Қоршаған орта ластануының деңгейін бағалау

 

Жумадилова А.Қ. т.ғ.к., доцент м.а., Сапарбекова А.Б. 6М060800-«Экология» 2-курс магистранты

Қазақстан, Тараз қ. М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

 

        «Қант» АҚ жұмысы нәтижесінде қалыптасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды өндіріс орнында көму мекеменің қалдықтармен қатынаста қауіпсіз ережесін қатал сақтау негізінде жүзеге асырылады, сондықтан қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін қалдықтарды сақтаудың уақытша орнынан қарастыруға болмайды. Барлық өндірістік қалдықтар бетондалған алаңда метал контейнерлерінде жинақталынады, жиналып болған мерзімде ары қарай сақтауға не пайдалану мен қайта өңдеуге шығарылады.

        Люминесцентті лампалар қоймада арнайы арналған орында уақытша жинақталынады.

        Жағу грунттары бетондалған алаңда уақытша сақталынады.

        Лом, дәнекерлеуші электродтардың жанған қалдықтары мекемеден ары қарай пайдалану үшін метал өндіретін мекемелерге жіберіледі.

        Жұмыс өтімі біткен майлар су өтпейтін алаңда орын алған металдық сиымдылыққа (бөшке) жинақталынады.

        Күл шлактары уақытша күл үйінділері жинақталынады.

        Қатты тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін алаңда орналасқан метал контейнерлердің сиымдылығы 1,5 м3 –да жинақталынады.

        Сондықтан «Қант» АҚ -ң қоршаған орта компонеттеріне кері әсерін тигізу жағына келетін болсақ, уақытша сақтау мен қалдықтарды шығару ешқандайда өзгерістерді тудырмайды.

Қалдықтарды орналастыруда апатты жағдайлармен байланысты келесідей қауіптердің туындауы мүмкін:

-     автокөліктерді пайдалану мен арнайы техника;

-     қоқыс тастайтын жер мен полигондарға қалдықтарды тасымалдау;

-     қоқыс тастайтын жер мен полигондарға қалдықтарды орналастыру.

Мүмкін болатын апатты жағдайлардың негізгі көздеріне автомобилді

автокөліктермен арнайы тиеу-түсіру техникалары болып табылады.

        Апатты жағдайлардың алдын-алу үшін транспортты және арнайы құралды пайдаланудың ережесін және қалдықтардың түрлерімен жұмыс істегенде талаптар мен техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

        Транспорттарды пайдаланған уақытта  қалдықтарды тиейтін-түсіретін тасымалдайтын машиналардың, механизмдердің, транспорттық құралдардың техникалық жағдайы бақыланады. Техникалық жөнделмеген машиналар мен механизмедер жұмысқа жіберілмейді. Сонымен қатар жұмысқа транспорттық құралдармен қызмет істеуге рұқсаты жоқ қызметкерлер жіберілмейді.

         Егерде жартылай немесе толығымен жүктелініп жатқан қалдықтар төгілген жағдайда, төгілген қалдықтар түгелімен жиналып, шығарылады және полигондарды жинақталынады. Телім түгелімен тазаланылады.

         Барлық қалдықтарды көму мен жинақтауда тиеу және түсіру жұмыстары механикалық әдіспен жүргізілетіні жоспарланады.

         Сондықтан да экологиялық тәуекел алдын-алуды анықтау үшін ең бастысы:

-     шектеу мүмкіндігінде апатты жағдайды реттейтін арнайы жоспар мен мүмкін болатын апатты жағдайларды жою жолдарын жасау;

-     әртүрлі өндірістік нысандарда апатты жағдайлар туындай қалғанда жүргізілетін зерттеулерге сценарийлер жүргізу;

-     апатты жағдайлар жүйесімен қамтамасыз етуді ескерту;

-     нысандарды транспорттық құралдармен жабдықтауды қамтамасыз ету;

-     бүлінген телімдерге арнайы жақсарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

-     жабдықтарды қауіпсіз жерде қолдануды қамтамасыз ету;

-     мекеменің кез-келген телімінде өрт пайда болғанда қажетті қызметкерлерді жұмысқа тарта білу және өз уақытында қажетті материалдар мен жабдықтарды жеткізу, өрт сақтау жүйесін қолдану;

-     алғашқы медициналық көмек көрсету;

-     қызмет көрсетуші қызметкерлердің техникалық құралдарын және апатты жағдайда ұйымдастырылу әрекеттерін алдын ала жоспарлап дайындығын қамтамасыз ету.

Мекеме қалдықтарды пайдалану, жою мен жинауды ұйымдастыруға қатал түрде бақылау жасайды.

Мекемеде қалыптасатын барлық қалдықтар өз уақытында келісілген ұйымдарға сәйкес арнайы полигон орындарына шығарылады.

        

1-    кесте. Мекеме аймағында қалдықтармен қауіпсіз жұмыс жасауды бақылаудың график жоспары

 

Қалдық-

тарды уақытша сақтау орны

Қалдықтар түрі

Уақыт-

ша жинақталған шекті саны

Қорша-ған ортаның бақыланатын нысаны

Бақыланатын зат

Бақылау әдісі

Мерзімі

Бақылауды кім жүргізеді

Аты

Аты

Қауіптілік класы

Физика-химиялық сипаттама

Түсу нормасы, т/жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Күл қойма

сы

Күл қалдығы

4

Қатты зат

0,866

0,866

ауа

шаң

Таразы

Жылына

1 рет

Арнайы ұйым

2

Контейнер

ТҚҚ, құрылыс қоқысы т.б.

4

Қатты зат

539,497

539,497

топырақ

Ауыр металл, қоздырғыш жұқпалы ауру

Фотомбактериолог

Жылына

1 рет

Арнайы ұйым

3

Буланғыш тоған

Сүзгі қалдығы

4

Қатты зат

21600

21600

ауа

шаң

Таразы

Жылына

1 рет

Арнайы ұйым

 

Мекемеде қалыптасқан қатты тұрмыстық қалдықтар:

-     арнайы контейлерге жинақталынады;

-     келісілген мекемелерге айына екі рет тапсырылады.

Барлық қалдықтардың саны, түрі, шығарылған маршрут соңғы пунктке

кейін қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарымен қабылауда болады.