Ш.Есенов атындағы Каспий
мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
Аймақтағы жергілікті өзін-өзі басқару моделін
қарау
«Қазақстан – 2030» стратегиясында айқындалған
мемлекеттік қызметті дамытудың басымдықтары: «кадрларды
жалдау, даярлау және жоғарылату жүйесін жақсарту»;
«мемлекеттік қызмет – ұлтқа қызмет ету»; «мемлекеттік
қызметтің жоғары абыройын қалыптастыру және
қолдау» осы тұжырымдамамен Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастыру
негізіне алынған.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
бірінші кезекте «мемлекеттік қызмет» ұғымын
жаңғыртуды көздейді. Мемлекеттік қызмет
«ұлтқа (қоғамға) қызмет ету»
ұғымының синонимі болуға және мемлекеттік
қызметтерді тұтынушы болып табылатын халыққа бағытталуға
тиіс.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
оны кәсібилендірудің басты факторы болып табылатын адами фактордың
маңыздылығын тануға және тиімді кадр жұмысын
жүргізуге бағдарланған.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
тиімді кадр тетіктерін — мемлекеттік қызметке кірудің тиімді
әрі айқын тәртібін, үздіксіз кәсіби даму
мүмкіндігін, жұмыс нәтижелері мен ынталандыру
жүйесінің өзара байланысын қалыптастыруға
бағытталған.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде
мемлекеттік саясаттың тиімді іске асырылуын кәсіби
тұрғыдан қамтамасыз ететін жоғары мемлекеттік
әкімшілік қызметшілер корпусы қалыптастырылып, мемлекеттік
қызметке кіру және оны атқару тетіктері түбегейлі
жетілдірілетін болады.
Осылайша, «Қазақстан – 2030»
Стратегиясының ережелері негізге алына отырып:
1) мемлекеттік қызмет жүйесіндегі тиімді
кадр саясаты және адами капиталды басқару жүйесі;
2) мемлекеттік қызметтер көрсетудің
жоғары сапасы және мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігі;
3) мемлекеттік қызметшілердің оң
имиджі және мінез-құлық этикасы мемлекеттік
қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың үш
тұғырлы мақсаты болып табылады.
Үш тұғырлы мақсатқа сәйкес:
1) мемлекеттік қызмет жүйесінде жаңа
кадр тетіктерін қалыптастыру және қолданыстағыларын
жетілдіру;
2) мемлекеттік қызметшілердің
жұмысын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен
қолжетімділігін арттыру және мемлекеттік қызметшілердің
жұмысын мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде
халыққа бағдарлау;
3) мемлекеттік қызметтің жоғары
мәртебесі мен беделін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілер
мінез-құлқының этикалық нормаларын
қалыптастыру мемлекеттік қызметтің жаңа моделін
қалыптастырудың міндеттері болып айқындалады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі
бақылау нәтижелеріне сәйкес, 7 аудан және қала
әкімдіктері (49) және 13 облыстық басқармалар (33)
барлығы 72 қызмет түрі бойынша 663 416 мемлекеттік
қызмет көрсетті, оның 25 469
ХҚО арқылы.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау облысы әкімі
аппаратының басшысы бекіткен мемлекеттік қызмет көрсетуді
бағалау нәтижелерін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес,
аудан және қала әкімдіктерінде қызметтерді
көрсету барысында ХҚО, электрондық үкімет порталы
арқылы өтініштерді қабылдап, тіркеуде мерзім
бұзушылықты болдырмау жөнінде кеңестер, түсіндіру
жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету
мәселелері бірнеше рет облыс әкімдігінде аудан және
қала, село әкімдерімен өткізілген кеңестерде де
талқыланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру
мақсатында аталған бағыт бойынша жұмыс
жалғастырылуда.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделінде
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мемлекеттік қызметшілер
жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады, басқаша
айтқанда, мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтерді
тұтынушы ретінде халыққа бағдарланатын болады.

Сурет 1. 2013 жылы жергілікті атқарушы органдар көрсеткен
мемлекеттік қызметтер саны
Қала және аудан әкімдіктерімен
көрсеткен қызметтер саны – 378 541.
Мемлекеттік жоспарлау мен бюджеттеуге қатысты
жаңа тәсілдерге сәйкес мемлекеттік органдардың
қызметі мемлекеттік органдардың функциялары мен
өкілеттіліктерінен туындайтын мемлекеттік қызметтер көрсетуге
бағдарлануға тиіс.
Мемлекеттік органдар қызметінің
тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдарда еңбекті
ұйымдастыру мен менеджменттің, транспаренттік және
нақты лауазымды адамдардың жауапкершілігі қағидаттарына
негізделген шешімдерді қабылдау үдерістері мен
рәсімдерінің сапасын арттыруға бағытталған
нормативтік құқықтық, әдістемелік
және ұйымдастырушылық шаралар айқындалатын болады.

Сурет 2. 2013 жылы ХҚКО
арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны
Қала және аудан әкімдіктері
ХҚО арқылы көрсеткен қызметтер саны – 25 247.
Осыған байланысты, ақпараттық
технологияларды қолдану қажеттігі арта түседі, бұл
халыққа және бизнеске қызметтер көрсету кезінде
мемлекеттік органның функцияларын оңтайландыру мен
автоматтандыруға, әкімшілік кедергілерді және халық пен
бизнестің мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайтуға
бағытталған.
«Электрондық үкімет» порталында
көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету
санының ұлғаюы да мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасын арттырудың басты құралдарының бірі болып
табылады, осыған орай мемлекеттік органдардың әлеуметтік
маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуі электрондық
форматқа ауыстырылатын болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген
стандарттары мен регламенттерінің сақталуына бақылау орнату
тиімді шара болуға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің
«Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы
органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау
жүйесі туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік
қызметтер көрсетуді бағалау өкілеттіктері берілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын
арттыру және оларды көрсету үдерісін басқару үшін
тиімді сыртқы бақылауды енгізу қажет, ол
заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді және
уәкілетті мемлекеттік органды айқындауды талап етеді.
Заңнамада мемлекеттік қызметтерді сапасыз
көрсеткені, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету
стандарттары мен регламенттерін бұзғаны үшін адамдардың
жауапкершілігін қарастыру керек.
Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік
қызметтер сапасын бағалау үшін халықпен кері байланыс
тұрақты негізде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді
тікелей алу кезінде сауалнамалық сауалдарды және жеке және
заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету
сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану дәрежесін
айқындауға бағытталған әлеуметтік сауалдарды
өткізу жолымен орнатылатын болады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың
моделін әзірлеуде, бір жағынан бірегей саясатты жүргізудегі
мемлекеттің тұтастығы, екінші жағынан жергілікті
бюджеттердің дербестілігінің қолайлы деңгейі
қамтамасыз етілуі қажет.
Мемлекеттік қызметті сапалы кадрлық
жаңарту мен кәсібилендіруді жүйелі түрде
қамтамасыз ету үшін оның ұйымдастырушылық
құрылымы және нормативтік құқықтық
базасы жаңғыртылатын болады.
Жаңа модельді қалыптастырудың
нәтижесі нақты нәтижеге және мемлекеттік
қызметтерді сапалы түрде көрсетуге бағдарланған,
сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамудың
өзекті қажеттіктеріне сай келетін кәсіби мемлекеттік
қызмет болмақ.
Пайдаланылған
әдебиет:
1. Е.Г.Анимица, А.Т.Тертышный. Основы месного самоуправления,
Москва ИНФРА-М, 2000.
2. Н.В. Сафонова, Л.Г. Фунтова. Қазақстандағы жергілікті
өзін-өзі басқару: жағдайы, мәселелері, шешу
жолдары: құрал, 2012. – 66б.