Қайшылық
семантикасы
А.Жүсіпов
ф.ғ.к.
С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Адам табиғатына қарай олар тілдік белгіні
зұлымдыққа да, адалдыққа да жұмсайды. Д. Катон Гекзаметрінде: «Sermo hominum mores et celat et indicat idem»
(«Адам табиғатында бірмезгілде ойын жасырады да,
ашық та айта алады»).
Осы сөйлемдегі тұжырым бірегей бір
мектептің ашылуына негіз болды. Вольтер «Каплун и пулярда» деген диалогын жазады да, кейіпкері атынан ұранын былайша жеткізеді: «Адамдар
ойды келеңсіздігін негіздеу үшін, ал сөздерді өз ойын
жасыру үшін қолданады». Каплунге сенбеген,
мүмкін, саясаткер Талейранға сенетін болар. 1807 жылы испан елінің
елшісі Искьердомен сұхбаттасқан кезде айтылған «сөйлеу
адам өз ойын жасыру үшін қажет» деген мына ойды сол
айтыпты-мыс деген пікір бар. Бұл қанатты сөзге де
айналып кетті. Бұл тұжырымды Фуше немесе Меттерних айтты деген де пікірлер кездеседі. Оның мәні: адамның
бәрі бірдей тегіс өтірік айтпағанның өзінде де,
саясаткер мен дипломаттың өтірік айтуы тура мамандықтарымен
байланысты.
Ол біртіндей келе өнерге айналып та кетеді. Г.
Кестен бұл ойды одан әрмен өрбіте түседі де мынадай ой
қозғайды: «Халықтар бірден өзіне теліп алатын
көптеген мамандық мол; ол мамандардың үнемі
жалған сөйлеуіне тура келеді, мәселен теолог, саясаткер,
жезөкше, дипломат, ақын, журналист, адвокат, суретші, биржа
маклері, тағам фабриканты, сот, дәрігер, жиголо, генерал, аспаз,
шарап сатушы» [1].
Осы кезеңнен бастап тіл өтірік айту үшін
қолданылады деген пікірлер тіптен қаптап кетті. Шекспирдің
«Генрих V» (V акт, 2 қойылым) шығармасында француз тілінде
жазылған мынадай ой бар: «О bon
Dieu! Les
langues des hommes sont pleines de tromperies!»
(«О
құдайым-ай!
Адам тілі өтірікке толы!»).
Мүмкін ол бір тілде молынан болса, басқа
тілде аздау болар. Гетенің
«В. Мейстер оқу жылдары» атты
(V, 16) шығармасында труппа француз театрын қолдау әрі қолдамау мәселесіне
қатысты біраз дауласады. Осы
сәтте Аврелияның ортадан кетіп
қалғанын біреулер байқап қалады.
Қақпақылдап қоймағандықтан пікір-сайыстан
кетуінің шынайы себебі анықталады:
ол француз тілін жек көреді екен, және те оған себеп болған жан
досының сақтындығы екені де анықталады. Нақтылайтын болсақ, қызға деген
сүйіспеншілігі басым болған кезде ол сүйіктісіне хатты тек
«адал, таза неміс тілінде» жазыпты да, аралары суи бастағанда хатын таза
француз тілінде жазуға көшкенін айтады. Аврелия бұл
өзгерісті бірден байқаса керек. «ой түбін бойламай, екіұшты,
жалған айту керек болғанда – таптырмайтын тіл!
Құйтырқы тіл! (...) Француз тілі — шындығында адамдар
бір-бірін мықтап алдап, арбауға үйрететін
бұқаралық тіл болуға лайықты зайырлы тіл» [2].
Осылайша, Аврелияның ой-толғауы дұрыс десек, онда неміс тілі
шындықтың, француз тілі – жалғандықтың тілі
болмақ.
Бұл ойлар әрине, жай ғана әзіл-оспақ ретінде
айтылған, Шекспир Гётеде басқа мақсатты көздеген де
жоқ. Алайда Л. Витгенштейн атап өткендей тіл дегеніміз
ойлаудың орамы емес, шекпені емес пе екен [3]. Осындай толғауды жиі
кездестіруге болады. Көп жыл бұрын көптеген мамандық
иесі бірігіп қайшылық феноменіне қатысты біраз тер
төкті, ол туралы жоғарыда біраз әдебиеттерге шолу
жасадық. Тілші ғалым Ф. Кайнц тілдегі қайшылықтың
орны турасында құнды пікірлер айтқан болатын [3]. Августин
пікірін қолдай отырып, Кайнц алдымен кез келген өтірік тілдік
көрініс табады, сондықтан тілдің кең саласына жатады
деген тұжырым жасайды. Қайшылықты табу үшін тілдік
материалды оңды-солды зерделей келе мысалды көп тапқаны
сонша, тіпті оқырман таң қалуы мүмкін. Тіл біз
үшін ойланып-толғанады деген қағида бар, алайда Ф.
Кайнц түсінігі бойынша, тіліміз біз үшін өтірік те айтады
екен. Кайнц «тілмен азғыру» («Sprachverführung») деген өткір
терминді пайдаланған. Бұл дегеніміз, тіл жүрген жолмен ойымыз
да дамиды, ендеше, тілдік өтірік ойымызды да
жалғандыққа итермелейді. Зат мәнін тура
түйсінетін болсақ, тілдік қайшылық — эвфемизм,
гипербола, эллипсис, екіұштылық сияқты риторикалық
фигуралар, сыпайылықтың түрі мен тұрпаты, эмфаза,
ирония, табу, антропоморфизм және т.т.. Тілде шындыққа тар
ғана жолақ қалмақ. Қисындықта орын
алған қарапайым хабарлы сөйлем деп айтсақ та болар.
Сонымен адамдар қашан өтірік айтады, неге
қайшылыққа барады: сөздің көмегімен бе,
әлде сөйлемнің көмегімен бе? Қайшылық
феноменімен қай сала айналысуы керек: семантика ма, әлде синтаксис
пе? Семантикадан бастап, мән мағынасын ашып көрелік.
Тіл – белгі жүйесі болса, онда келесі мәселені
басшылыққа аламыз. Сөйлеуші мен тыңдаушы бар, олар
арасында тілдік қатынас туындады, ол кезде сөйлеуші
тыңдаушыға от деген
сөз-белгіні жеткізді делік. Сонымен бірге контекстісі де жоқ,
қатынас кезінде кез келген өмірлік жағдаятты тели аламыз
делік. Сипатталған тілдік қатынас табиғатында жалған
тек үлгі ретінде жұмсауға тұрарлық дей аламыз ба?
Әдетте біз жеке сөзбен емес, толық сөйлеммен немесе тіпті
мәтін бойы сөйлейміз, сондықтан біздің сөзіміз
кей жағдаятпен тығыз байланысты болады. Алдында сипатталған
жағдаятқа сай берілген от
сөз-белгіні алған тыңдаушының айтары да
қосып-алары да шектеулі. Оның ақпараттық
құндылығы тым аз. Дегенмен тыңдаушы аздап болса да
біледі. Тілдік қатынасқа түсуі мүмкін болатын біраз
сөздің ішінен таңдап алынған бір ғана сөз,
сондықтан көптеген зат әңгімелесу үшін тіптен де
керексіз болып қалады. Алайда тыңдарман қандай от туралы сөз қозғалып
отырғаны туралы бейхабар. Бұл ошақтан шыққан от
па, әлде өрт пе, әлде майшам ба, лаулаған жалын ба,
әлде бықсыған от па, шынайы ма, әлде
ой-қиялдағы бейне ме? Тыңдарман әңгіме нақты
от төңірегінде
қозғалғаны туралы да беймәлім. Бұл шарап оты,
махаббат жалыны не мылтық оғы болар, бәлкім? Тыңдарман от сөзінің мағынасын
біледі, әрине, алайда сөздің экстенсионалдық
(экстенсионалдық контекст (мәнмәтін) затқа
толықтай телінеді) көлемі өте кең.
Семантиканың алғашқы заңы: кез келген мағына
созылмалы. Кез келген мән-мағына созылмалы болса адамдар бір-бірін
анық түсіне ала ма? Сөйлеуші бәлкім көрші
көшеде болған өрт туралы айтқысы келген болар, ал
тыңдарман мештегі от не басқа да бейне туралы ойлауы мүмкін.
Тыңдарман түсінігі келесі ақпарат алынбай тоқтап
қалып тұр. От
сөз-белгінің «созылмалы» мағынасы мазмұны (біздің
жағдайда - интенсионалдық, нақты затқа емес, оның
қандай да бір қасиетін ғана телиді) жағынан
тыңдарман үшін белгісіз болып қала бермек.
Семантиканың екінші заңы: кез келген мән белгісіз.
Дегенмен тыңдарман от
сөз-белгінің дыбыстық толқынына бекерге сенім
артқан емес. Себебі от
сөзі бір тілдік қоғамдағы адамдар үшін бірдей
(«созылмалы», белгісіз) мәнге ие болады. Сөздің мәнін
түсіне отырып, олар көп дүниені түйсіне бермейді,
бірақ та ол біршама топ үшін ортақ болмақ. Бұл
дегеніміз: барлық топ ақпаратты бірдей күтеді, ол сөз
мағынасын әлеуметтендіреді.
Семантиканың үшінші заңы: сөздің кез келген
мәні әлеуметке тән. Енді бір сәт қандай да бір
қасиетіне қарап сөйлеуші куәгер болған
көршілес көшедегі өрт туралы айтылған сөз делік.
Бұл болған өрт бар қыр-сырымен жалғыз
құбылыс ретінде сипатталады. Осы бар қасиеттен от сөзі ғана берілген
тыңдарман еш нәрсе де біле алмайды. Осы мәннің
(«созылмалы», белгісіз, әлеуметтік) көмегімен азғантай
мәлімет алады, ол «ыстық», «жанып жатқан» қасиеттерімен
сипатталған делік. От
сөз-белгі көмегімен нақты от
қасиетінің айырмалы шегарасы өтеді; кей қасиеті
(өте аз) айырмалы, келесілері айырылмалы емес (көбі) саналады да
сөз мағынасына енбейді. Айырмалы деп танылатын кей тілдік бірлікті
біз мән деп қарастырамыз. Заттың қасиетін іріктеу
үрдісі айыруы тұрғысынан абстракция (алшақтау) актіне
айналмақ. Осы жолмен алынған сөз мағынасы абстракция
болады. Бұл абстрактылы деп танылатын шындық,
демократия секілді сөздерге ғана емес, бар сөзге де
қатысты.
Семантиканың төртінші заңы: кез келген мағына
абстрактылы. Семантиканың төрт заңдылығы, әрине,
өзарабайланысты; бұл бір құбылыстың төрт
қыры деп қабылданса да болады. Себебі сөз мағынасы
созылмалы, белгісіз болуы мүмкін. (қарсылыққа
негізделген мағынаның мазмұны мен көлемі бір-бірімен
сабақтасып жатады). Мағынасы белгісіз болғандықтан олар
кей әлеуметтік топта қолданылады. Алайда оларды тек асбтактылы
болғандықтан ғана қолдануға болады. Осылайша,
сөздің мағынасы бір қарағанда бай да, бір
қырынан өте кедей. Мәселен, гүл деген сөзде ақпарат өте аз, ал әр
гүл қасиетінің шексіздігін айтсаңызшы.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1.
Schwierigkeiten, heute die Wahrheit
zu Schreiben, hrsg. von Heinz Friedrich. München,1964, S. 84
2.
Гете. Бұл сілтеме мына еңбекте берілген: L.
Spitzer. Essays in Historical Semantics, 1948, S. 142.
3.
Витгенштейн Л., Қисындық философиялық
трактат, 1921, 4.002.
Қайшылық:
семантикалық лингвистикалық табиғаты
А.Жүсіпов
ф.ғ.к.
С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Тіл тілдегі қайшылықтарға қатысты
зерттеулер жүргізген ғалымдарды атап өтер болсақ, олар
- В.Горелов [1984], Т.Корчагина [1984], И.Головнин [1986], А.Кунин [1986],
В.Кочергина [1990], В.Ушаков [1996], Б.Гранде [1998], Т.Елизаренкова [1999],
қазақ тіл білімінде Ж.Мусин [1970], М.Оразов[1980],
Х.Нұрмұханов [1980], А.Жұмабекова [1995], А.Салқынбай
[2000], С.Қоянбе-кова [2008], А.Әділова [2008], Б.Кәукербаева
[2006], А.Бекмашева[2006], Ж.Әділбекова [2007] және т.т..
Қайшылықтың лингвистикалық әрі
семиотикалық аспектісін зерттеуге арналған жұмыстар кемшін
қалып отыр. Орыс тіл біліміндегі еңбектердің ішінен Ю.Левин
[1974], Н.Глаголев [1987], Й.Кубинова [2002], С.Плотникова [2000], В.Шаховский
[2005], А.Ленец [2010], шет елдіктерден Н.Weinrich: [1966], соның ішінде
жоғарыда атап өткендей бірнеше (философия, әлеумет-тану,
заңтану, мәдениеттану, әдебиеттану, психология) саланың
тоғысуы кезін-де жасалған зерттеулер көптеп кездеседі -
J.Vincent, C.Castelfranchi [1981], G.Falkenberg [1982], R.Chisholm, S.Dietz
[2002], J.Meibauer [2005] және т.т..
Қайшылықты қисындық сараптау әдісі
арқылы анықтаудағы тілдік бірліктерді зерттеуге И.Шатуновский
[1991], Н.Арутюнова [1991, 1994], және басқалар,
құрылымдық сараптауға Н.Глаголев [1987] және
басқалар, когнитивтік семантикаға Е.Кубрякова [1995], Н.Панченко
[1999], С.Плотникова [2000], А. Вежбицкая [2001], Е.Морозова [2008], А
Ленец [2010] және басқа ғалымдардың еңбегі
арналған болатын.
Қайшылықтың прагматикалық харекетін зерттеуге
бағыттаған ғалымдар арасынан М.Макаров [1997], Т.Николаева
[1999], С.Плотникова [2000], S.Dietz, [2002], Й.Кубинова [2002], J.Meibauer
[2005] және басқаларды атап өтсе боларлық.
Стилистикалық және риторикалық
аспектіде, қайшылықтың парадокс, метафора және
екіұштылығын зерттеушілер де көптеп табылады: Дж. Лакофф, М.
Джонсон [1987], М. Блэк, Дж. Серль, Д. Дэвидсон, Н. Гудмен және
басқалар [1990], Б.Хасанұлы [1980,1990], Б. Дебатин [1995].
Лингвистикалық стилистикалық және
риторикалық қырынан қайшылықты сараптаған
зерттеушілер: И.Арнольд [1981], В.Успенский [1982], М.Брандес [1983], Н.Елина
[1985], Г.Семен [1986], Дюбуа Ж. және басқалар [1986].
Әдебиеттанудағы және эстетикадағы
қайшылықты қарастырған Қ.Жұмалиев [1950],
З.Ахметов [1964], М.Тоэска [1969], З.Қабдолов [1970], Т.Қожаеев
[1970], Н.Федоренко, Р.Коли [2003] және т.т..
Қайшылықтағы күлкінің орнын сараптауға
қатысты жазылған еңбектері бар ғалымдар
Т.Қожакеев [1996], В.Санников [1999], А.Мұсаев [1999], Г.Демесінова
[2006] Г.Қортабаева [2007] және т.б. атап өтуге болады.
Қайшылық адам баласы дүниеге келген кезінен бірге келе
жатқанын белгілі. Оны жоққа шығарудың да
қажеті бола қоймас. Адам ойлай, сөйлей әрі күле
алатын, сонымен қатар өтірік айта алатын тіршілік иесі. Бұл
адамның шабына тиетін дүние де болар, алайда даусыз
болғандықтан ешкім шүбә келтіре алмас. Сонау ерте
замандағы Мольер мизантропы осыны басшылыққа алып, бар
адамзатты жек көретін құқықты да алған
болатын.
Лингвистика қайшылықты жоя алмайды әрине, және те
«жалғандық орнын басуына» да жол бере алмайды. Адамдар тілдің
көмегімен өтірік айтады: көп жағдайда жалған
сөйлейді, екіұшты ой айтады. Тек тіл ғана өтірік
айтуға көмектеседі деу де дұрыс емес. Олай болғанда
лингвистика өтіріктен еш құтыла алмас. Тіл өтірікке
көмектеспесе немесе тіпті оған қарсылық
көрсетпесе де, шындық жалғандыққа айналған
кездегі құбылысты тілмен жеткізуге мүмкіндік бары хақ.
Сондықтан қайшылық үнемі лингвистикаға
қатысты болмақ.
Қайшылық бір қыры өтірікті алғашқы
болып өзінің филолсофиялық әрі теологиялық
толғаныс пәніне айналдырған Августин жалғандық
лингвисти-калық аспектісін де таныған. Ғалым тіл адамға
бір-бірін алдау, арбау үшін емес, бір-біріне қандай да бір ойды
жеткізу үшін берілген деген түйін жасайды. Осыдан туындайтын
қорытынды: тілді өзінің жалған ойы мен мақсаты
үшін қолданатындар харамдық жасайды, күнәға
батады [1]. Ф. Аквинский және Бонавентура бұл ойды әрі
қарай дамыта түседі: тіл мен сөз ойдың белгісі ретінде
табиғатына қарсы тұра тіл мен ойды жалғандық
құлы етуге барады [2]. Тіл ойды жасырмай шынайы, анық етуі
тиіс. Тілдің белгілік қызметіне қауіп төнеді, ол
негізгісіне айналады,
Сонымен, сөздер сөйлем мен мәтін, жағдаятқа
қатысты болды. Кімде кім сөз турасында біраз мәлімет білгісі
келсе, осы мәселені ескеруі тиіс, әйтпесе ол бір кедергіден келесі
кедергіге душар бола береді. Сондықтан осы жерде сипатталған
төрт семантикалық заңдылық семантиканың жартысын
ғана білдіреді. Мәтіндегі сөз семантикасы жеке, оқшау
сөздердің семантикасына қарағанда өзгеше
және сөздің семантикасы мәтін семантикасымен
толықтырылуы қажет. Мәтін семантикасы төрт
заңдылығына қоса сонша маңызды салдар да болады. Кез
келген өмірлік жағдаятта оны түсінуге болады. Сөйлеуші
осы арада тығырыққа келіп тіреледі. Ол
тыңдарманға міндетті түрде назар аударылып, тоқталуды
қажет ететін нақты от
турасында айтқысы келеді, ал қоржынында тек созылмалы, белгісіз,
әлеуметтік әрі абстрактылы мәнді сөз бар. От сөзінің бойына тағы
не қосуға болатындығы оны еш қызықтырмайды, ол
туралы тіптен ойламайды да. Осылайша, ол мәнді қолданады,
мәнмен пара-пар көзқарасқа да
жүгінеді. Бұл көзқарас созылмалы емес, шамадан тыс
шектеулі, тар. Ол сөйлеуші айтқысы келген нақты затқа,
қандай да бір өртке қарай жақындайды. Ол
көзқарас та белгісіз болмайды, керісінше ол мейлінше
тұрақты. Сөйлеуші жеке айтқысы келетін секілді ол
әлеуметтік емес, жеке дара. Ең соңында ол абстрактылы емес,
нақты болмақ. Өйткені сөйлеуші көзқарасына
сүйенсек осы өрттің көп қасиеті басқа
біреудің көзқарасымен ұштас бола бермейді.
Семантиканың төрт салдарын топтастырсақ, кез келген
көзқарас шектеулі, нақты, жеке дара әрі нақты
болатынын байқаймыз. Семантиканың төрт заңдылығы
іспеттес семантика төрт салдары өзара сабақтас екені даусыз.
Ол туралы өткен мақалада айтып өткен болатынбыз.
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1.
Enchiridion ad Laurentium, Кар. XXII; Die Lüge
кітабынан алынған Линдворский мақаласымен салыс. Leipzig, 1927, S. 56.
2.
Thomas. Summa theologica II, 2, qu. 110, art. 3
(дәйектеме жоғарыда аталған Линдворский мақаласынан
алынды); Bonaventura. 3 sent. Dist.38 art. un. qu. 2 ratio 4 (дәйектеме
Augustinus кітабынан Кезелинг мақаласынан алынды: Die Lüge. 1953, S.
XXXVII).
Мәдениет
кодындағы түркі тіліндегі
қайшы
фразеологияның орны (1 мақала)
А.Жүсіпов
ф.ғ.к.
С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Мақал-мәтелдер, фразеологиялық тiркестердiң
қай-қайсысын алсақ та, терең толғаныстардың,
философиялық ой жүйелерiнiң түйiскен жерi тоқсан
ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн көремiз. Өмiрдiң
барлық құбылысы теңбе-тең құрылмайды.
Олай болған жағдайда, өмiрдiң өзi де
күрделiлiгiн жоғалтып, ойлануға да орын
қалдырмаған болар едi.
Фразеологизм – тілдің айрықша белгісі: оның семантикасына
мәдени семантика немесе мәдени коннотация «өрнектелген»,
яғни, мәдениеттің заттың саласын фразеологизм
білдіреді. Бұл қарапайым тіл өкілдерінің тілдесімі
кезінде тұрақты тікестердің қабылдану әрі айтылуы
кезінде жүзеге асырылады. Ол кезде тұрақты тіркес тілдік
әрі мәдени қызметті орындайды. Дүниеде, әлемде
болып жатқан құбылыс туралы ақпаратты бейнелі
түрде жеткізеді де, сол мезгілде мәдени мағына,
мәдениеттің түрлі қыры, таптауырын көзқарас
және т.т. жеткізіледі.
Мәдени коннотация лингвомәдениеттанудың өзекті
түсінігі, бұл терминді біз тілдік бірлік мәні мен
мәдениет кеңістігі арасындағы байланыстырушы дәнекер
ретінде қарастырамыз. Тіл, сана мен мәдениеттің
қатынасы жайлы ойды қозғаған Ю.Караулов, В.Гак,
В.Морковкин, В.Воробьев, В.Костомаров, Е.Верещагин, Н.Бурвикина, Н.Алефиренко,
Ю.Прохоров, В.Красных, Д.Гудков, Г.Токарев, А.Алехина, А.Эмирова, С.Барсикьян, Е.Миллер, М.Сидоренко, Ә.Болғанбаев, М.Оразов, А.Жұмабекова
секілді ғалымдар еңбегіне сүйендік, тұрақты
тіркестердегі лингвомәдениеттанымдық көзқарасты
ұстанған В.Телия және мектебі, А.Хроленко, В.Маслова,
В.Шаховский, Н.Ковшова, А.Қайдаров, Р.Жайсақова, Ж.Мусин,
Ж.Қонақбаева, Г.Смағұлова
және т.б. ғалымдардың еңбегін басшылыққа алдық.
Түркi халықтарының мақал-мәтелдерiндегi қайшы мәндес құрамына назар аударсақ, оларда белгiлi бiр
заңыдылық бар. Соны ата-бабаларымыз бiлген, көрген,
түсiнген, артына өшпес өсиет етiп қалдырған.
Бәрiмiзге дүние, өмiр тек жақсы не тек жаман
жақтан, бiрде қарасы, бiрде ағы, ащы мен тұщы қатар жүретiнi белгiлi. Осы
талай ғасырдан бастан кешiргенiн осындай түйiндi, қысқа
мақал-мәтелдер, тiркестер арқылы беруiнде де мән бар.
Мәселен, түрiкмен халқының «Ақылдының iсiне жаның сүйсiнер,
ақымақтың iсiне жаның күйiнер», туваның «Өзiнiң басындағы түйенi көрмей,
басқаның басындағы тебендi көредi» деген тiркестердi алатын болсақ, адам
бойындағы кереғар қасиеттердiң басын ашып көрсету
үшiн әдейi салыстырмалы түрде, шендестiрiле отырып беру
осындай тiркестердiң өзiндiк ерекшiлiктерi.
Түркi тiлдерiндегi осындай тұрақты тiркестердегi
қарама-қарсы мағынадағы сөздердi жасауға көбiне «бар», «жоқ», «жақсы», «жаман» сөздерi өзек болады. Ұйғырша: Меманни
кәл демек бар, кәт демек йоқ. Қырғыз тiлiнде: «Кел» демек бар, «кет» демек жоқ.Қазақ тiлiнде де дәл осындай құрылымды
мақал бар: Қонаққа
кел демек бар да, кет демек жоқ.
Қырғыз тiлiндегi мына мақалға назар
аударайық, ол басқа да түркi тiлдерiнде де еш
өзгерiссiз берiлетiнiн көремiз: «Жакшы атка бир камчы, Жаман атка миң камчы»; Өзбек тiлiнде – «Яхши отга бир камчи,
Емон отга минг камчи»; Ұйғыр
тiлiнде – «Яхши атқа бир камча, Яман атқа миң
камча»; Түрiкмен тiлiндегi көрiнiсi
де осы iспеттес – «Ягшы ата бир гамчы,
яман ата мүң гамчы»; Татар
ағайындарымыз тiлiнде – «Яхшы атка бер камчы,
начар атка мең камчы»; Соңында
қазақ тiлiндегi баламасын берiп отырмыз. «Жақсы атқа - бiр қамшы, жаман атқа - мың
қамшы».
Түркi тiлдес елдердiң фразеологизмдерi арасында
әртүрлi аффикстердi қосып алу арқылы жасалған қайшы сөздер де көптеп кездеседi. Бұндай жағдайда антоним болатын
сөздер -лы, -дуу, -ды, -дi, -лi, -туу, -ты, -тi аффикстерiне -сыз,
-сiз, -сиз аффикстерi жалғанған екiншi компоненттiң
қарама-қарсы айтылады.
Жалпы түркi тiлiнде қайшы фразеологизамдер жөнiнде жинақталған пiкiрлер мен
тұжырымдардың баршылығы белгiлi. Қайшы фразеологияны зерттеу мәселесi
кейiнгi 25-30 жыл iшiнде қолған алынды. Бұл орайда А.Алехина
[1], А.Эмирова [2], С.Барсикьян [3], Е.Миллер [4], М.Сидоренконың [5], т.б. еңбектердi атауға болады.
Өзбек тiлiндегi фразеологизмдердiң
семантикасын қарастырушы ғалым Ш.Рахматуллаев: «Антонимами
признаются две языковые единицы, имеющиеся как противоположное значение, так и
разные по звучанию. При фразеологической антонимии «разное звучание» определяется исходя
из слов-компонентов и их грамматического оформления,» [6.105] дей келiп, өзбек тiлiндегi антонимдердiң мына
түрлерiн көрсетедi: лексикалық антонимдер,
фразеологиялық антонимдер, лексика-фразеологиялық антонимдер.
Башқұрт тiлiндегi фразеологиялық антонимдердi З.Г.Ураскин
қарсылықтың берiлу тәсiлiне қарай үш
түрге бөледi: (1) семантикалық
мағынасы қарама-қарсы әртүрлi бiрлiктегi
антонимдер; (2) фразеологи-змдердiң структурасын өзгерту негiзiнде пайда болған
антонимдер; (3) антонимдiк мағына фразеологиялық тiркес компоненттерiн
түгел қамтитын антонимдер [7.175].
Пайдаланылған әдебиет тiзiмi:
1. «Фразеологические антонимы в современном английском языке». Челябинск.
2. «К изучению антонимических отношений по
фразеологии //Вопросы фразеологии». Труды СамГУ, Новая серия, Вып.219. ч.2. Самарканд.: 1972.
3. «Вопросы фразеологии». Труды СамГУ, Новая серия, Вып.314. Самарканд.: 1976 - С.86-92.
4. Миллер И., «Природа лексической и фразеологической антонимии». Изд. Саратовского университет, 1990, -
224с.
5. «К вопросу об антонимии слов и фразеологических единиц в современном русском языке//Вопросы фразеологии. Труды СамГУ, Новая серия, Вып.314. Самарканд.: 1976 - С.86-92.
6. Рахматуллаев В., «Некоторые вопросы узбекской фразеологии». АДД. Ташкент.: 1996, - С.105.
7. Ураскин З, «Фразеология башкирского языка». М.: Наука, 1975. –С.175.
Мәдениет кодындағы түркі қайшы тіркестері
А.Жүсіпов ф.ғ.к.
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық
университеті
Қазақ тiлiнде қайшы фразеологиялық
құбылыс жайлы мағлұматтарды А.Қайдаров пен Р.Жайсақова
[1], Ж.Мусиннiң
кандидаттық диссертациясы [2], Ж.Қонақбаеваның [3] еңбектерiнен
және жоғары және арнаулы оқу орындарының
студенттерiне арналған «Қазақ тiлi» оқулықтарынан алуға болады.
«Бiртектес сапалық ұғымды бiлдiретiн
қарама-қарсылықты мәнi жағынан өзара тепе-тең, тiлде
үнемi бiр-бiрiне қарама-қарсы мағынада қолданылып
қалыптасқан сөздер антонимдер деп аталады», - дейдi Ж.Мусин [2]. Рас, есiм сөздер, оның iшiнде сапалық
ұғымды бiлдiретiн сөздер қарсы мәнде жиi
айтылады. Оған М.Оразовтың пiкiрi дәлел: «антонимдiк
қатарға көбiнесе қолданылатын сын есiмдер, оодан
соң үстеулер, кейiнгi орында етiстiктер мен зат есiмдер» [4]. Бiздiңше, тек сапалық ұғымдардағы
қарама-қарсылық негiзiнде антонимге анықтама беру
жөн емес. Қолымыздағы материалдарды осы тұрғыдан
сұрыптасақ, етiстiктi фразеологизмнiң бiршамасы қарама-қарсылық
ұғымды бiлдiре алады: «Құлақ құрышын қандыру» - «құлақ
құрышын жеу»; «құлшына кiрiсу» - «кежегесi кейiн тарту»; «құрығына iлiну» - «құрығынан
құтылу»; «тiл-жағына сүйену» - «тiл-жағы
байлану» және т.с.с.. Сонымен бiрiн-бiрi
жоққа шығармай, қарсы мәнде айтылатын тіркестерді фразеолгиялық
антоним деп танимыз.
Қайшы фразеологизмдегi қайшы ұғым берiлу жолдарын сөз еткенде, бiр
құбылысты әр зерттеушi әртүрлiше
түсiндiретiнiн байқауға болады. Мысалы: «бағы таю» – «бақ қону» тiркесiндегi
қарама-қарсылықтың берiлу жолын Ж.Мусин «антоним жұп
құрайтын фразалық тiркесте мағынанға өзек
боларлық сөз қайталанып келiп отырады», - деп түсiндiредi [2]. Ә.Болғанбаев «тұрақты
тiркестердiң өз iшiндегi компоненттерi басқадай
сөздермен алмастыру» арқылы
жасалған дегендi айтады [5].
Бiздiңше бұл
тiркестегi қарама-қарсылық «бақ» сөзiнiң қайталануы, немесе «жай ауыстыру» нәтижелерiнде емес,
бiр сыңардың қайшы болу нәтижесiнде берiлiп тұр.
«Сөз алу» - «сөз беру» тiркесiндегi қарама-қарсылық «сөз» сөзiнiң
қайталануынан емес, «алу», «беру» сөздерiнiң жеке тұрғандағы қайшы мағынасынан
шығады. Мұндай жағдайды бiр сыңары ортақ
(қайталанатын) екiншi сыңары қарсы мәндi
әртүрлi сөздермен келетiн қайшы фразеологизм деуге болады.
Бұл топтағы қайшы фразеология ерекшелiгi
қарама-қарсылықты дәл, нақты берiлуiнде. «Шырағы жану»- «шырағы сөну», «бейiлi кең» - «бейiлi тар», «еңсесi түсу» - «еңсесi көтерiлу».
Мысалдардан
қарама-қарсы ұғымды осы топтағы фразеолгизмдер
нақты, дәл бередi, себебi фразеологизмдер
құрамындағы соңғы компоненттердiң жеке
тұрғанда қайшы болуы: жану-сөну, т.б..
Антонимдес
фразеологизмдердiң бiр компонентi жеке тұрғанда
қарама-қарсы ұғымды бiлдiрiп, тiркес
құрамына енгенде де сол қалпын сақтайды. Кейде бiрiншi
компонент қайшы (бейнет көру - рахат көру), кейде екiншi компонент қайшы (күн
шығу - күн бату) келедi.
Құрамындағы сыңарлардың ешқайсысы
қарсы мәнде айтылмаса да, қайшылықты бiлдiретiн фразеологизм де
жиi кездеседi. «Бармағын
бүгiп қалу» - «шегiнiң қырындысына дейiн айту» - «ағынан жарылу»; «итаяқтан сары
су iшкiзу» - «аузынан ақ май ағызу» - «ит жеместi жегiзу» - «ауыз жаласу».
Бұл тiркестердегi
қайшылық ұғым
компоненттен емес, бүкiл тiркес бойынан танылып тұр.
Сондықтан да ол соншалықты дәл емес, қайшы ұғым
үнемi дәл берiле бермейдi, лексикалық антонимдердегiдей
немесе алғашқы топтардағыдай қайшылық тепе-теңдiгi
сақталмайды. Осы топтағы «қабырғасы қайысу» - «қатты
қайғыру, уайымдау» ұғымын берiп, «төбесi
көкке жету» - «қатты қуану, мәз болу» ұғымымен
қайшы мағынада
қолданылып тұр, дегенмен, дәл осы жұп үнемi бiрге
айтылып, тұрақталмаған. Бұлар «қабырғасы
қайысу» - «жүрегi жарыла қуану»; «қабырғасы қайысу» - «бөркiн
аспанға лақтыру» түрiнде де контекске
сай өзгерiп отыруы ықтимал.
Қайшы фразеологизм осы
ерекшелiктерiне сәйкес оларды
қайшы ұғымды
жуықтап көрсететiн фразеологизм деп топтастыруға болады. Олар
негiзiнен, үнемi бiр-бiрiне қайшы мағынада жұмсалғандықтан пайда
болады. Қайшылықтың бiрде дәл, бiрде жуықтап берiлуiнiң
себебi неде? Бiздiңше, қайшылықтың берiлу тәсiлiнде. Осыған сүйене отырып қайшы фразеолгизм
жасаудың мынадай жолдарын көрсетуге болады: (1) компоненттердiң бiреуi қайшы ұғымда айтылуы негiзiнде жасалады; (2) компоненттердiң
мағыналық жиынтығынан туындайтын қайшылық негiзiнде
жасалады.
Байқалатын ерекшелiк
бiрi қайшылық құбылыс фразеологиялық тiзбектерде жиiрек кездеседi,
әрi қайшылық салмағы тең әрi дәл, ал бұл
құбылыс бiрлiк пен тұтастыққа тән, бiрақ мағына
тұтастығы берiк болған сайын қайшы жұптың
дәлдiгi солғындайды.
Қайшылық құбылысы
көп мағыналы фразеологизм әр мағынасы арасында да
кездеседi. (1) Көп мағыналы фразеологизм мағынасы көп мағыналы фразеолгизм
мағынасымен қайшы болады: 1.Есiн жинау: (а) есi кiрдi;(ә) өз-өзiне келдi. 2.Есiнен адасу: (а) есiнен тану; (ә) есi ауысты.
Бiрiншi тiркестегi алғашқы мағынамен екiншi тiркестегi бiрiншi мағына қайшы, екiншi
мағыналар да осындай, яғни есi
кiрдi-есiнен танды; есi ауысты - өз-өзiне келдi. (2) Көп мағыналы
фразеологизм әр мағынасы бiр мағыналы фарезологизммен қайшы бола бередi: 1.Жөнiне
көшу: (а) дұрыс жолға түстi; (ә) жайына отырды. «Дұрыс жолға түстi - жолдан таю» фразеологизмiмен қайшы, «жайына отырды-
құйысқанға қыстырды» тiркесiмен қайшы.
Қайшылық сөздердiң
сапасын, артық-кем қасиеттерiн, мөлшер көлемiн салыстырып,
бiр-бiрiне қарама-қарсы қоюдан шығады. Қайшы құбылысты
салыстыруда, оларды бiр-бiрiмен қатар қойып шендестiруде және
осы тәсiл арқылы айтылатын ойды тайға таңба
басқандай етiп түсiндiруге қайшы
мәнді сөздер айрықша қызмет
атқарады. Төмендегiдей мақал-мәтелдерде эпитеттiк қайшылық қолданыс тапқан. «Қорлық
өмiрден, ерлiк өлiм артық», «Есектiң етi арам, күшi адал», «Куәлi iстi
куә табар, куәсiз iстi күмән табар», «Өлi арыстаннан тiрi
тышқан артық»,»Тұзаққа түскен
бұлбұлдан, еркiн жүрген торғай артық». Көрiп отырғанымыздай,
жоғарыдағы мақалдарда эпитет бiр сөйлемнiң өз iшiнде салыстырылып
айтылған. Қайшы құбылыстарды бiрiне-бiрiн шендестiрiп, салыстыру арқылы
күштi стильдiк мән тудырады.
Сонымен қатар қайшы эпитеттер адамның мiнез-құлқын
суреттеуде шебер қолданылады. Мысалы: «сараң адам – мырза жiгiт», «қорқақ жiгiт - өжет қыз», «өзiмшiл адам – көпшiл адам», «тiлазар бала –
елгезек бала», «олақ әйел – салақ әйел».
Осы ретте тұрақты қайшы эпитетке тоқтала кетелiк. Фразеологизмдер мән-мағынасы
жағынан бiр-бiрiне үйлесiп келiп, өзара бiр-бiрiмен синоним болып жұмсалатындығы
сияқты бұлар мән-мағынасы
жағынан қайшы болып та қолданыла бередi. Тұрақты тiркес
арасындағы осындай кереғар құбылыстарды қайшы фразеология деп атауға болады.
Мәселен: «ашық мiнез –
тұйық мiнез», «ер жүрек - қоян жүрек», «жүрек
жұтқан – су жұтқан», «аузы жеңiл – аузы ауыр», «ақ ниет - арам ой», «қырғи
қабақ - арасынан қыл
өтпейтiн», т.с.с..
Байқап қарасақ, қазақ тiлi синоним эпитеттерге қандай бай болса, қайшы эпитеттерге де кенде емес.
«Қолы ұзын сүйгенiн алады, қолы
қысқа тигенiн алады». «Ақпа құлаққа айтқан
сөз ағып кетедi, құйма құлаққа айтқан
сөздi құйып алады». «Дәмет жас кезiнде аузы жеңiл адам болатын.
Шырағым,бiрге туған iнiмдей болған соң, аузың ауыр болған
соң, жол үстiнде айтылып қалған бiр сыр бұл (Ғ.Мұст.).
Қайшы мәндес сөздерді шебер қолданудың нәтижесiнде айтылатын ой мелiнше
ашық-айқын, мейлiнше мәнерлi болып
бейнеленедi. Фразеологизм көп жағдайда сапалық бағалық сипатта
қолданылатындықтан, көптеген фразеологиялық тiркес бiр-бiрiне
қайшы мәнде жұмсала бередi. Қазақ тiлiнде қайшы мәнде ақ және қара сөздерi жұмсалады. Дегенмен,контексте басқа да түстер стильдiк мақсат үшiн қайшы ыңғайда
қолданыла бередi. Қоңыр
дауыс, қара жел - қоңыр жел, қара дауыл-
қоңыр самал және т.с.с..
«Ақ» және «қара» сөздерi зат есiмдермен тiркесiп қайшы фразеологиялық тіркес жасайды. Демек мына мысалдардағы «ақ сүйек
- қара сүйек», «ақ жүрек - қара жүрек», «ақ ниет -
қара ниет», «ақ тiлек - қара тiлек», «ақ сақал - қара сақал» (ақ және қара) сөздерi мен қайшы фразеология арасында
тығыз органикалық байланыс бар екендiгiн көрсетедi.
Түр-түс атауларын қолдану арқылы жазушылар өмiр шындығын шынайы
қалпында көрсете отырып, көркем бояумен әрлейдi, қоршаған өмiрдi жан дүние әлемiн өз бояу нақышымен, әр қырынан жарқырата, сан
құбылта көрсетедi. Қайшылықтың лингвистикалық, стильдiк тiптi логикалық табиғаты өте
күрделi.
Қайшы фразеология
фразеологиялық бiрлiктердiң категориялық-семантикалық
қарым-қатынасы жағынан екi бiрыңғай
қызметте болуы тиiс: бiрiншiден, ортақтыққа негiзделген
қайшы қоятындай жалпы
семантикалық компоненттерi, қайшылықты жүзеге
асыруға қатысатын қайшы семантикалық комопоненттер; екiншiден,
мағынасы жақын лексикалық үйлесiмдiлiк, бiрақ
кейде стилистикалық және құрылымдық жағынан
ұқсамайтын қосымша семантикалық компоненттер де
кездесуi мүмкiн. Фразеологиялық бiрлiктердi
қарама-қарсы қою бар жағдайда мүмкiн емес, ол тек
салыстыру керек болған жағдайда жүзеге асырылады. Қайшы фразеологияға С.Барсикьян
келесiдей анықтама берген: «Фразеологизмы противоречия – это фразеологические единицы, ассоциирцющие в нашем сознании как взаимоисключающие
друг-друга по значению, характеризующие явления или предметы действительности с разных, но
совместимых сторон» [6]. Осыдан келесiдей
тұжырым шығады, қайшылық кезiнде салыстырылатын бiрлiктердiң ұқсастығы да
айырмашылығы да болуы тиiс. Семантикалық өзгешелiктер
араларында ешқандай байланыс жоқ деген түсiнiк
туғызбасы хақ. Олар семантикалық полярлық қатынас
негiзiнде жүзеге асырылады. Ал араларындағы
ұқсастығы сол – қайшы фразеологизмді бiр-бiрiмен қарама-қарсы қою
арқылы салыстыруға болады. Мағыналарының барлық элементi
қарама-қарсы қатынасқа түскен жағдайда,
коннонативтiк мағыналарын да ескергенде, қайшы фразеологизмдік қатынасқа
түседi. Қайшы фразеологизмнiң қайшы қатынасқа
түсуi сонымен бiрге олардың лексикалық семантикалық
үйлесiмдiлiгiне де қатысты. Қайшы фразеологизм бiр ғана
сөзбен байланысқа түскенде, не болмаса қайшы мәндес сөздермен
байланысқанда ғана қайшылық
туындайды.
Негiзгi грамматикалық формасында қайшы сөздерден
құралған фразеологизмдер қайшы қатынасқа түсiп отырады: «құр
босқа сөйлеу» – «сөзiне берiк болу»;
Осыдан шығатын тұжырым, келесiдей қасиеттерi бар қайшы мағыналы формаларды қайшы
фразеологиялық бiрлiктер деп көрсетуге болады: (1) Семантикалық қайшылық; (2) Компоненттiк
құрамның ұқсастығы; (3) Лексика-грамматикалық
қасиеттiрiнiң бiрыңғайлығы, бiркелкiлiгi.
«Ойбай, тiлдерi шығыпты ғой, мыналардың»(М.Ә.) «Сол ниетпен
Айтжанның Қылшақты көкiрене келе тiлi байланды да
қалды» (С.М.). «Ертең сол iстер жөнiнде сөздерiнiң шешен билерiн
тiл безеп, сайысқа алғалы отыр» (М.Ә.). Мұхамедияр жұмған аузын ашпады» (С.М.).
Жоғарыда жасалған тұжырымдарды басшылыққа ала
отырып, түркi халықтарының бiр-бiрiмен тiкелей қарым-қатынас жасауға, ескi әдеби, мәдени мұраларын толық
пайдалауға мүмкiншiлiк бар дегiмiз келедi. Тағдырдың
өзi қазiргi түркi тiлдес халықтарды қайтадан
табыстырып, жақындата түсуде. Олардың жан-жақты байланысы
әлi де болса тереңдей бермек, өйткенi зерттелмей жатқан ортақ қазыналары толып жатыр.
Ал соның iшiндегi түркі тілдеріндегі
қайшы фразеологизмдердiң түрлi қыры
әлi де болса зерттеудi қажет ететiн мәселелердiң бiрi екенi даусыз.
Пайдаланылған
әдебиет тізімі:
1. Жайсакова Р., «Принципы классификации
фразеологизмов и классификационные группы
в казахском языке». Алматы, 1998г.
2. Мусин Ж., «Қазақ тiлiнiң антонимдер сөздiгi. Алматы.: «Мектеп». - 1984 жыл.
3. Конакбаева Ж., «Антонимические фразосочетания в английском, русском и казахском языках». Тбилиси.: 1981.
4. Оразов М., «Қазақ
тiлiнiң семантикасы». Алматы.: Рауан, 1991, - 216б.
5. Болғанбаев Ә., «Антонимиялық
атауларға байланысты фразеологизмдер //Кiтапта: «Қазақ тiлi түсiндiрме сөздiгiн жасау
тәжiрибелерi». Алматы.: Ғылым, 1989, - 176б.
6. «Вопросы фразеологии». Труды СамГУ, Новая серия, Вып.314. Самарканд.: 1976 - С.86-92.