Технические науки/4.Транспорт

Т.ғ.к. Пернебеков С.С., т.ғ.к.Төленов А.Т., т.ғ.к. Мейірбеков А.А.,

СМ-11-1к2 тобының студенті Абдулла М.П.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан

 

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету мерзімділігін анықтау

 

Авмобильдерге техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен оларды жөндеу жұмыстарына жұмсалатын орташа меншікті шығындардың шамасын төмендету көрсеткішіне  байланысты, мақсаттық функция бір ақауды жөндеу құнын  және осы ақау орын алғанға дейінгі жүрілген жолды , сонымен қатар ТҚК жұмыстарының құнын  және оны орындауға дейінгі жүрілген жолды  бейнелеуі тиіс [1]:

                                    (1)

Жалпы жағдайларда, ақау орын алғанға дейінгі жүрілген жол мөлшері  ақаулардың орташа санына  сәйкес келетін орташа жиынтық жүрілген жол шамасымен  анықталады:

                                                    (2)

Жоғарыда келтірілген (1) және (2) қатынастар автомобильдерге ТҚК мерзімділігінің оңтайлы шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Үлгілердің арасындағы айырмашылықтар ақау орын алғанға дейінгі жүрілген жолды  анықтау тәсіліне байланысты сипатталады [2]. Автомобильдерге ТҚК мерзімдерін оңтайландырудың жалпы мақсаттық функциясының жекелеген жағдайларын қысқаша қарастырып өтейік.

1-үлгі. Тізбекті көмекші жүйенің сенімділігі айтарлықтай жоғары дәрежеде және оны ТҚК арасындағы жүрілген жол шамасы кезіндегі қайта қалпына келтіру саны белгіленген шектерден біршама төмен n<<1, яғни ақаудың орын алу ықтималдылығы <<1.

Мұндай жүйелер үшін, <<1 теңсіздігі тура болып табылатын, ақау орын алғанға дейінгі жүрілген жолдың бастапқы бөлігінде, ақаулардың орташа санының  жуықтап алынған шамасын пайдаланған ыңғайлы болып табылады [1] және олар үшін келесі теңсіздік тура болады:

                                                         (3)

және осыған байланысты орташа жиынтық жүрілген жол шамасы

                                                       (4)

Бұл ретте ақау орын алғанға дейінгі жүрілген жолдың орташа шамасы , (2), (3) және (4) өрнектерді ескере отырып:

                                                  (5)

Сонда, мақсаттық функция келесі түрге ие болады:

                               (6)

Нақты тәжірибеде аталған интегралды шешу қиынға соғады, бұл ретте жуықтап бағалау әдістерін пайдаланған тиімді [2].

2-үлгі. Бір көмекші жүйе бір негізгі жүйемен паралель түрде жұмыс істейді және негізгі жүйе ауыстырылған жағдайда техникалық қызмет көрсету мерзімділігі қайта есептелінеді, яғни Бұл ретте ақау орын алғанға дейінгі жүрілген жолдың орташа шамасы негізгі жүйенің ресурсына тең болады және келесі өрнекпен анықталады:

                                                (7)

Осы жоғарыдағы (7) өрнекті ескере отырып, (1) өрнек келесі түрге енеді:

                                       (8)

(8) өрнектегі негізгі жүйенің ресурсы  техникалық қызмет көрсету мерзімділігіне  байланысты болады. Осы тәуелділікті анықтау тәсілі [3] жұмыста келтірілген.

Бір негізгі жүйе, қызмет көрсету мерзімділігі бірдей болып келетін бірнеше М көмекші жүйелермен ара қатынаста болатын жағдайлар үшін, (8) өрнек келесі түрге ие болады:

                                    (9)

3-үлгі. Көмекші жүйені тізбектік тәсілмен техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындауға дейінгі жүрілген жол  бойынша міндетті түрде техникалық қызмет көрсету кезінде қайта қалпына келтіреді.

Көмекші жүйенің жетекші функциясы  жүрілген жол шамасы үшін келесі өрнектен анықталады:

,                                        (10)

мұндағы келесі ақауға дейінгі жүрілетін жол шамасы.

Бұл ретте мақсатты функция келесі түрге ие болады:

                           (11)

4-үлгі (ұсынылып отырған үлгі). Бұл үлгінің жағдайлары 2-үлгідегідей, бірақ нысанды қайта қалпына келтірудің жалпы процесі барысында техникалық қызмет көрсетудің бірыңғай мерзімділігін анықтау керек.

Бұл ретте жетекші функция келесі қатынастан анықталады:

                                        (12)

мұндағы  нысанның ақау орын алғанға дейінгі жүрген жолы,  циклдар саны, тек қана теріс емес бүтін сандардан тұрады [1].

 таралуы мына қатынасқа байланысты анықталады:

                  (13)

мұндағы  келесі ақауға дейінгі жүрілген жол, таралуының функциясы:

                                    (14)

Бұдан

                                      (15)

Бұл ретте

                                               (16)

және жалпы жағдайларда  болғандықтан:

                                                                                                      (17)

Сонда, ұсынылып отырған математикалық үлгі бойынша жетекші функция келесі түрге ие болады:

                               (18)

Ұсынылып отырған математикалық үлгі көлік техникаларына техникалық қызмет көрсету мерзімдерін және олардың негізгі құрылыстық элементтерінің ресурстарын, сенімділіктің белгіленген деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындардың жиынтық меншікті шамасын ескере отырып, оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Әдебиеттер

1. Шейнин А.М. Основные принципы управления надежностью машин в эксплуатации. - М.: Знание, 1977.

2. Шейнин А.М. Управление надежностью машин в эксплуатации с использованием АСУ // В помощь слушателям семинара по надежности и прогрессивным методам контроля качества продукции. – М.: Знание, 1980.