Жаналинов Б.Н., т.ғ.к., экономика мамандығының доценті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Банктің операциялық тәуекелдерін

басқару ерекшеліктері

 

Операциялық тәуекелдерді басқару ерекшеліктері қаржы және банк жүйесінде жиі талқыланып жүрген мәселелердің бірі. Басқарудың негізгі міндеті кредит мекемесінің ағымдағы қызметінде кездесетін негативті жағдайлардан сақтандыру, банктің бизнес – процесіне бақылаудың деңгейін жоғарылату. Аталған тәуекелдердің ерекшелігі - олар банктің ішкі тәуекелдеріне жатады және олардың ықтималдығын, көлемін, басқа тәуекелдермен байланысын нақты математикалық – статистикалық заңдылықтармен анықтау мүмкін емес. Операциялық тәуекелдердің ықтималдығын Value at Risk (VaR) әдістемесімен, статистикалық талдау нәтижелерін және ұқстау модельдерін қолдану арқылы болжау өте қиын. Өйткені талданатын мәліметтер жабық. Сол себептен тәуекелдерді біршама бағалағанан кейін, оларды басқару туралы шешімдер қабылданады, соңынан басқару операцияларына мониторинг жүргізіледі.

Операциялық тәуекелдерді пайдалы басқару тәуекел – менеджмент стратегиясына байланысты. Операциялық тәуекелдерді басқаруда проф. Лаврушин О.И., шетел тәжрибесіне сүйене отырып, тәуекел – менеджмент стратегиясының бес фазасын бөліп шығарады: 1) операциялық тәуекел туралы хабар беру; 2) тәуекелдерді жіктеу және бағалау; 3) тәуекелдерді төменнен жоғары талдау; 4)тәуекелдерді жоғарыдан төмен талдау (жалпы); 5)тәуекелдерді жалпы тәуекел – менмджмент стратегиясына келтіру [1].

Алғашқы үш фазасында банкте операциялық тәуекелдер бар екендігі мойындалады; тәуекелдер түрлері бойынша жіктеліп, пайда болу көздеріін анықталады; болашақта негативті нәтижелер тудыратын тәуекелдер анықталады.

Соңынан (4, 5 фазасында) операциялық тәуекелдер жоғарыдан төмен қрай талданып, олардың нәтижелерінің қандай болатыны қарастырылады (мысалы, ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда (бұзылғанда), немесе қызметкерлердің қателігі болғанда нәтиже қалай болады). Соңында операциялық тәуекелдер жиынтығы кредит мекемесінің жалпы тәуекел – менеджментіне айналады.

Жалпы операциялық тәуекелдерді бағалау теориялық және практикалық жағынан қазіргі уақытта даму сатысында деп айтуға болады. Ен бастысы тәуекелдерге екі түрлі бағаның қажеттігі: шығынның көлемі және ықтималдығы. Операциялық тәуекелдерді басқару сатысында әдетте шығындардың ықтималдығына және көлеміне байланысты оларды қабылдау, аудару, төмендету, болдырмауды шешу сияқты сұрақтар туындайды (сурет).

 

 

Шығын

 С

 

 D

 

А

 

В

 
көлемі

 

 

 

 

 

 

Тәуекел ықтималдығы

 

Сурет - Операциялық шығындарды реттеу әдістері

 

Егер тәуекелдердің болу ықтималдығы төмен, ал шығындардың көлемі жоғары болса, онда мұндай тәуекелдерді аудару қажет (А). Мысалы, компьютерлік бағдарламаның бұзылуынан, жүйелік электр тоғының үзілуінен, өрттен сақтандыру. Егер тәуекелдердің болу ықтималдығы да, шығындардың көлемі де төмен болса, онда мұндай тәуекелдерді қабылдау қажет (Б). Тәуекелдердің болу ықтималдығы және шығындардың көлемі жоғары болған жағдайда- мұндай тәуекелдерді болдырмаған дұрыс (C).

Әлемдік экономиканың ғаламдану үдерісінен болып жатқан банк жүйесіндегі бәсекелестіктің жоғарылауы, банк өнімдері мен қызметтерінің күрделенуі, жаңа қаржы құралдарының пайда болуы, қаржы институтарының техникалық құралдармен қамтамасыз етілуіне тәуелділігі, ғылымның жаңа бағыттарының пайда болуы т.б. күрделену факторларының себептері банктердің бірқалыпты тұрақты жұмыс істеуінде қиындықтар туғызады. Аталған күрделену процесстерін ескере отырып, Базель комитеті банк қызметін реттеу мақсатында жаңа талаптар мен міндеттер қойды.

Банк жүйесін тұрақтандырудың негізгі базалық шарты ретінде Базель комитеті мынадай үш талап бөліп шығарды: 1) кредит институттарының капиталымен олардың тәуекелдерінің шамасы жағынан бір – біріне сәйкестігі (адекватность); 2) банкті қадағалау органдарының қызметінің сапасы жоғары болуы;3) нарық тәртібін сақталуын қамтамасыз ету. Коммерциялық банктердің капитал жеткіліктігіне талаптар тәуекелдер түрлерінің кеңейіп, өсуіне байланысты жылдан жылға қаталданып келеді. Өйткені болашақта тәуекел шығындарын жабуға банктің капиталы жеткілікті болуға тиіс. Шығындардың өсуіне операциялық тәуекелдер шығындары да қосылады [2].

Жаңа Базель келісімінде банктің меншікті капиталы кредиттік, операциялық және нарық тәуекелдерін жабуға жеткілікті болуға тиіс. Осыған байланысты операциялық тәуекелдерді жабуға резервтік капитал жинақталады. Оның шамасын мына үш бағытта анықталады: базалық индикатор әдісі; стандартты бағыт; операциялық тәуекелді бағлауға арналған жаңа алдыңғы қатарлы бағыт.

Жоғарыда аталған капитал жеткіліктігін есептеудегі кемшіліктерді болдырмау үшін Базель комитеті «операциялық тәуекелдерді «алдыңғы қатарлы бағыттар әдістемесімен » (АМА) бағалауды және басқаруды ұсынды. Бұл әдістеме бойынша банктер операциялық тәуекелдерді өздерінің модельдерімен (үлгілерімен) белсенді түрде өлшейді және операциялық шығындарға мониторинг жүргізуді қарастырады. Осыәдіспен есептелген операцияық тәуекелдердің шығындары банк капиталының жеткіліктігін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Бұл әдістемелерді банк капитал жеткіліктігін сапалық және сандық критерийлерге сай келгендеғана ұлттық бақылау органдарының ұлықсатымен қолданады. Сонымен аталған бағыт шегінде болашақ операциялық шығындарды және олардың ықтималдығын анықтауда көптеген нұсқаулар мен модельдер бар. Олардың көбісі банк ісіндегі операциялық шығындар туралы статистикалық ақпарат негізінде күрделі математикалық есептерді талап етеді. Бірақ, операциялық тәуекелдерді сандық түрде бағалайтын айтарлықтай модельдер әлі жоқ [3].

Жоғарыда келтіргендей о перациялық тәуекелдерді «алдыңғы қатарлы әдіспен» есепке алу өте күрделі, көптеген факторларды ескеріп жүргізілетін үдеріс деп сиипаттауға болады. Сонымен қатар Базель комитеті операциялық тәуекелдерден туындайтын ішкі және сыртқы шығындарды, ішкі бақылау жүйесін есепке алуды талап етеді. Банктер өздерінің операциялық шығындар базасын құру қажет. Капитал жеткіліктігін есептеуге қажет операциялық шығындар көлемі банктің ішкі статистикасынан, уақыт шегі: 3- 5 жылға дейін алынады.

Сонымен Базель келісімдері банктерді операциялық тәуекелдерді қысқартуға ұмтылдыруға тиіс.Сонымен қатар, нақты тәуекел түрін өлшеу және басқару әдістемелерін жетілдіруге сұраныс бар, атап айтқанда, болашақта тәуекелдерді бағалау модельдері жаңа Баазель келісімдеріндегі капитал жеткіліктігін анықтау әдістемесімен жеңіл біріктірілу қажет.

Әдебиеттер:

1. Банковские риски. Учебное пособие / под ред. проф. О. Лаврушина и проф. Н.Валенцовой. – М.: КНОРУС, 2008.– 232 с.

2. Wilson D. Operational risk// In Lore M., Borodovky L. (eds.) The professional, s handbook of financial risk management. Oxford: Butterworth – Heintmann, 2000. - P. 377 - 412

3. Эксперт Казахстана, № 31, 27 августа – 2 сентября 2007г.