Кожанова К.К., Келимханова
С.Е. Aюповa Р.Б., Смаилова Р., Нургалиева А.Н., Ибраимова А.С., Тойгулиева А.
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
Медицина Университеті
Модуль: фармацевт –
технолог
Дала қырықбуыны және қосүйлі
қалақай экстракттары негізінде алопецияға қарсы
кремнің ұтымды құрамы мен тиімді технологиясын
таңдау
Резюме: статьяда алопецияны емдеу үшін жұмсақ дәрілік
қалыптың құрамы мен технологиясын таңдау бойынша
зерттеу нәтижелері келтірілген. Гель модельдерінің
технологиялық сапа көрсеткіштері зерттелді.
Түйінді сөздер: дала қырықбуын шөбінің
құрғақ экстрактысы, натрий альгинаты, оптимальды гель
негізін таңдау, алопеция.
Алопеция
– шаштың патологиялық сиреуі, шаштың кейбір
жерінің түсіп қалуы немесе түгелдей таздану [2]. Күнделікті 100 шаштың түсуі қалыпты болып
есептеледі. Жас ұлғая келе шаш фолликулалары азая бастайды. Осылай,
20-30 жастағы науқастарда шаштардың орташа
тығыздығы 1см2-қа 615 шашқа сәйкес, бұл
көрсеткіш 30 мен 50 жас аралығында 485-ке, 80-90 жас
аралығында 435-ке дейін төмендейді [1,2,3].
Ауруды емдеуде гормондармен және синтетикалық өнімдермен қатар,
қазіргі таңда фармакологиялық әсер ету спектрі
кең, токсикалық әсері төмен және жанама
әсерсіз ұзақ әсер ету мүмкіндігіне ие
дәрілік өсімдік шикізатынан алынатын дәрілік препараттар
кең қолданыс табуда.
Зерттеудің
мақсатыдала қырықбуыны және
қосүйлі қалақай экстракттары негізінде алопецияға
қарсы кремнің ұтымды құрамы мен тиімді
технологиясын таңдау.
Негіз ретінде карбопол, натрий
альгинаты және каррагинан таңдап алынды.
Пластификатор ретінде гельдерді кеуіп кетуден
сақтайтын глицерин алынды. Тазартылған су компоненттерді
байланыстырғыш және экстракттар мен консерванттардың еріткіші
ретінде қолданылды. Консервант ретінде 0,1-0,5% аралығында нипагин
және нипазол қолданылды. Құрғақ
экстракттардың концентрациясы 0,3-1%.
Гельдің
құрамы:
|
Әсер етуші заттар |
Мөлшері |
|
Дала қырықбуын
шөбінің құрғақ экстрактысы |
0,7 |
|
Қосүйлі
қалақай жапырағының құрғақ
экстрактысы |
0,35 |
|
Көмекші заттар |
Мөлшері |
|
Натрий альгинаты |
3,0 |
|
Глицерин |
5,0 |
|
Нипагин |
0,2 |
|
Нипазол |
0,3 |
|
Тазартылған су |
100,0 |
Гельді дайындау. Натрий
альгинат ісінуге қабілетті полимер, сондықтан гельді алу процесінде
алдымен ісінуге қалдырамыз.
Гельді дайындау кезінде натрий альгинаты ұнтағын алдын-ала
консервант ерітілген суға салып, полимердің ісінуі үшін
қалдырамыз. Дала қырықбуыны мен қосүйлі
қалақай экстракттарын глицеринде ерітіп, жақсылап
араластырамыз. Алынған ерітіндіні ісінген массаға қосып,
әсер етуші заттардың біркелкі таралуы мен біртекті консистенция алғанша үздіксіз араластырамыз.
Алынған гельді гомогенизация нәтижесінде пайда болған
дезаэрация (ауа көпіршіктерін жою) процесін жою және
полимердің толық еруі үшін біраз уақытқа
қалдырамыз. Кейіннен қайта араластырамыз. Біркелкі,
реологиялық қасиеті жақсы гель алынады.
Технологиялық схеманың негізгі этаптары
КЖ 1. Өндірісті санитарлық дайындау
КЖ 2. Ингредиенттерді дайындау
ТП 3. Гельдің негізін дайындау
ТП 4. Гельді алу
ОҚБ 5. Дайын өнімді орамдау, қаттау, босату.
Қорытынды: дала қырықбуыны мен қосүйлі қалақай
экстракттары негізінде гельдің оптимальды құрамы мен
технологиясы теориялық және тәжірибе жүзінде
негізделді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Д.К.Нажмутдинова, к.м.н.,
доцент, Т.В.Таха, к.м.н.
Алопеция: диагностика и лечения. // медицинский совет.- 2010 -№5-6
2. Кардашова, Д. З. Комплексный подход - основа
эффективного лечения алопеции / Д. З. Кардашова, И. А. Василенко, Е. А. Карасев. / Экспериментальная и
клиническая дерматокосметология – 2012 - №1.
С.58-63
3. Галимов,
Ринат Камильевич. Динамика
тревожно-депрессивных расстройств в процессе лечения методом гипнотерапии
больных, страдающих различными формами очаговой алопеции // диссертация –
Москва 2010
Разработать рациональный состав и оптимальную технологию
крема против алопеции на основе
экстрактов хвоща полевого и крапивы двудомной
Кожанова
К.К., Келимханова С.Е.Aюповa Р.Б., Смаилова Р., Нургалиева
А.Н., Ибраимова А.С., Тойгулиева А.
Казахский
Национальный Медицинский Университет имени С.Д. Асфендиярова
Модуль: фармацевт - технолог
Резюме: проведены
исследования по разработке состава крем-геля на основе экстрактов хвоща
полевого и крапивы двудомной,
обоснованию технологии получения. Изучены технологические показатели
качества гелевых композиций.
Ключевые слова: сухой экстракт хвоща полевого, натрий альгинат,
выбор оптимальной основы геля, алопеция.
Develop rational composition and optimal technology cream against alopecia
based on extracts of horsetail and nettle
Kozhanova K.K, Kelimhanova S.E. Ayupova R.B.,
Ibraimovа А, Toygulieva A.
Kazakh National Medical University named
after S.D. Asfendiyarov
Module: pharmacist – technolog
Summary: The research on the development of a cream-gel-based
extracts of horsetail and nettle, the justification of the production
technology. Studied technological parameters of quality gel formulations.
Keywords: dry extract of horsetail, sodium alginate, selection of
the optimal gel-based, alopecia.