Лингвоелтанымдық бағытта
қазақ тілі лексикасын
оқытудың ерекшеліктері
Абай атындағы ҰПУ
«6М020500-Филология» мамандығы
1 курс магистранты
Сүлейменова
Г.Ж.
Мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні жайында
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Мемелекеттік тіл–Қазақстан халықтарын біріктіретін
тіл»,-деген болатын. Қазақ тілін өзге ұлт
өкілдерінің меңгеруі, оны қоғамдағы
бірліктің күші ретінде тану болып табылады.
Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қазақ
халқының тілін білумен қатар халқымыздың
мәдениетімен, тарихымен, салт–дәстүрімен танысады және
тілді жетік меңгеруге мүмкіндік алады.
«Тіл – елдің елдігінің, оның ғылымы мен
мәдениетінің, өнеркәсібінің,
қоғамдық құрылысының, салт –
санасының, жауынгерлік дәстүрінің, ұлттық
мұрасының қай дәрежеде екенін білдіріп тұратын
көрсеткіш», – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай,
қазақ тілінің өз дәрежесінде, толыққанды
дамуы, оны үйрету жүйесі жан – жақты қарастыруды
қажет етеді.
Қазақ тілін
өзгетілді студенттерге үйрету үшін көптеген
жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Соның бірі
лингвоелтанымдық бағытта оқыту. Лингвоелтанымдық деген
терминнің қандай мағына білдіретіні, қарастыратын
мәселесі, зерттеу нысаны орыс,
шетел ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
«Лингвоелтаным» тіркесі өзі айтып
тұрғандай, бір жағынан тілді үйретсе, екінші
жағынан, сол тілді тұтынатын ел туралы бағыт.
Дәстүрлі елтаным мен лингвоелтанымның айырмашылығын
нақты анықтап алу керек. Қандай тілді оқытуда болмасын,
елтаным ұзақ уақыт бойы оқытылып келе жатқан
қоғамдық пән, ал лингвоелтаным филологиялық
пән ретінде тілді оқытудан бөлек қарастырылмайды, тілді
үйретуде практика түрінде тілдік бірліктердің семантикасын
оқытады.
Аталған
филологиялық жол екі түрлі міндетті атқарады, біріншіден,
тілдік бірліктерден мәденитанымдық ақпаратты бөліп алу,
бұл жағдайда негізгі нысан мәдениет болып саналады.
Екіншіден, тілдік бірлікті сол тілді және мәдениетті
иеленушілердің санасындағы бейнеге ұқсас етіп
қабылдату және оқыту.
Олай болса, лингвоелтанымның басты
мақсаты – мәдениетаралық коммуникация актісінде
қарым-қатынас құзіреттілігін қамтамасыз ету.
Лингвоелтаным бірнеше мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді,
соның ішінде мәтінді бара-бар қабылдаудың
филологиялық мәселелерін атау керек, себебі ол тек
лингводидактиканың ғана емес, аударматанудың да
лингвистикалық негізі болып табылады[1].
Сонымен
бірге лингвоелтанымдық бағыт. тілдің әлемеуметтік
сабақтастығын зерттеудің орталық
бағыттарының бірі. Тілдің әлеуметтік
сабақтастығын зерттеудің аталған бағытының
өкілдері, ең алдымен, сөз мағынасына назар аударады.
Ғалымдардың айтуынша, сөздер ақиқаттағы
реалийлердің таңбасы, сондықтан олардың семантикасынан кейбір «экстралингвистикалық»
мазмұндарды бөліп алуға болады, бұл мазмұн
тікелей немесе жанама түрде сол тілде көрінетін мәдениетті
танытады. Олай болса, мағына арқылы лексикалық бірлік пен
тілдік емес ақиқат арасындағы байланыс жүзеге асады.
Әлемдік
лингвистика сөз семантикасындағы мазмұнның
әлеуметтік шарттастығын, сондай-ақ «тіл мен мәдениет»
мәселесінің жалпы теориялық және әдістемелік
аспектісін зерттеуге Н.Г. Комлев, Е.М. Веращагин,
О.С. Ахманова, В.Г. Костомаров, Л.Б.
Воскресенский, В.В. Воробьев,
В.А. Маслов, С.Г. Тер-Минасов, Ю.А. Сорокина,
В.В. Красных, Д.В. Гудков,
Н.П. Вольский, И.В. Захаренко, Т.Д. Томахин
сияқты тілші ғалымдар үлес қосты.
Сөз
– сөзсіз нақты заттың, құбылыстың атауы,
алайда, сөз зат пен құбылыстың жай ғана
таңбасы емес. Сөз өзі өмір сүретін уақыт
пен орта туралы айта алады.Н.Г. Комлев «Cөз-таңбаның «ішкі»
мазмұны барын, яғни сөз-таңба өзінен бөлек
басқа нәрсені көрсететінін мойындасақ, мәдени
бөлшектің барын мойындауға міндеттіміз» дейді. [2].
Сонымен бірге мәдени
константаларды екі немесе үш тілде өзара салыстыра отырып,
ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің
болмыс-бітімін, халықтың мінез-құлқы мен
тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік
ұғымдар мен белгілерді зерттеу. Бұл бағытта
қарастырылатын объектілер белгілі бір елдің немесе
ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта
жоқ өзіндік нышандарын көрсете алатын тілдік бірліктер болуы
керек. Мысалы, қазақ тілінде белгілі бір ұғымды ауыс
мағынада түсіндіру үшін өздері күнделікті
көріп жүрген, болмысы әбден танылған
ұғымдарды қолданады. Қазақтар үшін қойға
қатысты тұрақты тіркестер жағымды мағына береді: қой
көзді, қой аузынан шөп алмас, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалаған заман, қойдай
момақант.б. Ал орыс халқында «баран» сөзі
жағымсыз қасиеттермен, нақты айтқанда,
қырсықтық пен ақымақтықпен
байланыстырылады. Мысалы, упрямый, как баран.Американдықтарда да «қой»жағымды ассоциация
тудырады. Американдықжарнамадан: «Покупайте автомобиль «Додж», он
напорист, как баран» дегенмағынадағытіркестержиікездеседі.Басқа халық момын
адамды қой аузынан шөп алмас деп бұлайша
түсіндірмейді. Себебі, олар қойдағы жуастық қасиетті
тұрмыс-тіршілігінде танымаған немесе негізгі кәсібінің
бірі қой бағу болмағандықтан, ерекше мән де
бермеген. Мысалы, орыс тілінде ұзын бойлы, арық кісіні «кощей»
деп таныту бар. Мұндағы «Кощей» орыстың халық
ауыз әдебиетінің кейіпкері, оның сыртқы бейне-бітіміне
ұқсату негізінде ұнамсыз ұзынтұра,
қаңқа сияқты қатып қалған адамды
танытудың ауыс элементі болып тұр. Бұл танымдық бірлік
– тек орыс тіліне ғана тән тұрақты ұғым.
Бұндай елтанымдық қызметі бар тіл бірліктерін ұйытқы
сөздер деп атауға да болады. Өйткені, әрбір
елдің тілінде белгілі бір ұғымды таныту барысында жиі
қолданылатын, сол ұғымды дәл нақты беруде тиімді
деп саналатын, сол елдің дүниетанымын көрсете алатын ұйытқы
сөздер болады[3].
Қолданбалы лингвоелтанымдық
бағыт тіл үйретушіге екі ел мәдениетін
салыстыру және тіл мен мәдениет
кеңістігі, сондай-ақ лингвомәдениеттік
ақпаратты тіл үйренушіге жеткізу
мүмкіндігіне ие болу мақсатында арнайы
құрастырылған ортақ сөздер сөздігі,
мәдениеттанымдық, ассоциативтік өріс сөздіктерінің
көмегі мол. Осындай оқу сөздіктері тілді
үйренукезеңінде тіл үйренушінің тілдік санасын
қалыптастырады. Ал тілдік санаекі мәдениет өкілінің
өзара іс-әрекетіндегі тілді тұтынушылардың әлеуметтік
жағдайы мен мәдениеті түйсігіндегі
қарым-қатынасынан түзіледі.Мұндай сөздіктерде
берілетін мәдениет лексикасын түсіндіру энциклопедиялық
мәлімет түрінде сипатталады. Лингвоелтанымдық
сөздіктерлингвоелтанымдық теорияның практикалық
қолданылу нәтижесін таныстырады. Мұндай
сөздіктердің мазмұнына енетін лексика елтанымдық тақырыптар
арқылы іріктеледі және осы лексика арқылы «мәдени
минимум»айқындалады.Оқулық құрамына енетін
оқу сөздігінде екі тілге ортақ сөздер, осы сөздердің
тақырыптар бойынша лексикалық минимум жасалған. Бұл
сөздік оқулықтағы берілген лексикалық минимумді
игерудің басты құралы болып табылады. Тілдерді оқыту
әдістемесінде оқу кешендерініңқұрамды бір
бөлігі оқу сөздіктері екі тілдегі аудармасымен,
түсіндірмесіберілген түсіндірме сөздік, арнайы кәсіби
сөздік және т.б. түрлерінде құрастырылады. Ал
туыс тілдерді оқыту бағытында құрастырылатын
оқусөздігінің құрылымы екі тілдегі ортақ
сөздер және оның синонимдік, антонимдік қатарларын
беру, ол сөздерді буынға бөлу, грамматикалық
нысанынкөрсету, сонымен бірге елтанымдық,
мәдениеттанымдық түсініктемелерберумен айқындалады [4]
Лингвоелтанымдық
бағыттарды сабақ барысында қолдану әрбір елдің
мәдениеті мен ерекшелігін көрсетеді.
Өзгетілді
студенттерге қазақ тілі лексикасын үйретуде мынадай мысалдардың тиімділігі ерекше. Атап
айтар болсақ қазақтың мақал-мәтелдері,
жұмбақ, нақыл сөздері, тұрақты сөз
тіркестері арқылы да көптеген еліміздің
құндылықтарын жеткізіп, лексиканы толық
меңгертуімізге болады.
Қазақ халқы ата-ананы
аса құрметпен сыйлап, басын иеді. Оны мына әдемі
мақал-мәтелдерден көруімізге болады.
Атасы тұрып, ұлы
сөйлегеннен без,
Анасы тұрып, қызы
сөйлегеннен без;
Ананың алақаны-балаға
айдынды қоныс;
Атаңа не қылсаң,
алдыңа сол келеді;
Әкеге қарап ұл өсер,
Анаға
қарап қыз өсер т.б.
Енді
мына мақалдар арқылы
антоним сөздерді табуымызға болады.
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен;
Ақымақтың ақылы
білегінде,
Ақылдының ақылы
жүрегінде;
Жаманмен егескенше, жақсымен
кеңес;
Дос –өгіз, дұшпан-сегіз;
Жаны саудың-тәні сау. т.б.
Сонымен
бірге «қас пен көздің арасында»-деп тез арада
болған істі айтса, «ит өлген
жерде»-деп алыс жерді,; «тасы өрге домалады»-деп жоғарылады,
көтерілді, «көзді
ашып-жұмғанша»- өте жылдам, «қой аузынан шөп
алмас»-жуас деген сияқты тұрақты сөз тіркестері
арқылы халқымыз өз ойларын жеткізіп отырған.
Әр
елдің өзіне тән белгілі бір ерекшеліктері болады. Мысалы
қазақ халқының көптеген ырымдары мен тыйым
сөздері бар. Үйге қарай
жүгіріп кірме, сыпыртқыны жоғары көтеріп қойма,
кірдің суын түнде шығарма, сүйекті түнде
далаға тастама, тырнақты түнде алма, қолыңды айқастырма,
басыңды шайқама, малды теппе, табалдырықта тұрма
т.б. деген сияқты тыйым сөздер арқылы ерекшеленеді.
Сондай-ақ бір ғана балаға байланысты мынадай ырымдар бар.
Бала дүниеге келгеннен кейін, қырық күннен соң
адам болды деп өмір жасы ұзақ болсын, бақытты болсын,
елі мен халқына адал болсын деп шашымен, тырнағын алып
қырық бір құмалаққа жуындырады.
Баланы бесікке салып, жатқызады. Бесікке салғанның
өзінде көптеген ырымдары бар. Сонымен қатар бала
еңбектей бастағанда үлкен адамдарға бауырынан
табақ алғызады. Бұл бала тез еңбектеп, жүріп
кетсін дегені.
«Баяғыда біздің бір әжеміз
бір топ адамды мал сойып, қонақ қып күтіп алып,
аттанарда: «Үйде
кім болды деп айтайын, отағасылар?»- деп жөн сұраған
екен. Сонда олардың ішіндегі ақсақалы: «Кешеден бері
қабағыңыздың ашылмағаны бір басқа, енді
бізді танымай масқара қылдыңыз-ау,
құдағи»,-деп ренжіпті. Сөйтсе,
құдағиымның үйі деп жолдастарымен адасып
түскен жолаушы екен дейді»[5]-деген әзіл
әңгіме қазақ
халқының сондай ақкөңіл, қонақ десе
барын қоятын қонақжай екенін дәлелдей түседі.
Демек,
лингвоелтанымдық зерттеулер ұлттың ғасырлар бойында
жинақтаған, бүгінгі санасында сақталған, келешек
буынға берілетін құндылықтарды жинақтаушы
лексикалық қор екендігін көрсетіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.С. Алдашева «Лингвоелтаным бағытының теориялық
негізі»
2.Комлев Н. Г.Компоненты содержательной структуры слова. М.: Наука, 1969. –
92 с.
3. do. gendocs. ru\
docs\index-114224.html…
4. Бейсенбекова Г.Т. Қазақ тілін
лингвоелтанымдық бағытта оқытудың кейбір мәселелері.
– «Профессор А.Ысқақов және ұлттық педагогика»
атты А.Ысқақовтың 100 жылдығына арналған
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
материалдары. – Алматы: ҚазҰПУ, 2010 ж.
5. Д.Исабеков «Бес томдық шығармалар
жинағы» 4-том Алматы 2003