П.ғ.к.,
доцент Салимбаева Ш.О.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАННЫҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРМЕН АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ МОДЕЛІ
Психологияның
педагогика үшін ерекше маңызы бар, өйткені жеке адамдардың
даму заңдылықтарын, балалардың жас мөлшеріне байланысты
немесе индивидуалдық ерекшеліктерін білу білім беру мен
тәрбиелеудің неғұрлым тиімді әдістерін
жасауға теориялық негіз болады.
Білім беру орындарындағы оқу-тәрбие жұмысының сәтті болуы педагогтардың
іскерлігіне тікелей байланысты. Педагог оқу тәрбие саласында
қандай жұмыс
жүргізбесін, балалардың жан дүниесін жете біліп, онымен
әртүрлі жағдайда санаса білуі шарт. Бүйтпеген
жағдайда істің сәтсіздікке ұшырап,
көңілдегідей табысқа ие бола алмауы мүмкін.
Сондықтан жас буындарды ғылым негіздерімен қаруландырып ,
оларға тәрбие беруде
баланың психикалық
ерекшелігін жете біліп, соған сәйкес тиісті жұмыстар
жүргізіп отырудың үлкен мәні бар.
Мектептердегі
зерттеулерде жоғары сынып оқушылары балалықтан ересекке
өту шағы жеткіншектік кезең алады. Жеткіншектік кезең
өтпелі, сыни және көп жағдайда жыныстық жетілу
кезеңі болып сипатталады. Л.С. Выготский пісіп жетілудің
органикалық, жыныстық және әлеуметтік үш
нүктесін көрсеткен. шимпанзеде органикалық және жыныстық
жетілу нүктелері сәйкес келеді де, бес жаста яғни,
балалық шақтың аяқталған уақытында
жүзеге асады. Адамдарда қоғамның даму тарихында
жыныстық және әлеуметтік жетілулер сәйкес келіп, ол
инициация тәсілдерімен көрінсе, ал органикалық жетілу
тағы бірнеше жылдан кейін ғана жүреді. Қазіргі
балаларда дамудың барлық линиялары әр тарапқа кетті.
Жыныстық, органикалық және біраз уақыттан кейін
ғана әлеуметтік жетілу байқалады. Бұл жеткіншектік
кезеңнің пайда болуына алып келеді.
Екінші
жағынан, жеткіншектік кезең көптеген жағымды
факторлармен ерекшеленеді: баланың өзбетіншелігі өседі,
басқа балалар мен ересектер арасындағы барлық
қатынастар неғұрлым көп жақты әрі мағыналы
бола бастайды, оның іс-әрекет сферасы айтарлықтай
кеңейеді және біршама өзгереді, өзіне басқа
адамдарға деген жауапкершілігі артады.
Маңыздысы,
осы берілген кезең бала өзін қоғамның
мүшесі ретінде саналы қатынасының шынайы
қалыптасуының жаңа әлеуметтік позицияға
шығумен ерекшеленеді.
Жеке
адам құрылуының
маңызды этапы ретінде жеткіншектік кезең әлеуметтік пісіп
жетілудің түрлі деңгейлі сипаттарымен ерекшелене отырып,
өзіндік күрделі құрылымды құрайды [1].
Баланың бойы мен
салмағы ұлғаяды, ұл балаларда бойдың «өсу
шыңы» 13 жастан бастап 15 жасқа дейін, 17 жасқа дейін
созылады. Қыз балаларда бойдың «өсу шыңы» екі жас ерте
басталады (кейінгі баяу өсім тағы бірнеше жыл жалғасуы
мүмкін).
Атақты педагог А.П. Краковский жас арасы
бір-ақ жас кіші мектеп оқушылары мен кіші жеткіншектердің
мінез-құлқының ерекшеліктерін салыстыра отырып,
жеткіншектердің өздерінен кіші оқушыларға
қарағанда 6 есе жиі қырсықтықты танытып, 9 есе
көп өздерінің кемшіліктерімен мақтанады, 10 есе жиі
өздерін ата-аналарына қарсы қояды. Жалпы
жеткіншектердің бастауыш сынып оқушыларына қарағанда
мотивацияланбаған теріс қылықтары 42 есе жиі байқалады.
Ең бастысы көзге түсетіні
мінез-құлықтың шұғыл бұзылуы. Ол
негативизмде (басқа біреудің еркіне қарсы жүруге
тырысуы), қыңырлықта, өзін ересектерге қарсы
қоюмен т.б. көрініс береді.
Сонымен қатар жеткіншектер
мінез-құлқындағы акцентуацияны ескеру қажет. Берілген
даму кезеңі дағдарыстық болып сипатталғанмен, бұл
кезең әр түрлі болып өтуі мүмкін. Дағдарыс
сипаты мен мазмұны жеткіншек дамуының әлеуметтік
жағдайын анықтайтын қарама-қайшылықтарына
байланысты.
Жеткіншектің
мінез-құлқы мен тұлғасындағы бұндай
күрделі өзгерістер Р.Хавигуртпен түсіндірілген «даму
мақсаттарымен» шартталады. Оларға: 1) жеткіншектің
өзінің денелік жағдайының өзгеруіне бейімделуі,
өз денесін қабылдау мен оны тиімді етіп қолдануы; 2)
әлеуметтік шартталған ересектік ролге жетуі; 3)
қарама-қарсы жыныс өкілдерімен жетілген
қарым-қатынастың дамуы; 4) интеллектуалды
қабілеттердің дамуы; 5) мінез-құлық
құрылатын құндылықтар кешенін
құрылуы; 6) әлеуметтік жауапкершілікті мамандықты
таңдау; 7) мамандықты таңдау мен кәсіби
іс-әрекетке дайындық; 8)экономикалық тәуелсіздікке
қол жеткізу; 9) некеге және отбасын құруға
дайындалу Бұл тізім Д.И. Фельдштейн ойынша эклектикалық
сипатқа ие болғанмен, жеткіншектік кезеңде негізгі даму
сфераларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Ол-жеткіншектің
жыныстық, танымдық және әлеуметтік дамуы.
Дамудың биологиялық моделіне
бағытталған белгілі американ психологы А.Гезелл жеткіншектік
кезеңді, яғни ересектікке ауысу, 11 жастан 21-ге дейін алады. 11
жаста бала импульсивті болады, негативизм, көңіл-күйінің
өзгергіштігі ата-аналармен келіспеушіліктер болады. 12 жастан
турбулентілік өтеді, әлемге деген қатынасы
неғұрлым позитивті бола бастайды, жеткіншектіктің отбасыдан
автономдылығы артады. Осы жастың негізгі белгілері:ақыл
парасаттық, шыдамдылық және әзіл, жеткіншек
өзінің инициативасын білдіреді, сырт бітіміне және
қарама-қарсы жыныс өкілдеріне көңіл бөле
бастайды 13 жастан жетекші
қасиеті-ішкі әлеміне қарай бет бұру, жеткіншектік
неғұрлым интровертті бола бастайды; өзіне деген сыни
көзқарас және оған деген сезімталдық; ата-анасына
сын көзбен қарайды, досқа неғұрлым
таңдамалы келеді.
14 жаста интроверсия экстроверсиямен ауысады,
жеткіншек экспансивті, энеогиялы қарым-қатынасшыл, өзіне
сенімділігі өседі; өзін басқалармен талқылағанды,
салыстырғанды жақсы көреді.
15 жастың маңыздылығын бір
жүйеде беруге болмайды, себебі жеке айырмашылықтар тез өсе
түседі. Бұл жеткіншектің жаңа қүрылымдары
тәуелсіздік рухының жоғарлауы, сырттай бақылаудан
құтылу, өзін-өзі бақылаумен және
өзін-өзі тәрбиелеудің басымен сәйкестендіреді.
Мұның барлығы жеткіншектің жағымсыз
қылықтарға деген
сезімталдығын жоғалта түседі.
16 жаста қайтадан тепе-теңдік
орнайды; ішкі өзбетіншілік, эмоционалды теңдік,
қарым-қатынасшылдық, болашаққа талпыныс
айтарлықтай артады [2]. Д.И. Фельдштейн жеткіншектік
кезеңді үш кезеңге бөледі: 10-11 жас аралығы,
12-13 жас және 14-15 жас аралықтарын қарастырады. Ол бойынша
бірінші кезеңге, яғни 10-11 жасқа тән бойларында
жетіспеушіліктер көп. Басқаша айтқанда, бұл
жастағыларға жағымсыз эмоционалды фон тән. Мұнда
олар әлі де өз қылықтары мен жеке адамдық сапалар
арасындағы байланыстыорната алмайды, алайда бұл жаста оларда талдау
қабілеті жинақтала бастайды, өзіне біршама сыни қатынас
дамиды.
Сана-сезімнің
қалыптасуындағы ең негізгі психологиялық процесс
тыңғылықты анализді Э.Эриксон береді. Өзінің
«Балалық шақ пен қоғам» деген кітабында ол адам
өмірін психоәлеуметтік даму бойынша сегіз сатыға
бөледі. Өзіндік идентификациясының дамуы бесінші сатыға
өтеді, бұл саты 12 мен19 жас аралығында кездеседі. Осы кезде
жеткіншек осы уақытқа дейін өзі туралы жиналған
білімінің бәрін қосады жене осы «Мен» деген бейнелерді
өзіндік анықталуға біріктіреді. Жеткіншектің
өзіндік анықталуға жете алмауы өзін-өзі
анықтау (кризис самоидентификации) дағдарысына алып келеді.
Бұл дағдарыс кәсіби таңдаудың
қиыншылықтарына кезіктіреді. Дұрыс таңдау жасау
үшін адам өзін-өзі түсіну керек. Сонымен қатар
өзін қай салада іске асыруының бағалауы негізднлген
болуы керек.
Осы жаста алдыңғы шаққа
«Мен» қасиеттерінің ішінен ақыл-ой қабілеттері, ерік
пен моральды сапалар көрінеді және бұл қасиеттерден
кәсіби іс-әрекеттердің сәттілігі және
басқалармен қатынас тәуелді. Тұлғаның жеке дара психологиялық ерекшеліктері
және оларды ұғыну, кәсіби танудың дамуының
негізгі шарты болып табылады [3].
Жеткіншектік
кезең өзінің өмірлік әрекетіндегі
қарама-қайшылық мәселе сипаттамаларын
ұғыну, өзінің өміріндегі мәселелік сапаны
бойына сіңіру үшін өте синсетивті кезең болып келеді. Осының
арқасында адамның рефлекция қабілеттері дамиды. Рефлекция
бұл өзін-өзі терең танудың үздіксіз жолы,
жеке адамның өз өмірінің белсенді субъектісі ретінде
тану. Бұндай тану адамның өзін-өзі дамыту және
өзін-өзі жетілдіруге алып келеді. Неғұрлым әр
түрлі позицияларды бағаласа соғұрлым
қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалап, дұрыс
белсенділік жолына түседі.
Бұндай балалар мектепке қабылданғаннан бастап, тіпті одан
да ерте кезек, оларды «бәрі сияқты» болуға
мәжбүрлейді, сөйтіп оларда шаршағыштық,
қозғыштық, ашуланшақтық, ұйқы мен
тәбеттің бұзылу деңгейі жоғарылайды,
әлеуметтену үрдісінің жүруі кідірлейді.
Егер солақайлық сол латеральділік
белгілермен (сол жүргізуші көз, сол жүргізуші
құлақ және т.б.) сәйкес келсе, жаққа
қайта үйрету жүйке-психикалық тозуға алып келуі
мүмкін [4]. Адам бойындағы
қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т.б. қасиеттер
танымдық қызығушылықты құрайды.
Танымдық қызығу адамды білімге, кәсіпке, іскерлікке,
іс-әрекетілікке т.б. итермелейді [5]. Танымдық қызығушылықтың
туындау көрсеткіштері компоненттерге
бөлінді:
- мотивациялық
құндылықтары;
- оқу объектісіне бағыттау;
- технологиялық;
- шығармашылық;
Бұл аталған компоненттердің әсерінен білім,
кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже
құралады.
Білім – жалпы,кәсіби, техникалық, арнайы
білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады.
Кәсіп – мамандық
таңдау, мамандықты меңгеру. Ол университетте, институтта,
кәсіби техникалық колледждерде, гимназиялар мен жалпы мектептерде
беріледі.Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет.
Іскерлік – оқу,білім,кәсіп,
тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар,
дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру
керек.
Іс-әрекет –
әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан
тұрады.Бұл үрдістің орындалу ,игерілуі керек.
Игеру – қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту,
жүзеге асыру,қолданудан тұрады. Барлық үрдіс
байланыса орындалған соң нәтиже
көрсеткіші пайда болады.
Білімнің түрлеріне келер болсақ жалпы, арнайы,
кәсіби, техникалық болып бөлінеді. Білім алу үшін
кәсіп, мамандық таңдау,оқитын оқу орныңызды
таңдауыңыз керек. Таңдаған кәсібіңізге іскерлік таныту үшін оқу, білім,
кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, дағды,білік т.б қажет.
Іс-әрекетті игеру, ұғыну, жүзеге асыру, танымдық
қызығушылықтың туындауынан қалыптасады.
Нәтиже-білімді
тәрбиелі оқушы тұлғасын қалыптастыру.
Әдебиеттер:
1.
Кон И.С. Психология
старшеклассника. М: 1980.-31-33с.
2.
Фельдштейн Д.И.
Психология развития личности в онтогенезе. М:,1989.
3.
Психология современного
подростка / Под. Ред. Фельдштейн Д.И. М.: Педагогика, 1987.-39-43 с.
4. Школа и психическое здоровье учащихся. /Под. Ред. С.М.
Громбаха. М.
5. Серкқалиұлы З.
Дүниетану даналығы // Ғылыми және көркемдік таным
ерекшеліктері. –Алматы.: Білім, 1994, 224 б.