Жақсыбаева С.Д., Совет Т.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ІРІ
ҚАРА МАЛЫНЫҢ АРАСЫНДА БОЛАТЫН ТЕЙЛЕРИОЗ
Қазақстанның Оңтүстік аймағындағы, яғни Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Қызылорда облыстарында инвазиялық аурулардың ішіндегі
мал шаруашылығына көптеген экономикалық шығындар
әкелетін, ал мал ағзасына өте зиян тигізетін протозойдті
аурулардың бірі - ірі қара тейлериозы. Тейлериоз - малдың
қан түйіршіктерінің құрамын зақымдайтын
қарапайым микроағзалардың бір жасушалы тейлериоз паразиттерінің
әсерінен болатын, жіті және созылмалы түрде өтетін
көбіне асқынатын малға аса қауіпті дерт.
Бұл аурудың осы облыстарда таралуының басты себебі ірі
қара тейлериозы ауруының қоздырғышы Тһеііегіа annulata-ны
тасымалдаушы иксодид кенелерінің Hyalomma туысының H.anatolicium,
H.detritum, H.asiaticum және H.scupense түрлерінің осы өңірді
мекен етуінде. Паразитоморфтық кенелер соңғы он жыл көлемінде
облысымызда өте қатты көбейіп кетіп отыр. Көктем
шығысынен қара күзге дейін малшы қауымның осы
кенелермен күресіп жатқаны баршаға мәлім .
Біздің елімізде жыл сайын 10-15 мың ірі-қара
тейлериозға шалдығады. Бұлардың 15-20 проценті
өледі осы ауруға шалдыққан әрбір сиырдың
сүті әдеттегіден 100 литр, ал салмағы 40 кг кемиді.
Тейлерияның морфологиясы мен биологиясы. Тһеіlеrіа
аппиlatа-малдың сөл бездерінде,
бауырында тіршілік ететін бір клеткалы ұсақ жәндік. Қан
жұғындысында оның дөңгелек, сопақша,
таяқша, үтір, анаплазмалық және крест тәрізді
түрлері кездеседі.
Әбір эритроциттен 7,
көбінесе 1-2 паразит табылады. Theileria annulata-қос
иелі паразит, тұрақты иесі-кене,
аралық иесі -ірі қара. Жаңадан өрген паразит агамета
деп аталады. Әрбір агамета одан әрі
лейкоциттерге енеді де, бірнеше қайтара бөлініп көптеген
гамонтқа айналады. Агамонт пен Гамонт ганат тәрізді денелер Кох
шарлары деп аталады.
Тейлерий одан әрі кене
денесінде жыныстық жолмен өсіп өнеді. Кененің ішіндегі эритроцит
балқып жарылады да, оның ішіндегі гаметоцит босап шығады,
бірнеше қайтара бөлініп көптеген макро және
микрогаметоцитке айналады.
Ауру эпизоотологиясы. Тейлериоз жайылымдағы малдың Hyalomma detritim
,Hyalomma anatolicum
, Hyalomma asiaticum,
Hyalomma plumbeum,
Hyalomma Scupense
деп аталатын бес түрлі кене арқылы тарайды. Ауруды кененің
бір-ақ ұрпағы таратады: ауру малдың
қанын кене личинкасы сорса, сау мал денесіне тейлериоз нимфасы
арқылы, ал нимфа сорса, имаго арқылы енеді.
Иммунитет. Тейлериоздан айыққан мал денесінде
стерилденбеген иммунитет қалыптасады: паразиттен арылып болғанша малға тейлериоз дарымайды. Уақыт
озған сайын иммунтет күші әлсірей
түседі , 2-3 жылдан кейін тағыда тейлериозға шалдығуы
мүмкін.
Тейлериоздың бір
түрінен айыққан мал оның басқа түрімен
ауыра береді. Тейлериоз штамдарының уыты, ауру тудыру қабілеті әр түрлі болады.
Патогенез. Кененің сілекейі арқылы мал денесіне
енген тейлериялармал денесіне уытын таратады. Өсу кезеңдерінде зат
алмасу салдарынан паразиттер айналасына экзотоксин бөліп шығарады да
мал денесін улайды. Паразит саны тым көбейіп кетсе, мал қатты
уланады. Мұның салдарынан нерв жүйелерінің, ас қорыту
органдарының қызметі нашарлап, зат алмасу сарыны бұзылады. Мал
іштей уланады, оның денесінде физиологиялық қалыпқа
келмейтін күрделі өзгерістер туады.
Емі. Емдеу мақсаттары – дәрі дәрмектердің күшімен
мал денесіндегі паразиттерді өлтіру, сөйтіп малды аурудан
айықтыру, оның онімділігін бұрынғы қалпына
келтіру. Дегенмен этиотроптық және симптомдық ем
кеңінен қолданылады. Тейлериозға шалдыққан
малға әсіресе беренил, азидин күшті әсер етеді. Ол
әдетте былай емделеді.
Емдеудің алғашқы күні малдың
бұлшық етіне беренильдің судағы 7 процент ерітіндісі
жіберіледі. Малдың денесін сергіту үшін терісінің астына В
және С витаминдерін, жүрек соғуын күшейту үшін
күре тамырға 40 процент глюкоза ерітіндісін енгізеді.
Үшінші күні дене сергіткіш дәрілермен қатар кешке
беренил немесе гемоспоридиннің судағы 22 процент ерітіндісі
беріледі.
Ішек-қарын қызметін жақсарту үшін малға,
үш рет өсімдік майы, 1,5-2 литр сүт ішкізіледі. Ішек
қарынды қабындырмау қабындырмау үшін азық
үлестірерде малға күніне 2 мезгіл биомицин ішкізеді.
Соңғы кезде ауру малға бес күн бойы хиноцид пен бигумалдың
қайнаған судағы 1 проценттік ерітіндісі ішкізіліп жүр.
Екі күн өтісімен малдың ыстығы басылмаса,
оның күре тамырына бигумалдың судағы 1 роценттік
енгізіледі. Келесі күні малдың тағы да ыстығы
көтерілсе, бигумал күніне 2 рет беріледі: оны таңертен
күре тамырға жібереді де, кешке ішкізеді. Бұдан кейін
аталған дәрілер малға 2-3 күн бойы күніне бір мезгіл ішкізіліп отырады. Ауру басталысымен малды көлеңкелі
салқын жерде ұстайды.
Сақтық шаралар. Үш бағыттан, атап айтқанда,
химиопрофилактика, мал денесін кенеден арылту, қора – жай мен
жайылымдарды кенеден арылту бағыттарынан тұрады.
Химиопрофилактика - алдын ала түрлі химиялық препараттар
малға тейлериоз дарытпаудың пәрменді әдісі.
Осы мақсатпен
пироплазмин, атоксил, антрицид, гемоспоридин, наганин препараттар сыннан өткізілді.
Бірақ олар малға ойдағыдай әсер етпеді. Соңғы жылдары ірі қараны
тейлериоздан сақтау мақсатымен беренил мен азидин жиі
қолданылып жүр: олардың 7 процентті ерітіндісі 12-15 күн
сайын бұлшық етке енгізіледі. Кейбір деректерге
қарағанда, наганин ерітіндісі малға тейлериоз дарытпаған,
оның 30 процентті ерітіндісі пенициллинге араластырылып, желке
терісінің астына енгізілген, ал 10 процент ерітіндісі бір маусымда
үш рет күре тамырға жіберілген.
Қорыта айтсақ
нақтылы жағдайды ескере отырып, малды алдын ала тейлериозға
қарсы егу мал дәрігерлік мамандарының
борышы.