Қарсылық пен  қайшылық: терминология

Жүсіпов А.Е. Ф.ғ.к.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

 

Тіл біліміндегі қарсылық мәннің бәрі сыртқы дүниенің әсерінен пайда болған десек болады. Қарсылықтың берілу мәнін берерде, ой-қиялдың шығармашылықпен қабылдайтындығын ескере кеткен жөн: сол себепті материалдық өмірде жоқ, бірақ ой-қиялымыздан туындаған келесідей объектіні өмірде бар құбылыс қатарына енгізуіміз де ләзім. Соның ішіне, мәселен, ертегідегі кейіпкерді де қосуға болады - Жалмауыз кемпір, Тау соғар, Көл таусар және т.с.с.. Себебі шынайы дүние дегеніміз – бұл тек қана бар зат пен құбылыс қана емес, бұл қасиет пен қатынас қосындысы, өзараұқсас, өзараайырбасшыл, бір мезет, мезгілде өмір сүретін затпен бірге қасиеті /біздің жағдайда - қарсы мағына/ және қатынас /біздің жағдайда – мағына қарсылығы/ да болады.

(1)Конститутив қайшылық (ортақ және барлық; соңғы және шексіз; элементтің бірі-біріне айналуы; материяның нөлден шексіздікке дейінгі өзгеруі); (2) Перцептив қайшылық (жалпы және жеке; ішкі және сыртқы; қалып пен мазмұны; перцептив синкретизм); (3) Құрылымдық қайшылық (мәңгілік пен уақыт; тыныштық пен қозғалыс; хаос пен ғарыш және т.с.с.) [1;549-559]. Осы іспетті қайшылықты адам өмірінің басқа да көптеген саласынан анықтауға болады. Қарама-қарсылық пен қайшылық арасындағы айырмашылық «белсенділік пен енжарлық» принципіне негізделіп жасалады. Қарсылық енжар түсінік ретінде қабылданады, белсенді түсінік, үнемі қозғалыста болатын қайшылыққа қарсы деп танылады. Қайшылық. Зат.(1) Қарама-қарсылық, бітіспеушілік, шиеленіс. Ақын Үндістанның қайшылыққа толы драмалық өмірін көңіліне түйеді, көкірегіне сақтайды (С. М.). Әрине, мемлекет мүддесі мен жұмысшы мүддесі арасында қайшылықтар да кездесуі мүмкін (Т. А.). Ушаков пен Рязанов образы арқылы капиталистік дүниенің ішкі қайшылығын ашады (ҚМ). (2) Филос. Дамудың қайнар көзі. Қайшылық - диалектикада шешуші күш (ҚСЭ). (3) Антагонистік қайшылық. Келіспейтін, ымырасыздық; дұшпандық. Социализм мен капитализм арасындағы қайшылық - антагонистік қайшылыққа жатады (СҚ). (4) Ішкі қайшылық. Белгілі бір мемлекет не жеке адам басындағы қарсылық [2;546].

Қарама-қайшы сын. (1) Біріне-бірі қарсы, қайшы; қарама-қарсы. Былтыр ғана Шортанбай туралы «Қазақ әдебиеті» үш мақала басты. Соның қайсысына байлам еттік? Байлам әлі жоқ, қарама-қайшы көзқарас тірескен күйінде әлі тұр (Ғ.М.). Қарттың басында қазір бір-біріне қарама-қайшы, бірінен-бірі алшақ екі түрлі ой таласып тұр (М.Д.). Екеуі бойларының биіктігімен ғана ұқсас та, өңге қасиеттерінің бәрі бір-бірімен жүз процент қарама-қайшы (Р.Т.).

Қарама-қайшылық зат. (1) Сәйкессіздік, алшақтық, ала ауыздық.. Табиғат қарама-қайшылығын мол пішкен осы мекенде қазақ халқы өнген, өскен, жыр толғаған, күй шерткен (Қ.М.) Ресейді Жетісу халқының бүгінгі тұрмысымен де салыстырып қарады. Осылардан өзінше қорытынды жа-сап, үстем таппен езілген халың арасына түскен қарама-қайшылықты таныды (М.Д.).

Қайшылықтың қазақ тілінде біршама синонимдік қатары бар: (а) Қайшылық - 1. антагонизм; 2. айырмашылық; 3.қарсы шығу; (ә) Қайшылық – 1. екіұштылық; 2. қисынсыздық; (б) Қисынсыздық – орынсыздық; ретсіздік; ыңғайсыздық; қайшылық; алогизм; (в) Айырмашылық – өзгешелік, ерекшелік, айырма; ұқсамаушылық, ауытқушылық; қайшылық; бұзылу; дисгармония; диссонанс; (г) Қарсы шығу – 1. қарсы сөйлеу, сөз қайтару; 2. протест – наразылық, келіспеушілік.

Қайшылық идеясын философияға біздің дәуірізге дейінгі VІ-V ғасырда Гераклит енгізген болатын. Бізге жеткен еңбегінде: «Жауласқанда қосылады, ажырасқанда тамаша жұп құрайды, осының бәріне қол жеткізу үшін күресу керек» деген[3;42]. «Қайта-қайта бір өзенге түсетінге жаңа сулар құйылады» [3;42]. Гераклиттің замандасы Праменид оның көзқарасын жоққа шығарды, «Табиғат туралы» поэмасында алғашқы рет қайшылықсыз заңын сипаттаған болатын. Гераклиттің қолдаушыларын «білім жоқ екі басты адам» деп сипаттаған.

Болмыстың өмір сүру формаларын талдай келе, біздің алдымызға келесі сұрақ келеді: осы сан алуан себептілік пен қажеттілік, мүмкіндік пен кездейсоқтық т.с.с. жағымен құбылып жатқан болмыста не бар? Оның шеңберінде әртүрлі зат пен құбылыс, соның ішінде ішкі рухани өмірі бар адам да бар. Ең кең, шегіне жеткен түрде алып қарағанда, әрине, оны материя мен сана, рухқа теңеуге болады.

Адам саналы пенде ретінде өзіндік санасын тудырады, сол себепті ол бүкіл Дүниені өзіне қарсы қойып қарайды (соның ішінде басқа адамды да өзінен бөлек санайды). Осы арада: «Бұл Дүние не?», «Мен неге бұл Дүниеге келдім?», «Менің жаным осы денеммен бірге сөне ме, я болмаса мәңгілік өмір сүре бере ме?», «Дүние шектелген бе, я шексіз бе?» деген секілді көп сұрақ пайда болады. Мұндай сұрақтың санын жүздеп келтіруге болады. Оларға жауап беру барысында біз қажетті түрде материя мен сана категориясына келіп тіреліп, олардың қатынасын зерттеуге мәжбүр боламыз.

Сана мен материяның қатынасы, яғни қайшылықты анықтауда үш бағыт бар. Оның бірі - материализм, екіншісі - идеализм, үшіншісі - реализм.

Материализм бағытының негізгі категориясы - материя ұғымы.

Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында Дүниенің негізін нақтылы-сезімдік заттан көрді (Фалестің суы, Гераклиттің оты т.с.с.). Мұндай көзқарастың көне замандағы шыңы - Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүние негізінде әрі қарай бөлінбейтін, сонымен қатар әрі қарай өткізбейтін ұсақ бөлшек жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формасы әртүрлі болуы мүмкін. Біз дүниетану жолында заттың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл атомды қабылдаймыз. Сонымен рух дегеніміз - қозғалыстағы жеңіл атом.

Тілдің концептуал белгісін мәдениет, тіл және этнография тұрғысынан зерттеу адамның шындық болмысты танып білуге бағытталған әрекеті логикалық категория шеңберінде жүзеге асады. Жалпы тарихында болмыстың барлық дүниетанымдық рухани құндылығы, адам/жеке тұлға – этнос, кең көлемде – ұлт өмір сүруінің маңызды жақтарымен байланысты «уақыт», «бақыт», «өмір» т.б. абстракты концептілерінде көрініс тапқан. Олар әртүрлі мәдениет констексінде сапалық сипатқа ие бола тұрып, белгілі бір мәдениетке тән құралмен де ерекшеленеді.

Әйгілі философтар Л. Витгенштейн, Г. фон Вригт, М.Хайдегер Граммер, М. Бубер және т.б. бастаған концептуалдық сараптама қазіргі заман ізденісінде өзіндік орнын алды. Қазақтың дүниетанымдық концептісіне сараптама жасаған А.Ислам, ол тіл білімінде түрлі пікір талас туындататын «концепт» терминінің мән-мағынасын анықтаған. Орыс тіліндегі «концепт» пен «ұғымның» мағынасы өзінің ішкі формасы бойынша бірдей. Ю.Степанов оларды әртүрлі ғылым терминдері де есептейді: «ұғым» негізінен логика мен философияда қолданылса, «концепт» логикалық математикада және мәдениеттануда қолданылады. Жалпы «концепт» термині когнитивтік лингвистика ғылымының қажеттілігінен туындап, лингвистикадағы ақпаратты психологиялық, адамның таным әрекетімен ұштастырады [4].

Концептіні айқындауда логикалық философиялық, когнитивтік және лингвомәдени бағыты танылады.  Біріншісінде концепт адамның ментал аясын көрсететін тіл иесінің концептуал жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырылады [5]. Жалпы, концепт философиялық тұрғыда екі бағытта түсініледі: біріншісі — рухани мәдениеттің өзекті сөзі, екіншісі - сөздің пайда болуына дәнекер алғашқы түсінік. Екі анықтаманың да түпкі мәні бір болған соң бірін бірі толықтыратыны байқалады. Тілші ғалымдар бұл терминдерді өздерінің зерттеу мақсаты мен міндетіне байланысты анықтайды, «концепт» дегеніміз өзінің атауы бар және адамның шындық болмыс туралы мәдениет ықпалымен қалыптасқан белгілі бір түсінікті бейнелейтін «идеалды» әлемнің нысаны [6] немесе «ұжымдық» санадағы белгілі бір формада бейнеленген жан-жақты мәдени маңызы бар әлеуметтік психологиялық кұрылым» [7;106с.] және т.б.

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.           Материалисты древней Греции. М.:Гос.издат.полит.лит., 1955. -239с.

2.           Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы. 1986.

3.           Степанов Ю., Константы: Словарь русской культуры – Издательство «АкадемПроект», 2001 990с.

4.           Павиленис Р., Проблема смысла. Современный логико-философский анализ язык. - М.: «Мысль», 1983-286с.

5.           Чернейко Л., Долинский В., Имя «судьба» как обект концептуального и ассоциативного анализа//Вестник МГУ Серия: Филология, 1996, №6 С.21-41

6.           Карасик В., Культурные доминанты: языковая личность//Сборник научных трудов ВГПУ, Волгоград, 1996.

 

 

 

Қайшылық: түсініктің тарихи даму үрдісі, лингвомәдени көзқарас

Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

 

Сөйлеу қызметіне байланысты зерттеушілер, соның ішінде Е.Кубрякова Р.Джекендоффқа сілтеме істей отырып, адамның қыртысында дүние туралы белгілі бір түсінік деңгейі бар екенін айтады. Ол деңгейде тілдік, сенсорлық және моторлық түрде ақпарат бірін-бірі толықтырып, концептуалдық деңгей түзейтінін айтып, былай деп жазады: «дүние және оның адам миындағы бейнесі бар, бұл бейнеленген дүниенің өзінің образы, түсінігі мен ұғымымен қоса, ортақ концептуалдық жүйе күйінде бейнеленген өте күшті вербалдық бөлігі бар» [1;95с.]. Когнитивтік бағыт концептіні «белгілі бір жалпылық сипаттағы категория мәдениет ықпалымен пайда болған ассоциаты» деп прототип тұрғысынан түсіндіреді [2;17с.]. Ал лингвомәдениеттану «концептіні» анықтауда қайшылық жоқ. «Концепт» жалпы белгілі бір этнос мәдениетінің басты элементі, адамның менталды басты ұяшығы деп танылады.

Концептің орыс мәдениеті «орыс және орыс қоғамының рухани қазынасы» [3;57с] деген анықтамасын басқа мәдениет негізінде де қолдануға әбден болады.

Концептің семантикалық құрамына прагматикалық ақпарат сөздің танымдық жадысы және мәдени этникалық компонент кіреді [4]. Сөздің танымдық жадысының сөздік эволюциясы, яғни сөз семантикасының синхрондық деңгейде сақталатын не «ұмытылатын» [5] тарихи мәдени уәжділігінің сөз мәдени жадысынан айырмашылығы соңғысы тіл, кең көлемде алғанда мәдениет иесінің рухани құндылығымен байланысты. Мәдени этникалық компонент тілдік белгі семантикасының ұлттық ерекшелігін айқындап, белгілі бір дүниенің тілдік суретін бейнелейді.

А.Бабушкин концепт деп «реалий не идеал дүние затының вербалдық бейнеленген күйінде иелерінің ұлттық жадында сақталатын ұжымдық сананың кез келген дискреттік белгісін» [2;222с.] айтады. Ал мәдениеттің басты концептісі дегеніміз «жеке тұлғамен қатар, жалпы лингвомәдени қоғам экзистенциональдық мәні бар дүние суретінің басты бірлігі» [6].

Концептің басты белгісінің бірі - оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде  компонент болмақ. Сонымен, концепт дегеніміз: этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттық мәдени құндылық жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым.

Д.Лихачев белгілі бір ұлттың мәдени негізделетін концептілер аймағы бар деп есептеген. Соның ішінде шындық болмысты түсінудегі басты айрықша таным түсінікті білдіретін семантикалық құрылым болады. Ал, сайып келгенде концепт басты қызметі - дүниенің тілдік суретінің басты элементін басты қызметі – дүниенің тілдік суретінің басты элементін анықтайды[7].

Жоғарыда айтып кеткен концептіні қарастыру үшін ақпарат маңызды қызмет атқаратын концептуал сараптама зерттеудің әдістемелік негіздемесі болмақ.

Кез келген ұлттың дүниетаным ерекшелігін айқындау мақсатында сөздің этимологиясы, семантикасы мен прагматикасын салыстыру арқылы тереңдете жатқан үрдіс ішкі мәні ашылады. «Сөз пайда болуының жасырын жолын, концепті реады мағынасы, сөз түсіндірмесін салғастыру ойлау ерекшелігін, адам, халық дүниетанымын, мәдениет қалыптасуы мен дамуын айқындауға мүмкіндік береді» [8;99с.].

Мәдени концептінің ұлттық үлгісіне тән ортақ және ерекше белгісін айқындау үшін олардың тілдік көрінісі, қандай да болмасын ұғымды білдіретін сөздің этимологиясы, синонимиясы мен антономиясы, тіркесу, контекстік қолдануы, семантикалық аясы, бейнелі баламасы, модустік бағалануы, метафора, тіркес әрі тілдік шаблон құрамында берілуі — бұның барлығы әрбір ұғымды білдіретін басты концептінің өзіндік «тілін», оларды қайта өндеу, адам санасындағы алатын орнын айқындауға мүмкіндік береді. Міне осындай сараптама, біздің ойымызша, өмірлік мәні бар дүниетаным концептінің шынайы мәнін ашуға бірден-бір кешенді әдістемелік негіз болмақ. Сараптама барысында ұлттың ұлт болып айқындалуының алғышартының бірі болатын ұлттық тіл, ұлттық мәдениет және ұлттық дүниетаным ерекшелігін айқындау мақсатында Шығыс және Батыс, сонымен қатар, ареалды шеңбердегі мәдени конпепті салыстырмалы және салғастырмалы түрде қарастырылмақ.

Әр концептінің ерекшелігіне орай, зерттеуде — абстракция атаудың тілдік және тілдік емес ақпарат үйлесімділігі қажетті туындайды. Атап айтқанда, концептуал сараптаманың төмендегідей әдіс тәсілі қолданылады: тілдік мағынаны айқындауда семантикалық сараптама; сөздікте берілген түсіндірмеге талқылау; сөзге этимологиялық, тарихи диахроникалық талдама; концепті синхрондық денгейде тәржімелеу; оның семантикалық аясы, әр кезеңдегі прагматикалық мағынасы; тіл және мәдениет иесіне тән интуиция қолданылады.

Концептіні талдау барысында төмендегідей бірізділік ұстанылады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әртүрлі философиялық және діни жүйедегі орны; концептінің адам күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгісі, концептің тіркес түзілуі не қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжет не образдың пайда болуы. Сонымен бірге бір мәдениет шеңберінде концептінің өзара байланыста болатынын ұмытпауымыз қажет. «Выявление содержания какого-либо концепта возможно лишь путем соотнесений с ним содержания других концептов, т.е. для усвоения некоторого смысла концепта необходимо построить смысловую» (и, следовательно, языковую) структуру, состоящую из имеющихся концептов в качестве «интерпретаторов или анализаторов рассматриваемого концепта, «вводимого» в конструируемую, таким образом, концептуальную систему» (9;106с.].

Қазақ, кең көлемде - түркі халқы дүниетанымында уақытты бір жағынан түзу сызық ретінде түсінсе, екінші жағынан дөңгелек шеңбер ретінде де түсінген. Бұл жерде түзу сызықты қайтарусыз өтетін, ал дөңгелектің мәнгі айналым, қайтып айналып келетін символдық мағынасы бар екенін айта кеткіміз келеді [10]. Түзу сызықты уақыт бейнесі жоғарыда сөз болды. Дөңгелек құбылысы: жыл кезеңі мен күн мен түннің алмасуы сияқты құбылыс себеп болса керек. Бұл жалпы дөңгелек үлгісі кеңістік пен уақытқа белгілі бір тұтастық бергендей. Соңғысы қазақ ұғымында тәңірлік дүниетанымда көрініс тапқан: «таң» түбірі барлық түркі тілінде бірдей мағына беріп, түркі халықтары дүниетанымының ортақ түп-тамырын көрсеткендей. Сәуле, өмір берер таңның сакралдылығы (қасиеттілігі) Еуропа халықтарына да тән соярлық культтің пайда болуына әкеледі. Қазақтар күннің батуын «таза емес» - шын шайтанның  пайда болған  кезі деп түсінген, әрі ауыспалы кезеңдерге аса мән берген: күннің бату кезеңін: «ақ пен қызыл арасы», «бейуақыт», яғни «мезгіл уақытсыз» деп атап, тіпті уақыт санатына қоспай, уақытпен өлшеуге келмейтін кезең ретінде қабылдаған. Уақыттың осы кезеңмен байланысты халық арасында түрлі тыйым бар: «Бейуақта бейне болма», «Бейуақта кісіден жөн сұрама», «Бейуақта жылама», «Бейуақта ұйықтама».

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

 

1.      Кубрякова Е., Особенности речевой деятельности и обемы внутреннего лексикона//Человеческий фактор в языке. Язык и порождение речи. М.: «Наука» 1991 -214с.

2.      Бабушкин А., Типы концептов в лексико-фразеологической семантике языка. –Воронеж, 1996г.

3.      Степанов Ю., Константы: Словарь русской культуры – Издательство «АкадемПроект», 2001 990с.

4.      Воркачев С., Лингвокультурология. Языковая личность, концепт: становление антропоцентрической парадигмы в языкознаний//ФН. 2001, №1, - С.64-72.

5.      Яковлева Е., О понятии «культурная память» в применении семантике слова//ВЯ, 1998, №3 –С. 63-73.

6.      Маслова В., Лингвокультурология М.: 2001. -203с

7.      Ислам А.,Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы: 2004.

8.      Лисицин А., К проблеме концептуального анализа//Язык и культура, Киев. 1994. С.98-99.

9.      Павиленис Р., Проблема смысла. Современный логико-философский анализ язык. - М.: «Мысль», 1983-286с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қайшылықтың лингвомәдени қыры: негізгі принциптері мен зерттелуі

Жүсіпов А.Е. ф.ғ.к.

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

 

Қазақ философиясында уақыт өте жылдам ағып жатқан құбылыс ретінде қабылданады: «уақыт зымырап өтіп жатыр» (салыстыр: орыс: «время летит»; ағылш.: time is flying). Жоғарыда айтып өткендей мәдениеттен қазақтың болашақ жөніндегі таным түсінігінің бір айырмашылығы ол болашақты алдымызда деп түсінеді, жанарын алға салып, көкжиекке қарай өзіне таныс емес, жаңа нәрсе күткендей болады.

Осыған орай ұлттық пәлсапалық, психологиялық ұғымнан ұлт болмысы қалыптасқаны байқалады, мінезімізге тән байсалдылық осы фактордың айғағы десек болады.

Сонымен бірге қазақтардың уақытты жол бейнесінде түсінгенін айтып өтікіміз келеді. Демек, жүріп өткен жол – өткен уақыт.

Уақыт семантикалық аясындағы «заманның» (араб.) уақыт, кезең, дәуір және бұл ұғымның замана (ар. – парсы: замана) (суфф.) ғасыр, дәуір мағынасы да [1] бар. Дегенмен лексеманың уақыт мағынасынан бөлек тағдыр мағынасы да еңбекте өз алдына концепт ретінде қарастырылады. Исламда кезең де «заман» араб тілінде үнемі алмасып отыратын күн мен тұратын «шексіз уақыт», «тағдыр» ретінде түсінілген.

Ұлттық дүниетанымыздағы заман концептісін тереңдету үшін тіліміздегі тұрақты сөз тіркес пен әдебиетіміздегі бейнелеуді қарастырсақ. Ұлы Абай қазақ философиясын заманды адамға тәуелсіз, барлығын өзіне бағындырар ерен уақыт ағымы ретінде қарастырады. Әркімді заман сүйремек//Заманды қай жан билемек?//Заманға жаман күйлемек//Замана оны илемек

Бұл жерде уақыт пен тағдырдың біртұтас ұғымы түсінілетіндігін көреміз (қар.: замана сөзінің бір тағдыр екенін еске саламыз).

Жалпы кез келген ұлттың негізгі дүниетаным концептісінде ұлттық дүниетанымдық ұстаным мен көзқарас көрініс табады. Олар өз тарапынан ұлттық діл мен мінез-құлық, тілде көрініс тапқан ұлттық мәдениеттің - тұрмыстық ерекшелік, салт-дәстүрдің - пайда болуында белгілі бір шарт пен шектеулік, прототип негізін құрайды деп айта аламыз.

Қазақ, кең көлемде түркі халқының, дүниетанымдық басты концептісінің тереңде жатқан рухани мәдени мәнін ашу ұлттық ерекшелікті бейнелейтін тілдегі қайшы тіркес, метафора не ұлттық реңктегі лексеманың бейнелік негізімен тікелей байланысты.

Жаңа дәуірдегі ғылым мен техника дамуына байланысты ғалым материяны табиғаттың заты, оның қасиетімен теңеді (Ламетри, Гоббс, Гольбах т.б.). Бұлардың ойынша, рухани өмір материалдық элементтен тұрмайды, ол материяның жалпы қасиетіне жатады. Бұл, әрине, алға жылжуды көрсетті. Т.Гоббс: «Зат адам санасында өзінің тікелей ізін қалдырмайды, оның тигізетін ықпалы адам миына жеткенше біршама сатыдан өтеді...» - деген пікір айтады[2].

XX г. басында материя жөнінде жаңа гносеологиялық (танымдық) тұжырым пайда болады. Ол, негізінен алғанда, ғылыми-техникалық прогресс, ескі атомистиканың күйзелісімен байланысты. Материяны заттық субстратқа (негізге) теңеуге болмайды. Материя дегеніміз - шынайы шындықты біздің санамызда бейнелейтін философиялық категория, яғни ұғым.

Соңғы кездегі көзқарасқа келсек, олар біржақты гносеологизмге қарсы: материяны субстанциялық аксиологиялық (құндылық) тұрғысынан сипаттағысы келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, материя тек қана физикалық шындық емес, сонымен қатар рух, яғни мәңгілік материяның көп қасиетінің бірі.

Платонның ойынша, адам - қайшылықты пенде. Оның денесімен қатар, жан дүниесі бар. Дене сезімдік әлемге жатса, жанның отаны - эйдос әлемі, сондықтан ол - мәңгілік. Платон философиясы қайшы.

Философия тарихында алғашқы реалистік жүйе жасаған «бірінші мұғалім» Аристотель болған-ды. Ол грек философиясының натур философиясындағы негізгі жетістікті Платонның идеалистік ойымен ұштастырып, «материя» мен «форма» екеуінің де тең құндылығын айтады. Оның формуласы -«материясыз форма, формасыз материя жоқ». Бұл формуланы нақтылай келе, материяны «мүмкіндік» (dynamis), форманы «шындық» (energeia), іске асушылық ретінде түсінеді. Форма мақсатқа лайықтылық арқылы өмірге енеді. Оны ол энтелехия, яғни рухани күш ретінде қарайды, бұл жағынан ол Платонның «эйдостарына» жақын. Бірақ Платонның идеясы ерекше Әлемді құрайтын болса, Аристотельдің рухани күші материямен бірге берілген. Өйткені Шындық материя мен форма бірлігінен туады, соның негізінде жеке зат пен құбылыс өмір сүреді, жоғарыдағы көзқарас «жан-дүние» категориясын талдауға да үлкен жаңалық енгізеді. Ол Платон философиясына сәйкес «сезімдік» өтпелі Дүние мен «Эйдос әлемі» ортасындағы дәнекер емес, ол - белсенді рухани өмірлік күш-қуат.

Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету - өте қиын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болса, тілді шынайы ойдың «материясы» ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз - дыбыс толқыны - материалдық құбылыс екені даусыз. Тіл дегеніміз - ойды, адами қатынасты қамтитын белгілі бір белгі жүйесі. Тіл - ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір-біріне неше түрлі ақпарат, өз ойын жеткізе алады. Сонымен қатар, адам санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана - күміс ақшаның оңы мен астары сияқты, бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.

Тарихи қоғамның Дүниеге келуі - тіл мен сананың пайда болуымен тең. Тілдің Дүниеге келуінің биологиялық алғышарты - жануардың неше түрлі дене қозғалысы мен дыбыс сигналы. Алғашқы тобырда бірігіп, аң аулау барысында ең алдымен «ымдасу тілі», дене қозғалысы арқылы адам әртүрлі хабарды бір-біріне жеткізді, сонымен қатар неше түрлі сезім толқыны (қуаныш, я болмаса қайғы, ауыру т.с.с.), дыбыс шығарылады. Соңында, еңбек құралын жасауға көшкен кезде, ой мен тіл шынайы тез қарқынмен дами бастайды.

Қазақ елінде қазіргі уақытта ана тілімізді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Ана тілі - зор рухани байлық. М.Хайдеггер айтқандай, тіл - болмыстың үйі. Ал оның әріптесі Г.Гадамер, тіл дегеніміз - алдын ала түсіндірілген дүние, - деген терең ой тастаған екен. Олай болса, тек ана тілін терең меңгеру арқылы ғана адам өз ұлтына тән дүниесезім мен қабылдау, көзқарасты өз бойында қалыптастыра алады.

А.Байтұрсынұлы айтып кеткендей, тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Осы мындаған жыл шеңберіндегі қалыптасқан ана тіліміздегі інжу-маржанды аса ұқыптылықпен зерттеу, оның талай-талай ашылмаған сырларын халыққа жеткізу, сонымен қатар оны жаңа өмір талаптарымен ұштастыру - бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселеге жатады.

Бір дәуір екіншіге ауысқан жағдайда жаңа мәдени ахуал дүниеге келіп, бұрынғы көзқарас, құндылықты сынға алған жаңа саяси, моральдық, эстетикалық т.с.с. идея пайда болады. Бірақ, сонымен қатар әрқашанда белгілі бір тұрақты ой-өріс қала бермек. Ол - тіл және оны күрт өзгерту ешкімнің де қолынан келмейді. Тілдегі қалыптасқан мәдениет үлгісі ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, олардың өмір салты, іс-әрекеті, ой-өрісіне өз ықпалын тигізіп, адам қатынасына үлкен әсер етеді. Сонымен қатар тіл де, басқа әлеуметтік құбылыс сияқты, өне бойы өзгерісте, дамуда. Тілді тазарту, тарихи ұмыт қалған сөзді өмірге қайта енгізу, жаңа сөзді тудыру - бұлардың бәрі де керек нәрсе. Бұл жағынан алып қарағанда, біршама жұмыс беті қайтарылған тәрізді.

Платон «Государство» диалогында қайшылық мәселесін талқылады да, «Қандай да бір зат бірдей бір қатынаста болып бір мезгілде тұра (қозғалыссыз) әлі қозғала алады ма?» деген сұраққа кері жауап берген болатын. Солай дей тұра бір кезде тоқтап тұрып қозғалыста болатын бала ойыншығы (волчок) туралы айтып, қайшылықты талдайды. Бұл мүмкіндікті Платон келесі тұжырымымен жоққа шығарады, «бұл жағдайда зат бір орында болады да қандай да бір қатынасқа қарай жылжиды» [3;229].

Әрі қарай қайшылыққа мүлдем тыйым салу заңы қалыптасады десек те болады. «[Сократ] Бір ғана зат бір уақытта бір қатынаста бір ғана бөліктің бойында қарсы әрекет жасай алмайды [Главкон]. Әрине жоқ. – Осылайша садақ атқан адам туралы да осындай пікір айтуға болады, қолы бір мезгілде садақты өзіне және өзінен тартып тұрар деу жаңсақтық болар. Дұрысында: «бір қолы өзіне, екіншісі – өзінен тартады» деу дұрыс болар [3;233].

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

 

1.      Ислам А.,Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. ДДА., Алматы: 2004.

2.      Вайсбергер Л., Родной язык и формирование духа М.: - 1993

3.      Платон., Диалоги. –М.: Мысль, 1986. -607с.