Салимбаева
Ш.О., Шонбаева Н.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
МЕДИА-БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Бәсекеге қабілетті елу елдің
қатарына қосылу еліміздің білім беру жүйесіне тың
өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Енді мектептерде білім беру
үрдісі демократиялық жолмен ізгілендіру, тұлғаның
өзін-өзі ойлантуға,
жетілдіруге, өз іс-әрекетіне
сын көзбен қарауға бағдарланып отыр. Бұл
тұрғыда оқыту үрдісінде инновациялық
әдістерді пайдалану тиімділігі байқалады. Әсіресе, мына
ақпараттың шамадан тыс көбеюі оқушылардың
тұлғалық дамуына әсерін тигізіп қана қоймай, өміріне де
қауіпті жағдайларды туғызып отыр. Мұндағы
біздің назарымызды аударатын басты нәрсе тұлғаға
бұқаралық ақпарат және қатынас
құралдары (бұған баспа, радио, кино, теледидар, видео,
компьютерлік мультимедиялық жүйелер, интернет жатады) арқылы
жеткен ұғым-түсінік болып табылады. Себебі теледидар, видео,
компьютер т.б. алдыңда телміріп өскен, санасы әлі
қалыптаспаған, елес көп, өзіндік ойлауы
бұлыңғыр жасөспірімдеріміздің келіп жеткен
ұғым- түсінікті дәл сол күйінде, шынайы
қабылдап, олардың психикасына зардабын тигізуде. Тіпті
көрген, естіген, түйгендерін өмірлік тәжірибесінде
қолданып жатқандарын да көріп, естип жүрміз. Бұл
қоғамның үлкен дерті. Сондықтан біздің
мақсатымыз оқушыларға қазіргі ақпараттық
жағдай өміріне үйрету, медианың негативті әсерін
жұмсарту, ондағы мән-мазмұнды салмақтап,
дұрыс қорытынды жасауға қалыптастыру болып табылады. Ол
үшін қандай тиімді іс-шаралар қолдануымыз керек? Осы тұрғыда біз мынадай
сауалнамалар жүргізу қажет деп санаймыз (кесте 1,2).
Кесте 1
|
Сұрақтар |
Жауаптар |
|
1. Сіздіңше, медиа
ұғымының мәні қандай? |
· Медиа - бұл ақпараттық
мәдениетті меңгеру; · Бұл - бұқаралық
ақпарат және қатынас құралы; · Бұл – баспасөз, теледидар, кино, радио,
компьютер және Интернет жүйелері; · Адамдардың ақпарат алмасуда
пайдаланатын құрал · Тұлғаның дамуына
әсер ететін күшті қару; · Ақпарат беретін арналар; · Жауап беруге қиналам; |
|
2. Сіздің жиі
пайдаланатын (бос уақытынызда) бұқаралық
ақпарат және қатынас құралдарынызды
атаңыз? |
· Теледидар және DVD; · Теледидар, видео, музыкалық
орталық, аудио диск; · Компьютер, интернет, кабельдік
теледидарлар; · Ұялы телефон, теледидар, радио; · Теледидар, кітап, газет-журнал; · Пайдаланбаймын; |
|
3. Қандай
бағдарламаларды көресіз
және онда қандай тәлім-тәрбиелік маңызы бар деп
ойлайсыз? |
· ХХІ ғасыр көшбасшысы
интеллектуальдық ойыны, бұл оқушының білім
деңгейін тереңдетуде үлесі зор; · «Город будущего», «Азамат» саяси
танымдық бағдарламалары – жаңа демократиялық
қоғамдағы жастардың саяси мәдениетін, сыни ойын
қалыптастыруды көздейді. · «Рейдер», «Полицейский патруль»
қылмыстық хроникалары, құқықтық
тақырыптағы бағдарламалар негізінен болған
оқиғадан мәлімет беру ретінде ғана. |
|
4. Сіз қазіргі
кезде көріп жүрген кино туындылары астарындағы
мән-мазмұнды қалай бағалайсыз? |
· Кинода болған оқиға
өмірден алынған шындық; · Кинодан өзіне қажетті
тәлім-тәрбие алуға болады; · Қазір тәрбиелік мәні
жоғары кинолар аз. · Қиюы келіспейтін бейне сюжеттер де
бар, адамның ақылына симайды; · Сюжет бар, бірақ тәрбиелік
мәні аз көрсетілімдер көбеюде, әсірсе,
бразилиялық, қазір оған түрік телетоптамалары
қосылды; · Атыс-шабыс, зорлық-зомбылық
туралы кинолардың көбеюі баларды теріс әрекетке
итермелейді; · Мазмұны біздің
менталитетімізге жат, мәні бұлыңғыр дүниелер де
бар; |
|
Сіз күнде теледидар
көруге қанша уақыт жұмсайсыз? |
· Тек сабақ оқып болған
соң, бірер сағат; · 2
сағат тан астам уақыт; · 3
сағат; · Көрмеймін |
Кесте 2
|
№ |
Сұрақтар |
Ұсынылатын
жауаптар: Иә) Жоқ) Кейде) Мүлде) |
|
1 |
Сіз танымдық,
тәрбиелік тағылымы бар бағдарламаларды көресіз бе? |
|
|
2 |
Сіз теледидарды
ата-аналарыңызбен бірлесе отырып, талдап-талқылап көруді
жөн санайсыз ба? |
|
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінің тиімділігін
көтеру үшін қазіргі кезде әлемдегі өзгерістерге
сәйкес ұйымдастырылатын болды. Оның ішінде
ақпараттық саламен байланысты өзгерістердің
нәтижесі оқушылардың тұлғалық дамуына
әсерін тигізуде.
Қазіргі кезде оқушылардың басым көпшілігінің теледидар,
видео және компьютер, интернет және т.б.
құрылғыларды пайдалануға мүмкіндігі өте
зор. Кейбір оқушылар тіпті комьпютерлік ойындарға әуестенгені
соншалық мектептен қол үзіп, оның
құрсауынан шыға алмайтын дәрежеге дейін баруда. Бұқаралық ақпарат
және қарым-қатынас құралдарының (газет,
журнал, кітап, телебағдарламалар видео, дыбыс жазбалары, кино және компьютер,
интернет т.б.) шектен тыс көбеюі және көз ілеспейтін
жылдамдықпен таралуының барысында жасөспірімдер ақпарат
тасқынының астында қалуда. Осының әсері
олардың «ақылы мен жүрегіне»
бойлай сіңіп, оны ата анасы да, мұғалімдері де
бақылай алмауда.
Балаларға мектепте берілетін оқу ақпараты жалпы
ақпарат тасқыны ішінде алатын орны аз. Бұл бірнеше
себептермен байланысты/32/
Біріншіден, көптеген БАҚ ағартушылық, білім
берушілік қызмет атқарады. Ақпараттық рынок
тұтынушылардың талғамына қарай көбірек
бағытталады.
Екіншіден, балалардың теледидар немесе видео алдында өткізген
уақыты мектепте болудан асып түсті. Көптеген оқушылар
бір нүктені басу арқылы бірнеше телевизиялық арнаны
көруге, қалаған ақпаратты таңдауға
мүмкіндігі бар. Мысалы, қазіргі кезде балалардың
көпшілігі тек спорт, детектив, ойын-сауық т.б.
бағдарламаларды ғана көріп, білімдік, тәрбиелік
мәні бар, әлеуметтік мәселелер, саяси қозғалыстар
жайлы бағдарламаларды көруі өте сирек.
Қазіргі оқушыларға мұғалімнің,
газеттің мәтініне, оқулыққа,
телебағдарламаларға немесе БАҚ на сыни көзбен
қарау ұсыныла ма?
Педагогикалық үрдісте оқытуға орайлы жағдай
құру үшін ақпарат тасқыны жолында пайда
болған коммуникациялық бөгеттерді жоюға мүмкіндік
тудыру қажет. Мұндай бөгеттер географиялық, тарихи,
мемлекеттік саяси, экономикалық, техникалық, терминологиялық,
тілдік, психологиялық және де басқа да себептермен байланысты
болуы мүмкін. Мектептегі медиа-білім берудің ең негізгі
міндеттерінің бірі - оқу үрдісінде коммуникативтік
бөгеттерді жеңіп шығатын педагогикалық тәсілдерді
табу /32/.
Масс-медиа, кез келген басқа коммуникациялық құрал
фильтр ретінде назарды аударады,
мысалы, егер оқушыларға кино немесе телевидения арқылы космос
немесе затың жасалуы, экологиялық немесе қоғамдық
әлеуметтік катаклизма туралы
ақпарат берілетін болса, бұл міндетті түрде белгілі бір
оқу пәнінің құрамдас бөлігіне ену керек.
Сондықтан өскелең ұрпақты ақпараттық
«тасқын», ақпараттық технология дәуіріне дайындау
мәселесі, ақпараттың белең алуы экономикалық
категория ретінде мектептегі білім-беру контексінде зәру болмай отыр.
Мектеп бітірушілер әлемдік кеңістіктегі интгерацияға дайын
емес.
Мұғалім бұрын ақпарат көзі болып,
барлық істі атқаратын ел ішіндегі білімдар адам болса,
бүгінде мұғалімнің рөлі өзгеріп, ол тек
ақылшы, бағдар беруші деңгейінде қызмет атқарады.
Сондықтан
мұғалімнің оқу үрдісінде орайлы
жағдай құру үшін, яғни оқушының
тұлғалық дамуына әсер ететін тиімді тәсіл
қолданудың қажеттілігіне байланысты инновациялық
әдістерді пайдалануы медиа білім берудің негізгі бір
құрамдас бөлігі болып табылады. Инновациялық
оқыту мен дәстүрлі оқытудың басты сипаттарын
төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 3
|
Оқытудың
инновациялық әдістері |
Оқытудың
дәстүрлі әдістері |
|
Мақсаты: оқушыны
білімдендіру барысында олардың белсенділігін жетілдіру; |
Мақсаты: мұғалім
білім береді. |
|
Басты
ұстаным, бағдарлық сипаты: − Оқушыны тиісті
тапсырманы ықыласты орындауға ынталандырып, оны талдап,
талқылауға белсенді қатыстыру; − Шәкірт бойына
ізденімпаздық дағды қалыптастыру көзделеді; − Ұстаз
бағдар беруші (модератор), пікір сайысын жандандырып, өзара ой
бөлісуге еркіндік беріп, бағдар нұсқап, ой-түсінікті
тиісті арнаға бейімдеп отырады; − Шәкірттің
өзіндік өмір тәжірибесін пайдалануға мән
береді. − Сабақ
барысындағы басты бағдар - оқушының
сұраққа өзіндік тұрғыдан жауап беріп, іздене
білуге құлшындыру; − Пікірлесу өзара
ынтымақтастыққа, сыйласу түріндегі қарым-қатынасқа
негізделуі тиіс; − Тапсырманы
оқушылар екі-екіден бірлесіп, немесе тиісті топқа бөлініп
орныдауына болады; − Білім нәтижесін
өзгертіп, жаңаша құру; − Ұстаз іс
әрекеттен сырттамай, шәкірттермен жіті араласып, ойлана білуге
ниеттендіру керек; |
Басты
сипаттары: − Мұғалім
айтып береді; түсіндіреді, күш жігерін екпіндете жеткізуге
белсенді; − Оқушы қимыл
қозғалыссыз тыңдайды, зейіні мұғалімде,
бірақ самарқау; − Есіл дерті айтып беруге
бағытталған; − Қарым-қатынас
бір жақты, тек тыңдату; − Мұғалім
өзі ғана сөйлейді, басқалар тек тыңдаушы; − Оқушының
өмір тәжірибесі мардымсыз және ескеріле де бермейді; − Оқытудағы
басты форма түсіндіру; − Мұғалім
өзі ғана сөйлейді, кейбір жағдайда ғана
оқушыны сөзге тартады; − Оқушының
білімін жеке өзі бағалайды; − Әрекет бір
адамның билігінде болғандықан сабақ тым
ұзақ сияқты болып көрінеді. |