Агроөнеркәсіп саласын кластерлі дамытудың бағыттары

 

Тойшыбекова Н.М. экономика магистрі

Калдыгозова М.А. экономика магистрі

 

 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

 

 

Мемлекеттiк саясаттың агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы алдағы кезеңдегi негiзгi мақсаты оның салаларының табыстылығын және өнiмдiлiгiн арттыру негiзiнде агроөнеркәсiптiк кешеннiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығында белгіленген салаларды кластерлі дамыту, ал ол өз кезегінде отандық өнiмнiң ұлттық бәсекелестiк артықшылықтарын дамыту болып табылады.[1]

Қойған мақсатқа қол жеткiзу үшiн 2005 жылы "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Заңда агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтардың басым дамуының құқықтық негiздерi қаланып, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, аграрлық нарықтың тұрақтылығын қамтамасыз етуге және ауыл халқының өмiр сүруiнiң стандартты сапасын арттыруға бағытталған негiзгi ережелер, мемлекеттiк реттеудiң қағидаттары мен тетiктерi белгiлендi.

Қабылданған Агроөнеркәсiптiк кешен орнықты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы, Іс-шаралар жоспары және 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi бағдарлама шеңберiнде оны iске асыру жөнiнде мынадай негiзгi мiндеттердi шешу көзделген:
- агроөнеркәсiптiк кешенiн индустрияландыру;

- агроөнеркәсiптiк кешеннiң инфрақұрылымын дамыту;

- агроөнеркәсiптiк кешеннiң ұлттық бәсекелi басымдықтарын дамыту;

- агроөнеркәсiптiк кешен өнiмдерiнiң нарығын мемлекеттiк реттеу және елiмiздiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

Аталған мәселелер қазіргі зерттеулер айқындап отырғандай 100 пайызға шешілмегенімен, үлкен істер атқарылғандығы анық

 Индустрияландыру АӨК салаларын техникалық және технологиялық жаңарту; егiс алқаптарының құрамында рентабелдiлiгi жоғары дақылдардың үлесiн арттыру, мал шаруашылығын өнеркәсiптiк негiзге көшiру, инновациялық әзiрлемелердiң ғылыми қамтамасыз етiлуiн күшейту және нығайту, нақты сектордың қажеттiлiктерiне сәйкес кадрлармен қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыру арқылы қамтамасыз етiліп отыр.
      Орта мерзiмдi перспективада азық-түлiк тауарларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жүйенi жасау, өнiмнiң сапасын бақылау және қауiпсiздiк тәуекелiн бағалау жүйесiн жаңарту, қаржы және сақтандыру инфрақұрылымын дамыту, агроөнеркәсiптiк кешендi ақпараттық-маркетингiлiк және консультациялық қамтамасыз етудi жақсарту жүйесiн жасау іске асырылып отыр.

      Алдағы үш жылда тауарлардың өндiрушiден тұтынушыға жылжуының арнайы жабдықталған даярлау-сатып алу кооперативтерiнiң тармақталған желiсiн жасау арқылы айқын жүйесi құрылатын болады.
      Агроөнеркәсiптiк кешеннiң өнiмдiлiгiн және өнiмнiң сапасын арттыру, технологияны жетiлдiру және жабдықтарды жаңарту орта мерзiмдi кезеңде кластерлiк өзара қатынастардың дамуымен қамтамасыз етiлетiн болады.
      Агроөнеркәсiптiк кешеннiң өнiмдерiн өндiрудi және өткiзу нарықтарын дамытудың теңгерiмдiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2007 - 2009 жылдары мыналар көзделiп отыр:

- сатып алу және баға интервенциясын жүргiзу;

- ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң дамыған көлiк-логистикалық инфрақұрылымдары бар коммуналдық көтерме базарларын құру;

- биржалық сауданы дамыту.

Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекелестiк  артықшылықтарын
дамыту,       Республиканың аграрлық секторы бәсекелестiк күресте табысты пайдаланылуы мүмкiн бiрқатар артықшылықтарға ие болып отыр.

Пайдалы жерлердiң орасан зор ауданының, бiлiктiлiгi жоғары кадрлардың болуы, өнiмнiң экологиялық тазалығы, шикiзат өндiрiсi орындарында қайта өңдеу қуаттарын шоғырландыру өндiрiс көлемiн арттыруға және салыстырмалы түрдегi өзiндiк құны төмен өнiм алу үшiн экстенсивтi факторларды және климаттық жағдайларды барынша молынан пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Осы артықшылықтарды iске асыру үшiн шикiзатты сапалы қайта өңдеу жүйесiн тәртiпке келтiру, елдiң iшiнде тәрiздi транзиттiк мемлекеттердiң аумақтары бойынша өнiмдi тасымалдау үшiн жеңiлдiк жағдайларын туғызу, импортқа алушы елдерде жарнамалауды ұйымдастыру, тарифтiк реттеу мен отандық өнiмнiң экспортын субсидиялау болжамдалып отыр.
      Агроөнеркәсiптiк кешеннiң бәсекелестiк артықшылықтарының одан әрi дамуы үшiн мыналар қажет:

- АӨК мемлекеттiк қолдауын арттырудың бар резервтерiн қажеттi тауар-материалдық ресурстарды арзандату бағдарламаларына жiберу, агробизнестiң ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту;
      - материалдық-техникалық жарақтандыруды арттыру мақсатында агроөнеркәсiптiк кешеннiң субъектiлерiн кредиттеу кезiнде пайыздық ставкаларды субсидиялау;

- Қазақстанның азық-түлiктiң әлемдiк нарықтарына отандық өнiмдi маңызды жеткiзушi ретiндегi ұстанымдылығын тiкелей қолдау шараларын бағыттау;

- агроөнеркәсiптiк кешен саласында техникалық реттеу саласында халықаралық талаптарға, оның iшiнде ТБТ және СФС шаралары бойынша Келiсiмдерге сәйкес нормативтiк-құқықтық базаны әзiрлеу және құру;

- агроөнеркәсiптiк кешеннiң өнiмiне халықаралық стандарттардың талаптарына сай жаңаларын әзiрлеу және қолданыстағы стандарттарды үйлестiру;

- агроөнеркәсiптiк кешен кәсiпорындарының ИСО және ХАССП талаптарына сәйкес сапаның халықаралық стандарттарына жедел өтуi бойынша шараларды әзiрлеу және iске асыру;

- ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ұқсату және тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарында ИСО және ХАССП халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн енгiзу;

- халықаралық нормаларға сәйкес және ХЛП мен ХАССП қағидаттарын ескере отырып, АӨК-нiң қайта өңдеу салаларына өнiмдер мен мал шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеу қауiпсiздiгiн бақылаудың технологиялық тiзбегiн енгiзу;

- ТМД-ның қолданыстағы мемлекетаралық стандарттарын (мемлекеттiк стандарттарды) және халықаралық баламалармен бiрге сынақтардың әдiстерiн көкейкестi ету және үйлестiру жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау;

- агроөнеркәсiптiк кешеннiң кәсiпорындарына техникалық регламенттер мен стандарттарды, сапаның осы заманғы жүйелерiн енгiзу жөнiндегi ұсынымдарды және нұсқаулықтарды әзiрлеудi қаржыландыру;

- ауыл шаруашылығы шикiзаты мен өнiмдердi экспорттаушы кәсiпорындардың салалық бiрлестiктерiн (қауымдастықтарын) құруға және оның терең қайта өңдеуге жәрдемдесу;

Мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

-           ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру;

-           iшкi және сыртқы нарықтарда әлеуеттi сұраныстың қажеттiлiктерi мен перспективаларын есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы өндiрiсi үшiн ауыл шаруашылық техникасы мен жабдығы өндiрiсi дамуының перспективалық бағыттарын айқындау;

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Алшанов Р., Әшімбаева Ә. Жаһандық экономика және Қазақстан // Егемен Қазақстан, 2007 жыл 3 наурыз

2. Айдаров  Л. Жаңа технология – жоғары сапалы өнім кепілі // Ақжол, 2007, 3 мамыр

3. Балтабаев  А. Аймақ экономикасын алға жетелейтін іргелі істер //Ақжол, 2007, 15 наурыз 

4. Балғарина Б. Кәсіпкерліктегі табыс кепілі – ынтымақтастық //Егемен Қазақстан     2008,  №44  (25016), 19 ақпан

5. Дауранов И. Государственная поддержке малого и среднего бизнеса в современных условиях //Вестник предпринимателя,  2009, № 2-3, 20с.

6. Иембердиев  Қ. Қазақстанның жарып шығатын жобалары // Ақжол, 2007, 15 желтоқсан