Салимбаева Ш.О., Шонбаева Н.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

МЕДИА-БІЛІМ БЕРУ БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

 

Қазіргі уақытта теледидардан көптеген зорлық-зомбылық көріністер көрсетіліп, қан өзен суындай «ағып» жатады. Күніне балаларымыз орта есеппен 17 өлім, 37 мейірімсіздік көріністер көреді екен. Мұндай эпизодтардың қандай сөздермен көрсетілетін болжау қиын емес. Және бұл көріністер таңертең де, күндіз де көрсетіле береді. Мұндай хабарлар балалардың дүниетанымының, логикасы мен психикасының қалыптасуына теріс әсер етеді.

Мәселен, 3 жастағы бала мультфильм кейіпкерлерінің бірінің басын бірі кесіп тастағанын көргеннен кейін, іле-шала ойыншықтарының басын жұлып тастаған.

 Бала тәрбиесі – аса күрделі әрі ұзақ процесс. Олардың мінез құлықтары мен жеке қасиеттерінің қалыптасуына отбасы мен жақындары, балабақша мен мектеп, қоршаған орта мен көше әсер етеді. Соңғы жылдары оған теледидардың да әсері нық қосылып отыр. Балалардың кітап оқуға деген құмарлықтары жыл өткен сайын төмендеп келеді, соның салдарынан шетелдік фильмдердің көптеген кейіпкерлері олар еліктейтін, ең беделді тұлғаларға айналды.Сонымен, отбасы мүшесіне айналған теледидар, балалардың тәрбиешілері қатарына қосылды.

Статистикалық есеп балалармен жасөспірімдер телеаудиторияның, аудиобейнелік медиатекстердің ең белсенді көрушілері екенін көрсетіп отыр. «Балалар мөлшермен 2 жастан бастап, теледидар көре бастайды. Нағыз американдық бала өз уақытының шамамен 30%-ын теледидардың алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат экран алдында отырады», дейді американдық зерттеушілер.

Өсе келе жас адам біртіндеп, ересектер әлеміне кіргісі келеді. Бала шынайы өмірді білуге әрі түсінуге, ондағы құндылықтар мен мінез-құлық ережелерін қабылдауға талпынады. Ересектер өмірін бала тек отбасы мен көшеден ғана көрмейді. Теледидар да олардың түсініктерінің қалыптасуына әсер етеді, оның белгілі бір бейнесін қалыптастырады. Теледидар қалыптастыратын ересектер өмірі туралы экрандық түсінік балар кіретін шынайы өмірге қаншаслықты сәйкес келеді? Теледидардың балаларға оң әсері ғана емес, теріс әсері де блатын болса, онда балаларымыздың бойында қандай қасиеттер қалыптасады – деген сұрақтар кімді болса да мазаламай қоймайды.

Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары материалдарына жасаған шолулар медиазорлықтың, мәселен, Шығыс елдерінде қылмыстың өсуіне үлкен әсері бар екенін дәлелдеп отыр. Зорлықты насихаттау, әсіресе теледидардан, кино мен компьтерлік ойындардан анық байқалады. БАҚ мәселелерінің психологтары мен сарапшылары БАҚ-та зорлық-зомбылық көріністердің көрсетілуі мейрімсіздік пен қатыгездіктің өсуіуне тікелей әсер ететінін дәлелдеп отыр.

Соңғы жылда дүние жүзіунде балаларға теледидар мен киноматографияның тигізетін әсеріне арналған мыңнан артық зерттеулер жүргізілген. Зерттеулер дүние жүзінің көптеген елдерінде, әр түрлі нәсілдерге, ұлттар мен әулеуметтік топтарға жататын ер балалар мен қыз балалардың арасында жүргізілген. Бұған қарамай, зерттеу нәтижелері іс жүзінде бірдей болып шыққан: экрандағы агрессия балалардың адамдарға және жансыз заттарға агрессивтіліктерін арттыра түседі.

Еліміздің 1999 жылы 23 шәлдеде қабыданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 25-бабында: Бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері немесе бас редакторлар... қатыгездік, зорлық пен порнаграфиялық хабарлар мен материалдар тарататын болса, оларға еліміздің заң актілерінде бекітілген негізде жауапкершілік жүктелетіні айтылған. Заңның бұл бабының қаншалықты «нәтижелі» жұмыс жасап отырғанын бәрімізде көріп отырмыз. Қазіргі уақытта елімізде бірде бір адам өз балаларымен бірге отырып теледидар көрмейді. Себебі, аяқ астынан, зорлық немесе порнаграфиялық көрініс көрсетіледі. Күн өткен сайын мұндай көріністер мен телехабарлардың саны да, көлемі де ұлғайып келеді. Қазақстанда кім болса да мұндай хабарлар көрсететін ондаған арналардан ешқандай да қорғалмаған.

Қазақстан халықтарыАссамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Париотизмді бүкіл қоғамның жалпы күшімен, әсіресе, жастар арасында, біздің балаларымыздың бойында қалыптастыруымыз керек» - деген болатын.

Балалар мен жастардың бойында патриоттық қасиеттер қалыптастыру үшін, қоғамда олардың адами қасиеттерінің, психолгиясы мен логикасының, мінез құлықтары мен тұлғаларының қалыптасуына кері әсер ететін барлық факторларды шама келгенше шектеу қажет. Мұндай факторлардың ең ауыры, дние жүзінің көптеген елдерінің үлкен ғылыми зерттеу институтарының жарты ғасыр бойы жүргізген мыңдаған зерттеулері көрсетіп отырғанындай, медиазорлық болып табылады. Сондықтан, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңына, дүние жүзінің көптеген елдерінде бар, күндізгі уақытта теледидардан зорлық және порнаграфия көрсетуге  тиым салатын қосымша бір бап енгізу қажет. Біз қазақ халқы, шығыс халқы екенімізді ешқашан ұмытпауымыз керек. Елбасының қолдауымен елімізде жүргізіліп жатқан «Мәдени мұра» бағдарламасы да, бүгінгі жаһандану заманында қасиетті терең тамырымыздан айырылып қалмай, содан қажеттігінен туындаған дүние екенін әсте естен шығармағанымыз абзал. Бұл үлкен ғылыми бағдарлама. Ал шынайы өмір шындығы қандай? Біз бүгінгі күндері неге ата баба тәлім дәстүрінен қол үзіп қалдық?

Атадан қалған мирас болып келе жатқан тәлім тәрбие дәстүрін жапон елі бүгінгі күнге дейін тек қатаң сақтап қана отырған жоқ, олар жас ұрпақ алдына оны дамыту міндетін жүктеп отыр. Осыдан ұтылып отыр ма? Тәрбие негізінде мектеп сапалы білім беріп отырған елдің ғылымы мен экономикасы да қарыштап дамып отырғанын бәріміз де жақсы білеміз.

Қазіргі уақытта, елімізде, оқушылардың білім сапасын көтеру мәселесі аса маіызды мәселелердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінің дамыған елдерінің зерттеулері мен тіжірибелеріне жүгінетін болсақ, онда оқушыларға алдымен тәрбие беріп, тәрбие негізінде көш ілгері озып отырғанын байқаймыз. Ал біздің елімізде білім сапасын көтеруге де медиазорлық кері әсер етіп отырғанын ашық айтуымыз керек.

 

Әдебиет:

 

1.    Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» // Егеменді Қазақстан. 2007.

2.    Кто есть в российском медиаобразовании. http://medialiterasy.boom.ru./medialiterasy.whol.htm.

3.    Имангожина О.З. Методика профессионального ориентирования школьников  в условиях информатизации образования. Автореф.канд. пед.наук.А: 2003. 21с.

4.    Рах С.В.Проблемы повышения эффективности учебного процесса общеобразовательной школы в условиях компьютеризации образования ( на материале обучения русскому языку в старших классах казахской школы). Автореф. канд. пед. наук, 1991. -25с.

5.    Муканова С.Д. Формирование информационных потребностей учителей в условиях инновационной деятельности. Автореф.канд. пед.наук. Караганда, 1999. -23с.