Ш.Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Маңғыстау облысындағы жергілікті өзін-өзі
басқарудың қаржылық және экономикалық
негізін бағалау
ХХ ғасырдың елуінші жылдары
Маңғыстау жерінен уранның, сирек кездесетін
металдардың, мұнай мен газдың мол қорының табылуы
өңірдің экономикалық тұрғыда қайта
жаңғыруына әкелді. Облыс Қазақстанның
алдыңғы лектегі гүлденген, қарқынды дамып келе
жатқан өңірі.
Облыстың құрылған
уақыты-1973 жылдың 20 наурызы. Әкімшілік орталығы –
Ақтау қаласы. Жер аумағы бойынша республикада 7-ші орында,
165,7 мың км 2
. Облыс құрамында 3 қала: Ақтау, Жаңаөзен, Форт Шевченко және 5 аудан: Бейнеу,
Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы,
Түпқараған бар.
Маңғыстау облысы
өзін-өзі энергиялық қуатпен толық қамтып
отырған бірден-бір облыс. МАЭК – Маңғыстау атом
энергетикалық комбинаты энергия өндірумен қатар теңіз
суын тұшыту арқылы өңірдің ауыз су, ыстық
және
техникалық суға қажеттілігін толық қамтамасыз етіп
келеді.
Өңір экономикасының негізі
мұнай-газ өндіру секторы болып табылады. Өңдеу
өнеркәсібі де жылдан жылға қарқын алып
келеді.Облыста күні бүгін 560 өнеркәсіп кәсіпорны
болса, оның жетпісі ірі және орта кәсіпорындар, негізгі ірі
кәсіпорындар: Қазақстандағы жетекші мұнай
өндіруші компания – «Маңғыстаумұнай-газ» АҚ,
«Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай»,
«МАЭК-КазАтомПром», т.б. Облыс өндірілетін өнеркәсіп өнімі
бойынша республикада үшінші орын алады.
Өнеркәсіптің
дамуы 1965 жылы Өзен мұнай-газ кенорнын игеруден басталды. Осы жылы
Өзен мұнайы алғаш рет Атырау мұнай өндеу заводына
жіберілді. Бұдан кейінгі кезеңде облыста Теңге және
Бектұрлы, Оңтүстік Жетібай газ конденсаты, Қарамандыбас,
Жетібай, Асар, Қаражанбас, Қаламқас, Оймаша, Бұрмаша,
Алатөбе, Солтүстік Карақия, Атамбай, Айрантақыр,
Ащыағар мұнай кенорындары игерілді. 1973 жыл Қазақ газ
өңдеу заводы салынып, Ақтау айлағының мұнай
тасымалдауды жүзеге асыратын терминалы іске қосылды, Отыз сегіз
әр түрлі басқармалары, заводтары, кәсіпшіліктері бар «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігі құрылды.
Облыстың жер
қойнауы кенге бай. Мұнай мен газдың 59 кен орны (Өзен,
Жетібай, Қаламқас, Қаражамбас, Солт. Бозашы, Теңге,
Тасболат, т.б.) бар. Облыс аумағында фосфориттің, темір рудасының, марганец
пен мыстың, минералдың тұздардың көздері мен
кеніштері, қоңыр
көмір, әктас, ұлутас, магний, мергель, т.б. барланған.
Халықаралық Ақтау аэропорты
жұмыс жасайды. Ұлутас өндіру жақсы жолға
қойылған, өңірде қарқынды жүргізіліп
келе жатқан құрылыс жұмыстарының
қажеттілігі толық қамтамасыз етілуде.
Облыс аумағында
Бейнеу–Ақтау, Ақтау–Ералиев, Ақтау–Жаңаөзен теміржолдары,
соңғы жылдары пайдалануға берілген Бейнеу –
Жезқазған, Түрікменстан шекарасына дейінгі теміржолдар өңір экономикасын өркендетуге
үлкен үлес болып отыр. Облыстық мәслихат
депутаттарының бастамасымен ішкі Бейнеу – Ақтау поезы
жүргізіліп,
тұрғындарға қолайлы жағдай жасалды.
Барлық аудан орталықтары мен елді мекендер арасында автомобиль
жолдары бар. Ақтау–Жаңаөзен, Жаңаөзен–Атырау–Самара мұнай құбырлары бар. Барлық елді мекендерге
су құбырлары тартылған. Облыста 4 теңіз айлағы
(Ақтау, Форт Шевченко, Баутин және Құрық)
жұмыс істейді. Барлық әлеуметтік сала бойынша
жылдан-жылға жаңа ғимараттар салынып, жаңарып,
жаңғырып, заманауи жабдықтармен толықтырылып келеді.
Облыстық экономикалық
әлеуетін арттыруға, әлеуметтік салалардың
жұмыстарын жетілдіре түсуге облыстық мәслихат
депутаттары белсене араласып келеді.
Маңғыстау
облысы өзінің экономикалық дамуы жөнінен республикада
алдыңғы қатарлардың бірінде.
Ақтау қаласының әлеуеті. Ақтауда
облыстың басты кәсіпорындары шоғырланған. Химия
өндірісі дамыған, газ өңдеу, пластмасса зауыттары,
металлургия комбинаттары бар. Олардың негізгі өнімдері:
минералдық тыңайтқыштар, күкірт қышқылы,
жасанды аммиак, полистирол болып табылады. Тамақ, жеңіл
өнеркәсіп, тұрмыстық қызмет кәсіпорындары
жұмыс істейді. Қаланың құрылыс ұйымдары
Ақтау өңіріндегі қиыршық құм
қоспалары, құрылыс құмы, ұлутас пен
керамзит шикізаты кен орындарын пайдаланады. 1972 жылы дүние
жүзінде тұңғыш рет нейтрондарға негізделген
БН-350 реакторы бар энергия комбинаты іске қосылды. Соның
нәтижесінде қала мұнай өнімдерімен бірге, атом
энергиясын да пайдаланады. Атом электр станциясының қуатымен
теңіз суын тұшытатын қондырғы жұмыс істейді.
Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық
дамуы. Қазақстан Үкіметінің 2011 жылғы 11
қарашадағы №1321 «Маңғыстау облысының
Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық
дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары»,2012 жылғы 24
мамырдағы № 683 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020
жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы, «Жаңаөзен
қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған
бағдарламасын» іске асыру арқылы жүргізілуде.
Қаладағы өнеркәсіп
өндірісінің негізгі көлемін, мұнай және газ
өндірудің өсімі мен тұрақтылығын
қамтамасыз етуші екі ірі кәсіпорын – «Өзенмұнайгаз»
АҚ мен «ҚазГӨЗ» ЖШС.
«Өзенмұнайгаз» Өндірістік филиалы
2012 жылы Акционерлік қоғам мәртебесін алды. Бұл
өндірісті тиімді ұйымдастыруға жол ашумен бірге,
мекеменің жауапкершілік жүгін де күшейтті. Қала
тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында
«Бұрғылау жұмыстары басқармасы» ашылып, оның
өндірістік базасы салынды, өндірістік жағдайды жақсарту
үшін 499 арнайы техника сатып алынды.
Жаңаөзен қаласының
әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2020 жылдарға арналған
кешенді жоспарына сай іс-шараларды
жүзеге асыруға 49 млрд.теңгеге жуық қаражат
қарастырылған. Кешенді жоспар шеңберінде 28
инвестициялық жоба іске асырылуда: Теңге мен Қызылсай елді
мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар мен мәдениет үйлері,
Қызылсай селосында 4 пәтерлік муниципалдық коммуналдық
2 тұрғын үй, «ҚазМұнайГаз» АҚ есебінен 200
пәтерлік және 200 пәтерлік коммуналдық
тұрғын үй тұрғындар игілігіне пайдалануға
берілді. Ал екінші бағдарлама бойынша 2012 жылы республикалық
бюджеттен – 477,0 млн. теңге қаражат бөлініп,
қаланың шағынаудандарында жол төсеу, абаттандыру,
кәріз жүйелерін жаңғырту, т.б. көптеген
әлеуметтік маңызды жұмыстар жүзеге асты.
Бейнеу
ауданының экономикалық жетістіктері. Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылды. Аудан орталығы
– Бейнеу селосы, облыс орталығы Ақтау қаласынан
қашықтығы - 503 км. Облыс орталығымен және
облыстың басқа да аудандарымен теміржол және автомобиль
қатынастары бар. Аудан құрамында 11 село кіретін 9
селолық округ және 2 село бар.
Кезінде Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің
№124 қаулысына сай (1989 жылғы 10 сәуір) Бейнеу ауданы
республикадағы әлеуметтік дамуы артта қалған,өз
табысы қажетінің үштен біріне ғана жететін 30
ауданның санатына енгізілген болатын. Аудан соңғы 22 жыл
ішінде өз табысы өз қажетін өтей алатын, экономикасы
дамыған, әлеуметтік саласы оңалған аудандар
қатарына қосылды, 2000 жылы «Донор» аудандар қатарына енді.
2013 жылы аудан бюджеті 1991 жылмен салыстырғанда 400 есе
көбейіп,6,3 млрд. теңгеге жетті.
Мұнайлы –
облыстың ең жас ауданы. Мұнайлы облыс әкімдігінің
05.10.2007 жылы №327-2 қаулысына, облыстық мәслихаттың
08.10.2007 ж. №2/17 шешіміне сай дербес шаңырақ көтерген
аудан. Аудан аумағында Маңғыстау, Атамекен,
Басқұдық және Дәулет селосы бар, жаңа
типтегі Батыр селосы қанат жайып келеді. Елді мекендер толық
газбен, электрмен және көше жарығымен қамтамасыз
етілген.
Аудан бюджеті 2013
жылы 8 259 млн. теңгені құрады. Ашылған жылы 1
950 млн теңгені құраған өнеркәсіп
өнімдерінің өндіріс көлемі қазіргі
күні 27 411,3 млн.
теңгеге жетіп отыр. Негізгі капиталға салынған
инвестициялар да жылдан жылға артып келеді. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында
жалпы көлемі 158 мың кв.м.тұрғын үйлер іске
қосылды, оның 139,9 мың ш.м. тұрғындардың
қаржысы есебінен.
Шағын кәсіпкерлік субъектісінің саны
4064-ке жетіп отыр, мұнда жұмыспен
қамтылғандардың саны 4851 адам. Жергілікті бюджетке
шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен
салықтардың көлемі 8153,2 мың теңгені
құрады.Халықтың экономикалық белсенді топқа
шаққандағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі
0,4%-ға кеміді.
Түпқараған ауданы –
дамудың даңғыл жолына түсті. Каспий теңізі қайраңынан табылған
мұнайды игеруге байланысты Форт Шевченко қаласы соңғы
15 жыл ішінде жаңа бағытта күрт дами бастады. 2013 жылы Форт
Шевченко республикалық моноқалалардың қатарына еніп,
сәуір айында Түпқараған ауданы әкімінің
қаулысымен Форт Шевченко қаласының әкімдігі
құрылды. Ауданға қарасты 6 әкімшілік бірлік бар.
Маңғыстау
ауданының экономикалық көрсеткіштері. Орталығы –Шетпе
аулы. Ауданның
әкімшілік-аумақтық құрамында 12 ауылдық
округ, 22 ауыл бар. Жер қойнауы кенге бай. Оның аумағынан
мұнай мен газ (Қаламқас, Тасорпа, т.б.) қоңыр
көмір, марганец, мыс, темір, целестин, барит, фосфор, әктас,
керамзит-кірпіш шикізаты, ұлутас, қиыршықтас, саз, бор т.б.
кен орындары барланған. Аудан аумағында 50-ден астам
құдық пен бұлақ бар. Жерасты су қоры мол.
(Түйесу, Ұланақ, т.б.). Халық сирек
қоныстанған. Ірі елді мекендері: Шетпе,
Тұщықұдық, Өтес, Жыңғылды. Жер
аумағының 79,0% жайылым. 1997 жылға дейін қаракөл
қойын өсіретін 7 кеңшар болды. Олардың негізінде 118
шаруа қожалығы құрылды. Қазір 8 өндірістік
кооператив, 301 шаруа қожалығы жұмыс жасайды. 28
кәсіпкер пішен дайындайды. Соңғы екі жылда
«Көгез-Шетпе» су құбыры, Шетпе селоішілік су
құрылысы жүргізілді. Ауданның Онды,
Ұштаған, Жарма, Сазды елді мекендеріне су құбырларын
тарту жұмыстары аяқталды. Бұл бағытта жұмыстар
жалғасуда. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында
2013 жылы 40 пәтерлі 10 тұрғын үй салынып,
пайдалануға берілді. Үдемелі индустриалды-инновациалық даму
мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шетпе аулында цемент заводы
пайдалануға берілді.
Аудан арқылы Ақтау – Мақат
теміржолы, Ақтау – Атырау – Жетібай – Шетпе автомобиль жолдары өтеді.
2013 жылға нақтылынған кіріс бөлігінің
жоспары 5125491,1 мың теңге, 01.04.2013 ж. есептік кезеңге
1159997,6 мың теңге жоспарланып, орындалысы 152,5 пайызды
құрады. Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы
трансферттер бойынша 2013 жылға қаралған 475501,4 мың
теңгенің 01.04.2013ж. 89842,0 мың теңге жоспарланып,
66,1 пайыз орындалды.
Қарақия
ауданы. Орталығы
– Құрық аулы, бұрынғы Ералиев поселкесі. Аудан
құрамына Жетібай, Мұнайшы аулы және
Құрық, Сенек, Бостан, Құланды, Болашақ
селолық округтері кіреді. Болашақ ауылдық округі 2013
жылдың 1 ақпанында құрылған. Осы жылдың 11
мамырында ауыл үстімен өтетін
Қазақстан–Түркменстан теміржолы ашылды.
Аудан көлемінде
«ТасболатОйл корпорейшн» ЖШС, «ЕР САЙ» ЖШС, «УпетромПосерко» ЖШС,«Хазармұнай» ЖШС,
«КаспийОйлГаз» ЖШС, «ММГ» АҚ-на сервистік қызмет көрсетуші
«АктауНефтиСервис» ЖШС, т.б. компаниялар жұмыс жасап, ауданның
экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.
Экономиканың әртүрлі саласы бойынша
ауданның даму болашағы зор.
Республикалық бюджеттен түсетін ағымдағы нысаналы
трансферттердің жылдық жоспары 478501 мың теңге, есепті
кезеңге жоспары 164681 мың теңге, игерілімі 88,2 пайыз.
Республикалық бюджеттік кредиттер сомасы 91 674 мың теңге
(«Дипломмен ауылға»), есепті кезеңге жоспары 13890 мың
теңге, 100 пайыз игерілді.
Пайдаланылған
әдебиет:
1. Е.Г.Анимица, А.Т.Тертышный. Основы месного самоуправления,
Москва ИНФРА-М, 2000.
2. Н.В. Сафонова, Л.Г. Фунтова. Қазақстандағы жергілікті
өзін-өзі басқару: жағдайы, мәселелері, шешу
жолдары: құрал, 2012. – 66б.