Қалдықтардың
зияндылықтарын төмендетуге арналған іс- шаралар
Жумадилова А.Қ. т.ғ.к., доцент м.а., Сапарбекова А.Б.
6М060800-«Экология» 2-курс магистранты
Қазақстан, Тараз қ. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Қалдықтармен қауіпсіз жұмыс жасауда
қалдықтарды басқару жоспарында көрсетілген мына шаралар
арқылы іске асуы керек. Оларға:
- қалдықтардың идентификациясы мен қауіптілік класы;
- қалдықтардың санының төмендігіне;
- қалдықтарды тазалау нұсқалары;
- қалдықтарды тасымалдау мен жинау әдістері;
- қалдықтарды орналастыру нұсқалары;
- улы қалдықтарды уақытша полигондарда пайдалануды
сақтауда және жағдайына жүйелі түрде
бақылау жүргізу.
Қоршаған ортадағы
кері жүктемелерді төмендетумен қамтамасыз етуде
және техникалық
қызмет пен апасыз жұмыстармен жабдықтауды қамтамасыз
етуде «Қант» АҚ-да
техникалық іс-шаралар негізінде өздеріне
профилактикалық жұмыстарды пайдаланды.
1- кесте. Қоршаған
ортаның жағдайында қалыптасатын қалдықтарды
әсерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар
|
№ |
Қалдықтардың аттары |
Іс-шаралар аттары |
Орындалу мерзімі |
|
1 |
Қара метал ломы,
дәнеркерлеуші электродтардың жанған қалдығы |
Мекеме аймағында
қалыптасқан қалдықтарды сақтау және
есептеу арқылы жинау |
Тұрақты |
|
2 |
ТҚҚ |
Мекеме аймағында
ТҚҚ есеп енгізу арқылы жинау, ТҚҚ жинауға
арналған қосымша контейнер орналастыру |
Күн сайын |
|
3 |
ТҚҚ |
Шығарылу мен пайдалануға
бақылау |
Күн сайын |
|
4 |
1,3,4 класты қауіптілік
қалдықтары |
Улы және улы емес
қалдықтарды жеке-жеке қамтамасыз ету |
Жиналу жағдайына байланысты |
|
5 |
Пневматикалық шина |
Мекеме аймағын қалдықтар-ды
сақтау мен жинауға есеп жүргізу |
Тұрақты |
|
6 |
ТҚҚ |
Қалдықтардың
түрлеріне байланысты жеке сақтай контейнерлерін қамтамасыз
ету (қағаз, шыны ыдыстар т.б.) |
Тұрақты |
|
7 |
ТҚҚ |
Контейнерлерді және
олардың алаңдарын тазалықта ұстау, контейлерлерді
санитарлық нормаға
және ережеге сәйкес жабдықтау |
Тұрақты |
|
8 |
3,4 класты қауіптілікті
қалдықтар |
3,4 класты қауіптілік
өндірістік қалдықтарын ТҚҚ полигонға
шығару туралы санитарлы-эпидемиологиялық бақылау орнымен
келісім шарт жүргізілу керек |
Тұрақты |
Жыл сайын жүргізілетін
іс-шаралардың бірінші тобына мыналар жатады:
- резервуарлардың сыртқы беттерінің коррозияға
қарсы және технологиялық сиымдылықтарға
күрделі жөңдеу жұмыстарын;
- буферлі сиымдылықтардың және резервуарлардың
төгілуіне жол бермейтін жүйені автоматты түрде енгізу;
- арматуралы сиымдылықтарға жөңдеу жұмыстары
мен тексеру жүргізу;
- жабдықтардың коррозияға қарсы қорғаныш
қабаттарының іс шараларын енгізу және жасап шығару
және коррозияға қарсы изоляциялық күштерді
көбейту.
Екінші топқа
техникалық іс-шараларды жоба жасау арқылы, арнайы
қоршаған табиғи ортаны жақсартуға
бағытталған.