлемінде барлық: құқықтық, әкімшілік, қаржылық, несиелік жағынан қолдау жасалса және оның ары қарайғы дамуына мүмкіндіктер берілсе, халықтың тұрмыс деңгейі де жоғарылап, мемлекетіміз дамыған 30 мемлекеттің қатарына еркін кірер еді.     

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Құтмағамбет, Қ. Кәсіпкерлікті қаржыландыру қалай артады? / Қ. Құтмағамбет // «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газет - 19.11.11;

2. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы //Электрондық ресурс http://kaz.gazeta.kz/art.asp?aid=142503 // 14.12.2012;

3. Ибрагиова, Л.Е. Международный опыт государственной поддержки предпринимательства в развитых старанх в докризисный период / Л.Е. Ибрагимова // Банки Казахстана. – 2012. - №9. – С.20-30.;

4. 2010 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 Қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.