Жаналинов Б.Н., т.ғ.к., экономика мамандығының доценті

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

Банк тәуекелдерін басқару стратегиясы

 

Банк тәуекелдерін басқару жүйесі- банк қызметін тәуекел жағдайында оңтайлы басқару әдістерінің жиынтығы.Басқару жүйесі әртүрлі талаптар (критерийлер) негізінде құрылады.Мысалы, банк тәуекелдерінің түрлеріне байланысты оларды басқаратын бірнеше жүйелік бөлімдер (блоктар) бар:кредиттік, өтімділік, пайыздық, операциялық тәуекелдерді басқару жүйелік бөлімдері. Сонымен қатар кредит мекемесінің кейбір бағыттарында пайда болатын тәуекелдерді басқаруға - кешенді жүйелік басқарубөлімдері(блоктары) ұйымдастырылады [1].

Тәуекелдерді жіктеу түріне байланысты кейде жеке басқару блоктары- жеке меншіктегі тәуекелдерді басқаружәне жиынтық тәуекелдерді басқару жүйелік бөлімдері бөлініпшығарылады. Біріншісінде кредиттік келісімдерді және банктіңбасқа операцияларын басқару жүйелері, екіншісінде – банктің әртүрлі қоржындарын: кредиттік, инвестициялық, сауда-саттық, тартылған ресурстарды басқару жүйелері құрылады.

Банктерді тәуекелдерден қорғау тетігі (механизмі) оларды ағымдағы уақыттареттеу, мониторинг жүргізу, тәуекел шамасын ең төменгі деңгейге (minimum)жеткізуге шаралар қабылдау және оларды іске асыру болып табылады. Мысалы, тәуекелдің шекті (номативті) көрсеткіштеріне бақылау орнату және олардың негізінде оперативтік шешімдер қабылдау [2].

Сонымен, тәуекелдерді басқару жүйесінің мынадай элементтерін бөліп шығаруға болады: басқару субъектілері; тәуекелдерді анықтау (идентификация жүргізу); тәуекелдерді бағалау; тәуекелдерге мониторинг жүргізу; құқықтық тәуекелдерді бақылаушы құқық бөлімі.

Тәуекелдерді анықтаудың (идентификация жүргізудің) мәні - олардың пайда болу көздерін (факторларын) табу [3]. Ал соңғылардың тәуекелдер түрлеріне байланыстыөздерінің ерекшеліктері бар. Мұнытөменедегікестеден көруге болады (Кесте):

Тәуекелдерді анықтауоперациясының мақсатыоларды тек қана пайда болу факторларына бөлу емес, сонымен қатар олардың тәжрибелік пайдасын жәнебанк үшін «негативті» жағын бөліп шығару.

Тәуекелдердібағалауолардысапасы және шамасы жағынан талдау арқылы жүргізіледі.Мысалы, ең көп тараған бағалау әдістеріне шетел тәжрибесіндегі «5 си» әдісі жатады; басқа да бағалау әдістері бар: мысалы, пайыздық, операциялық, баланстанбаған өтімділікті бағалау әдістері

 

Кесте – Тәуекел факторларының пайда болу көздері

 

Тәуекел түрі

Тәуекел факторларыныңбелгілері

 

Кредиттік тәуекел

Заем алушының төлем қабілеттігі төмендейді

Кредит қоржынының сапасы төмендейді

Негізгі қарыз және пайыздық төлем мерзімі өтіп кеткен

Проблемалық ссуданың пайда болуы

Қарызды жабу көздерінің сенімділігі жоқ

Пайыздық тәуекел   

Кезеңде пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне сезімтал активтер мен пассивтердің көлемі және мерзімдері бойынша сәйкестіктің болмауы.

Пайыздық маржаның төмендеуіне әкелетінактив және пассив операцияларының болжам бойынша сәйкестігінің болмауы.

Кейбір активті операциялардың пайыздық маржасының төмендеуі

Тартылған ресурстардың пайыздық мөлшерлемелерінің орналастырған ресурстардың мөлшерлемелерге қарағанда жоғары болуы

Операциялық тәуекелдер

Кәсіпкерлік мамандығы төмен қызметкерлердің банктің жаңа операцияларын жүргізуі

Банк қызметінің кейбір бағыттарының бағдарламамен жеткіліксіз қамтамасызетілуі

Банктің кейбір бағыттарының заңнамалық толық қамтамасыз етілмеуі

Банк қызметінің кейбір сегменттеріндеішкі бақылаудың сапасының төмен болуы

Кәсіпкерлік мамандығы төмен әріптестермен операциялар жүргізу

 

 

Тәуекелдердің сандықшамалары банктің стандарттарында (шектеулер, нормативтік көрсеткіштер)бекітіледі.Көрсеткіштер әлемдік және отандықбанк тәжірибесіне сүйене отырып белгіленеді. Тәуекелдерге мониторинг жүргізутұрақты түрде тәуекел көрсеткіштеріне талдау жүргізу, банктің пайдалылығын сақтай отырып оның тәуекелін төменгі деңгейге түсіруге тиісті шаралар қолданып, шешімдер қабылдау. Мониторинг қызметі:банктің функционалдық бөлімдерінің, оның айрықша комитеттерінің, ішкі бақылау, аудит және талдау бөлімдерінің қызметтері банк менеджерлерінің арасында бөлінеді. Айта кету керек, банктің функционалдық бөлімдері банктің коммерциялық тәуекелдерін басқаруға жауап береді, ал комитеттеріжәне басқа жиынтық бөлімдері – фундаменталдық тәуекелдерді басқаруғажауап береді.

Тәуекелдерді бақылау көрсеткіштеріне қаржылық коэффициенттер, операциялар бойынша шектеулер, кредит қоржынының және оның сегменттерініңқұрылымы, банктің әріптестерінің стандарттары жатады (мысалы, қарыз алушылардың, бағалы қағаз эмитенттерінің, әріптес – банкілердің т.б.). Әлемдік қаржылық дағдарыс кезіндегіҚРбанк секторын басқару жүйесі. 2007ж. АҚШ – та басталған қаржылықдағдарыс әлемдік дағдарысқа айналды. Оның басты себебі – әлемдік экономиканың дамуындағы дисбаланс, ондағы ақшалай - ссудалық капиталменматериалдық капиталдың арасындағы алшақтық, соңғысының әлдеқайда артық болуы (шамамен 65-75%).

Әлемдік қаржылық дағдарыс Қазақстан экономикасының даму үстіне келді (ЖІӨ – нің өсуі дағдарыс алдында орташа - 9,5%). Жоғарғы қарқынмен өндіріс, қозғалмайттын мүлік нарығы, құрылыс, банк өнімдерінің нарығы қарқынды дамып тұрды.                                                                                    

Дағдарысқа дейін Қазақстан банкілері кредиттік ресурстарын арзан шетел заемдарымен толықтырып, ресурс жинақтауда ешқандай қиындықтар көрген жоқ. Бұған себеп - Лондондағы банкаралық «LIBOR»мөлшерлемесінің ол кездетөмен болуы.ҚР банкілері шетел банкілерінен заемдық ресурстарды 4% -5% жылдық мөлшерлемемен сатыпалып, ішкі кредит нарығында әлдеқайда жоғары бағаменсатып отырды. Бұл теңгенің долларға есептегендегібағамы өсіп келе жатқанда (сол кезде жылына 5%-ға) банкке өте пайдалы кредит болатын, тіпті босқа берілген кредитпен бірдей болды [4].

ҚР Ұлттық банкі дағдарысты бәсеңдету үшін банктерге: қысқа мерзімдік қарыз берді, бағалы қағаздарының («ноттар») өтеу мерзімдерін қысқартты,резервтікталаптарды есептеу механизмін (тетігін) қайта қарастырды. Ұлттық банк тек қана тамыз айында банктердің өтімділігін сақтау мақсатында 1,3 трлн теңге немесе 10 млрд $ артық, қыркүйек айында – 8 млрд $ қаражат бөлді. Қолданған шаралардың нәтитжесінде дағадарыстың бірінші толқыны бәсеңдетілді. Бірақ банк секторының негізігі көрсеткіштері (активтері, кредиттері, депозиттері) төмендеп қалды.

Банк секторындағы дағдарыс 2008ж. тереңдей түсті. Оның басты себебі –әлемдікнарықтағы мұнайдың бағасының күрт төмендеуі. 2008ж. соңындамұнайдың бағасы: бір баррель – 37,9 долл дейін түсті. Осыған байланыстыәлемдік тауарнарығындағы бағалар да төмен түсіп кетті, әсіресе азық – түлік өнімдері, шикізат тауарлары, металл сияқты - негізгі экспорттық Қазақстандық тауарлар.

Ұлттық банк Республикадағы қаржылық жағдайды тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін банктердің өтімділігін қолдау мақсатындақысқа мерзімдегі кредиттер берді, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін10% - ға дейінтөмендетті (01.01.2009ж. бастап), ең төменгі (минималды) резервтік талаптар төмендетілді (2%; 3%). Жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру сомалары 700 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейін көтерді.

Экономикаға үкіметтің бөлген 1 трлн 87,5 млрд теңге қаржысыныңжартысына жақыны банктердің капиталына салынды. Оның ішінде -120 млрд теңге Халық банкі мен Казкоммерцбанкінің акцияларын сатып алуға; 212,1 млрд теңге «БТА банкінің» акцияларына, және 24 млрд АҚ «Альянс Банктің» депозитіне салынды.Нәтижесіндемемлекет «БТА банктің»85% акциясын,Альянс банкінің» - 67%, Казкоммерцбанкі мен Халық банкінің 25% - ға жақын акциясын иеленді.

Мемлекет сонымен қатар Ұлттық қордан(кредит ретінде) ипотекалық кредиттерді қайтадан қаржыландыру мақсатында банктерге 120 млрд теңге, шағын және орта бизнесті қолдауға 120 млрд теңге, үлеспен тұрғын үй салуқұрылысына - 23,6 млрд теңге,инновациялық, инфрақұрылымдық жобаларға 27,2 млрд теңге бөлді.

Сөйтіп банктердің капиталын қолдаужәне өтімділігін сақтау мақсатындажүргізілген жүйелік шаралар экономиканың тұрақтылығын сақтап қалуға және оның дамуынамүмкіндік берді. 2009ж. ЖІӨ – 1,1% - ға өсті, банктердің кредиттік қоржыны 4,3% - ға жоғарылады[4].

Қортындылай келе 2007-2008жж. әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстан экономикасының, оның ішіндебанк секторының көптеген әлсіз жақтарын ашыпберді. Атап айтқанда: банк секторын тәуекелдерден қорғау және басқару жүйесінің жоқтығы немесе ол жүйенің жеткіліксіз дамуы; экономиканың, оның ішінде банк секторының сыртқы макроэкономикалық факторлардың жағдайсыз өзгеруіне сезімталдығы; банк секторының заңнамалық және нормативтік құжаттарының банк жүйесін тәуекелдерден қорғауғаәлі жеткіліксіздігін, оларды жетілдіру қажеттігін; банктердің сырттан қарыз тарту саясаты әрқашанҰлттық банктің, Қаржылық қадағалау комитетінің бақылауында болу қажеттігін және бұл бағыттағы нормативтік құжаттар үнемі жетілдіріп отыруға тиістігін; Қазақстан банкілерінде қазіргі жаhандану үдерісіне сай «тәуекел – менеджмент» стратегиясы болу қажеттігін.

Қазіргі кезде банктердің көпшілігі өздерінің басқару стратегиясының негізіне консервативті саясатты таңдап алуда, ал кейбіреуі, соның ішінде ірі банкілер, тәуекел – менеджмент жүйесінің сапасын түбегейлі өзгертуді қолға алуда. Дағдарысқа дейінгі жылдары банктердің кредиттік саясаты консервативті ұстанымда болатын. Кредит беру процесінде банк алдымен қарыз алушының төлем қабілеттігіне, сонан кейін кепілзатын бағалайтын. Кейін сырттан көп қаржылық ресурстар тартыла бастаған уақытта, кредит талаптары жеңілдетілді. Тіпті кейбір банкілер кепілзатсыз кредиттер бере бастады. Дағдарыс басталып кеткенде – банктер тәуекелдердің маңыздылығын, оларды есепке алу қажеттігін, әсіресе сырттан қарыз алудың қаншалықты тәуекелі жоғары екенін түсінді.

 

Әдебиеттер:

1. Банковские риски. Учебное пособие / под ред. проф. О. Лаврушина и проф. Н.Валенцовой. – М.: КНОРУС, 2008.– 232 с.

2.Банковское дело /Учебникпод ред. А.А. Абишева, С.А. Святова. – Алматы: Экономика, 2007. – 382 с.

3.Обзор банковского сектора Казахстана. Аналитическая служба Рейтингового Агентства РФЦА. http//www.rfcaratings.kz

4. Эксперт Казахстана, № 31, 27 августа – 2 сентября 2007г.