ЖҮГЕРІ ДАҚЫЛЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ғылыми
жетекші: Байдаулетова Г.Қ.
Садыбаева Айгерім, Жайшібек Ғазиза Био-213,5 тобының
студенттері
Жүгері - жылылықты сүйгіш дақыл, өсу
дәуірі кезінде керекті активті температура қосындысы 1700—3100°.
Өсімдік собығы сүттеніп қамырлану кезеңіне
жеткенше 1800— 2300°, ал толық пісуі үшін -2100-2700° керек.
Жүгері дәні топырақ 8°С жылы болған жағдайда
көктеп шыға бастайды, бірақ ұзақ 15-20 күн
өніп, көгі сирек болады. Тез өніп, 6-8 күнде жер бетіне
біркелі жиі шығуы үшін себу тереңдігіндегі топырақ
жылылығы 10-12°С, ал ауаның жылылығы 18-20°С болғаны
жөн.
Жүгерінің жер бетіндегі органдарының өсіп дамуына
температураның әсері үлкен. Алғашқы кезеңде
өсімдіктің өсіп дамуына онша жылы температура керек емес, ал
вегетативтік органдардың жылдам өсетін, гүлдеу және
пісу кезеңдерінде температура барынша жылы болуы керек.
Жүгерінің өсу дәуірінің
ұзақтығы күнделікті орташа температураның
мөлшеріне де байланысты. В. И. Балюраның мәліметіне
қарағанда жүгерінің Воронежская - 80 сорты 17,3°
температурада көктеп шыққаннан кейін 65 күнде, ал 18,6
градуста 56 күнде гүлдеген. Күнделікті орташа температура
16,3° болғанда собық гүлдегеннен кейін 47 күнде, ал
12,9° градуста 60 күнде піскен.
Жүгерінің өсіп дамудың
әрбір кезеңінде жылылыққа талабы
(В. Н. Степанов, И. С. Шатилов)
|
Өсіп даму кезеңдері |
Биологиялық минимум (градус) |
Ортаның қолайлы температурасы
(градус) |
|
Дәннің өнуі |
8—10 |
12-15 |
|
Көгеріп шығуы |
10—12 |
15-18 |
|
Вегетативтік органдардың құралуы және
өсуі |
10-12 |
16-20 |
|
Гүл
шоғының
құралуы,
интенсивті (жылдам) өсу кезеңі |
12—15 |
20—24 |
|
Пісу |
12—10 |
18-24 |
Өсімдік 6-8 жапырақты кезеңінен дән қамырлану
дәуіріне дейін 2-3° суықтан жүгері толық өледі.
Бірақ жүгері алғашқы өсу кезінде (2-4
жапырақты кезең) суықтан зақымданса да қайтадан
өсіп, жетіліп кететіндігін тәжірибе көрсетті.
Мұның мәнісі, осы кезеңде дәндегі қоректік
заттарды пайдалану арқылы зақымданған
жапырақтардың төменгі жағы қайтадан әлденіп
жаңа жапырақ өсе бастайды.
Кейінгі жылғы зерттеу нәтижелеріне қарағанда
көктемдегі суыққа (төменгі температураға)
төзімді сорттар шығаруға болатыны анықталып отыр.
Мысалы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу жүгері
институты шығарған Днепровский - 247 МВ гибриді суыққа
төзімді әрі құрамында алмастыруға болмайтын амин
қышқылды лизин мол.
Басқа дәнді дақылдарға қарағанда, бір
мөлшердегі құрғақ заттарды құрастыру
үшін жүгері ылғалды аз жұмсайды. Жүгері 1 кг
құрғақ зат құрау үшін шамамен 238 кг
суды қажетсінеді. Қазақтың ғылыми-зерттеу
егіншілік институтының (Е. Амантаев) мәліметі бойынша бір центнер
дән құрау үшін жүгері 40-50 м3 суды пайдаланады.
Жүгері дақылы жақсы өсіп дамуы үшін минералды
қоректік элементтер: азот,
фосфор, калий, кальций, магний және микроэлементтер — темір, марганец,
бор, мыс, қалайы, молибден және басқаларды керек етеді.
Бұлардың ішінде жүгерінің өсіп дамуы үшін
азот, фосфор және калийдің маңызы ерекше. Мысалы,
жүгері гектарына 600-700 центнер көк балауса берген жағдайда
топырақтан 180 кг азот, 50-60 кг фосфор және 170 килограмнан
артық калийді өз бойына сіңіреді.
Өсуінің алғашқы кезеңдерінде жүгері
дақылы азотты біршама көп қабылдап бойына сіңіреді.
Бұл кезеңдерде азоттың жетіспеуі өсімдіктің
өсуін баяулатады, жапырағы сарғайып әлсірейді. Кейінгі
кезеңде де азоттың жетіспеуі әсерінен жапырақ
алақандарының көлемі азаяды.
Жүгерінің қоректік заттарды өз бойына
қабылдап сіңіру кезеңі өте созылыңқы.
Бұл дақылды, өсу дәуірінің алғашқы
кезеңінде және тез өсіп дамитын уақыты: шашақ салудан
15-20 күн бұрын шашақ органогенезінің VI
сатысының аяқталуы ВИР 156 гибриді үшін 15-16 жапырақты
кезең және собық пен шашақ гүлдеп,
ұрықтанғанға дейін жүгеріні азотпен толық
қамту жоғары өнім алуда маңызы зор.
Жүгері көктеп шыққаннан толық пісу
кезеңіне дейін калийді көп мөлшерде қабылдап бойына
сіңіреді. Калий негізгі органикалық қосындылардың
(көмірсу, протеин, липоид) құрамына кіреді, органикалық
қышқылдарды бейтараптандырады және клетка тургонының
бір қалыпты болуына әсер етеді.
Әдебиеттер
тізімі:
1. Қ.Ә. Әрінов және т.б.
Өсімдік шаруашылығы. - Ақмола, 1996.
2. Қ.Ә. Әрінов, А.Қ. Апушев
2КӘНӨ т.б. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін
өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау. -
Ақмола, 2001.
3. Қ.Ш. Жаңабаев және т.б.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру
4. И.С. Сейітов, Қ. Өрісбаев. Суармалы
егіншілік өнімін арттыру. - Алматы: Қайнар, 1984.
6. К.К. Әрінов. Жүгері сапасына
агротехниканың әсері. — Алматы: Қайнар, 1978.