Салимбаева Ш.О., Джакупова Ш.
М.Х.Дулати
атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан
САЛТ –
ДӘСТҮРДІҢ ТАРИХИ ДАМУЫМЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Тарихи тағылымды білу, бүгінгі күннің және
келешектің мүддесін түсіну, өкше басар
ұрпаққа әлеуметтік, рухани мұра қалдырып
отыру адамзат әулетінің ұлы парызы.
Сондықтан қазіргі қазақ халқының рухани
жағынан қайта түлеу, өркендеу кезеңінде
ұлттық дәстүрді қастерлеу, ұлтына, еліне,
мәдениетіне шынайы сүйіспеншілікпен қарайтын
тұлғаны рухани – мәдени қалыптастыра тәрбиелеу тәрбие
жүйесінің барлық саласының өзегіне айналуы шарт.
Ал жеке тұлғаның рухани – мәдени қалыптасуына
бірден – бір зор ықпал ететін ол халықтың өмір
тәжірибесінің жиынтығы, іріктелген ұлттық
сипаттың заңдылығы есептес салт – дәстүр болып
табылмақ. Халықтың салт – дәстүрі рухани –
мәдениеттің көзі.
Осы орайда салт – дәстүрдің әуелі дамуымен
қалыптасуына тоқтала кетейік.
Салт – дәстүрдің шығу тарихы қазақ
халқының пайда болуымен қатар келеді. Себебі
халақтың әлеуметтік өмірінің өзі осы салт –
дәстүрді тудырушы болып табылады.
Жалпы осы тұрғыдағы еңбектердің көбінде
ғалымдар қазақтың салт – дәстүрінің
қалыпты көрініс тапқан уақытын 15 – ғасыр деп
тұжырымдайды. Ал тарихи деректер санау біздің
ғасырымыздың 4 – 5 ғасыр яғни сақ дәуірінен
бастау алады дейді [1].
Ал салт – дәстүр сөзіне анықтама беретін
болсақ: Қазақ Совет энциклопедиясына дәстүр
ұғымына мынадай анықтама береді: «Дәстүр –
ұрпақтан – ұрпаққа көшетін, тарихи
қалыптасқан әлеуметтік нормалармен принциптер.
Дәстүр – қоғамдық ұйымдармен
халықтың мінез құлқы, іс – әрекетінің
негізі» [2].
Ал философиялық сөздікте («Дәстүр» – ( латынша – frabitio
– тапсыру, талғастыру) тарих барысында қалыптасып,
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып отыратан
әдет – ғұрыптар, салт – сана, қоғамдық
тәртіп, заң, мұратпен игілік, мінез – құлық
қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе
жекеленген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы
сақталатын әлеуметтік мәдени мұра элементтері деген
анықтама береді [3].
Кейбір зерттеушілер «дәстүрге» әртүрлі әрекет
формасы арқылы анықтама беруге тырысады. Мысалы: Ғалым
Е.Папов «дәстүр сананың спецификалық жағдайы» деп
қарастырса, И.Петров тарихи дамудың нәтижесінде пайда
болған мінез құлық нормасын, ой мен әрекет
бейнесін белгілеген үлкен қоғамдық
құндылық және ол өскелең
ұрпаққа тапсырылуы қажет» дейді [4].
Академик А.К.Конның басшылығымен 1983 жылы Педагогика
баспасынан шыққан этникалық сөздікте
«дәстүр дегеніміз – әдет – ғұрыптың
өмірдегі өсіп жетілген әр түрлі формасы. Ол
адамдардың белгілі бір бағыттағы тұрақты іс –
әрекеті мен мінез – құлқының ұрпақтан
ұрпаққа белгілі формада ауысып берілетін түрі» деген
анықтама береді [5].
Ал профессор С. Қалиев, салт пен дәстүрдің
айырмашылығын атап көрсетеді. Салт – адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде (от басынан бастап қоғамдық
өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез –
құлық, қарым – қатынас ережелері мен жол – жора,
рәсім, заңдарының жиынтығы. Ал
дәстүрдің ұғымы әлдеқайда
кеңірек. Дәстүр қоғамдық сананың
барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан
қауымның қалыптасқан бірыңғай көз –
қарасын, әдет – заңын марапаттайтын ритуал [6].
Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік
тарихи тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа
жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше
ұрпақтың мәдениеті мен мәдениеттілігінің
көптүрлілігі және бірлігі жинақталған.
Дәстүр қоғамдық өмірдің барлық
саласын, тәжірибесін қамти отырып, қоғамның
әр деңгейіндегі ақылдылықты, даналықты
бейнелейді. Сонымен қатар әрбір жаңа ұрпақ ата –
баба тәжірибесінен олардың өздеріне де көрінбеген,
білінбеген құндылықтарды ашады [7].
Осы бағытта ғалым Н.Сәрсенбаев еңбегінің
құндылығын атап өтуге болады. Ол ұлттық сай
дәстүрмен әдет – ғұрыптың пайда болу
заңдылығын, олардың мәні мен ерекшеліктерін ашып
көрсетеді. Сонымен біз философиялық, спихологиялық,
педагогикалық әдебиеттерді саралай отырып айтылған
анықтамалардың әрқайсысының шындыққа
жанасатындығын және дәстүрдің мәнін,
ерекшелігін аша түсетінін байқадық [8].
В. Плаховтың пікірі бойынша «дәстүр тіршілігі
өткендердің қазіргілердің және
болашақтың әрекетінен көрініс табады.
Дәстүр ұлттық – демографиялық
құбылыс, оның негізінде әлеуметтік топтың
ұзаққа созылған тәжірибесі жатыр.
Дәстүр арнайы жағдайаттарға байланысты адам мінез
құлқының сценариін жасаушы, норма белгілер, әдет
– ғұрыптар, фольклор. Бұлардың мазмұны
дұрыс әрекет жасауға кепілдік беру, әрі дұрыс
емес қылықтардан қорғап, жағымды мінез
құлықпен қамтамасыз ету» -–деп көрсетілген [9].
Дәстүр әр қырынан, әртүрлі аспектіде
қарастырылатындықтан және әртүрлі
ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан
«дәстүр» классификациясы да әр алуан. Мәселен;
Д.Зелинин «дәстүр ұлттық, аймақтық,
отбасылық» деп жүйелене, Е.
Белоусова дәстүрді – жалпы әлеуметтік – саяси, діни –
экономикалық, халықтық, ұлттық, отбасылық,
ерліктік, еңбектік, патротизмдік,» – деп жүйелейді.
Сонымен «дәстүр» ұғым ретінде
мәдениеттің маңызды катигориясынның бірі және ол
оқу – тәрбие процесінің құралы болып табылып
отыр.
Салт – дәстүрлің қалыптасуының барысы
халықтың кемелденіп, көптеген саяси экономикалық,
қоғамдық әлеуметтік жағдайларды бастан
өткізуімен сипатталады.
Және де халықтың әлеуметтік жіктелуіне қарай
салт – дәстүр күрделеніп, бекіп, сол халықтың
айнымас заңдылықтарына айналып отырады.
Егер салт – дәстүр халықтың мінез –
құлқымен психологиясына, тұрмысына негізделіп
қалыптасқан заңдылық деп қарасақ, сол
заңдылықтарды бүгінгі қоғам жағдайында жас
ұрпақ бойына сіңіру өте қажет. Ол үшін
оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрді пайдалану
өте тиімді жол болып табылмақ.
«Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде
педагогикада жоқ, педагогта жоқ» – деп орыстың ұлы
ғалымы, педагогы К.Д.Ушинский тегін айтпаса керек. Олай болса
халқымыздың ежелгі салт – дәстүрін жас
ұрпаққа оқу – тәрбие процесі арқылы
үйрету басты мақсатымыз.
Себебі оқу – тәрбие процесі жеткіншектерді тәрбиелеп
біліммен қамтамасыз ететін бірден бір фактор. Еліміздің
ертеңін ойлар, жан – жақты толысқан, рухани мәдениетті
ұрпақ салт – дәстүр арқылы тәрбиеленсе,
оқу – тәрбие процесінде ол жоғары сатыдағы білімді
маман иесі де бола алады. Біздің яғни білім беру саласының
дәл қазіргі қоғам жағдайындағы
мақсатыда ұлттық негіздегі кәсіпқой мамандарды
білімді, білікті етіп тәрбиелеу.
Әдебиет:
1.
С.А. Ұзақбаева, Қожахметова К.Ж. «Жоғарғы
мектеп студенттеріне этнопедагогикасының білім беру тұжырымдамасы».
А, 1998ж.
2.
Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы» А, 2001ж
3.
Ы.Алтынсарин. «Таңдамалы педагогиканың мұралары» А,
1991ж.
4.
С.Ұзақбаева, Д. Мұқанова «Қазақ
этнопедагогикасы тәлімдік - тағылымдар» А., 1998ж.
5.
Р.К.Төлеубекова «Бала тәрбиесіндегі халықтық
педагогика» А., 1994ж.
6.
Қ. Жарықбаев, Ә. Табылдиев «Әдет және
жантану», 1994ж
7.
Қ. Жарықбаев, С. Қалиев «Қазақ тәлім –
тәрбиесі» А., 1995ж.
8.
С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смаилов. «Қазақ
халқының салт – дәстүрлері» А., 1994ж.
9.
С. Қалиев. «Қазақ этнопедагогикасының
теориялқ негіздерімен тарихы» А., 1998ж.