Сейтбекова М.Д., Жамбулова Н.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН АҒАШТАР МЕН БҰТАЛАРДЫ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРДЕН ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ

 

   

Орман алқаптарын өсіруде істелетін басқа шаралармен қатар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғаудың маңызы зор. Ағаштарға зиян келтіретін әртүрлі насекомдар топырақта да ауада да кездеседі. Орман шаруашылығы тәжірибесінде, әсіресе бірінші жылы отырғызылған жас ағаш үшін аса қауіпті зиянкес топырақтағы зауза (хрущ) қозының құрты мен күздік көбелек құрттары болып табылады. Зауза құрлы қоңыр бас, денесі қатпар-қатпар, «С» әріпіне ұқсас иіріліп жатады. Ірілігі 55мм шамасындай, түсі ақ болады. Зауза қоңыры июль айларында ұшып келіп, өңделмеген жерлерге жұмыртқа салады. Ол жұмыртқалар жетіліп, ақ түсті зауза құртына айналады. Олар ағаш тамырын кеміріп жеп үлкен зиян келтіреді. Зауза құрты 2-3 жылда қуыршықталып, 3-4 жылдан кейін қайта қоңызға айналып ұшып шығады. Зауза құрты Жамбыл облысының далалы, шөл далалы аймақтарының бәрінде де кездеседі. Зауза құртымен күресу үшін ағаш түбін уақтылы да сапалы қопсыту, гексахлоранмен топырақты дәрілеу тиімді әсер етеді [1].

Орманды жерлерде көптеген насекомдар, құстар және хайуандар тіршілік етеді. Бұлардың ішінде құстар, құмырсқалар, кірпілер, борсық сияқты аңдар ағаш өсімдігін зиянды құрттардан қорғайды. Өсімдіктерге зиянды құрттармен күресте әсіресе құстардың маңызы зор. Жерді жыртып өңдеу кезінде сауысқан таған, ақ тұмсық ұзақ, қара қарға сияқты құстар соқа және басқа да тіркеу құралдарының соңынан құрттарды теріп жеп құртады. Зиянды құрттармен күресте үй тауықтары да өте пайдалы. Ал қоян, тышқан, малдар, оның ішінде ешкі сияқты ағаш кемірушілерден ағашты сақтау керек. Қабығы зақымданған терек, үйеңкі, емен және жеміс ағаштары кеселденіп, қурап қалады. Әсіресе, қарағашыты 2-3 жылға дейін малдан қорғау қажет. Олар зақымдалса, өліп қалады немесе түбіртекке айналып баяу өседі. Қарағашқа әсіресе сиыр өш келеді. Олар қарағаштың жас кезінде бұтағы мен жапырағын далмап жеп қояды. Өскеннен кейін де бұтағын жеп үйкелеп қиратады. Ал ешкі-ағаштың қас жауы. Ешкінің тісі тиген терек, жеміс ағаштары тез қурап өліп қалады. Осы айтылғандарды ескере отырып, орман сақтаушыларының жауапкершілігін арттыру қажет. Орман шаруашылығының жағдайы күзетшіге байланысты болады. Ағаш күзетшісі өз жұмысын жауапкершілікпен атқаруға міндетті. Орман ағаштарының жалпы жағдайы, олардың үнемі көз алдында болуы керек [2].

Ағаш егілетін учаскені өңдеу топырақ және ауа райы ерекшеліген сәйкес, тиісті агротехникалық тәсілдер бойынша жүргізілуі керек. Мысалы, қара топырақты, қара қоңғыр топырақты, сұр топырақты және құмдақ топырақты жерлерде 1,5-2 жыл бойы таза пар күйінде ұсталуы, пардың треңдігі 30 см шамасынан кем жыртылмауы тиіс. Шөлді, бетпақдалалы жерлерде топырағы 50-70 см терендікке жыртылып, 1-2 жыл бойы пар ұсталған учаскеде ағаш өсіру нәтижелі болады.

Ағаш отырғызылатын жерлердегі су қорларын ұқыпты пайдалана отырып, ағашты топырағы шұрайлы және ыза суы жақын орналасқан учаскелерге отырғызу керек.

Әр жердің  ауа райына және топырақ жағдайына төзімді ағаш және бұта өсімдіктерін жергілікті питомникте тұқымнан өсіру жақсы нәтиже береді.

Жамбыл облысының шөл далалы жерлеріндегі топырақта шегершін, қарағаш, боз жиде, жыңғыл, бальзам терегі ақ терек сияқты ағаштардың жақсы өсетіні анықталады. Қазақстанның құрғақ далалы аймақтарының қатал табиғатына азды-көпті әсер ету үшін, осы аталған ағаш өсімдіктерін көптеп өсіруге болады [3].

 

Әдебиет:

1.       Интернет материалдары

2.       В.А.Догель Зоология беспозвоночных. Москва: «высш. шк.» 1981г.

3.       И.Х.Шарова Зоология беспозвоночных. Москва, 2002г.