ҚЫРЫҚБУЫН
ҚЫЛША ӨСІМДІГІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ЭФЕДРИНДІ АЛКАЛОИДТЫ ЗАТТАРДЫҢ
САНДЫҚ КӨРСЕТКІШІ
Ғылыми
жетекші: Байдаулетова Г.Қ.,
Кемел
Нурзинат, Жанабай Фариза Био-213,3 тобының студенті
Алкалоидтардың өсімдіктер бойында
атқаратын қызметі толық
түсінікті емес. Мүмкін, алкалоидтар
өсімдіктердің зат алмасуының жанама өнімдері немесе
белок синтезінің қоры, өсімдіктер мен жануарлардан
қорғайтын химиялық қорғаныс, физиологиялық процестерді
реттеуші немесе зиянды заттарды тысқа шығаруға
көмектесетін, өсімдік организмін уланудан сақтайтын зат болуы да
мүмкін. Алкалоидтардың фармакологиялық белсенділігі
құрылымына қарай өзгеріп отырады. Олардың ішінде
ауруды басатын, наша түрінде (эфедрин, норэфедрин), орталық
жүйкені реттеуші метилэфедрин, норпсевдоэфедрин), көз шарасын
ұлғайтатын атропин, гиосциамин, кішірейтетін (физостигмин, пилокарпин) түрлері де
бар.
Қырықбуын қылша құрамындағы алкалоидтар
адренергиялық белсенділікті білдіреді, нерв жүйесін
қоздырады, жүрек қызметін реттейді, қан қысымын
жоғарылатады (эфедрин, эпинефрин). Өзгелері қан қысымын
төмендетеді (резерпин,
протовератрин).
Ғылыми негізінде қарастырсақ, қылша
өсімдігінің жасыл бөлігінен 1-эфедрин,
1-
псевдоэфедрин, 1-метилэфедрин,
d-псевдоэфедрин
тәрізді алкалоидты заттарды орта есеппен 3,2 %-ға
дейін алу мүмкіншігі болса, сүрек бөлігінен - 0,8%, ал
нәрлі тұқым төбешігінен – 0,12%, тұқымынан
– 0,6%-ға дейін алуға болады. Қылша
тұқымының құрамынан 160 мг / % С дәруменін
кездестіруге болады.
Негізінен эфедрин өндіру мақсатында қылшаның
басқа түрлеріне қарағанда қырықбуын
қылша (E.Equesetina Bge.) өсімдігінің маңызы
зор.
E.Equesetina. Bge-Қырықбуын
қылша, тау қылшасы (хвойник хвощевой) 1-1,5 м
биіктìкке жететін бұта, диаметрі 4 см діңгекті кішкене
ағаш түрінде жиі кездеседі. Ағаш тасты бурайларда
өседі, теңіз деңгейінен 600–2000 м биіктікте кездестіруге
болады. Қылшаны зерттеген ғалымдардың деректеріне
сүйенсек, аталған түр бағалы болып саналады. Жасыл
бөлігінен 3,1 % және одан
да жоғары мөлшерде алкалоидтар (эфедрин, псевдоэфедрин,
метилэфедрин т.б.) кездеседі. Л.К. Қылышовтың зерттеулері бойынша
көлеңке жерде өскен қылша өсімдігінде орта
есеппен 0,88%, ал алаңқай ашық жерде
өскен қырықбуын қылшадан 1,78% алкалоидты заттар
кездескен.
Қырықбуын қылша тұқымы шар тәрізді,
кейде сопақтау қызыл, қоныр немесе ашық сары
түсті. Ұшы үшкір,
айнала бірнеше дөңесі бар, дөңгелек пішінді. Әр түрлі
экологиялық жағдайға байланысты тұқымының салмағы мен көлемі
әрқалай. 1000 тұқымның салмағы 6–9,5 г
тең болса, көлемінің орташа мөлшері – 4,7; 2,5;
2 мм. Көбінесе өсімдік
бойынан пісіп жетілгеннен кейін 2-3 аптаға дейін
кездестіруге болады. Бұл мерзімнен кейін жерге шашылып түсіп
қалады немесе құстарға
қорек болады. Және де тоқталып кететін жайт
өскен ортасындағы түрлі жағдайларға (ауа-райы,
сол жердің теңіз деңгейінен биіктігі т.б.) байланысты
тұқымның өсімдік бойында сақталуы
әртүрлі.
Біздің зерттеуімізде генеративті бүршіктер вегетацияның
кезеңімен қатар, бір уақытта өсіп жетіледі. Гүл
шоғырының түзілу кезеңі 30-40 күн. Аталық масақ - 8-10 күнде
гүлдесе, аналық масақ 5-10 күнде гүлдейді. Гүлдену кезеңінің басталуы
таудың ортаңғы белесінде мамыр айының соңына
сәйкес келеді. Гүлдену кезеңінің аяқталуы мен
тұқым түзілу кезеңінің бастауы 30-35 күн,
ал толық түзілу 40-45 күнге созылады. Жетілген ұрықтың
негізгі массасы өсімдік бойында 20 күнге дейін сақталады,
бұл тамыздың басы қыркүйектің ортасы.
Ұрықтың зертханалық өнімділігі 85%, ал далалық өнімі 5-10%
ғана екендігі анықталды.
Алынған нәтежелерді статистикалық
өндеуде қырықбуын
қылшаның жасыл бөлігінде кездесетін эфедринді
алкалоидтардың құрылымдық бірлігінің
пайыздық көрсеткіші оның өскен ортасына тәуелді
екендігін көрсетті. Төменде қырықбуын қылша
бойынан эфедринді алкалоидты заттарды
бөліп алуда жоғары мөлшерді көрсеткен негізгі аймақтар
сызбанұсқасы мен суреттері бейнеленген.
Кесте-1 Қырықбуын қылша
өсімдігінің әртүрлі аймақтарында кездесетін
эфедринді алкалоидты заттарының сандық (мг/100 г) және құрылымдық
көрсеткіші.
|
Өскен ортасы |
Эфедрин |
Псевдоэфедрин |
Норпсевдо эфедрин |
Норэфедрин |
Метилэфедрин |
|
Билжан ауылыың маңы, 466 км |
1086 |
410 |
60 |
111 |
169 |
|
«Қызыл тал» Тауы Үшарал маңынан 114 км |
1523 |
462 |
46 |
88 |
216 |
|
«Теректі» жотасы |
2072 |
207 |
97 |
181 |
238 |
|
Теректі жотасы 2 км қашықтықта батысқа
қарай |
1120 |
1315 |
245 |
83 |
133 |
|
«Теректі» жотасы «Сухая речка» өзен
анғары 61 км |
2301 |
313 |
35 |
217 |
341 |
|
«Қызыл тал» тауының
етегі, өзен аңғары |
1368 |
370 |
129 |
207 |
89 |
|
Кетмен тауының «Үлкен сай»
беткейі |
842 |
1671 |
168 |
109 |
59 |
Сызбанұсқада
көрсетілгендей қырықбуын қылша
өсімдігінің жасыл бөлігінен алынған эфедрин мен метилэфедриннің сандық
көрсеткіші ылғалды жерлерде төмендесе (Кетмен тауының
«Үлкен сай» беткейі),
құрғақ ортада
(Теректі жотасы «Сухая речка» өзен аңғарында, 61 км) және жаздың аптап
ыстық кезінде бұл
көрсеткіштің жоғарылағанын байқауға
болады.
Жамбыл облысы Қордай асуынан және Алматы облысы Кетмен тауынан
алынған үлгідегі алкалоидтардың сапалық
құрамы көрсетілген.
Спектрофотометрилік
әдістерді пайдаланып қырықбуын қылшаның алкалоид
құрамы анықталды. Жамбыл облысы Қордай асуынан
және Алматы облысы Кетмен тауынан алынған үлгідегі
алкалоидтардың сандық көрсеткіші көрсетілген.
Оның мол құрамы Теректі сайынан, Алакөл ауданынан
алынған үлгілерде 2,16-5,2
%. Ең аз мөлшері (0,53 %) Қордай асуынан алынған №3 үлгі.
Кесте-2
Жамбыл облысы Қордай асуынан және Алматы облысы Кетмен
тауынан алынған үлгідегі алкалоидтардың сандық
көрсеткіші
|
Популяция |
Алкалоид мөлшері
% |
|
Билжан ауылы |
2,56 |
|
Қызылтау
тауы |
2,16 |
|
Теректі сайы
|
5,17 |
|
Теректі сайының ішіне қарай 2 км |
3,69 |
|
Теректі сайының
құрғақ жиегі |
4,52 |
|
Қызыл тауының
құрғақ өзені жиегі |
3,53 |
|
Қордай асуы үлгі № 1 |
1,32 |
|
Қордай асуы үлгі №2 |
2,15 |
|
Қордай асуы үлгі №3 |
0,53 |
Сонымен, таулы жердің қырықбуын
қылшасының
құрамында эфедрин, псевдоэфедрин, норэфедрин,
псевдонорэфедрин және өзгелер енетін эфедриндік алкалоидтар тобын
құрайды. Орташа алғанда, бұлардың 3 пайызын
өнеркәсіптік дайындау үшін алуға болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Интернет көзі.
2. Қ.Ә. Әрінов, А.Қ.
Апушев 2КӘНӨ т.б. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін
өндіру, өңдеу, сақтау және стандарттау. - Ақмола,
2001.
3. Қ.Ә. Әрінов және т.б.
Өсімдік шаруашылығы. - Ақмола, 1996.