МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Жолдыбаева А.К., Ткач
Е.В.
М.Х.Дулати атындағы
Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз қ.
Қазақстан егемендік алған жылдардан бастап
экономиканың аграрлық саласында нарық қатынастарының
талабына сэйкес жекешелендіру кезеңдерін өткізіп,
бүрынғы мемлекеттік меншікке бэсекелес жеке меншікті ауыл
шаруашылығы саласына кеңінен енгізді. Бұрынғы
кеңшарлардың орнына шаруа қожалықтары жаппай
қүрылып, өндірістік кооператив, жауапкепшілігі шектеулі
серіктестіктер, акционерлік қоғамдар кұрылды. Ең
бастысы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуші халық
мемлекетке тэуелділік психологиясынан арылып, дербес іс-қимыл
жасауға уйренді.
Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан Халқына арнаған «Жаңа онжылдық –
жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында келесі сөздер бар:
«...
Әртараптандырудың басқа бір маңызды сегменті
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады...»[1]. Бұл,
ауылшаруашылық саласының ел экономикасындағы маңызды
да, күрделі саласы екендігін көрсетуде.
«Қазакстан - аса ірі аграрлы ел. Жеріміз кең байтак.
Жайылымдарымыз жетерлік. Қазакстан тек астык рыногында элемде жетекші
орынға қол жеткізуге кабылетті» [2].
Қазакстанның аграрлық
саясатын қалыптастырудагы
ғылыми пікірлер өндірісті
шоғырландыру,
агротехнологияға өзгерістер
енгізу, агробанк кұру т.б. мәселелердің
төңірегінде. Бірак, экономиканың аграрлык саласын аукымды
мемлекеттік реттеу жөніндегі пікірлер жоқтың қасы.
Дегенмен,, осы салада жаңа аграрлык саясат
жарияланып, мемлекеттік реттеу
жүмыстары жүйелі жүргізілмесе - экономикадағы
дағдарысқа қарсы шаралар күткен нәтижені бермеуі
мүмкін..
Сондыктан көп жылдар бойы калыптасып келе жаткан әлемдегі азык-гүлік тапшылыгы мен
әлемдік экономикалык дағдарысты және келешектегі дағдарыстан кейінгі
дамуды (посткризис) ескере отырып, Үкімет өзінің жаңа
аграрлық саясатын қалыптастыруы керек және ол осы саланы басқарудың
жаңа үлгісі болмақ.
АӨК басты
бағытының бірі – ауыл шаруашылық салаларында
өңдеу өнеркәсібінің дамуында маңызды орын
алатын, ауыл шаруашылығы өнімдері болып табылады. Көптеген
жылдар бойы өнім өндірісінде тиімді менеджмент тетіктерін жете
пайдаланбағандықтан аграрлық салада терең
дағдарыс қалыптасқан еді. Одан шығудың бірден –
бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде
экономикалық реформа жүргізу еді.
Елімізде қазір
жүргізіліп отырған экономикалық саясаттың негізгі
мәні – шаруашылық субъектілерінің мемлекетпен қарым –
қатынасын түбегейлі өзгерту, кәсіпорындарды
бұрынан келе жатқан мемлекеттік басқару орындарына тікелей
бағыну тәртібінен құтқару, баяғыдай
масылдық және бәйек болудың тәжірибесінен
үзілді кесілді бас тарту, олардың, тікелей айтқанда нысаналы
инфрақұрылымды қалыптастыру жұмыстарын жұмыстарын
жүргізу.
Қазіргі уақытта
республиканың ауыл шаруашылығында оң тенденциялар
байқалуда. Біріншіден, экономиканың көп түрлілігі
тұрақты сипат алды. Барлық аймақтарда шаруа
қожалықтары мен кооперативтік түрдегі кәсіпорындар,
өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар арасында
оңтайлы арақатынас қалыптасты.
Екіншіден, ауылдық жерде
біртіндеп аграрлық қызмет көрсету, өнімді
өңдеу және өткізу саласы қалыптасуда,
ондағылар негізінен фермерлермен өзара тиімді экономикалық шартпен жұмыс атқаруда.
Үшіншіден,
заңдылық – құқықтық база
ауылдық жерде шаруашылық кәсіпті табысты атқаруға
қолайлы жағдай жасауда. Адамдардың жер иелігіне, өнімді
сататын базарларға еркін қолы жетуі жұмысқа ынталы
фермерлер мен кәсіпорындар басшыларына ауыл шаруашылық өнімдерін
өндіруді арттырып, табысты молайтуға мүмкіндік тудырады.
[3]
Ауыл шаруашылық
салаларының рөлін оның ұлттық табыстың
жиынтық өнімінің жоғарылауынан көруге болады.
Жалпы алғанда ауыл шаруашылық саласы екі ірі шаруашылықты
біріктіреді. Ол шаруашылылықтарға төмендегілер жатады:
-
егін шаруашылығы;
-
мал шаруашылығы.
Егін шаруашылығы – ауыл
шаруашылығында егін
шаруашылығының барлық бағытындағы
қызметтерді (өндіру, жеткізу, тасымалдау) жүзеге асыратын
АӨК маңызды бағытының бірі болып табылады. Сонымен
қатар, ауыл шаруашылығының бір саласы болып табылатын егін
шаруашылығы суармалы жерлерде негізгі, ал тәлімі жерлер мен
шөл және шөлейт аймақтарда қосымша сала болып
табылады. Егін шаруашылығының негізгі өнімдері – дәнді
дақылдар, жүгері, қант қызлшасы, көкөніс,
картоп, жеміс, жүзім, техникалық және бақша
дақылдары.
Мал шаруашылығы – ауыл
шаруашылығында халықты азық – түлікпен қамтамасыз
етуге бағытталған өнім түрлерін өндіруді
жүзеге асыратын маңызды салаларының бірі. Мал шаруашылығының
негізгі бағыттарына – ет, сүт, жүн, жұмыртқа
және қаракөл елтірісін өндіру және тағы
басқа өнімдері жатады.
Ауыл шаруашылығының
аталған екі саласының жүзеге асырылуын
агроөнеркәсіп кешені ұйымдастырады. Агроөнеркәсіп
кешені – ауыл шаруашылығы өндірісіндегі салалар мен саларалық
инфрақұрылымдардың, өнеркәсіптік
құрылымдардың қызметін біріктіріп, олардың
арасында экономикалық байланыстың қалыптасуын
ұйымдастыратын жүйе.
Ауыл шаруашылығы салалары
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үрдісінде әр
түрлі өндірістік – экономикалық байланыстарды жүзеге
асырады:
-
мақсатты байланыстар – соңғы өнімдерді жүзеге
асыру қағидасы бойынша салаларды біріктіретін байланыстар;
-
ресурсты (өнімді, қорды құрушы, еңбек)
байланыстар, ауыл шаруашылығының өндірістік қызметін
қамтамасыз етуге бағытталады;
-
ақпарттарттық байланыстар – кешеннің соңғы
өнімін жүзеге асыратын салалардың қызметіне елеулі
әсер ететін байланыстар жатады;
-
ұйымдастырушылық байланыстар – жоспарлау және
ұйымдастыру органдарымен байланыстар жатады.
Ауылды өркендетудің
басты факторы – ауыл шаруашылығын тұрақты, әрі серпінді
дамыту және оның экономикасын осы заманғы нарық
қағидалары негізінде шапшаң ілгерілету болып табылады.
Агралық сектордың
экономикалық өсуге қосқан үлесін оның ішкі
және сыртқы нарыққа өнімдерді әкелуінен,
оған қатысуынан, экономикаының басқа салаларында
өндірілген ресурстарды тұтынушы ретінде болуынан, ауыл
шаруашылық емес салалардың өнеркәсібінің даму
деңгейінен көреміз.
Ауыл шаруашылығы
салаларының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін
аймақтық ауыл шаруашылығы кешендеріне үлкен
көңіл бөлу қажет. Аймақтық ауыл
шаруашылық кешендері халық шаруашылығына бағытталған
ауыл шаруашылық кешендерін жүйесін құрап,
экономикалық, аймақтық және тағы басқа
жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу және жүзеге
асыру бойынша және ауыл шаруашылығында қызмет көрсету
бойынша жұмыстарымен айналысатын технологиялық, экономикалық
және ұйымдастыру бағытында біріккен
кәсіпорындардың жиынтығын құрайды.
Аймақтық ауыл шаруашылық кешендерінің негізгі
қызметтеріне ауылдың әлеуметтік-экономикалық
мәселелерін шешу мақсатында азық – түлік өнімдерін
өндіру мен жүзеге асыру жатады. Олардың
қалыптасуының негізгі ерекшеліктеріне еңбектің
аймақтық бөлісітірілуі жатады.
Қазіргі кезде азық –
түлікпен қамтамасыз ету үшін қолайлы даму жағдайы
деп үй шаруашылығы секторында өндірістің өсуін
және оның ұсақ тауарлы шаруашылыққа
айналуын айтуға болады. Мұның өзі – еліміздің
көпшілік аймағында халықтың өзін – өзі
қамтамасыз етуді жақсартады.
Ауыл шаруашылық
кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау егін және
мал шаруашылығында қалыптасқан дәстүрлі
технологиялық процесстерге елеулі нұқсан келтірді.
Сол кездегі бұл шара
бәсекелестіктің өсуіне, еңбекке ынтаның артуына
жәрдемдеседі деп күтілген еді. Керісінше, кері процесстердің
белең алуына өндірістің құлдырауына, өнімді
– сақтау, өңдеу және сату салаларында монополист –
делдалдардың пайда болуына апарып соқтырды. Ауыл еңбеккерлері
жерді сенімді пайдалану үшін республикамыздың Ата
заңымызға сәйкес жерді ұзақ мерзімге жалға
немесе өмірлік мұрагерлікке беру өте тиімді екенін
түсініп 2005 жылдан бастап оны іске асыруда. Ауыл шаруашылық өнімдерінің
бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да,
өндірушілердің де мүдделерін қорғауға
бағытталуы керек.
Аграрлық нарықты
реттеудің басты бағыттары болып табылатындар:
-
ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің табыстарын
қолдау нарықтық бағаларды қалыпты
шаруашылық қызметте жалғастырудың мүмкін болмай
қалуы деңгейіне дейін төмендеп кететін жағдайларда
болады;
-
нарықтық инфрақұрылымның дамуына әрекет
ету;
-
салалық және сала ішілік айырбастардың негізгі
қатынастарын реттеу;
-
азық – түлік нарығында қалыпты бәсеке
ортасының болуына жағдай жасау, ауыл шаруашылық өніміне
бағаларды және аграрлық өндірістің салыстырмалы
тұрақты деңгейін ұстап тұру;
-
отандық тауар өндірушілерге қатысты протекционистік
саясатты жүргізу және экспортты қолдау.
Қазіргі уақытта ауыл
шаруашылық өндірушілерін мемлекеттік қолдау
қабылданатын шешімдердің деңгейіне сай мемлекеттік бюджет,
аймақтық бюджет және жергілікті бюджет қорының
есебінен жүргізіледі. Мұндай қолдау көрсету
механизмінің өмірге енуі әлі алда.
Тікелей мемлекеттік қолдау
ең алдымен ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін
ынталандыруға бағытталуы керек және оның
механизмдерінің ауыл шаруашылық өндірушілері үшін
түсінікті ұйымдастырылуы қажет.
Әдебиет тізімі
1. ҚР Президенті Н.Ә.
Назарбаевтың «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
//Егемен Қазақстан 30 қаңтар 2011 ж. 3-4 беттер.
2. «Қазақстан халқының
әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» Нұрсұлтан
Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Астана:
Елорда, 2010.- 48 бет.
3. Абдикулова П.Ж. Аграрлық сектор
экономикасын мемлекеттік реттеу жүйесін қалыптастыру. //
ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы: № 2 (42), 2011. 119 – 121
беттер.
4. Акежанов Н.З. Аграрный сектор:
принципы государственного регулирования. // Хабаршы, № 5. 2011.
5. Байдильдина А. Продовольственная безопасность –
приоритеты развития сельского хозяйства. Журнал Поиск №3, 2011 ж., 38-41 бет
6. Байдильдина А.М. Защита внутренного рынка
продовольствия в условиях глобализации экономики// Пищевая и перерабатывающая
промышленность Казахстана№3,2010ж.,14-16бет