Табиғи
қорларды ұтымды пайдаланудың
экологиялық-экономикалық механизімінің әдістемелік
негіздері
Садыбекова Л.С., студент
Абитбекова М.Т.
М.Х. Дулати атындағы Тараз
мемлекетік университеті
Экологиялық-экономикалық
мәселелерді шешу экология-экономикалық жақтарын
ұштастырумен байланысты. Бүгінгі таңда мамандар мен
ғалымдар қоршаған ортаны қорғау және
табиғи қорларды тиімді пайдалануға көп
көңіл бөліуде, бұл қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына экологиялық
факторлардың әсер етуі күмән еткізбейді. Бұл факторлар
аймақтық елді-мекенінің өмір сүру
жүйесінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сонымен
қатар, әдістемелік жоспарда халық шаруашылық және
салалық экономикалық жақтары әлі де болса да,
экологиялық құрамдарының есебінсіз және
нақты аймақтардың табиғи ерекшеліктерін
қарамастан қарастырылуда. Экологиялық жағымсыз
өндірістерді технологиялық жаңарту және табиғаты
жоғары тиімді пайдалануға өндіріс күштерін дамыту
толық бейімделмеген. Солай болғандықтан, көптеген
аймақтарда экологиялық жағдай табиғи кешендердің
тіршілігіне қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай жағдай
өте сирек кездесетін табиғи кешендерде болуы мүмкін. Осындай
аймақтарда экологиялық-экономикалық қайшылықтар
шиеленісе түседі, әсіресе экологиялық шектеулермен
приоритеттерді қорғауда жоғары дәрежеде табыс алуды,
яғни экономиканың нарықты қатынастарға
көшетін кезеңінде, ал қаржы қорларының
тапшылығы нақты экологиялық бағдарламаларда іске
асыруға мүмкіндік бермейді. Мемлекет және
аймақтық деңгейде шаруашылық даму процессі кезінде
пайда болатын қайшылықтарды анықтау және
экономикалық мүдделеріне теориялық талдау жасаған
дұрыс. Бұл жағдайды теория жүзінде түсініп
қана қоймай, эколого-экономикалық мәселелердің
себептерін талдауға мүмкіндік береді, оларды шешуде негізделген
кепілдемелер беруге, ғылыми түрде әлеуметтік-экономикалық
даму жолдарын болжауға болады [1].
Осы
мәселенің теория жүзінде түсіну күрделігі
анық. Бірақта, тәжірибеде шешу жолдарын табу сирек,
олардың ішіндегі шешу жолдарының бірі табиғатты ұтымды
пайдаланудың эколого-экономикалық бағасы болып табылады.
Әрине мұндай көзқарас дәстүрлі болмаса да,
біздің ойымызша, мәселені осы тұрғыдан
қараған дұрыс.
Сонымен
қатар, қоршаған ортаны қорғау және табиғи
қорларды экономикалық басқару механизімін,
анықтаудың кейбір шешімдері қалыптастырылды. Бұл,
біріншіден, аймақтың әлеуметтік-экономиканың
тұрақты дамуын қамтамасыз ететін эколого-экономикалық
механизімін жасау негізіне тиісті. Бірінші бағыт – табиғи қорларды
тиімді пайдаланудың эколого-экономикалық механизмі. Екінші
бағыт - өндіріс мекемелерінде, атап-айтқанда мұнай-газ
кешендерінде экономикалық табиғатты қорғау шараларын
жоғарлату. Үшінші бағыты – атмосфералық ауаның
ластану зардаптары жылдан-жылға аумақтық,
трансшекаралық және планеталық сипатта болып табылады. Зиянды
компоненттердің қоршаған ортаны ластайтын
трансшекаралық және ұзаққа тасымалдау
нәтижесінде пайда болатын тотықтырғыштардың зардаптарын
жою және алдын-алу шараларын іске асыруын (экономикалық
тұрғыдан) нақты бағалауға мүмкіндік береді,
яғни шығындар мен нәтижелерді салыстыру негізде
жүргізілген экономикалық талдау арқылы бағаланады - өндіріс нысандарының
концентрациясының индексі; - өндіріс қаласының
атмосферасының ластануының метеорологиялық потенциалы [2].
Сонымен,
нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын
адамдардың денсаулығына және табиғи ортаға
техногенді теріс әсер ететінді төмендету мақсатында
экологиялық таза технологияларды дамытуға деген
көзқарастары болуы тиіс, яғни жоғарыда келтірілген
әдіс толық шешімін таппаған және қайта
өңдеуді талап етеді деген сөз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Изтилеуова
М.Б., Дубинчин П.П., Надиров Н.К. Исследование участков техногенного
радиоактивного загрязнения на нефтепромыслах // Нефть и газ – 2000, №2 – С
100-109.
2. Хаматуров Т.С.
Экономика природопользования: учеб, пособие перераб. и дополн. изд. – М: изд.
МГУ, 1991 – 217с.