Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекелестік қабілеттілігінің ерекшеліктері

 

Мырзабаева Ж – Қаз ТБУ-ң магистранті

 

Бүгінгі таңда әрбір тауар өндіруші өзінің шығаратын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Өйткені бәсекеге ортаның дамуы шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Ғылыми әдебиеттерде және үйреншікті қарым-қатынаста мұндай қақтығысу бәсекелестік деген атқа ие болды.

Қазақстан Республикасы «Бәсекелестік туралы» Заңында: «бәсекелестік – дербес жасаған іс - әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін нарық субъектілерінің жарыспалылығы» деп көрсетілген [1.,598б].

Ең алдымен, обьекттің және субъекттің бәсекеге қабілеттілігі ұғымын айыра білу қажет. Обьекттің бәсекеге қабілеттілігі (өнім мен қызмет) ұйымдасты-рушылық, басқарушылық, өндіру функцияларын орындау арқылы жүзеге асатын нақты шаруашылықтың экономикалық субъектісінің қызметі үрдісінде қалыптасады. Шаруашылықтың экономикалық субъектісінің бәсекелесу, бәсеке күресінде жеңіске жету, оның бәсекелесу ерекшелігінде көрінетін, субъектіге өз тұтынушыларын сақтауға, жаңа тұтынушыларды тартуға және өтімнің жаңа нарығын жаулап алуға мүмкіндік туғызуы – «субъекттің (фирманың) бәсекеге қабілеттілігін» сипаттайды [6.143б]. Бәсекеге қабілеттілік экономикалық категория ретінде нарықтың әр түрлі деңгейінде және сегментінде бәсеке әрекетінің көптеген факторларын пайдаланудың функционалды нәтижесін білдіреді. «Бәсекеге қабілеттілік» термині көптеген отандық және шет ел зерттеушілерінің еңбектерінде қарастырылған.  Өз атауы көрсетіп тұрғандай, бәсекеге қабілеттілік – бұл, ең бірінші бәсекелесу немесе бақталасу қабілеті.

Бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына күш біріктіру мен шектеулі секторлар қатары, аймақтық мамандандыруда кластерлі тәсілді қолдану және нәтижелі саланы реттеуге тоғыстырылған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты диверсификацияны ынталандыру және өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер белгіленген:

1) өңдеуші өнеркәсіптің озық дамуы;

2) нәтиженің жоғарылығы және басымдық секторына қосылған құнның көтерілуі;

3) шикізаттық емес экспорттың жоғарылауы;

4) өніммен қамтылуды сақтау;

5) өңдеуші өнеркәсіптің технологиялық басымдық секторына жаңа деңгей берілу және алдағы жасалатын инновациялық кластерлердің қалыптасу негізі мен дамуы;

6) өңдеуші өнеркәсіптегі шағын және орта бизнесті дамыту және кәсіпкерлікті қолдау.

Бағдарламаның іске асуы 2019 жылы 2012 жылғы экономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетуге мүмкіндік береді:

-          өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемінің нақты 43% ға өсуі.

-          өңдеуші өнеркәсіпте тұтас қосылған құнның өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;

-          өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуі нақты көрінісінен 1,4 еседен кем емес;

-           шикізаттық емес (өңдеуші) экспорттың көлемдік өсуі 1,1  есе; 

-          өңдеуші өнеркәсіп энергиясының жұмсалуының төмендеуі 15 % дан кем емес;

-      өңдеуші өнеркәсіпті жұмыспен қамтудың өсуі 29,2 мың адам.

Талдау қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптің металлургия, химия, мұнай-химия, машина жасау, материалдар құрылысы, тамақ өнеркәсібі секілді 14 сектордан тұратын 6 басымдығы таңдалынды:

1) қара металлургия;

2) түрлі түсті металлургия;

3) мұнай өңдеу;

4) мұнай-газ химия;

5) азық түлік өнімдерінің өндірісі;

6) агрохимия;

7) өнеркәсіптік химиялық заттар өндірісі;

8) қозғалтқыш және жабдықтар бөлшектерінен тұратын автокөліктік құралдар өндірісі;

9)  электрлі машиналар және электр жабдықтарының өндірісі;

10)ауылшаруашылық техникаларының өндірісі;

11)теміржол техникаларының өндірісі;

12) кен өнеркәсібі жабдықтары жән машиналарының өндірісі;

13) мұнай өңдеу және мұнай шығарушы өнеркәсібіне арналған машиналар өндірісі;

14)құрылыс заттарының өндірісі.

Инновациялық секторлар концептуалды және бағдарламалық құжаттарда, Мемлекет басшысының жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде, 2014 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі көп жағдайда кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, оның қаржылық-экономикалық күйі мен атағын анықтайды. Бірақ, бұл мына жағдайда ғана мүмкін, егер өткізілген өнімнің құрылымында бәсекеге қабілетті өнімнің еншісіне түскен түсімнің көп бөлігі және кірістің едәуір бөлігі келсе.

Өнімнің, өнім өндірушінің бәсекеге қабілеттілігін және салалық бәсекеге қабілеттілікті біріктіретін, әлемдік нарықта мемлекеттің жағдайын сипаттайтын синтетикалық көрсеткіш болып мемлекеттің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші табылады.

Жалпы түрде, мемлекеттік бәсекеге қабілеттілікті еркін бәсеке жағдайында мемлекеттің әлемдік нарықтың талаптарын қанағаттандыратын өнім мен қызмет өндіру қабілеттілігі ретінде  анықтауға болады.

Қазіргі әлемдік ауқымдағы бәсеке өсіп отырған экономикалық жағдайда мемлекеттің рөлі маңызды бола түсуде. Бәсекелестік күрестің негізі білімді қалыптастыру мен меңгеруге қарай ығысқан сайын мемлекеттің рөлі өсе түседі. Бәсекелестік артықшылық күшті жасақталған үдерістер арқылы қалыптасады және қолдау табады.

 

Әдебиет

1.     Бағдарлама 2010 -2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы