ЖАҺАНДАНУ
ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
Т.ғ.к., доцент Байтұр Мәдениет, аға
оқытушы Төлеген Ұлзия
Халықаралық
гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент қ.
Қазіргі кездегі жаһандану дүниесі
басқа елдердің алдына қойғаны секілді біздің
еліміздің алдына да күрделі принципті мәселелер қойып
отыр.
Жас мемелекетіміздің болашақтағы
дамуы осы мәселелердің қалай шешілетініне байланысты
екендігін атап өткен жөн. Егер Қазақстанның жалпы
әлемдік экономикалық және саяси жүйеге кіріккен
мемлекет болуына қол жеткізгіміз келсе, онда дүниежүзілік
үрдістер мен проблемаларды ой елегіне салудан біз де шет қалмауымыз
керек.
XX ғасырдың соңына қарай
дүниежүзілік дамуда жаһандану процесінің тез
қарқын алғанын атап өткен жөн. Дамыған
елдер топтасып алып ықпал жүргізу аймақтары үшін, тауар
шығаратын елдер үшін нағыз таласқа түсе бастады.
Жаһанданудың басты талабы кез келген мемлекет қалай да
болмасын бір қауымдастықтың құрамына кіруі
қажет болып қалды.
Осындай жағдайда тәуелсіздігін жаңа
ғана алған Қазақстан сияқты елдің
ешқандай мемлекеттермен байланыспай, өз бетінше дербес өмір
сүруінің мүмкін еместігі белгілі жағдай.
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Кеңес одағы
ыдыраған соң тоталитаризмнен нарық пен демократияға көшу,
саяси және экономикалық реформаларды жүйелі түрде
жүргізу, ішкі және сыртқы қауіпсіздігімізді
нығайту үшін көп деңгейлі интеграциялық қауымдастық-
тарға
енудің қажеттігін саясаткерге тән сезімталдықпен болжай
білгендігін атап көрсеткен жөн.
Қазір көптеген елдердің
арасындағы ынтымақтастық күшейіп, екі жақты және
көпжақты қатынастар орын алуда. Бұның бәрі
оң үрдіс. Бірақ екінші жағынан,
тәуелділіктің, қысымның артып, егеменді мемлекеттерді
ақпараттық және технологиялық салаларда бақылау
күшейе бастағанын да көруге болады.
Бірқатар мемлекеттердің
халықаралық ұйымдар мен дамыған елдердің алдында
қарызға батып, егемендігінің бір бөлігін жоғалту
қаупі де бар екендігін жасыруға болмайды.
Ғалымдардың есебі бойынша егемендік принципі
таяудағы он жылдарда қайтадан ой сарабынан өтетін болады.
Мұның өзі ұлт үстілік ұйымдар мен құрылымдардың
пайда болуына байланысты. Оларға ұлттық егемендіктің
бір бөлігі беріліп, оның өзі жаһанданудың
ажырағысыз бөлігіне айналады. Мұның көрнекті
мысалы - Еуропа одағы.
Қазіргі заманда бүкіл әлем жаһандану
үрдісіне еніп, мемлекеттер бір - бірімен тығыз байланыс орнатып
жатқан тұста тәуелсіз Қазақстан
өзінің дербес дамуын жаһандану процесімен үйлестіруге мәжбүр
екендігін ерекше атап өту қажет. Былай алып қарағанда
еліміздің өз еркімен өркендеуіне барлық
мүмкіншіліктер бар сияқты. Қазба байлықтарымыз жеткілікті,
шетелдік инвестициялармен бірге жаңа технологиялар да келіп жатыр. Жер
қойнауындағы байлығымызды тиімді пайдалана білсек, ұтымды
саудалай алсақ еліміздің өркендеп, халқымыздың әл
- ауқатының артуына негіз бола алады.
Қазіргі кезеңде техника мен ғылымсыз
өркениет те дами алмайды. Оның табыстарын қазақ елі де
пайдаланып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі өмірде
қолданып жүрген техникалық бұйымдар мен өнімдер,
үстіміздегі киімдеріміз бен жеп жүрген тағамдарымыз, тұрып
жатқан үйіміз, ондағы алуан заттар (телефон, телевизор,
тоңазытқыш, жиһаз, люстра) бұлардың бәрі
қазақтың өзі жасаған ежелгі дүниесі емес,
сырттан келген заттар, яғни жаһанданудың нәтижесі деуге
болады. Алдағы уақытта бұл үрдіс тереңдей бермек.
Ал сол нәрселердің бәрін қазақтың өзі
жасай алмауының басты себебі ұзақ уақыт отарлықта
болғанымыз болып табылады. Империя кезінде де, Кеңес заманында да
қазақты ұлттық езгіге салды. Өзінің
мемлекеті, басшысы, зиялысы, болмаған қазақта білім мен
ғылым дами алмады.
XIX ғасырдан бастап, әсіресе XX ғасырда
қазақ елі отарлық қамыттың нәтижесінде
ежелден келе жатқан салт - дәстүрден айырыла бастағанын
ерекше
атап өту керек. Көшпелі өмір қалыптастырған
рухани кұндылықтардан ада бола бастадық.
Енді XXI ғасыр қазақ жұртын
тағы да сынаққа қойып отырғанына ерекше назар
аудару қажет. Бабаларымыз ежелден аңсаған тәуелсіздікке
қол жеткізіп, тәуелсіз дербес мемлекет болып өз еркімізбен өмір
сүріп жатырмыз. Бұған құдайға мың
шүкіршілік, тәубе деуімізге болады. Алайда табысқа
тоқмейілісінуге болмайды. Алда үлкен проблемалар тұр.
Біздің сол тәуелсіздігімізді сақтап, баянды етіп
қазақ елінің әлем картасында, тарих сахнасында мәңгі
болуын қамтамасыз етуіміз үшін не істеуіміз керек? деген сұрақ
тұр.
Қазақ мемлекеті мәңгі
сақталуы үшін бұрынғы ескі рухани мұраны білу, зерттеу
жеткіліксіз. Ол үшін біздің мемлекет өркениетті болуы тиіс.
Олай болмаған жағдайда біз адамзат өркениетіне ілесе
алмаймыз. Ылғи артта қалған ел мықты жұрттармен
тең сөйлесе алмайды. Бірте - бірте тарих сахнасынан ысырылады.
Көптеген халықтар осылай жоғалған. Олар өмір
өзгерістеріне бейімделе алмай, бәсекеге жарамай, күштілерге
жем болған. Сөйтіп үні де өшкен, өзі де
ғайып болған. Қайтсек қазақ мемлекетін
дамыған елдер қатарына теңестіреміз. Бұл бүкіл
қазақ жұртын мазалауға тиіс. Қалың
қазақ болып, бәріміз бірігіп, мемлекетіміздің
мәңгі жасауын қамтамсыз ету үшін алдыңғы
қатардағы ғылым мен техниканы, технологияны, білім мен
мәдениетті меңгеруіміз керек.
Тәуелсіздік баянды болу үшін мемлекет
күшті болуы тиіс. Ол үшін мемлекетті нығайту керек. Бұған
ғылым мен білімді жетілдіріп, озық техника мен технологияны
меңгеру арқылы қол жеткізуге болады. Президент пен
Үкіметтің бүгінгі таңда дәл осы салаға
көңіл бөліп, реформа жүргізіп нақты шаралар
атқарып жатқаны - сол келешектің қамы.
Қазіргі өмірімізді жан - жақты
таразылап, оның күнгей, көлеңкелі жақтарын
көре біліп, оны жетілдіре білсек, екінші жағынан қазақ ұлтын
техника мен технологияны меңгерген индустриялы ұлт дәрежесіне
көтеруіміз керек.
Тәуелсіздік алғанымызға міне биыл 23
жыл болды. Құдайға шүкір, макроэкономикада, ішкі,
сыртқы саясатта жеткен табыстарымыз орасан. Бірақ ол
оңайлықпен келген жоқ. Нарық басталғалы
қаншама байлығымызды өзіміз игере алмай, шет елдіктерге
беруге мәжбүр болдық. Оған себеп ол кезде техника мен
технологияны меңгерген қазақ кадрлары, инженер -
техникалық мамандар жетіспеді. Осыны сылтау еткен шетелдіктер
қазақ жұмысшыларының құқықтарын
аяқ асты етті.
Қазіргі кезде урбанизация қатты
жүріп жатыр. Нарық заңы осыған әкелді.
Қазақтар қалада көбейе бастады. Бұл жақсы
үрдіс. Алайда ол стихиялы түрде жүріп жатыр. Оны бір
жүйеге келтіретін шаралар керек.
Қалаға келген қазақтарды жұмысқа
орналастыру өте қиын. Себебі: көбісінің
мамандықтары жоқ. Оларды ең алдымен мамандандыру қажет.
Ол үшін орта техникалық білім беретін оқу орындарын ашып, бір
жылда электрик, дәнекерлеуші, сантехник, краншы, кірпіш қалаушы,
шойыншы т. б. өндіріске, қала тұрғындарына аса
қажетті мамандар даярлау қажет.
Жалпы XXI ғасырда қазақ халқы
қалалық ұлт болатыны көрініп тұр. Олай болса жастарымызды
қала өміріне, оның барлық саласын қамтитын
мамандықтарды меңгеруге қазірден бастап бағыттауымыз
керек. Қалалық болған соң үлкен индустрияны
меңгеру қажет. Қарағанды, Балқаш, Теміртау,
Өскемен, Павлодар сияқты қалалардағы индустрия
алыптарында қатардағы жұмысшыдан бастап, цех жетекшісі,
инженер басшыға, директорына дейін
қазақтар болатын жағдайға қол жеткізуіміз керек.
Сонда ғана біз «қой бағуды ғана білетін
қазақ» дегенді жоққа шығарып қолымыздан бәрі
келетінін дәлелдер едік.
Қалалық ұлт болу үшін
үлкен индустриямен қатар ауқымды сауда - саттықты,
қомақты капитал жинау тәсілдерін меңгеруді талап етеді.
Қазақтар арасынан әлемдік деңгейдегі олигархтар
шығып, миллиардер атанып жатса, олар ұлттың мүддесіне
қызмет етсе, білімді инженер - техникалық кадрларымыз көбейсе,
олар өндіріс пен ғылымды ұштастыра
отырып, озық технологияға қол жеткізсе, қазақ
мемлекетінің Президент Н. Ә. Назарбаев
айтқан әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына
қосылары сөзсіз. Ол үшін қажырлықпен жұмыс
істеп, бүкіл қазақ болып ат салысуымыз керек.
2012 жылдың Тәуелсіздік мерекесі
қарсаңында Президент Н.Ә. Назарбаев Халыққа
жаңа Жолдау жасады. Бұл – тарихи маңызы зор құжат
«Қазақстан – 2050 Стратегиясы-қалыптасқан
Мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - деп аталады.
Елбасы жаңа Жолдауында Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздік алған 20 жыл ішіндегі зор
табыстарын саралап, 1997 жылы қабылданған «Қазақстан -
2030» Стратегиясында белгіленген межелерге жеткенімізді мақтанышпен атап
өтті. Жаңа Жолдау «Қазақстан - 2030»
Стратегиясының заңды жалғасы болып табылады. Себебі 33
жылға арналған ұзақ мерзімді бағдарламадағы
негізгі мақсаттар мен міндеттер уақытысынан бұрын
жүзеге асты.
Қазақстан
тәуелсіздік алған 21 жылдың ішінде аса елеулі
табыстарға жетті. Ел танымастай өзгерді. Бүгінде біз
экономикасы дамып келе жатқан, сыртқы және ішкі саясатта
өзіндік ұстанымен дараланған іргелі елге айналдық.
Жаһандық дағдарыстар бізді де жағадан алғаны
мәлім. Бірақ, біз одан сескенбедік. Белгіленген Стратегиялық
бағдарламаларымызды жүзеге асыра білдік. Дағдарыстар экономикамызға
тосқауыл бола алмады. Бірлігіміз бен татулығымыздың арасында
қуатты бола түстік. Жан басына шаққанда ішкі жалпы
өнім 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 жылы 12 мың
долларға жетіп, 7 елден астам өсті. Мемлекетіміздің
мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның
әлеуетін пайдалана білдік. Соның
нәтижесінде Халықаралық Қауымдастық Астананы
ЭКСПО – 2017 Халықаралық Көрмесін өткізу орны ретінде
таңдады.
Мемлекетіміз «Қазақстан-2030» Стратегиясын
қабылдаған 15 жылдың ішінде әлемдегі ең серпінді
дамушы елдердің бестігіне кірді.
Елімізде үдемелі
индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда.
Қазір дүниежүзілік
экономикалық форумның рейтінгісі бойынша 51-орында тұрмыз.
Елбасы өзінің жаңа жолдауында біздің алдымызда
тұрған жаға міндеттерді толық анықтап береді.
Жолдаудың алға қойған мақсаты – таяу жылдары
Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30
мемлекеттің қатарына қосу. Бұл ауқымды міндетті
жүзеге асыруға еліміздің әлеуеті толық жетеді.
Қазақстан халқының
болашаққа деген нық сенімін қалыптастыратын ұзақ
мерзімге арналған Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық
бағдарламасы жүзеге асу үстінде. Осы стратегия
Қазақстанның тәуелсіздігін мәңгілік етуге
арналған деуге болады.
Біз іргелі ел болып, күштілерге бас имей.
Қазақстанның егемендік жолымен жүріп келеміз. Қазіргі
Қазақстан экономика, әлеуметтік - саяси даму
қарқыны жөніне ТМД елдері арасында ең
алдыңғы орында келеді.
Біз ертеңгі күнімізге үлкен
үмітпен қараймыз. Болашағымыз жарқын. Ұлы
Отанымыз Қазақстанның экономикалық және рухани
байлығын молайтуға, қауіпсіздігі мен қорғаныс
қуатын күшейтуге ұмтылу - баршамызға ортақ
міндет. Осы жолда біліміміз бен қайратымызды, қабілетімізді,
қажет болса жанымыз бен қанымызды аямай жұмсау - біздің
басты парызымыз.
Әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан-2050
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саясаты. Егемен Қазақстан,
2012, 15 желтоқсан.
2. М.Әшімбаев. Жаһандану дүниесі және
Қазақстан. Егемен Қазақастан, 2004,
28 сәуір.
3.
А.Айталы. Ұлттану, А, 1996.
4. Қазақстан-2050 стратегиясы: бір
халық – бір ел-бір тағдыр. Егемен Қазақстан,
2013, 25 сәуір.